Білім беру философиясын анықтаудың кейбір мәселелері
Түйіндеме. Бұл мақалада ғылыми іс-әрекеттің ерекше аясы ретінде, философиялық рефлексия ретінде
білім беру философиясы және өркениет үрдісінде білім берудің рөлі туралы сөз болады. Философия мен білім
берудің үздіксіз, органикалық байланысына көңіл бөле отырып, білім беру философиясына әртүрлі
анықтамалар беріледі. Білім беру философиясы білім беру сферасының оның барлық қызметтері аспектілерінде
объективті заңдылықтарының рефлексиясы ретінде қарастырылады. Мақалада білім беру, оқыту, тәрбиелеудің
адамның әлеуметтенуіндегі, заман талабына сай бейненің қалыптасуындағы рөлі көрсетіледі.
Түйін сөздер: білім беру философиясы, әдіснама, рефлексия, білім беру қызметі, ғылыми құзіреттілік,
адамның әлеуметтенуі, білім беру парадигмасы, білім беру жүйесі.
Ashilova M.S., Nalivaiko N.B.
On some problems of definition philosophy of education
Abstract. This article deals with the philosophy of education as a specific scientific field, which is analyzed
from the perspective of methodological point as philosophical reflection, and the role of education in the civilization
process . Are various definitions of philosophy of education, which emphasize the inseparable , organic connection of
philosophy and education are given. Philosophy of education is considered as a reflection of objective laws proper
educational services in all aspects of its operation in general methodological aspect . The article displays the role of
education , training of human social activity, in the development or formation of an image corresponding to the time
requirements.
Key words: philosophy of education, methodology, reflection, educational activities, scientific competence,
human socialization paradigm of education, the education system.
Ә
ОЖ 159.9:3:62
Нұрғалым К.С., Қуанышбаева Э.Ж.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
E-mail: kadyr_n@mail.ru
ӨНДІРІСТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕСІ
Аннотация. Инженерлерді кәсіптік басқаруын төмендегідей бөліп қарастыруға болады, политехникалық
принципі, оқушылардың алған білімін өндірістік еңбекпен қосу, теория және практиканы байланыстыру
принципі, оқу процесіндегі кәсіптік қызмет модельдеу принципі, кәсіптік білім берудің модуль принципі,
тізбекшілік және жүйелілік принципі, қоршаған ортаны құру принципі, экономикалық тұтастық принципі
болып табылады. Инженер қызметінде істің сәтті болып, сапалы бітуі сенің кіммен бірге істейтініңе, сені
басқарушы кім, ол жұмысты қалайша басқара алатыны қабілетімен тәжірибесіне, өндірісте әртүрлі мәселелерді
дұрыс шешуіне байланысты. Біздің елімізбен шетелдердегі психологиялық және әлеуметтік зерттеу нәтижелері
еңбек ұжымы мен ондағы жұмыс істейтін, қызмет атқаратын адамдардың тіршілігі ең алдымен басқарушының
жұмыс тәсілі мен іс-тәжірибесіне тәуелді болып отыратындығын айқындап берді.
Түйін сөздер: инженер қызметіндегі басқару мәселесі.
Ежелгі дүние ғұламасы Платон адамдардың даралық табиғатына тән қасиеттерін ерекше ескере
отырып, әлеуметтегі адамдардың бәрі тегі бір туыс. Алайда олар бір-бірінен өздерінің даралық
қабілеттеріне орай әртүрлі, біреулері басқару ісіне бейім болып туса, өзгелері оған көмекшілік,
демеушілік қызмет атқаруға лайықты, қолөнермен айналысуға бейім болады деген. Осы ойын одан
ә
рі жалғастырып, адам бойындағы қабілеттілігін жетілдіруге қолайлы жағдай жасайтын қабілетке ие
болса, кейбіреулер күмісті алтынға айналдыра алар еді деген ой түйген.
32
Басшы болған адам ісінің нәтижелі болып, көпшілік адамға жөн-жосық көрсетіп отыруы нендей
жағдайларға байланысты деген сұрақ туары белгілі. Өмір тәжірибесі жетекші ісінің тиімді болуы ең
алдымен өндіріс ұжымдағы қилы-қилы мәселелерді орынды шешіп отыру-сол ұжымдағы
психологиялық қолайлы ахуал орнатуға тәуелді екендігін көрсетеді. Басқару психологиясының
құрамына жататын адамдар арасындағы қарым-қатынас орнатудың екі түрлі ерекшеліктерін қарауды
міндет етеді.
Бірінші: жетекшінің жеке басына қойылатын талап-тілектер мен оның психологиялық бейнесі.
Екінші: басқару жұмысының жүйесі мен стилі және адамдар мен топ ішіндегі психологиялық
ахуал.
Инженерлік психологияға байланысты басқарудың нәтижелі болып бітуіне жұмыстың 15
пайызына, ал қарым-қатынас дұрыс орнатуда 85 пайыз мөлшерінде болып отыратындығын
көрсеткен. Д. Карнеги зерттеулерінде адам өзге адамдармен кездескенде оған ықылас-ынтасын
білдіріп, жылы шырай білдіруі қажет дейді. Басқарушы келушілердің сөзін бөлмей ынта-ықласымен
тыңдау қажет. Қарамағындағылар басшылардың өз пікірлерімен талап-тілегін зорлап тыңдату
айтқанын қалайда істету тиісті нәтиже бермейді.
Қазіргі заманғы өндірісті басқару, ұйымдастыру және реттеудің күрделенгені соншалық, олар
менеджмент секілді дербес, кәсіби қызметтің пәніне айналды.
Ежелгі Египетте болашақ басқару ғылымының айрықша белгілері қалыптаса бастады, соның
ішінде жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, басқару процестерін орталықтандыру қажеттілігі
мойындалды. Антика философтары Сократ, Платон, Аристотель мемлекетті басқару туралы өз
ойларын тұжырымдады. Өндірістің қарқындап дамуы өндіріске техникалық процестерді енгізу мен
өнеркәсіпті ұйымдастыруға қойылатын талаптардың жоғарылауына байланысты. Егер ХІХ ғасырда
өндіріс негізінен өнеркәсіпті көбейту мен шоғырландыру арқылы экстенсивті жолмен дамыса, келесі
ғасырдың басына қарай бұл әдіс өздігінен жоғала бастады. Басқару өзінің ескілігіне қарамастан,
басқару идеясы ғылыми пәні, зерттеу саласы, мамандық ретінде салыстырмалы түрде жаңа болып
келеді.
Басқару тек ХХ ғасырда ғана дербес қызмет тармағы ретінде танылды. Басқару нысаны-адам.
Бұдан, басқару теориясының дамуы басқа да облыстардың, соның ішінде математика, техника,
философия, социология, педагогика және психологияның дамуымен байланысты болғандығын көруге
болады. Бұл ғылымдардың жетістіктері өндірістің тиімділігіне әсер ететін факторларды тереңірек
түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдар осы факторлардың рөлін әртүрлі бағалады. Осыған сәйкес
басқарудың теориясы мен практикасына әртүрлі көзқарас қалыптасты. Мысалы:
Ғылыми еңбекті ұйымдастыру мектебі (Ф.Тейлор, Ф.Л.Гилбретов) - Еңбек операцияларын
орындаудың тиімдірек тәсілдерін анықтау үшін ғылыми анализді қолдану. Басқарудың әкімшілік
мектебі (Анри Файоль, Ф.Тейлор)-барлық ұйымдарды басқаруды жүйелі түрде қарастыру. Адами
қарым-қатынас мектебі және психологиялық көзқарас (Э.Мэйо, М.Паркер Фоллет)-Өндірісті арттыру
және еңбекке қанағаттану үшін тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты ыңғайластыру әдістері.
Басқару ғылымының дамуы-бұл эволюциялық даму. Ең алғаш басқаруға деген қызығушылық
1911 жылы Ф.Тейлордың «Ғылыми басқарудың принциптері» атты кітабы жарыққа шыққан кезде
байқалды. Ф.Тейлор мен Ф.Л.Гилбретов арқасында еңбекті ұйымдастырудың ғылыми мектебі пайда
болды. Ғалымдар бар зейіндерін жұмыстың мазмұнына, белгілі бір еңбек операцияларының анализіне
аударды. Еңбек процесін дамыту мақсатында еңбекті ұйымдастырудың ғылыми мектебі адам
факторында хош көрінеді. Жұмыстың уақытына демалысқа қажет үзілістер енгізілді, нормадан артық
жұмыс істегендерге қосымша қаржы төленеді.
Америкалық менеджмент практикасы жеке мақсатты айқындау негізінде басқару кеңінен
қолданады. Ол жұмысшылардың әрбір қызметтің мақсатын бірігіп, айқындау процесі және оларға
жету күштердің координациясымен көтеріледі және мақсат айқынырақ болған сайын оған жету
мүмкіндігі де артады. Жеке мақсатты айқындау негізінен басқаруды дайындау фазасынан
(менеджерлерді бейімдеудің психологиялық әдістеріне үйрету) және енгізу фазасына (тұтас бір
ұйымға және әрбір қызметке жеке-жеке белгілі бір мақсаттар беріліп, соған сәйкес жоспарлар
құрылады және бір жұмысшының мақсаты басқалардың мақсаттарына жетуіне қалай әсер ететіні
анықталады) құралады. Мұндай басқаруды қолдану көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге
көмектеседі: жоспарлау мен бақылау жетіліп, жұмысшылар мен жетекшілер арасындағы қарым-
қатынас жақсарады. Себебі бұл жағдайда жұмысшылардың басқару ісіне араласуының мүмкіндіктері
туып; менеджерлерді дайындаудың психология-педагогикалық мүмкін-діктері артады; орындауды
бағалау үшін стандарттармен және критерияларымен қамтамасыз етіледі.
33
Жапондық менеджмент практикасы сол елде қабылданған мәдени дәстүрге негізделеді. Бүгінгі
күнде жапон менеджментінің бес негізгі принциптері бар. Жұмысшы өз жұмысының сапасын өз
бетімен жақсарту үшін ақылы жетеді. Жапондық жетекшілердің ойынша, жұмысшылар
дегеніміз-еңбек өнімділігін арттыруға байланысты құнды ой айта алатын, қабілетті жандар [1].
Менеджерлер жұмысшылардың тек жеке операцияларды орындауға ғана арналған дайындықтары бар
деп ойламайды. Жұмысшы өз жұмысын барынша жақсы істеуге тырысады. Жапон менеджерлері
өздерінің жұмыс күшінің квалификациясын үзіліссіз көтеріп тұрады. Екінші принципті жүзеге асыру
үшін жапон менеджерлері екі әкімшілік әдісті жасап шығарды. Жұмысшыларды өмірлік жұмысқа
алу және қаражат көбейсе жұмысшыларға сый-ақы төлеп тұру; Жұмысшылар «отбасын» құрады.
Барлық жалдамалы жұмысшылар біртұтас болып бірігеді. Бұл принципті жүзеге асыру үшін үш
ә
кімшілік әдіс жасалып шығарылған: жұмысшылар жаңадан келгендерге, кейін өзіне де солай
қарасын деп, көмек көрсетеді, қол ұшын береді; жұмыстан бос уақыттарын жұмысшылар бірге
өткізеді; топпен жұмысшылардың өзара міндеттері; Топ жеке бір адамға қарағанда маңыздырақ. Бұл
принцип жапондардың дәстүріне негізделген: ешкім тек өзін ғана ойламауы керек. Бұл приципті
жүзеге асыратын екі әкімшілік әдісі бар-жұмыс сатысы бойынша көтерілу және жалақыны көбейту
жұмысшының қабілеттілігіне, жетістіктеріне, жеке өнімділігіне емес, еңбек стажына байланысты;
топтың жетістігі жеке тұлға жетістігі емес, топ еңбегінің нәтижесі деп қарастырылады; Өндірістік
қарым-қатынастағы серіктестіктер біріктіледі. Жапон менеджерлері жұмысшыларды өздерінің
жетестікке деген ұмтылысындағы, жоғарғы сапаға қол жеткізудегі, өндірісті ұлғайтудағы белсенді
деп есептейді. Осы приципті жүзеге асыру үшін екі әкімшілік әдісі жасалып шығарылған: арнайы
оқыту бағдарламасы; топтың келісімі мен үлесімділігін орнату, көмектесу және нығайту.
Басқаруды еңбек сферасының бөлігі деп сипаттау үшін, біріншіден оның функцияларын
қарастыру қажет, себебі олар оның көлемін, мазмұнын және олардан талап етілген инженерлі-басқару
жұмысын алдынала анықтайды. Басқару функциясының теориясын жасаудың мақсаты-басқару
аппаратын рационалды құрудың және оның жұмысын ұйымдастырудың негізі.
Инженер қызметінің басқару функциялары: техникалық дайындық, қызмет көрсету,
материалдық жағынан қамтамасыз ету, есептеу, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау,
реттеу, қарым-қатынас.
Басқару психологиясында басшы адам қарамағындағы адамдармен ашық жарқын сөйлесе білу
қажет. Өз айытқанын күшпен тыңдату жақсы нәтиже бермейді. Басқарушы адам жақсы психологиялық
ахуал орнатуға тәуелді болу қажет [2].
Басқару іс-әрекетінің психологиялық және педагогикалық проблемалары. Басқару психологиясының
маңызы мен міндеттері. Басқару іс-әрекеті-маңызы, мәні, түрлері. Басқару функциялары. Басқару
функцияларының таралу механизмдері. Басқарудың негізгі стильдерінің сипаттамасы (К.Левин, Р.Лайкерт).
Басқару стилінің жеке ерекшелікті қалыптастыруы. Инженерлік басқарудың негізгі түрлері: жобалау,
басқару және ақпарат дайындау. «Басшы-жұмысшы» байланысының психологиялық проблемалары.
Басқару қызметіндегі басшының психологиялық және педагогикалық міндеттері. Өндіріс басшысының
педагогикалық қабілеттері және ұйымдастырушылықтың психологиялық ерекшеліктері.
Ұжымдық қатынастарда сөздің айтылу ерекшелігі, мимика, жестикуляция, әртүрлі
жағдайлардағы әріптестердің іс-әрекеттерінің сипаты үлкен психологиялық мәнге ие. Осының
барлығы информация алудың қосалқы көздеріне жатады. Мысал ретінде «рахмет!» сөзін
қарастыралық. Бұл сөзді адамдар көп уақыт керек ететін орындалған жұмыс үшін өзінің
ризашылығын білдіргенде қолданады. Шын жүректен, жылылықпен айтылған «рахмет» сіздің
жаныңызды жібітеді, бұл сөзді естігеннен кейін сіз жұмсаған еңбегіңіздің қажырлығын ойламайсыз.
«Рахметті» ресми, суық та айтуға болады, онда қызметкер ерекше ештеңе істемегенін тек өзінің
міндеттерін атқарғанын түсінеді. Ал «рахмет» келеке етіп айтылса, жұмысшы өз еңбегінің
пайдасыздығына көз жеткізеді.
Сонымен қатар, информация тарату тәсілі де зор мәнге ие, мәселен айтушы кім сол маңызды:
ол басшы ма, әлде оның орынбасары ма, жоқ, техникалық қызметкер ме. Информацияны жеке
ұжымға немесе бәріне ортақ хабарлау айтылған сөздің мәнін не көтереді, не төмендетеді.
Кредиттік жүйеде прогрессивті түрде оқытуды ұдайы қолдану қажеттілігі уақыт талабы.
Материалдарын меңгеруге қиналатын студенттерге консультация жүргізу қажет. Мұндағы
мақсат-өткен тақырыптардың меңгеруін қадағалау. Жұргізілетін өздік жұмыстар формасы интер
белсенді практикалық іс-қимылға негізделуі тиіс. Ол әртүрлі болуы мүмкін: топтық турнир, өзін-өзі
бағалау, презентация, брейнгринг және т.б. Тьютор жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысын
ұйымдастыру сабағы келесі жағдайға байланысты жүргізіледі:
34
-
Өздік жұмысты консультация формасында жүргізу-төмен рейтингісі бар оқитын
студенттердің дайындық деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі;
- Семестрлік тапсырма және курыстық жұмыс беріліп, оның орындалуы бақыланады.
Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыру:
- ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім
алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын
арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру
ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске асырылады.
- кредиттік оқыту технологиясы білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің
біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы
және реттілікпен оқу;
- кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі
кредит арқылы өлшенетін оқытылатын материалдың көлемі;
- кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын меңгерілген
кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы [3].
Мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін
(каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шаралары;
2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын өз білім беру ұйымының
еркімен белгіленетін теоретикалық кезең: семестр, триместр, тоқсан;
3) академиялық мобильдік – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір
академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе
шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра
отырып өз ЖОО-ында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер;
4) академиялық еркіндік – білім беру үрдісінің субъектілеріне оларды таңдау бойынша
жиынтық пәндерден, оқытудың қосымша түрлерінен білім мазмұнын дербес анықтау үшін және білім
алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатында білім беру қызметін
ұйымдастыру, басқаруда жақсы әлеуметтік – психологиялық жағдай қалыптастыру.
Ә
леуметтік-психологиялық жағдай (ӘПЖ) адамдардың бір-бірін қабылдау, біріне-бірі сезінетін
сезімдер, бағалау мен бір-бірі туралы ойлар мен айтылған сөздерге деген реакциялардан құралатын
спецификалық құбылыс. Ол ұжым мүшелерінің жағдайларына әсер етпей қоймайды. Әсіресе:
ортақ шешімдерді жасауға, қабылдауға
ортақ қызметтегі өнімділікке жетуге өз әсерін тигізеді
ашық қарым-қатынасқа басқарушының мүдделі болуы.
Осылайша ӘПЖ дегеніміз - индивидуалды құндылықтар мен ориентация негізінде
қалыптасатын және адамдардың бір-біріне, еңбек пен ұйымға деген қатынасынан көрінетін, топта
басымдылықта болатын, тұрақты психологиялық күй. ӘПЖ дұрыс болуы басқарушының
педагогикалық және психологиялық білімділігімен, тәжірибесінен көрініс береді.
Ә
ДЕБИЕТТЕР
1. Мангутов И.С. Управление предприятием и инженер. - Л., 1989.
2. Меерович М.И., Шрагина Л.И. Технология творческого мышления. - М., 2002.
3. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Алматы 2009. 63-64 б.
Нургалым К.С., Қуанышбаева Э.Ж.
Особенности подготовки инженера – руководителя на производстве
Аннотация. Инженерная деятельность обладает довольно широким спектром. Так исследование
содержания и структуры инженерной деятельности позволяет раскрыть ее сущность и выявить как общие
вопросы, столщие перед инженерами, так и их функции в качестве руководителей на производстве. Их
разрешение позволяет найти ответы на вопросы, связанные с пониманием частных проблем и задач
инженерной деятельности.
Ключевые слова
Инженерная деятельность, руководство на производстве.
35
Nurgalym K.S., Kuanyshbaeva E.J.
Training percularities of engineer-manager on the plant.
Abstract. Engineering activity possesses a wide enough spectrum. So research of maintenance and structure of
engineering activity allows to expose its essence and to educe its most general questions and guidances on a production.
Their permission allows to find answers for understanding of private problems and tasks of engineering activity.
Key words: engineering activity and guidance on a production.
Ә
ОЖ 93/99 (574)
Салқынбек Д.И., Исахан С.Д.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалыө университеті
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
salkynbek.dosaly@mail.ru
ОТАН ТАРИХЫНЫҢ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУДЕГІ РӨЛІ
Аннотация. Мақалада ерлікке, тәлім-тәрбиеге толы халқымыздың тарихына шолу жасала отырып, оның
бүгінгі күнгі жастарымызды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеудегі орны мен маңызы нақты тарихи
деректер негізінде ашып көрсетіледі. Сақтар, ғұндар дәуіріндегі Мөде шаньюдің және Шырақ батырдың
ерліктері, Күлтегін, Тоныкөк жырларының патриоттық мазмұны, Қазақ жырауларының ерлікке толы үндеулері,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыздың патриоттық үлгісі жан-жақты ашылған.
Түйін сөздер: Бабалар аманаты, тарих тағылымы, ұлттық өнеге, ерлік, патриоттық, отансүйгіштік.
Тарих пәнінің жастарымызға партиоттық тәрбие берудегі алар орнына үлкен мән берген
еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев биылғы оқу жылының бас кезінде жастармен болған
кездесуінде: «Туған жеріңнің, өз халқыңның тарихын білмейінше шынайы патриот болу мүмкін
емес... Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам. Болашағымыз
баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай,
үнемі електен өткізіп отыруға тиіспіз» - деп атап көрсетті [1].
Тарих дегеніміз халықтың зердесі. Зердесі жоқ, өзінің кім екенін, қайдан шыққанын білмейтін
адамның айтулы жазушы Ш.Айтматовтың романындағы «Мәңгүрттен» еш айырмасы болмасы
белгілі жағдай. Ал ондай адамның отанға да өзіне ең жақын жанашыр адамға да екі есе қауіпті
болатынын мәңгүрттің образы арқылы жазушы жақсы ашқан еді. Олай болса бүгінгі ХХІ ғасырдағы
Қазақстан азаматы, өзін осы мемлекеттің өкілімін деп санайтын әрбір адам еліміздің тарихын білуі
тиіс. Тарих пәнінің қоғам өміріндегі алар орнына үлкен мән берген еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын
ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?»-деген төңіректе ойласын
деген сөз. Бұл-... Туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де ойқы еместігін түсінсін деген сөз.
Бұл әрбір азамат... өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері
болуға ұмтылсын деген сөзі» деген еді.
Бүгінгі жоғарғы оқу орындарының студенттеріне Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы негізгі
мақсаттардың бірі-тарихи білім мен тәрбиені тығыз ұштастыру. Біздің ата-бабаларымыздың
тарихының жарқын беттерінен тәлім-тәрбие аларлық, отан қорғаушыларды патриоттыққа
тәрбиелеуде үлгі берерлік айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттер жеткілікті. Әсіресе, олардың әскери-
саяси тарихы ерекше ден қоярлық.
Мәселен, сонау көне дәуірдегі Ғұн тайпаларының басын біріктіріп, көрші Қытайлардың
шабуылдарына тойтарыс берумен қатар, оларды өздеріне алым-салық төлеуге мәжбүр еткен Мөде
шаньюдің мына әрекетін еске түсірейікші! Мөде шаньюге: «Дун-ху елші жіберіп, бұрынғы әкесінен
қалған мыңлилік сайгүлікті (күніне мың км жерге шабатын ат) қаламақ ниеттің барын білдіреді. Мөде
ақсүйек бектерді шақырып алып, кеңес құрады. Ақсүйектер оған «Мыңлилік тұлпар ғұндардың
қазынасы ғой, беруге болмайды» дейді. Оларға Мөде: «көрші тұрған жұрттан бір жылқыны аяған
болмас» дейді де, мыңлилік сайгүлікті беріп жібереді. Арада біраз уақыт өткен соң Дун-ху Мөдені
өзінен қаймығады деп ойлап, тағы да елші жібереді. Бұл жолы одан ханымдарың біреуіне көңілі
құлағанын білдіріп, Яньжиді атап сұрайды. Мөде өз төңірегіндегі жақын жүргендердің ақыл-кеңесіне
тағы да жүгінеді. Төңірегіндегілер: «Дун-ху ұятсыз адам екен, Яньжиді сұрауын қарашы,- деп
таңғалысып,-оған соғыс жариялау керек, деп кеңес береді. Мөде бұл уәжге «көрші тұрған кісілерден
36
бір әйелді аяп қажеті не?» деп сүйікті Яньжиін Дун-хуға беріп жібереді. Әкім Дун-худың айтқаны екі
болмай, әбден кердең кетеді. Ғұндардың иелігінде Дун-худан батысқа қарай кең жатқан мың лидей
бос жер бар еді. Онда тек шекара бойлай екі жақта тұратын қарауыл күзет ғана болатын. Дун-ху екі
жақты шекара күзетінің арасында бос жатқан ғұндарға тиесілі, бірақ оларға қолайсыз жерлерді
алғысы келетінін Мөдеге айту үшін елші атандырады. Мөде бектерінен ақыл сұраса, олар: «бұл
қолайсыздау жер ғой, беруге де, бермеуге де болады дейді. Сонда Мөде терісіне сыймай: «жер
дегенің мемлекеттің негізі оны қалайша басқаға беруге болады? Деп қатты ашуланды. Жерді беру
керек деп ақыл айтқандардың бәрінің бәрінің басын алады. Бұл оқиғаның соңы Мөденің әскерін
жиып, жауға қарсы аттанумен, сөйтіп ұлтарақтай жер болса да оны жауға бермей қорғап қалумен
аяқталады. Атақты Мөденің: «жер халіқтікі, ол бізге біздің ата-бабаларымыздан аманат ретінде бізге
қалған, оны бізде келешек ұрпаққа аманат қылып қалдыру керек» деген аталы сөзі халық арасында
күні бүгінге дейін айтылып келеді [2].
Мөде шаньюдің атымен байланысты бұл оқиғаның негізінде жер тарихы, ел тарихы жатыр.
Отан қорғаушыларға берер бұл оқиғаның басты сабағы не? Басты сабақ біреу. Қасиетті жер ананың
құндылығы, оны ешуақытта, ештеңемен айырбастауға болмайтынын түсіну, жердің бүгінгі күні де
адамзаттың тіршілік көзі ретіндегі қасиетін түсініп, оның жолында мерт болғанша қорғау жатыр.
Ғұндардың әскери тарихына көз жүгіртіп қарасақ, олардан үлгі аларлық қасиеттердің бірі
жауынгерлік даңқы жолы. Бүгінде Шыңғыс ханды ұлы қолбасшыға теңеп жүргендер оның соғыс
тактикасындағы іс-әрекеттерді, әскерін ондықтарға, жүздіктерге, мыңдықтарға, түмендерге бөлу
ә
дісін тікелей ғұндардан алғанын ескере бермейді. Көне дәуір тарихында үлгі аларлық бұндай тарихи
оқиғалар аз емес. Сонау біздің заманымызға дейінгі алтыншы ғасырда Сақтар жеріне шабуыл
жасаған Парсылардан өз елін қорғау мақсатында оларды алдап, сусыз шөлге алып кетіп, елін
қорғаған , сол жолда өзі де мерт болған Шырақ есімді қарапайым сақ малшысының іс-әрекеті кімге де
болса үлгі боларлық.
Тәуелсіз еліміздің жастарына патриоттық тәрбиенің айқын көрініс орта ғасырлардағы өмір
сүрген ата-бабаларымыз түріктердің әскери-тарихи жауынгерлік ерлік жолдарынан да көруге
болады.VII-VIII ғасырлардың еншісі болып табылатын әрбір әрпі тасқа қашалып, жазылған Күлтегін,
Тоныкөк, Білге қаған тарихи жырлары нағыз патриоттық тәрбиелік жырлар болып табылады.
Күлтегін жырында: «Жиырма айқас жасады. Тәңірі жарылқағандықтан, елдігін әлсіретті, қағандығын
қағансыратты, жауын бейбіт етті, тізеліні бүктірді, бастылыны еңкейтті»дейді. Осы Күлтегін
жырындағы келтірілген үзінділердің өзінен VII-VIII ғасырдағы Түркі халқының қоғамдық-саяси
өмірі, көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары, жауласуы, соғысуы, мемлекеттігінен
айырылуының себептері, әскери жорықтары және ерлік істерінен тарих үшін мол мәліметтер алумен
қатар, бүгінгі ұрпақ үшін тағылымы мол сабақ алып қорытынды шығаруға әбден болады. Тарихтың
жас ұрпаққа берер мол тағылымын түсінген ұлт жанашырларының бастамасымен «Күлтегін»
жырының көшірмесі арнайы жасалды. Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің файесіне
ә
келініп қойылды.
Тарихтан мәлім көне дәуірден он бесінші ғасырда отты қару шыққанға дейін әлемде соғыс
өнерлерінде көшпелілерге тең келер ешкім болмады. Еділ патша бастаған Ғұндар Еуропаның төрінде
атының шаңын қақса, ХІІІ ғасырда Шыңғыс хан және оның ұрпақтары басқарған көшпелілер әлемнің
жартысына жуығын өздеріне бағындырды. Орта ғасырлардағы ата-бабаларымыздың түркілердің
ә
скери тарихы танымдық тәрбиелік мәні зор. Өйткені, олардың әскери өнерінің дәрежесі жоғары
деңгейде болды. Олар жөнінде деректер жазып қалдырған орта ғасырлық зерттеушілер, тарихшылар
өз еңбектерінде қызықты да, тыңғылықты мәліметтер береді. Араб зерттеушісі Әл-Шахиз былай деп
жазады: «Жер бетіндегі мекендеген қолбасшылары бар тайпалар бірлестігінің ішінде соғыс кезінде
соққы бермей тынбайтын түркілерден өзге бірде-бір халық жоқ... Түркілер кек қууды, жалған
жарамсақтықты, екі жүзділікті, жалақорлықты, достарына менмендікпен қарауды, көршілеріне
паңдана тәкаппарлық танытуды білмейтін халық» [3]. Яғни осы ғасырлардағы Түріктердің бірлігі,
қарулы күштерді тиімді ұйымдастыра білуі, мықты мемлекет құруға, сол арқылы дүниежүзілік
тарихтың даму барысына ықпал етуіне мүмкіндік берді. Түркілер даланың ержүрек жауынгерлері
ретінде қайыспас қайсар қаһармандығын танытты, ең жоғарғы қасиет деп бостандықты бағалады.
Міне осындай адамның жоғары қасиеттері бүгінгі біздің жастарымызға айқын патриоттық тәрбиенің
үлгісі емес пе?
Қоғамның қай дәуірінде болсын ұрпақ тәрбиесіне, отанды, жерді, қасиетті өз үйінің қазан
ошағын қорғау мәселесіне ерекше маңыз берілген. Өзіміздің халқымызда ер бала, ес біле бастаған
кезден бастап, атасы оған қару ұстауды, ер азамат батыр болуды үйретсе, әжесі рухани тәрбиеге аса
мән беріп, өз елін қорғаған Алпамыс батыр, Қобыланды батыр сияқты жырларды миына құюмен
37
болған. Қарапайым дала поэзиясы, жыраулар поэзиясы тұнып тұрған ерлік пен елдіктің, жыры.
Өйткені, жыраулар ел бірлігін, жерді қорғауды жырлады. Олардың өздері де қолдарына қару алып,
жұртпен қатар жауға қарсы соғысты, қоғам өмірінің барлық саласына араласып отырды. Тарихтан
белгілі ХV ғасырда өмір сүрген Асан қайғы, Жәнібек ханның ақылшы кеңесшісі болса, ХVIII ғасырда
Бұқар жырау Абылай ханның кеңесшісі болып, ел бірлігінің ұйытқысы болған еді. Немесе XVII
ғасырда өмір сүрген Жиембет жырау Есімханның серігі, қолбасшысы болғаны тарихи оқиғалардан
белгілі.
Жоңғар басшылығына қарсы күрес жырлары әсіресе Ақтамберді жырау (1675-1768), Үмбетей
(1706-1778), Тәттіқара (ХVIII ғасыр) шығармаларынан айқын көрінеді. Ақтамберді өз толғауларында
жұртшылықты ерлікке үндейді, тайсалмай-шабуға жігерлендіреді. Бұл жыраулар өнернамасындағы
отаншылдық, патриоттық сезімдер XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын, өзекті
ойларын айқын танытады.
Ақтамберді жырау: Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде құрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай атандым
Жеткіздеп құдай тілекке!-деп он жеті жасында-ақ жауға қарсы аттанғанын, өр, өктем сезіммен
баяндайды. Ауыз әдебиеті жақсы дамыған халқымыз жалпы жыраулар поэмасына аса ден қойып,
рухына дем алып өсті. Бүгінгі күні Алтайдан, Атырауға дейін созылған кең байтақ территориямызды
ата-бабамыз қалай қорғаған деп таң қалуымыз орынсыз.
Қазақ қоғамында тұрақты әскердің болмағаны белгілі жағдай. Қазақ хандығы қарулы
күштерінің басым көпшілігі халық жасақтарынан құралды. Яғни қазақтар қарулы көшпенділер
болды. Сыртқы жаудың шапқыншылығынан қорғануда және жорыққа аттануда соғысқа жарайтын
ә
рбір ер азамат өздерінің тайпа көсемдері мен батырларына ілесіп майданға шығуға дайын болды.
Жайшылықта қару-жарағын асынып, малын бағып, аңын аулап жүрген халық ел басына соғыс қаупі
төнгенде бірлесіп қарулы қимыл жасады. Бұл жөнінде Орта Азия тарихшысы Рузбехан Исфакани
былай деп жазады: «Өздеріне шабуыл жасаған кезде, бір ұлыс болып табылатын әрбір ру бір жерге
орналасады да, дұшпанды өз отбасылары мен мүлкіне жолатпау үшін сондайлық қызу қайратпен,
батырлықпен өткір қылыштарын жұмсайды.» [4]. Ата-бабаларымыз «Бірлік бар жерде-тірлік бар»
деген қағиданы ел басына күн туған қиын шақтарда да есте ұстағанын жоғарыда тоқталған
жазбалардан толық байқаймыз.
Қазақтың бүкіл философиялық одан арғы ақыл-ой, шешендік өнер және әділдіктің айнасы
іспеттес жиынтығының көрінісі болған билердің патриоттық тәрбиедегі рөліне тоқталмай кету
мүмкін емес. Бізге етене жақын белгілі билер Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер өз жырларында,
даналық сөздерінде халықтың жағдайы туралы айтып, оның тағдырын ойлап алаңдайды, барлық
тайпалар мен рулар қазақтарының топтасқандығы мен бірлігі қажет екенін атап көрсетіп, елде
алауыздық пен өзара қырқыс тұтанса, Қазақ хандығына төнетін қауіптен сақтандырады. Және
олардың шешендік сөздерінен батырлық пен елдік мүддені қорғауды да көреміз. Мәселен, Қаз
дауысты Қазыбек би Абылай сұлтанды тұтқыннан босату мақсатында жоңғарлардың ханы Қалдан-
Серенге тайсалмай былай деген еді:
«Сен-темір де, мен-көмір,
Еріткелі келгемін!
Екі еліктің баласын,
Теліткелі келгемін!
Егесетін ер шықса,
Иілткелі келгемін!
Қазақ, қалмақ баласы
Табысқалы келгемін!
Табысуға келмесең, тұрысатын жеріңді айт,
Сен-қабылан да, мен-арыстан,
Алысқалы келгемін!»
Қазақ қоғамында Отан қорғау, отанды қорғаушыларға құрмет көрсету деңгейі жоғары болғаны
соншалық әскери іске қатысты ғұрып нормалары қазақ қоғамының заңдарында да көрініс тапты.
«Жеті жарғы» заңы бойынша жыл сайын барлық сұлтандар, ру ақсақалдары жиналатын болған. Онда
бәрі де «Халық жиналысына» қару-жарағымен келуге тиіс болды. Бұл талаптың қатаң болғаны
38
соншалық, құрылтай жиналысына қарусыз келген адамның дауыс беруге құқығы болмаған және
барлық әдет-ғұрыпқа қарамай, жасы кішілер оған орын бермей отыра берген.
Отан қорғаушылар туралы айтқанда көне дәуір және орта ғасырлармен ғана шектелмеспіз.
Арамызда әлі бар, көзі тірі ұлы отан соғысы ардагерлерінің ерлік істері қай жағынан болса да айтуға,
үлгі алуға тұрарлық. Ұлы Отан соғысы кезінде 500-ден астам қазақстандыққа кеңес одағының
батыры атағы берілді. Олардың қатарында шығыстың қос жұлдызы атанған М.Мәметова,
Ә
.Молдағұлова, Х.Доспанова жаудың пулеметін кеудесімен жапқан С.Баймағанбетов, А.Суханбаев,
С.Оразалинов, жанып бара жатқан самолетін жаудың үстіне түсірген Б. Бейсекбаев, Н.Әбдіров және
тағы басқалар бар.
Тарих - әрбір халықтың өткен өмірі мен жүріп өткен жолының айнасы іспеттес, тәрбиелік мәні
зор, жас ұрпаққа өте қажетті ғылым. Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардың қай-қайсысының болсын
бастау көзі, мәні мен мазмұны тарихта жатыр. Ұлт тарихын меңгермеген жас маманның
дүниетанымы, ой-өрісі отансүйгіштік қасиеті оң қалыптасуы мүмкін емес. Оның үстіне бүгінгі күні
барлық жоғарғы оқу орындарында гуманитарлық ғылымдардың көшбасшысы болып, рухани білім
берумен қатар тәуелсіз жас мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатын, мемлекет басшысының халыққа
арналған жолдауларының негізгі бағыттарын жас ұрпаққа жеткізіп отырған негізгі пән де Қазақстан
тарихы.
Тарих халықтың жады. Рухани азат тәуелсіз елдің нағыз отаншылдарын тәрбиелемей
тәуелсіздігіміз баянды болады деп айту қиын. Мемлекеттің тарихынан үстірт хабары бар ұрпақтан
ұлтжанды азамат шығады деп айтуға әсте болмас. Елінің, жерінің тарихын үстірт білетін маман-
мәңгүрттенуге бейім маман болады. Бұл жолдағы біздің ақылшымыз да жол көрсетуші көмекшіміз де
отанымыздың тарихы. Кезінде отарлаушылардың халқымыздың тілі мен тарихын өшіруге барынша
кіріскені бізге сабақ болуы тиіс.
Қоғамдық өмірде халқымыздың тарихының үлкен рөл атқаратыны жөнінде Елбасы
Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» деген еңбегінде: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің
мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын
түсінгеніміз жөн.
Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті
атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»,-деп, жазады [5].
Бұдан шығар қорытынды - Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алып дүниежүзілік адамзат
көшіне жеке мемлекет ретінде қосылған бүгінгі күні халқымыздың рухани және патриоттық өмірінде
Қазақстан тарихы пәнінің алар орны, атқарар қызметі өте салмақты болып табылады. Әсіресе, ұлттық
тіл мен жер, еліміздің тәуелсіздігін насихаттау, қорғау, сана майданында бітіспес күрес жүргізу ісінде
атқарып отырған қызметін ерекше айтуға болады. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, тәуелсіз
ел боламыз десең тілің мен тарихыңды жадыңнан шығарма, құрметте және қастерлей біл.
Еліміздің Президенті Н. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
атты халыққа арнаған жолдауында еліміздің өсіп-өркендеуі, гүлденуі жолындағы басым бағыттарды
белгілей отырып: «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!
Мәңгілік ел – жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы» [6], деп біздің
болашағымызға арналған «Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» идеясын көрсетіп берді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жастары оны іске асыруға барынша атсалысады деп нық сенемін.
Ә
ДЕБИЕТТЕР
1. // Егемен Қазақстан. 2013 ж. 19 қараша.
2. Бичурин Н.Я. Орта Азияны бағзы заманда мекендеген халықтар туралы мағлұматтар жинағы. М.,
1950. І том. 47-48 бб.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 88-89 бб.
4. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Алматы: Атамұра, 1998. 2 том. 381 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 273 б.
6. Назарбаев. Н.Ә. Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. // Егемен Қазақстан. 2014.
17 қаңтар.
Салкынбек Д.И., Исахан С.Д.
Достарыңызбен бөлісу: |