Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет390/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 311 
айналған. Қазақстанда когнитивті лингвисти-
каның маңызды мәселелері төңірегінде тың 
ізденістер ж‰ргізіп ж‰рген тілшілер қатарына 
Э.Д.С‰лейменова (“Казахский и русский 
языки: основы контрастивной лингвистики”, 
Алма-Ата, 1989), Г.Гиздатов (“Когнитивные 
модели в речевой деятельности”, Алматы, 
1997) сияқты ғалымдарды атауға тура келеді.
С.Аманжолов: “... жаңа заттың аты се-
мантиканың ‰ш заңы бойынша аталады: функ-
циясына қарай, ұқсастығына қарай, б‰тіннің 
бөлшегі есебінде”, - деген тұжырымнан кейін 
“Семасиологияның мәселелерін” сана арқылы 
қабылдау, ойлау ж‰йесі негізінде тану нәти-
жесінде алуан т‰рлі ассоциативті белгілерге 
с‰йене қалыптасқан принциптер бойынша 
талдап көрсетуге тырысқан. Айталық, қабыл-
дау – бұл философияда да, физиологияда да 
әрі нейроғылымдарда да кеңінен қарастыры-
латын, психология мен когнитивті ғылымның 
басты ұғымдарын құрайтын, барша информа-
цияларды (хабарларды), әрт‰рлі объектілерді, 
процестерді адамдардың сезім м‰шелеріне 
өткізетін не шынайы белгілерін, сапаларын 
айқындайтын м‰мкіндіктері, ал ассоцияция 
дегеніміз – екі т‰рлі ұғымдарды немесе құбы-
лыстарды бір-бірімен байланыстырудың көр-
сеткіші. Жалқы есімдердің жасалу ‰лгілері 
мен заңдылықтары сол когнитивті модель-
дердің, концептуалды ж‰йелердің принцип-
теріне негізделген және аламның қабылдау 
ерекшелігінен және ұлттық-мәдени, физио-
әлеуметтік тәжірибесінен бастау алады. Осы-
ған орай, адамда туындайтын әр ой қалыпты 
жағдайдан асып, образды пайымдауға с‰йене 
дамиды: “Жоғарыда келтірілген жер мен су 
аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та олар-
дың жасалуында белгілі заңдылық барын 
байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз 
жол яки тоғыз мақсатқа тірелетін көрінеді. 
Тоғыз жол дегеніміздің бірі – адамзаттың жақ-
сы өмір с‰ргісі келуіне байланысты. Бұл 
мақсатқа жету ‰шін ата-ана өз баласына ең 
жақсы, ең белгілі, атақты адамның атын 
қояды. Солай етсе оның баласы да атақты 
болатындай көрінеді. Мысалы, ислам дінін 
қабылдаған жұрт ‰шін қадірлі, атақты адам 
сол діннің бастықтары, я сол дін ‰шін к‰рес-
кендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман 
діндегілердің аты бірде таза Мұхаммед, Ғали, 
Омар, Оспан, Ахмет, Садық... болып келеді, 
бірде солардың басқа сөзбен қосындысы бо-
лып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қо-
жахмет, т.б)... ”. Халықтық танымның ең ‰здік 
көрсеткішін, шын мәнінде, адамдардың есім-
дері, олардың қойылу тарихы құрайды. Сә-
биге атты сол әулеттегі ‰лкен не болмаса аса 
беделді адамдарға қойдырудың себебі де 
этникалық салт-дәст‰рдің, әдет ғұрыптың ай-
ғағы екенін дәл байқаған ғалым қазақ есімде-
рінің т‰птөркінін уәжділігін жан-жақты зерт-
теп, семалыұ талдауларына арқау етеді. “То-
ғыз жолдың ‰шіншісі – баланың мінез-құлқы 
жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мы-
салы, жібектей болсын десе, қыздың атын 
Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына 
“Жомарт” я “Мырза” деген ат қояды....” деп 
келген ономастикалық бірліктерді С. Аман-
жолов әрі танымның, әрі психологиялық қа-
былдаудың нысаны деп қарастырады. “Тоғыз 
жолдың төртіншісі – бала бай болсын деген 
‰мітпен қойылады. Сондықтан кісі атының 
соңынан Омархан, Сейілхан, Жұмахан де- 
генде “хан” қосымшасы айтылса, Омарбай, 
Сейілбай, Жұмабай.... дегенде “бай” қосым-
шасы айтылады. Батыр болсын дегендері 
белгілі бір батырдың атын қоя салады... ” 
деген пікірдің т‰йінін “‰міт” сөзі білдіріп тұр. 
Абстракциялы, дерексіз ұғым адамның ішкі 
әлеміне ‰ңілуге, оның жан т‰кпірінде сақтаған 
“мен” деген ойын аңғаруға көмектесері хақ. 
Сондықтан осындай жеке коннотативті қа-
былдаудың ‰лгісі ретінде С. Аманжолов “то-
ғыз жолдың сегізіншісін” талдап көрсетеді “... 
әрбір ата-ананың с‰йген, қалаған жер-суының, 
тау-тасының аты болып кездеседі. Мысалы: 
Алтай, Орал, Жамбыл, Қазыбек, Есіл, Жайық, 
т.б.”. [3, 149-150] 
Қазіргі таңғы ағылшын тілінің жалқы есім-
дерінің номенклатурасы ежелгі және жаңа 
есімдерден, төлі ағылшын және кірме есімдер, 
дәст‰рлі және ойдан алынған, бір бірінен
семантикалық және құрылымдық сипаты 
бойынша ажыратылатын есімдерден, өзіне 
ғана тән қасиетке ие мозаиканы елестетеді. 
Мәселен, Abraham ер есіміне шамамен 4000 
жыл, бұл есім ағылшын тілінде сөйлейтін ел-
дерде бірнеше ғасыр қатарынан қолданыстан 
шықпай ж‰р (соңғы уақытта әсіресе АҚШ-да 
кең қолданысқа енген), ал орыс тілінен ен- 
ген әйел есімі Sonia ХХ ғасырдың 20 жыл-
дарында ғана қолданыла бастады. [4, 156- 
249] 
Ағылшын тілінің жалқы есімдер санын 
арттырудың негізгі қайнар көзі болып латын, 
ежелгі еврей, ежелгі грек тілдері саналады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   386   387   388   389   390   391   392   393   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет