Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет259/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 205 
лыңғыр мұнар басып тұрған. Ұзақ уақыт
өткеннен кейін Жер мен Аспанның жігі ажы-
райды. Содан әр қайсысы өз алдына бөлек-
теніп, бітім-тұрпаттары бірте-бірте ұлғаяды 
да, екеуінің арасынан К‰н мен Ай пайда 
болып, шексіз бостықтан орын алады. Содан 
кейін барып д‰ние Қараңғы және Жарық 
әлемге бөлінеді. Сол Жарықтың нұры себіл-
ген жерлдерден адам баласының, жан-жануар-
лардың тіршілігі басталған... Осы арада қазақ 
аңызындағы Алдар Көсе мен Сайтанның 
өзара таласы еске т‰седі. Жолаушылап келе 
жатқан екеуі шаршаған соң, бірін-бірі 
кезектеп арқалап ж‰рмек болады. Сонда кезек 
жайын ойласады. Кімнің жасы ‰лкен екенін 
анықтау ‰шін бірінен-бірі асып т‰сіп, жаста-
рын ұлғайтады. Сайтан өзі туғанда жердің 
тоқымдай екенін айтады. Сонда Алдар зар 
еңіреп жылап жібереді. Сол тоқымдай жерде 
атқа шауып ж‰рген баласының өлгенін айтып 
жеңеді... Бұл аңызда да көне сенімнің ізі 
жатқаны байқалады. Бұл да халқымыздың 
ұзақ тарихи өміріндегі рухани қазынаның 
сарқыны сияқты.
Аңыздық сенім бойынша Жер – адам бала-
сының, тіршіліктің, аң мен құстың, орман-
тоғайдың, жеміс-жидектің, балауса шөптің 
Анасы. Аспан – жарық сәуленің, су себелейтін 
жауын-шашын бұлттарының анасы. Сондық-
тан адам баласы Көк Тәңіріне Жер-Ана 
тәңіріне табынған. Тәңір – ертедегі Алтай 
шамандарының нанымдық тілі. Бұл сөз 
құдіретті кие, аспан және шексіз кеңістік 
деген ұғымды білдірген. Кейін келе жаратушы 
киенің мағынасына ауысқан. Тәңір сөзі жыл 
санауымыздан бұрынға ІІІ ғасырда өмір 
с‰рген Ғұндарда (К‰ндер) ұшырасады. Сол 
заманда Тәңір деп аталатын киелі құдіретке 
Ғұндар да табынған екен. Тіпті өздерінің 
билеушілерін Тәңір құт деп атап, соған бас 
иген. Ал ол билеушілері болса, бізді Тәңір 
жақсы көріп жаратқан айрықша сипаттағы 
адамдарымыз деп, өздерін Тәңір балалары 
атаған. Сол заманда Ғұндармен аралас-құ-
ралас, қанаттаса өмір с‰рген, сол ғұндарға 
бағынышты болған, кейін бөлініп, өз алдына 
тәуелсіз өмір с‰рген ‡йсіндердің сенімінде де 
К‰ннің құдіреті ерекше орын алады. ‡йсін 
билеушілері де өздерін К‰н тәңірінің нұрынан 
жаралған деп санайды да, К‰н тәңірдің жебе-
гені жайлы жоралғыны қолданады. Сондық-
тан ‡йсін елі билігінің иесі К‰н би аталған. 
Бұл К‰н тәңірі жаратқан, мейірін төккен би 
деген ұғымды білдіреді.
Шамандық белгілер көне т‰ркілердің 
сенімдерінде көп екендігі туралы әсіресе ХІХ 
ғасырда жасалған зерттеулерде мол айтылған. 
Бұл ретте алтайлықтар мен якуттар тұрмысы 
ерекше қарастырылды. Шамандықпен қоса 
өзге дінедерден келген көптеген сөздер бар 
екенідігін айту қажет. Құдай, құрбұстан, кор-
мос, майтере, маңгдашире, бурхан, матмас 
т.б. ұғымдар әрт‰рлі сенімдердің терминдері. 
Буддизм, индуизм, христиандық элементтер 
араласқан сенімдер ішінен таза көне т‰ркілік 
шаманизм нысандарын бөліп шығару өте 
қиын шаруа.
Шамандық наным, сенімнен гөрі емшілік, 
жадылық, сиқырлық сипаттарға көбірек ие 
болған. Шаман сөзі ‰нді, парсы тілдерінде де 
бар екен. Т‰ркілердің аталар рухына сенуі, 
құрбандық шалуы, б‰ркітті кие тұтуы сияқты 
салттары шамандық жосықтармен де сабақтас 
келеді. Шаман өлгендер руымен тілдесу, со-
лардан медет алу тәріздес құпиялардың 
сырын іздейтін тылсым к‰штермен байланыс 
жасайтындай көрінеді. Шаман өзін адамдар 
мен тәңір арасын жалғастырушы деген ойды 
қалыптастыруға ‰лкен ықпал жасаған.
Ескі т‰ркі сенімін ‰ш топқа бөлуге 
болады. Біріншісі – табиғат к‰штеріне сену. 
Көне т‰ркілер табиғатта, оның құрамдас бө-
ліктерінде: аспанда, жерде, тауда, таста, 
өзен-көлде, орманда, ағашта, найзағайда, те-
мірде тылсым к‰штер бар
деп сенетін еді. 
Бұлардың бәрін ерекше рухы бар деп санаған. 
Ол рухтар жақсы және жаман деп екіге 
бөлінген. Мұндай сенімдер көне грек, рим, 
қытай, ‰нді тайпаларында да болған. Көк 
тәңіріне және ата-бабалар рухына бағыштап 
көне ғұндар жылқыны құрбандыққа шалған. 
Көк т‰ріктерде де осынадай дәст‰рлі рәсім 
болғаны белгілі. Қаған к‰ндіз к‰нге, т‰нде 
айға табынған. Көне т‰ркілер белгілі бір іске 
кірісер алдында ай, жұлдыздар қозғалысын 
бағатын болған. Табғаштар ғибадат жасаған 
жерлерге қайың ағаштарын екен, кейін ол 
жерлерді қасиет тұтып, бағып, суарған соң 
киелі саналатын ормандар сілемі өсіп шыққан. 
Екіншісі – д‰ниеден өткен бабалар рухын 
құрмет ету, оларға сену, сиыну – көне т‰р-
кілер сенімінің құрамдас бір бөлігі. Дін зерт-
теушілер мұндай наным жалғыз т‰ркілерде 
ғана емес, әлемдегі көне халықтардың бәрінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет