312 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Сонымен қатар, әдеби шығармалар мен Биб-
лияның да ағылшын жалқы есімдерінің дамуы
мен ұлғаюына қомақты ‰лес қосты.
Ағылшын жалқы есімдері тарихи дамудың
ұзақ жолын кешті, және бұл жол ағылшын
халқы мен тілінің тарихымен тығыз байла-
ныста өтілді. Англосакстар, өзге де ежелгі
герман тайпалары сияқты, құрылымы бойын-
ша жай (Froda – данышпан, карт; Hwita – ақ,
жарық, жылтыр және т.б) және к‰рделі (Aet-
helbeald – мәртебелі, озат, бөлекше + батыл,
қайсар, ерж‰рек; Eadgar – меншік, м‰лік,:
бақыт; бай + найза және т.б) бір ғана есімді
қолданатын.
Біртіндеп, жай есімдердің орны к‰рделі,
екі компонентті есімдермен ауысты; ХІІІ ға-
сырдан кейін олар ағылшын жалқы есім но-
менклатурасында кездеспейді. К‰рделі есім-
дердің компоненттері ежелгі ағылшын тілінің
есім сөздерінің жеке қорынан құрылған
болатын. Англосакстар «ізгі» есім сөздердің
дуалы қасиеттеріне сеніп, аталмыш есімдер
адамға қорғау, қамқор, байлық, денсаулық,
амандық, батылдық, даңқ, сый-құрмет т.б
алып келетініне к‰мәнданбаған. Төмендегідей
ежелгі ағылшын есімдері осыған дәлел: aelf —
эльф; beorht — жарық, жылтыр, жарқын; beorn
— адам, жауынгер, батыр; eald — ескі, көне,
байырғы; gar — найза; gifu, gyfu — сый, сый-
лық, мархабат, мейір; god — жақсы; рақымды;
ұнамды; пайдалы, оңтайлы; шебер; жақсылық,
сый; м‰лік; gold — алтын; maere — әйгілі,
атақты,тамаша; raed — кеңес; шешім; ақыл,
даналық; rice —құдіретті; жоғары шенді; бай;
билік; sae — теңіз; көл; sige — жеңіс; табыс;
stan — тас; sunu — ұл; ұрпақ; weard —к‰зет-
ші, сақтаушы; қорғаныс; қамқорлық; ие; лорд;
wig —айқас; пікірталас, дау; соғыс; шайқас;
қайрат; әскери к‰ш; wine — дос; қорғаныс;
wulf — қасқыр және т.б. [5]
Ағылшын халқы мен ағылшын тілінің да-
муына ‰лкен саяси оқиға - Солт‰стік Фран-
ция тұрғындарының (Нормандия) – норман-
дықтардың 1066 жылы Англияны жаулап
алуы. Жаулап алушылар өздерімен бірге
антропонимдерін де (осы к‰нге дейін сақтал-
ған Hugo, Ralph, Richard, Robert, Roger, Wil-
liam және т.б) енгізген болатын, көп ұзамай
бұл есімдер англосаксон есімдерінің орнын
басты. Жаңа есімдер әсіресе билік басындағы
қауымның кең қолданысына енді. Тек Alfred,
Edgar, Edmund, Edward, Ethelbert, Hilda, Mil-
dred және т.б. санаулы ғана англосаксон есім-
дерінің қолданысы сақталып қалды.
Англосаксон есімдерінің қолданыстан
шыға бастауына VII ғасырда Англияның хрис-
тиан дініне ауысуы да айтарлықтай ‰лес қос-
қан. 1382-1384 ж. Джон Виклиф жасаған орта
ғасырлық ағылшын тіліндегі Библияның ау-
дармасы жарық көрді, ал 1538 жылы аты мен
тегі шоқындыру кезінде қойылған нәресте-
лерді тіркеу міндеті енгізілді. Осы уақыттан
бастап шіркеу каноникалық христиандық ат-
тардың кең таралуын қамтамасыз еткені әбден
ықтимал. XVI – XVIII ғасырларда кең тарал-
ған ер есімдері нормандық William мен биб-
лиялық John және Thomas болса, аса танымал
әйел есімдеріне
Elizabeth, Mary және Anne – ді жатқызуға
болады. [1]
Ағылшын жалқы есімдерінің ішінде әлі
к‰нге дейін елдің аузынан т‰спей ж‰рген есім-
дерге төмендегідей ойдан шығарылған есім-
дер жатады: Сиднейдің «Аркадия» романы-
ның кейіпкері (1590) — Pamela; Сиднейдің
«Астрофель мен Стелла» сонеттер циклінің
бас кейіпкері (1591) — Stella, Спенсердің
«Перизаттар ханымы» (Королева фей) поэма-
сының кейіпкері (1590—96) — Claribel; Свиф-
тің «Каденус және Ванесса» поэмасының
басты кейіпкерінің есімі (1726) — Vanessa
және т.б. [6]
Аса танымал әйел есімдерінің қатарынан
салыстырмалы т‰рде жаңа деп атауға болатын
антропонимдерді г‰лдер, өсімдіктермен және
асыл тастармен байланысты екі ‰лкен топқа
бөліп қарастыруға болады. Мысалы: Blossom
— рең, г‰лдену; Buttercup — сарғалдақ; Clover
— беде; Daffodil — нәркес; Flower — г‰л,
г‰лдеу; Ivy — шырмауық; Lilac —жұпарг‰л
және т.б.
Amber — кәріптас; Beryll — сутас; Coral
— маржан; Pearl — інжу; Ruby — лағыл және
т.б.
Ал ер есімдері қатарынан этимологиялық
тұрғыдан әр т‰рлі лауазыммен байланысты
«бекзат» есімдер тобы ерекшелене т‰седі:
Baron — барон; Count — граф; Duke — гер-
цог; Earl — граф; King — патша; Marquis —
маркиз және т.б. [7] Тілдік қатынастағы ішкі ассоцияциялар
мен интерпритациялар турасындағы Э.Е.Ка-
менская пікіріне де назар аударсақ: “... акт
идентификации слова как такового в ассо-