Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 315 жалғыз көзді дәу, бұрынғы замандағы хандар,
батырлар, ... байлар, ...малшылар, кедейлер,
қой баққан қу тазша балалар, көсе, жиренше
шешен, ...мырза адамдар, сараң адамдар, онан
соң көктегі жарық сәулелер" жайлы болып
келетінін тізіп өткен . [1,69]
Сәкен қазақтың бай ауыз әдебиетінің не-
гізгі т‰рлерін сала-салаға бөлген уақытта,
оның ішкі ерекшеліктеріне қарай тағы да ұсақ
т‰рлерге бөліп отырған. Мәселен, салт өлең-
жырларын зерттеген уақытта оның ішкі т‰рін
ж‰йе-ж‰йеге бөліп, нақты мысалдармен дә-
лелдейді. Сәкеннің жіктеуінде салт өлең-жыр-
лары той бастар, жар-жар, сыңсыма, жұбату
мен ‰гіт, беташар, айт, келін, бесік жыры,
қоштасу мен өсиет өлеңдер; естірту, көңіл
айту, жоқтау болып тоғыз ұсақ салаға бөлген.
Зерттеуші «Той бастар» жырының тойға
деген, той иесіне деген тойға жиналған ел-
жұртқа деген той бастаушының беташар іс-
петті арнау өлең екендігін саралай келе, «әр
айтушы өзінше ‰йлестіргенмен, той бастау-
шылардың айтатын өлеңдерінің бәрі ‰йренуге,
айтуға жеңіл, бір-біріне ұқсас, бір қалыпты
болады. Кейбіреулер сол айтыла-айтыла бір
қалыпқа т‰скен өлеңді ‰йреніп алып та ай-
тады» - деген т‰йін жасайды. . [1,93]
Айтуға, жаттап алуға жеңіл, ықшамды
келетін бұл топқа тұрмыс-салт жырларының
бірі – ау-жарды да қосқан.
С.Сейфуллин төрт т‰лік малға қатысты
өлең-жырларға малдардың бір – бірімен, адам-
мен айтыстарын төрт т‰лік мал пірлері жайлы
жырларды, қасиетті құстар жайлы аңыз-әңгі-
мелерді, «Тарғын батырдың жапанда жалғыз
қысылғанда боз Тарлан атына айтқаны», «Ал-
памыстың батырдың Байшұбары» атының си-
патын, «Алпамыстың «Байшұбарға айтқаны»,
«Қобыланды Батырдың Тайбурылының» си-
патын, «Тайбурылдың Қобыландыға айтқан
сөзін», «Тайбурылдың шапқандағы суретін»,
«Көбікті батырдың Ақмоншақ атының ша-
бысын» бейнелейтін жыр ‰зінділерін кіргіз-
ген. Сондай-ақ бұл жанрға зерттеуші Қазы-
ғұрт тауы жайлы аңызды да енгізген. [1,129]
Әрине, қазіргі фольклор ғылымында жоға-
рыда аталған жырлар батырлық жыр жанрына
енетін белгілі. Сәкеннің ол батырлық жыр-
лардан аттарға байланысты ‰зінділерді алып,
төрт т‰лік малға қатысты жанрға енгізуінің
себебі, оның екі жанрдың ара жігін айыра ал-
мағандығынан да емес, ол жыр ‰лгілеріндегі
қазақ ‰шін қасиетті саналатын жылқы т‰легі-
нің қадір-қасиетін, сын-сипатын суреттеген
жыр ‰лгілерін төрт т‰лік малға қатысты жыр-
ларға телігендігінен деп т‰сінуіміз керек.
Зерттеушінің байлық, билікке қатысты
пендесіне қонатын, «даритын» иелері «құт»,
«дәулет», «бақ» жайлы айтқан ойларының,
құт, берекеге қарсы «жұт», «албасты» деген
ұғымдарға қатысты наным-сенімдер турасын-
да айтқан пікірлерінің де ғылым ‰шін қазірге
дейін құнды болып қала беретіні хақ.
С.Сейфуллин аталмыш еңбегінің «Билер
сөздері» деген топқа, қазіргі фольклор ғылы-
мындағы шешендік сөздерді енгізген. Билер
сөздерінің, негізінен, ертек, нақыл, тақпақ,
‰лгі, өнегеге құрылатынын, ол сөздердің көбі
өз тобының тілегі бойынша, тура ‰гіт ‰шін
айтылатынын талдап т‰сіндіре келе, «Сол
‰гіт, ‰лгі, нақыл сөздерінің бәрін де туғызған
– мал өсірген, ... көшпелі елдің тұрмысы» -
деп, тұжырымдайды. [1,263-294]
С.Сейфуллин ауыз әдебиетіндегі мақал –
мәтел жанрын өзінше бір т‰р деп танымай,
бұларды – билердің шешендік сөзінің ішінде
кездесетін сөз саптаулар, «ереже, заң сөздер» -
деп, ұғынған.
Ескіліктегі дін салтынан туған өлең – жыр-
лар, тақпақтарды: мейрамға байланысты өлең
– жырлар; бақсының жырлары; шақыру, ар-
бау, байлау, бәдік, жарапазан деп іштей бес
салаға бөліп талдайды да әрқайсысының ерек-
шеліктерін т‰йіндеп айтып отырады.
С.Сейфуллиннің пікірінше, - діни салтқа
байланысты туған өлеңдер: наурыз, бақсы
сарына, бата, жарапазан, зерттеушінің бай-
қауынша, бұлардың өзі екі т‰рлі дәуірдің
жемісі. Наурыз, бақсы сарыны, бәдік ескі дін-
нің, көп құдайға табынушылықтың (шама-
низмнің) сарқыты болса, жарапазан, бата мұ-
сылман дінінің таратқандары. [1,153-187]
Кейінгі жылдардағы ғылыми – зерттеу
еңбектерінде ауыз әдебиетінің ‰лгілерін жік-
теу принципі бұрынғыдан да гөрі нақтылана
сараланғаны сөзсіз, алайда әрбір нұсқалардың
ішкі мазмұнына қарай топтастыруда Сәкеннің
қолданған тәсілін ескеріп отыру қажеттігі к‰н
тәртібінен т‰сіп қалмайтыны да ақиқат.
Зерттеуші «Алпамыс», «Шора батыр»,
«Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер
Тарғын», «Ер Сайын» жырларын – «ертедегі
батырлар жырлары» десе, «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғашықтық
жырларға – «ертедегі жырлы әңгімелер» деп
айдар тағады.