Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет393/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   446
 
 
А. А. Сарсекеева 
Лингвокогнитивные аспекты собственных имен казахского и английского языка 
Данная статья посвящена изучению особенностей имени собственного в обоих языках: казахском и 
английском, с точки зрения когнитивной лингвистики. В статье анализируются и сравниваются семантические, 
этимологические и исторические аспекты имени собственного в казахском и английском языках. Автор 
подчеркивает некоторые сходства в познании окружающей действительности у обоих народов, основанном на 
схожем выборе семантического контента при создании имен собственных. Изложенный теоретический материал 
закреплен практическими примерами 
A. A. Sarsekeeva 
Cognitive aspects of proper names in Kazakh and English 
This article focuses on studying the peculiarities of proper name in both languages, Kazakh and English, from the 
perspective of cognitive linguistics. The paper analyzes and compares the semantic, etymological and historical aspects of 
the proper name in Kazakh and English. The author emphasizes some similarities in the studying reality for both english 
and kazakh people based on a similar choice when creating the semantic content of proper names. The theoretical material 
above is attached with practical examples. 


314 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Т. Б. Сейдімханова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы 
С.СЕЙФУЛЛИННІҢ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ОҚУЛЫҒЫ
ӨЗ ЗАМАНЫНЫҢ ОЗЫҚ ОЙЛЫ ТУЫНДЫСЫ 
 
С.Сейфуллиннің ауыз әдебиетін зерттеу 
тұрғысында істеген еңбегі туралы сөз бол-
ғанда негізінен ойға оралатыны оның «Қазақ
әдебиеті» атты оқулық-христоматиясы. Сәкен 
ауыз әдебиеті туралы өзінің ой – тұжырым-
дарын осы еңбегінде жан-жақты, ғылыми
тұрғыда айтып, талдап көрсетуге тырысқан. 
С.Сейфуллиннің бұл еңбегіне талдау жаса-
ғанда, Сәкеннің кітапты, ең алдымен, оқулық-
христоматия қажеттілігі тұрғысынан жазған-
дығына назар аударғанымыз абзал. Бұл жайлы 
С.Сейфуллиннің өзі: «Журналдарға, газеттер-
ге жазылған кейбір мақалалар болмаса, «пәлен 
ақынның, т‰ген жазушының жазуы пәлен-
дей» - деп жазылған кейбір ‰стірт сөздер бол-
маса, б‰гінге дейін қазақ әдебиеті туралы 
жазылған арнаулы еңбек жоқ. Әсіресе, ескі 
«ел әдебиеті» туралы жазылған ештеңе жоқ. 
Ескі ел әдебиеті туралы ештеңе жоқтығы 
былай тұрсын, сол ескі ел әдебиетінің жинақ-
тары да жоқ. ... «Қазақ әдебиеті» туралы мек-
тептерде сабақ бергенде қолданатын ешбір 
құралдың жоқтығының ‰стіне, «ескі ел әде-
биетіне» келгенде, көріп, оқып, тексеретін ескі 
ел әдебиетінің жинағы да жоқ дей келе,
«...былтырдан бері «қазақ әдебиеті» туралы бір-
деме жазу, «ескі ел әдебиеті» жинастыру міндет-
тей көріп, осы іске кірістім» -деп жазды. [1,54]
С.Сейфуллиннің бұл еңбегінде тарих, эт-
нография, фольклор, тіл мысалдарын салыс-
тыра қарастыруы оның өз еңбегіне өте жауап-
кершілікпен, ғылыми ізденіспен қарағанын 
көрсетеді. 
Бұл еңбектің қайсы бір кем – кетіктеріне 
қарамай, қазақ фольклористикасының негізі 
қалаған қомақты да, ғылыми өрісі биік зерт-
теу, оқулық – хрестоматия болғандығын естен 
шығармауымыз керек. 
С.Сейфуллинді ауыз әдебиетін зерттеуші 
ғалым ретінде көрсететін алғашқы белгі оның 
қазақ әдебиетін дәуірлеуге байланысты айт-
қан ойлары. 
С.Сейфуллиннің ауыз әдебиетіне қатысты 
‰лкен еңбек жасап ж‰ргенін, оның жинаушы-
лық, жариялаушылық, зерттеушілік қызметі-
нің теңдесі жоқ екенін сол кездің өзінде-ақ
ақын, жазушы, ғалымдар жоғары бағалаған. 
Сондай пікірдің бірі 1936 жылы "Қазақ әде-
биеті" газетінде жарияланған Ғ.Тоғжанұлы-
ның мақаласы. Онда ол: "Сәкен Сейфуллин - 
қазақ жазушыларының ішінде фольклорға өте 
жетік адамдардың және халық фольклорын 
ерінбей, жалықпай жинаушылардың бірі. Қа-
зірдің өзінде халық өлең, жыр, ертегі, мақал-
дарын жинап, екі том етіп бастырып шығарып 
отыр", - деп Сәкеннің аталған саладағы ең-
бегіне жоғары баға берген. [2] Осындай 
пікірлер Сәкеннің "Қазақ әдебиеті" еңбегіне 
алғы сөз жазған М. Жолдыбайұлының [3] 
және ғалым Б.Кенжебайұлының "Әдебиет 
майданы" журналына жариялаған мақаласы-
нан да кездестіруге болады. [4] 
С.Сейфуллин қазақ халық фольклорының 
алғашқы кезеңін "Билер дәуірі" деп атаған. 
Сәкеннің пікірінше, "Билер дәуірі" - "қазақ елі 
орыс патшасына бағынғанға" дейінгі және сол 
бағынған кезеңдегі "билер табы билеген "ру 
заңы" қалмай келген" мерзім аралығын қам-
тиды. 
Зерттеуші одан әрі Билер дәуірінің өзін 
іштей бөледі:
Бірінші бөлім: 1) ескіліктен қалған, сол 
билер табының ‰стем санасының ықпалымен 
құрылған, көбінесе аңшылық, малшылық әң-
гіме - ертектер, 2) салт, 3) дін жырлары,
4) төрт т‰лік мал туралы, т‰рлі хайуандар ту-
ралы жырлар, өлеңдер, 5) билер сөздері, ма-
қалдар, 6) жастық ойын-к‰лкі, өлең-жырлар"
[1,66]. 
С.Сейфуллин ертегі жанрына қатысты 
сипаттауларында қазақ ауыз әдебиетіндегі 
ертегілердің мазмұн - мағыналарының әр т‰р-
лі болып келетінін жіті аңғара білген. Әрине, 
ертегі жанрын қазіргі фольклор ғылымының 
жіктеп-жіліктегеніндей кәсіптік тұрмыстық, 
к‰лдіргі, қиял-ғажайып, тарихи, т.б. салалары-
на бөле алмағаны белгілі. Әйтсе де, зерттеуші 
бұл ертегі тобындағы әңгімелердің сан алуан 
тақырыпта болып келетінін т‰сінген де, "бізге 
жеткен ертектер ... жаратылыстағы жан-жа-
нуарлар, өсімдіктер, жын, шайтан, перілер, 
аруақтар, жалмауыз кемпір, жез тырнақ, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   389   390   391   392   393   394   395   396   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет