Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 223
бастады. Президентіміздің көрегенді саясаты-
ның нәтижесінде б‰гінде атажұртқа оралған-
дар мен оралам деушілерге барлық м‰мкіндік
жасалып отыр. Тілші ғалым Д. Әлкебаева:
1991 жылдан бастап Қазақстан Республика-
сына 1млн-ға жуық этникалық топтар келген,
– дейді [3, 10б.].
Оралған қандасатарымыз жат жер, шет ел,
басқа мемлекетте, өзге қоғамда ж‰рсе де
ұлттық ерекшеліктерін жоймай, қазақи рухын,
қазақы мінезін, баға жетпес салт-дәст‰рін
кеудедегі шыбын жанындай аялап сақтап,
өздерімен бірге алып келді. Елбасымыз «Та-
рих толқынында» еңбегінде былай дейді: «Қа-
зақ диаспоралары өзі тұрған елдердің қай-
сысында
болмасын, олардың мәдениетін, ті-
лін, әдет-ғұрпын тамаша меңгерді. Ол елдер-
дің басым бөлігінде қазақ тілінің ешқандай
құрылымдық қорғаны жоқ еді, соған қара-
мастан сол елдердің бәрінде де өз тілі мен
мәдениетін сақтай білді» [1, 141б.].
Репатрианттардың барлық жағдайы бағ-
дарлама бойынша бекітіліп,
алдын ала же-
ңілдіктер ойластырылса да бағдарламаға ен-
бей, өз бетімен көшіп келуші бауырларымыз
да болды. Мейлі бағдарламамен келсін, не өз
бетімен келсін оларды ортақ бір кедергі к‰тіп
алды. Ол әрине – тіл мәселесі. Алғашқы көші-
қон жылдарындағы, тіпті қазіргі кездегі өзекті
мәселелердің бірі – орламандардың Қазақ-
стандағы тілдік ортаға бейімделуі,өзінің бұ-
рын қалыптасқан сөйлеу мәдениетін Қазақ
еліндегі тілдік ортаға,
тілдік нормаға икем-
деуі, тілдік сәйкестілікке ие болуы, әлеуметтік
топта тілдік кедергіге ұшырамау болып отыр.
Қазақстан елі ‰шін Қазақ тілі – мемлекет-
тік тіл. Ал шет елдердегі қазақтар ‰шін диас-
пора тілі. Диаспора тілі (грек. diaspora ша-
шырау) – этникалық топтың бір бөлігінің та-
рихи т‰птөркіні бар елден сыртқары жерде –
басқа елде тұратын, негізгі ұлт тілімен са-
лыстырғанда, тілді пайдаланушыларының саны
аз ұлт өкілдерінің тілі [2, 86б.]. Жалпы диас-
пора тілі к‰нделікті тұрмыстық қарым-қаты-
нас тілі, мерзімді басылымдар, радиохабарлар
тілі,көркем әдебиет, Интернет сайттарының
тілі ретінде өмір с‰реді. Мысалы Моңғолияда
к‰н сайын бір
сағат қазақша радиохабар
тарайды, және
www.baiolke.com
атты Моңғо-
лия қазақтарының ақпараттық порталы бар.
Б‰гінде шет елдерден атажұртқа оралу-
шыларды неше т‰рлі терминдермен атап ж‰р.
Мысалы:
оралмандар, оралғандар, репатриант-
тар. Ғылыми тілдегі ең көп қолданыста ж‰р-
гені – репатриант.
Репатриант (лат. re – қайталану мағына-
дағы қосымша
patria – Отан, туған ел) – Ота-
нына қайтып оралған адам. Біздің елде репа-
триант терминінің орнына оралман сөзі қолда-
нылады. [2, 194б.]. Репатрианттар тіліндегі
кездесіп жататын әрт‰рлі тілдік кедергілерді,
ерекшеліктерді, айырмашылықтарды, тілге
бейімделуін тіл білімінде әлеуметтік лингвис-
тика ғылымы зерттейді.
Әлеуметтік лингвистика (фр.
Linguistique >
лат.
lingua язык) ағыл sociolinguistics – тіл
әлеуметтануы, әлеуметтанушылық лингвис-
тика,
әлеуметтану тіл білімі, лингвоәлеумет-
тану. Тіл және қоғамның өзара себепті бай-
ланысын, тілдің қоғамдағы қолданылу ерек-
шеліктерін, әлеуметтік айқындылықтағы, нақ-
тылықтағы тілді зерттейтін тіл білімінің бір
тармағы. [2, 45 б.].
К‰нделікті тұрмыста репатрианттар бел-
гілі бір әлеуметтік топтың м‰шесі ретінде қа-
рым-қатынасқа т‰седі. Тілдік сәйкестіліктің
жоқтығы немесе аздығы себепті репатриант-
тар тілдік ортада,
өз тілдеріндегі тілдік ерек-
шеліктерін көрсетеді. Ол ерекшеліктер мына-
дай себептерге негізделеді. Оралмандардың
көбісі қостілді. Олар өздері өмір с‰ріп отыр-
ған мемлекеттің тілін және ана тілдерін мең-
герген. Мемлекеттік тілі мен ана тілінің өзара
қарым-қатынасы нәтижесінде тілдік ‰стемдік
процесі ж‰рмей қоймайды. Сол ‰стемдік атал-
мыш елдің мемлекеттік тілінің әсерін диас-
пора тіліне (шетелдегі қазақтар тілі) фонети-
калық, лексикалық тұрғыдан тигізеді. Тілші
ғалым Д. Әлкебаева: Кез келген қазақ диаспо-
расы өкілдерінің тілдік жағдайы оңып тұрған
жоқ. Олар шетелде ‰ш т‰рлі алфавитті оқып
өседі: а) өздері өмір с‰рген мемлекеттің алфа-
виті; ә) сол мемлекетте басымдылық көрсете-
тін
тілдің алфавиті; б) өз тілінің алфавиті [3,
10 б.].
Тарихи отанына оралған репатрианттар
тілі ең аз дегенде жарты жыл яғни алты ай
уақыттың ішінде әлеуметтік өзгеріске ұшы-
рап, өмір с‰ріп жатқан жеріндегі тілдік жағ-
даятқа икемделе бастайды. Бұл әсердің жақсы
жағы сондай-ақ кері ықпалы да бар. Мысалы
қазіргі жастар тіліндегі сленгтер, арголар,
жаргондар, ақпараттық техникаға, к‰нделікті
қарым-қатынасқа байланысты тілдік элемент-
тер репатриант
сөздік қорына еріксіз кіріп
отырады. Атап айтсақ, қазіргі к‰нделікті тұр-