316 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 Жауынгерлік жырлардың аттарының «Шора
батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын»,
«Ер Сайын» деп азан шақыра айқайлап тұ-
руына қоса, ол жырлардың елін, жерін жаудан
қорғаған батырларға арналғандығы жыр же-
лісінің б‰кіл өзегінде өріліп жатқандығы
зерттеушіге к‰мән туғызбастан оларды «ер-
тедегі батырлар жырлар» деп атауына ұйытқы
болса, адам баласының ішкі иірімдеріне құ-
рылған, жігіт пен қыздың құштарлық, ің-
кәрлік сезімдеріне арналған «Қозы Көрпеш –
Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты ғашықтық
дастандардың жанрлық жаратылыс – бітімінің
«Батырлар жырынан» өрешелеу екендігін
Сәкен байыптай білген де, «ертедегі жырлы
әңгімелер» деп, өзінше бір топқа бөлген.
«Ғашықтық», «іңкәрлік», «құштарлық»,
«құмарлық», «махаббат» сияқты ұғым – т‰сі-
ніктерге секемдене қараған. Сол кездегі уақыт
талабының әсерінен, «ертедегі жырлы әңгі-
мелерге табиғатына сай келер ешбір эпитет
қолданбай, зерттеуші оларды – «‰стем таптың
салт – санасы бойынша әйел – еркек байла-
нысын, көшпелі тұрмысты толығырақ сурет-
тейтін жырлы әңгімелер» - деп атаумен шек-
телген. [1,66]
С.Сейфуллиннің де батырлық жырлар мен
ғашықтық жырларды жанр бойынша ж‰йе-
легенде «батырлық жырлар» не «батырлар
жырлары», «ғашықтық жырлар» демей – «ба-
тырлар әңгімесі», «жырлы әңгімелер», «ел
поэмалары» деп атау таққандарын байқау
қиын емес.
Десе де С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті»
кітабының басында ауыз әдебиетіндегі ж‰йе-
леуін баяндаған тұсында «Билер дәуірінің 2-
ші бөліміне – ертедегі батырлар жырлары
мен ... жырлы әңгімелер кіреді» - деп, екі
жерде «батырлар жырлары» деп нұсқай көр-
сетіп өткенін айтып өту абзал. [1,66-67]
Ноғайлы дәуірінде туған жырлардың қа-
зіргі қазақтарға да тікелей ортақ екенін дәлел-
дейтін тұста да, Сәкен «батырлар әңгімелері»
деген сөзбен қатарластыра «батырлар жыр-
лары» - деген терминді қолданып отырған.
Сөйте тұра, батырлық жырларға қатысты
тұстарда, «батырлар жыры» деген сөз тіркесін
ауызға алмай, «батырлар әңгімесі» деген
терминді қайта қолданғанына куә боламыз.
С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» кітабында
фольклор шығармалары сюжеттерінің тақы-
рып, желілерінің ортақ боп келетін ерекше-
лігіне де тоқталып өткен. Ауыз әдебиеті ‰лгі-
лерінде көзделетін ондай тұстарды ғалым
«Ескілктен қалған әңгімелердегі көп кездесе-
тін ‰йреншікті ауысқақ сөздер, ауысқақ та-
қырып, ауысқақ жайттар» - деп атаған. [1,388]
Бұл ауыс – т‰йістерді, ортақ желілерді,
сөз оралымдарын Сәкен бір жыр ішінен не бір
жанр төңірегінен емес, бірнеше жанрдағы ‰л-
гілерден кездестіріп, қолда бар материал негі-
зінде кәдімгідей ғылыми талдауларға барған:
С.Сейфуллинді ауыз әдебиетін зерттеуші
ретінде көрсететін алғашқы белгі оның қазақ
әдебиетін дәуірлеуге байланысты айтқан ой-
лары.
С.Сейфуллин өзінің зерттеуінде ауыз әде-
биеті ‰лгілері жанрларының қайсысы ерте,
қайсысы кеш туған деген мәселені нақты
қоймаса да, эпикалық жанрларға қатысты сөз
арасында олардың мерзімдік жағынан ерте,
не кеш тууына орай өз болжам-пікір айтып
кеткен.
Әрбір шығарманың тарихи негізін тәптеш-
теп зерттеген уақытта Сәкен тың ғылыми
тұжырым жасаған.
Сәкен, ауыз әдебиеті ‰лгілерінің кез кел-
ген жанрына таптық тұрғыдан қарай отыра,
фольклордың қай т‰рі болса да халықтың
тарихына, к‰нделік өміріне, тұрмыс-тіршілі-
гіне, д‰ниетаным көзқарасына сай туып-
қалыптасады, т‰рленіп, өзгеріп отырады деген
қағиданы ұстап отырады.
С.Сейфуллиннің фольклордың тарихқа
қарым-қатынасы жайлы ой - пікіріне келетін
болсақ, зерттеуші ауыз әдебиеті ‰лгілерінің,
оның ішінде батырлық жырлардың желісі
тарихи шындыққа құрылып негізделеді деп
т‰сінеді. Батырлық жырлардың тарихи оқиға-
ның тікелей көрініс-сипаты емес, тұспал -
жорамалы ғана, ел қиялының өзгеріске, сұ-
рыптауға т‰сіп керегіне жаратылған рухани
д‰ниесі екендігін ғалым ‰немі ескере бер-
мейді.
Көріп отырғанымыздай, С.Сейфуллиннің
"Қазақ әдебиеті" еңбегі өз кезінде біраз ғы-
лыми ойға қозғалыс туғызуға себеп болған.
С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» еңбегі
жарық көрген тұста ауыз әдебиетінің ‰лгіле-
рін ғылыми ж‰йеге т‰сіру, оларды жанрлық
тұрғыда саралау, ғылыми тұрғыда басқа ха-
лықтар мұраларымен салыстыра зерттеу сол
кез ‰шін ‰лкен жетістік еді.
____________
1. С.Сейфуллин. Шығармалар жинағы. Алматы, Жазу-
шы, 6 том, 1964. - 542 бет.