Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет85/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 67 
соған бөтен болып отырған неонимнің бекуіне 
м‰мкіндік бермейді.
Айта кететіні, т‰рлі лингвистикалық мек-
тептердің терминологиялық сөздіктерге арнап 
неонимдерді іріктеп алуға қатысты прин-
ципиалды бірыңғай пікірі осы уақытқа дейін 
қалыптаспаған. Мысалы, сөзді Барнхарттың 
жаңа сөздер сөздігіне енгізу ‰шін ол бір жыл 
бойы қолданылуы тиіс, ал Оксфорд универ-
ситетінің лексикографиялық орталығында бұл 
мерзім бес есе ұзақ болып келеді, мұнысы бір 
к‰ндік сөздердің, т‰рлі окказионизмдердің 
тіркелу ықтималдығын жоққа шығарады.
Бекітілу кезеңінде неонимге мағынасының 
ыдырауы не дамуы тән болып отырады: бір-
тұтас заттың кеңеюі, тарылуы, бөліктерге та-
ралуы, ұғымның өзгеруіне орай мағынасының 
дамуы. Мысалы, қазақ тіліндегі инкорпорация 
неонимі мынадай мағыналарға ие [4:46]:
1) өз құрамына кіргізу қосып алу; 
2) заңға сәйкес адамдар тобына заңды 
ұйым корпорциясының статусын беру; 
3) мемлекет заңдарын ж‰зеге келтіру, заң-
дардың мазмұны өзгертпестен белгілі бір тәр-
тіппен орналастыру. 
Бекітілу кезеңінде неонимнің негізінде жаңа 
сөз тіркестерінің пайда болуы тәрізді процесс 
байқалады, мұнысы бастапқы неонимге қо-
сымша нақтылаушы қасиеттерді қосу арқылы 
жаңа ұғымдардың пайда болуын көрсетеді. 
Мысалы, «көлеңкелі» неонимі «көлеңкелі» 
экономика тәрізді сөз тіркесін тудырды.
Бекітілу кезеңінде неоним тар мамандан-
дырылған қызмет ету саласының бірінен екін-
шісіне өсуі м‰мкін. «Тілдің ерекшелігі сол, 
көп жағдайларда ол жаңа заттарды не құбы-
лыстарды атау ‰шін жаңа бірліктерді құрмай 
дайын, бұрыннан бар бірліктерді қолданып 
отырады, алайда бұл жағдайда мұндай бір-
ліктердің семантикасы к‰рделене т‰седі»
[5:156] 
Мысалы, қаржы-экономикалық неоним-
дердің арасында спорттық терминологияда 
қолданылатын неонимдер көп

армрестлинг – 1) сатып алушыға қысым 
жасау, сөзбе-сөз: «Қолын бұрау» (экон.); 2) қар-
сыласының қолының кедергісін өз қолымен 
(‰стелге шынтақтарын тіреп отырып) жеңуден 
құралатын спорттық к‰рес т‰рі (спорт.);
корнер – 1) жекелеген тұлғалардың немесе 
фирмалардың қайсыбір жасанды т‰рде тап-
шылық жасау мақсатымен қайсыбір тауарды
сатып алу туралы келісімі (экон.); 2) футболда 
– доп қорғаушы команда ойыншысының 
қолына тиіп, қақпаның шетіне шығып кеткен 
кезде белгіленетін айыппұлдық соққы (спорт.). 
аутсайдер – 1) монополистердің бірлесті-
гіне кірмейтін кәсіпорын (экон.); 2) жарыс-
тарда соңғы орындардың біріне ие болатын 
және ж‰лделі орындарға ие болу ‰шін к‰реске 
әсерін тигізбейтін спортшы немесе спорттық 
команда (спорт.); 
форвард – 1) валюталық биржада ж‰ргізі-
летін негізгі әрекеттердің бірі, ол валютаны 
мәміле жасасу сәтінде келісілген бағам 
бойынша келісілген уақытта жеткізілуін еске-
реді (экон.); 2) спорттық ойындарда шабуыл 
желісінің ойыншысы, шабуылшы (спорт.); 
брейк – 1) биржадағы бағалардың жылдам 
және к‰рт төмендеуі (экон.); 2) спорттық 
жастар биі; 3) бокста спортшылардың ереже-
лерді бұзған кездегі рефери командасы (спорт.). 
Бұл терминдер әсіресе белсенді т‰рде бир-
жалық терминологияда ұсынылған, мұндағы 
б‰кіл тактика мен стратегия мөлшерлемелер-
дің «төмендеуі мен жоғарылауы» ойынына 
негізделген. Спорттық ойындарды, олардың 
қатысушыларын және спорттық ойындардың 
ережелерін білдіретін неонимдер байланысты-
лығы бойынша биржалық неонимдерге жақын 
болып келеді. Егер мағынасы бойынша ассо-
циациялық, бейнелі байланыс туындаса, онда 
неонимдерге белгілі дәрежеде құбылмалылық 
тән болып келеді деген қорытынды жасауға 
болады.
Сол себептен неонимдерді өзге терминдік 
ж‰йелердің игеру процесін зерттеу ‰лкен қы-
зығушылық тудыруда, себебі бұл тіл бірлік-
терінің өміршеңдігін, олардың оңтайлылығы 
мен сабақтастығын дәлелдейді.
Яғни неонимдерге полисемия тән болып 
келеді, егер неонимнің мағынасының бөліну 
нәтижесінде не атауды өзге ұғымға көшіру 
кезінде алынған неонимдердің семантикалық 
құрылымында жалпы, басты сема сақталып 
және көмекші семалар таралып отырса – бұл 
көп мағыналылық болып табылады.
Біздің пікірімізше, полисемия неонимнің 
дәлсіздігінің көрсеткіші болып табылмайды, 
неонимде көп мағыналылық ж‰йесі неғұрлым 
к‰штірек дамыған болса, жалпы ғылыми, 
салааралық және тар бағытталған ұғымдардың 
арасындағы ассоциативтік байланыстар да со-
ғұрлым дәлірек белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет