Алматы 2014 almaty 2



Pdf көрінісі
бет7/101
Дата06.03.2017
өлшемі37,51 Mb.
#7966
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101

Түйін  сөздер:  студенттердің  зейінін  ұйымдастыру,  зейіннің  көлемі,  зейіннің  бағыттылығы,  сана 

гигиенасы, зейінді ұйымдастыру тәсілдері. 

 

Жоғары  оқу  орындарында  сабақ  жүргізу  барысында  студенттердің  зейіндерін  ұйымдастыру 



және басқару маңызды рөл атқарады. Оқытушының сабақтың мақсатына жетуі студенттердің зейінін 

тақырыптағы негізгі мәселелерге жинақтауына тікелей байланысты. Кез келген құбылысты қабылдау 

үшін  біздегі  шамалау  реакциясын  ояту  қажет.  Ол    сезім  мүшелерімізді  оған  бағыттауымызға 

мүмкіндік береді. Мұндай ерікті немесе еріксіз бағыттылық зейін деп аталады. 

Зейін  –  белгілі  бір  нысанда  сананың  жинақталуы  мен  бағыттылығы,  индивидтің  белсенді 

қозғалысын немесе зияткерлік, сенсорлық деңгейінің көтерілу мүмкіндігі. 

Зейіннің  бағыттылығы    өзіне  сай  келетін  субъект  қажеттіліктерін  (мақсаттар  мен  міндеттер 

және  олардың  қызметі)  сұрыптап,  таңдау  нысандарды  ерекшелейді.  Зейіннің  жинақталушылығы 

жекелеген нысандарда бір мезгілдегі барлық жат нәрселерден көңілін бұру, басқа нысандарға назар 

аудармау. 

Зейіннің    сыртқы  зейін  (сенсорлы-перцептивті)  –  сыртқы  әлем  нысандарына  негізделген, 

олардың  өзгерісін  және  танып-білуін  қажет  ететін;    ішкі  зейін  (интеллектуалды)  –  адамның 

субъективті әлемінің объекттеріне негізделген. Өзін-өзі танып, тәрбиелеуді қажет етеді [1]; қозғаушы 

зейін

 (моторлы)  формалары бар. 

Зейіннің  органикалық  негізі  ретінде  ми  басты  орынға  шығады.  Онда  нейрондар  –  жаңалық 

детекторларының  жүйке  жасушалары  бар.  Олар  адам  ерекше  әсерленгенде  және  жаңа  бір  нәрсеге 

жолығып, сол нәрсе оның зейінін өзіне аударғанда іске қосылады. И.П. Павлов айтқандай, зейіннің 

физиологиялық  негізі  бағдарлау-зерттеу  рефлексі  болып  табылады.  Ол  –  организмнің  қоршаған 

ортадағы кез-келген өзгеріске беретін реакциясы. 

Т.Рибоның ойынша, зейін әрқашан эмоциямен байланысты және онымен бірге келеді. Сондай-

ақ,  ол  зейіндегі  басты  рөлді  іс-әрекеттерге  береді.  Іс-әрекеттер  физиологиялық  тұрғыдан  сананың 

зейінділік жағдайын күшейтеді, әрі қолдайды. Д.Н.Узнадзе зейінмен байланысты организмге тікелей 

ә

сер ететін, оның реакциясын анықтайтын ерекше жағдай – мақсат теориясын ұсынды. Ішкі мақсат 



– адам зейінінің жағдайы. Адам осы мақсаттың әсерімен өзіне  белгілі бір бейне немесе  әсер  ететін 

көріністі белгілейді. Ол кейін зейіннің нысанына айналады.  

П.Я.  Гальпериннің  ұсынған  теориясы  бойынша:  зейін  –  бағдарлау-зерттеу  қызметінің  бір 

көрінісі.  Зейін  –  іс-әрекеттердің  жақсаруына  себепші  болады.  Ерікті  зейін  -  жоспарлы  іске  асушы 

зейін, яғни, алдын ала құрастырылған жоспар мен үлгі бойынша іске асатын бақылау формасы [2]. 


 

44 


Зейіннің  тапшылығы  және  гипербелсенділік  синдромы  –  балалық  жас  кезінде  басталатын 

дамудағы  неврологиялық  мінез-құлықтың  бұзылуы.  Адамда  мұндай  құбылыстар  зейін 

концентрациясының  қиындауы,  гипербелсенділік,  албырттық  симптомдарының  пайда  болуынан 

байқалады.  

Ә

рбір 5-10 секунд сайын адам миы бірнеше секундқа ақпарат қабылдамай қалады. Нәтижесінде 



мәліметтің бір бөлігі жоғалуы мүмкін, бұл - зейін айналымы заңдылығы деп аталады. 

Инженерлік  қызмет  барысында  ерікті  зейін  негізгі  зейін  түріне  жататындықтан,  оның  негізгі 

қызметі  үнемі  ауысып  отыратын  жұмыс  шарттарын  дұрыс  әрі  жылдам  шамалап  болжамдау  болып 

табылады. 

Бір нәрсеге ұзақ зейін салу эмоционалды қауырттылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер ғимарат іші 

құрылғылар мен жұмысшылар шуына толы болса немесе керісінше онда тып-тыныш адам жоқ болса, 

онда жұмыс істеу бейімділігі күрт төмендеп, азаяды.   

Зейіннің бағыттылығы мен сұрыпталуын анықтайтын екі фактор болғандықтан, соларға сәйкес 

ғалымдар адам зейінін ұйымдастыру әдістерін қарастырады. 

Ішкі  факторлар  (қоздырғыштың  физикалық  параметрлері)  арқылы  зейінді  ұйымдастырғанда 

келесі тәсілдерді қолдануға болады. 

Қалжырап  болдыру  мүмкіндігі  жоғары,  ал  жауапкершілігі  аса  жоғары  жаңа  факторларды 

пайдалану  қызметтерінде  қарама-қайшылықты  және  талас  туғызатын  жағдайлар  болады.  Әрекетке 

ерекше  дайын  болу  мен  біркелкіліктің  өзара  араласуы  ерекше  маңызды  нысандарды  басқару 

мамандықтарда  (космостық  техника,  атом  станциялары,  ракета  жасау,  әуе  және  теміржолдар) 

эмоциялық  қауырттылықтың  дамуына  жол  ашады.  Соңғысы  болдыруға  әкеп  соғып,  қажет  кезде 

тиімділікті  төмендетеді.    Ал  осы  кезде  зейінді  дұрыс  ұйымдастыра  білу  осы  жағымсыз  сезімнен 

арылтады.  Сондықтан  біркелкі  қызметтерде  әртүрлі  модальді  сигналдарды  пайдаланып,  жұмыс 

қарқынын өзгертіп отыруға кеңес беріледі. 

Сондықтан да сабақ барысында оқытушы маңызды информацияны күшейтіп отыру қажет, ол 

үшін оны бірнеше рет қайталап немесе ерекшелеп қою керек. Сөз арасында бірнәрсе ұмытылғандай 

кейіп танытып, кейін оған қайта оралып, маңыздылығын арттырса да болады. 

Мазмұнды толық ашпау да қызығушылық туғызады. Арғы нәрселердің маңызы жоқ деудің өзі 

оған  деген  қызығушылықты  еселеп  арттырады.  Және  осы  нәрсе  ұзақ  есте  сақталады.  Бұл  тәсілді 

пайдалануда жеке атсалушылық механизмі іске қосылады. 

Материалды  жүйелеу,  белгілі  бір  кезеңдерде  қорытынды  шығарып  отыру  мен  ақпаратты 

құрылымдау да зейінді ұйымдастыруда тиімді тәсіл болып табылады. 

Ішкі факторларды пайдалану (қабылданатын ақпараттың адам қажеттілігіне сай келуі) арқылы 

көңіл аудару үшін төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады: 

1) Ұсынылатын материал тыңдаушылардың жеке қызығушылықтарына сай болуы керек. Егер 

ондай  болмаса,  әр  тыңдаушы  өз  ойымен  болып,  еш  нәтиже  болмайды.  Біздің  студенттеріміз  құр 

бастарын изеп, құптағандарымен былай шыға бере, ол мәлімет естерінен шығып кетеді; 

2)  Дәрістің  немесе  практикалық  сабақтың  басында  студенттерге  айтылатын  мәселе  туралы 

хабарлап,  олардың  қызығушылығын  оятатын  сұрақтар  сұрақтар  қойып  бастау  қажет.    Тек  «иә» 

немесе «жоқ» деген жауап алатын сұрақтар қоймай, ойлануға бағыттайтын ауқымды сұрақтар қойған 

дұрыс. Күрделі сұрақтар білім алушылардың зейінін баурауға көп септігін тигізеді.  

Сипатталған  тәсілдер  студенттердің  зейінін  ұйымдастыруға  арналған.  Олар  сабақ  жүргізу 

барысында, студенттердің өздерін жүзеге асыру барысында (мысалы, өздік тапсырмаларды қорғауда, 

жұмысқа  орналасуда  т.б.)  кейінірек  маңызды  келіссөздер  жүргізуде,  зиялылар  арасында  өте  қажет. 

Алайда, адамның өз зейінін дұрыс ұйымдастыра білуінің маңызы өте зор. Әдетте, үлкен қабілетке ие 

бола тұрып, адам өзін дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан, ол өз қасиеттерін көрсете алмайды. Өз-

өзін ұйымдастырудың басты белгісі – ойды сол қызмет маңайына жинақтау және осы жағдайды өзіне 

еш  күш  қолданбастан,  ұзақ  уақыт  ұстап  тұру.  Бұл  жағдайда  зейіннің  шоғырлануы  мен  зейіннің 

тұрақтылығы көмектесе алады.  В. Леви өзі «жаңғырықты магнит» деп атаған тәсілін ұсынады. Бұл 

тәсіл үш фазадан тұрады. Олар: қойылым, тыныштық және әрекет. Мысалы, қарапайым үстел басына 

отырып,  емтиханға  дайындалуды  алайық.  Сіздің  ойыңыз  бөлініп,  дайындала  алмай  отырсыз  делік. 

Мұндай жағдайда, Леви кез-келген жағдайға ене алатындай қарапайым гипнозды ұсынады. Сонымен, 

сіз оған отыруға аса зауқыңыз жоқ болып тұрған орындыққа отырып, көзіңізді жұмып, іштей немесе 

сыбырлай: «мен жаза аламын, мен жаза аламын» деп 8-12 рет айтасыз. Сосын «мен жазып отырмын, 

мен жазып отырмын» деп дауысыңызды бірте-бірте күшейтесіз. Қатты күш түсіре айтқан соң, біраз 

үн-түнсіз  қаласыз.  Осы  тыныштықта  біраз  отырсаңыз,  бәрін  ұмытып,  ойыңызға  фразалар  келіп, 

қолыңыз еріксіз қаламға созылады. Егер бір нәрсе кедергі болса, бәрін басынан бастасаңыз болады.  



 

45 


Егер  ұзақ  уақытты  талап  ететін  жұмыс  болса,  мысалы  дипломдық  жұмыс,  онда  оның 

кедергілері де күшті болады. Студенттің бүнде мен бүгін шаршадым, ертең тың баспен жұмысыма 

отырамын деп созып жүруі мүмкін. Алайда таң атқанда жаңа жұмыс, жаңа жоспарлар болады. Жаңа 

істі бастағанда, кешкі  шаршаңқы сезіммен бастаған абзал деп кеңес беріледі. Ол тіпті алғашқы сөз 

немесе абзац болса да болады, бастысы бастап қою. 

Адам бір жұмысқа беріліп, айналаны ұмытқан кезде сана гигиенасы ережелерін сақтау керек. 

Біркелкі жұмыс жағдайында ерікті зейінді 15 минут сақтауға болады. Содан соң қысқа үзіліс жасап, 

немесе  басқа  жұмыспен  алмастырған  дұрыс.  Біркелкі  жұмыс  адамды  қатты  болдыртады.  Ми 

қызметінің  ұзақ  мерзімді  циклдері  де  бар,  мысалы  90  минуттық  ми  белсенділігі.  Сондықтан  бір 

жарым  сағаттық  жұмыстан  соң  үлкен  үзіліс  жасаған  өте  пайдалы.  Мұндай  үзілісте  көзді  жұмып, 

денені бос ұстап отыруға немесе билеп алуға да болады. Сондай-ақ, шаршауды тәттісі көп салынған 

шай да басады.  

Адамның  миы  –  күрделі  ұйымдастырылған  жүйе.  Зейін  оның  белсенділігінің  көрінісі  болып 

табылады. Егер зейін төмендесе, онда бұл жүйеде бір нәрсенің әлсірегені. Кейбір адамдар қатты шуда 

жұмыс  істей  алмайтындарын  айтады,  әйтсе  де  тып-тыныш  жағдайда  да  жұмыс  істеу  мүмкін  емес. 

Сондықтан ақырын фондық дыбыстар болған дұрыс. Кейбір иістер (мысалы лимон, лаванда немесе 

ақжұпар) де біздің белсенділігімізді арттырады. 

Сабақ  барысында  зейіннің  барлық  түрлерін  пайдаланған  дұрыс.  Көбінесе  жастық  кезеңде 

зейіннің  дамуы  тұрақты  болады.  19-жастағы  зейін  тұрақтылығы  18-жастағыға  қарағанда  төменірек 

болады.  20-жастағы  зейіннің  шоғырлану  деңгейі  өседі,  ал  ауысу    деңгейі  едәуір  төмендейді.  21-

жастағының  көлем  көрсеткіші  өседі.  Ең  аз  дамушы  зейіннің  ауысуы  мен  тұрақтылық  болып 

табылады. Бұл деректер зейін өзгерісінің кең диапазонды екенін көрсетеді. Сабақ барысында зейіннің 

толық  тұрақтылығы  15-20  минут  сақталады,  1секунд    ішінде  3-4  рет  зейінді  басқа  объектіге 

ауыстыруға болады. Оптималды көлем, жаңалық және оптималды қиыншылық бұл білімді игерудің 

алғы  шарты  және  оған  қызығушылық  болып  табылады.  Бұл  жағдайда  зейін  ерікті  күшпен  жүзеге 

асатын зейіннен аз болдыртатын  күш-қайрат жұмсалмайтын зейінге айналады. Осылайша зейін адам 

санасының бір жағы, ал зейіннің болуы адам өмірін жемісті, ұйымдастырылған және белсенді етеді. 

Оқыту барысында зейінділікті арттыруды ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:  

1) білім алушының пәнге деген қызығушылығын түрлендіру (қызығушылық, жеке белсенділігі, 

шығармашылық элементі); 

2)  оқыту процесін нақты ұйымдастыру; 

3) оқытушы сөзі зейінді ұйымдастырылады (бұрыс дауыс    екпіні); 

4) берілетін материалдың нақты және логикалық құрылымды болуы; 

5) көрнекілік құралдардың болуы; 

6) оқыту әдісінің әртүрлілігі; 

7) кез-келген түрдегі көру тіректері (ауысу); 

8) дәрістің жоспарлы болуы; 

9) студенттердің дәріс резюмесін құрастыруы. 

Жас кезде есте сақтау ерекшеліктері мен зейінге қарағанда қызығушылықтар мен біліктілік тез 

өзгеріске  түседі.  Бұл  оқытушылардан  студенттерге  жаңа  ғылыми  мәлімет  берумен  қатар,  оларға 

жоғарғы оқу орындарында сәтті оқудың сапалы жақтарын да беруді талап етеді. 

Зейінділік қабілеті мен зейіннің түрленуі студенттерде олардың жеке ерік-жігерлерімен тығыз 

байланысты.  Ол  үшін  студенттерге  болашақ  мамандықтарының  қыр-сырын,  кездесулері  мүмкін 

мәселелер мен олардың шешімдерін айтып түсіндіріп отыру керек. 



 

Ә

ДЕБИЕТТЕР 



1.  Жақыпов С.М. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекет психологиясы. Алматы.: Алла Прима ЖШС, 

2008. - 216 б. 

2. Зыкова Н.М. Психология высшей школы. –А.,2011. 

3. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб: Питер, 2002 

4.  Основы педагогики и психологии высшей школы / Под ред. А.В. Петровского.- М.: Изд-во МГУ, 1986. 

 

Ибраим М., Касымбаева Г.Н., Изтилеуова М. 



Особенности повышения внимания студентов в процессе обучения  

Резюме. В данной статье рассмотрены проблемы организации внимательности студентов.  Описываются 

основные  качества  внимательности,  проанализированы  методы  освоения  внимательности  во  время  занятий. 

Рассмотрены  определенные  теории  внимательности  и  их  применения  во  время  учебного  процесса.  Есть 

полезные  советы  по  методике  организации  внимательности  студентов.  Учтено,  что  преподаватели  в  высших 



 

46 


учебных  заведениях  должны  принимать  во  внимание  внимательность  каждого  студента  на  занятиях. 

Представлены методика повышения и использования внимательности во время учебы.  



Ключевые  слова:  организация  внимательности  студентов,  объем  внимания,  направленность 

внимательности, гигиена сознания, методы организации внимательности.  

 

Ibraim M., Kasymbaeva G.N., Iztileuova M. 



Features of increase of attention of students in the process of educating 

Abstract.  This article discusses the problems of organizing care students. Describes the basic quality of care, 

development of methods of care analyzed during class. Consider the definition of the theory of care and their use during 

the learning process. There are useful tips on how to organize care students. Taken into account that universities should 

take into account each student attentiveness in the classroom. Presented methods to improve the use and care during 

their studies. 

Key words: organization of care of students, the amount of care, direction of care, hygiene awareness, methods 

of organizing care. 

 

                            



Ә

ОЖ 951/959(075) 



 

Нуртазаева А.Б., Богдалина А. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

alima_nyr@mail.ru 

 

ОТАНДЫҚ ТАРИХ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ 

 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  автор  отандық  тарих  институтының  құрылу  тарихын  зерттей  келе  оның 

қалыптасуы мен тарих ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы айтылады. Ғылыми мақала 3 курс 

студенті  Богдалина  Айгеріммен    бірге  дайындалды.  Мақаланың  негізі  мемлекеттік  мұрағаттағы  бірнеше 

қордағы  деректермен  және  ғылыми  еңбектерге  сілтеме  жасау  арқылы  жазылды.  Мақалада  Отандық  тарих 

институтының құрылуы және қалыптасуы, зертттеу жұмыстарының барысы және Отандық тарих ғылымының 

дамуына  өздерінің  үлесін  қосқан  тарихшы  ғалымдар  туралы  көп  мәліметтер  берілген.  Тарих  институтының 

басшылары  өз  қызметі  барысында  үйлестіру,  ұйымдастырушылық  және  тәрбиелік  мақсаттағы  жұмыстардың 

барлығын біріктіріп, нәтиже көрсете білді. 



Түйін сөздер: тарих, этнография, этнология, археология 

      


Республикадағы  тарих  ғылымдарының  нағыз  орталығы,  осы  саладағы  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарының  бірден-бір  үйлестіруші  мекеме  Шоқан  Шыңғысұлы  Уалиханов  атындағы  тарих, 

археология  және  этнография  институты.  1945  жылы  сәуір  айында  КСРО  Ғылым  Академиясының 

қазақ филиалының құрамындағы тарих секторы тарих, археология және этнография институты болып 

құрылады. Институт құрамында он екі қызметкер болды, оның үшеуі ғылым кандидаттары еді.  (1) 

Соғыстан  кейінгі  жылдарда  Отандық  тарихты  зерттеудің  ірі  орталығын  құру  жөнінде  мәселе  күн 

тәртібіне бірнеше рет көтерілді. Ал, жаңадан ашылған институт Қазақстан тарихын зерттеу ошағына 

айналған,бірден бір ғылыми мекеме болды.  Ғылыми институттың материалдық техникалық базасы 

баяу  қалыптасты,  қажетті  материал  құрал  жабдықтардың  болмауы  және  де  маман  тарихшы 

кадрлардың  жоқтығы  тарих  ғылымының  белгілі  дәрежеде  дамуына  кедергі  келтірді.  Қазақстанда 

ғылымның  дамуына  жалпы  басшылықтың  Мәскеуден  жүргізілгені  бәрімізге  белгілі, 

республикамыздағы  ашылған  ғылыми    мекемелерге  басшылық  жасауға  Ресей  ғалымдары 

шақырылды.  Қазақстандық  жас  ғылыми  мамандардың  аздығы,  мемлекет  тарапынан  қаржының 

мардымсыз бөлінуі, білім мен тәжірибенің аздығы көп әсерін тигізді. Ал отандық тарих ғылымының 

киелі  қара  шаңырағы  тарих  институтының  құрылу  тарихына  біраз  көз  жүгіртер  болсақ,  ашылған 

жылдан бастап қазіргі таңға дейін біраз өзгерістерге ұшырады.  

Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  26  желтоқсан  1960  жылғы  қаулысына  орай  Тарих, 

археология  және  этнография  институтына  19  ғасырда  өмір  сүрген  ғалым,  ағартушы  Шоқан 

Шыңғысұлы Уәлихановтың туылғанына жүз жиырма бес жыл толуына орай оның есімі беріледі.(2) 

Институт  тарихына  өзіндік  із  қалдырған  аса  көрнекті  ғалымдар,  Ұлы  Отан  соғысы  кезінде 

Қазақстанға  эвакуацияланған  Ресейдің  атақты  тарихшылары  еді.  Олардың  қатарында  С.В.Юшков, 

А.М.Панкратова,  Б.Д.  Греков.  Н.М.Дружинин,  М.В.Вяткин,  А.Н.Кучкин,  М.П.Ким  және  тағы 

басқалар болды. Тарих, археология және этнография институтының қабырғасынан кеңестік дәуірде 

тарих  ғылымының  қазақстанда  қалыптасып  дамуына,  өркендеуіне  өздерінің  зерттеулері  және 



 

47 


еңбектерімен  зор  үлес  қосқан  ғалымдардың  үлкен  шоғыры  өсіп  шықты.  Олар  ел  тарихын  зерттеу 

ісімен  шұғылданып  қоймай  республиканың  ғылымымен  соның  ішінде  тарих  ғылымының, 

мәдениетінің  өркендеуіне  жалпы  менталитеттің  өсуіне  олжа  салды.  Институт  ашылған  жылдан 

бастап ақ қазақстандық тарихшылар қара шаңырақ тарих, археология және этнография институтының 

бой  көтеріп  кетуіне  өз  еңбектерін  аямай,  құлшынып,  бар  күш  жігерін  салып  қазақ  тарихының 

жоғарғы  деңгейде  дамуына  көп  еңбектерін  сіңірді.  Олардың  қатарында  Е.Б.Бекмаханов, 

Ә

.Х.Марғұлан, 



Б.Сүлейменов, 

В.М.Шахматов, 

С.Н.Покровский, 

А.Н.Нүсіпбеков 

және 

Г.Н.Дахшлейгер  тағы  басқалар  бар  еді.(3)  Институтты  әр  жылдары  басқарған  ғылым  мен 



ұйымдастырушылық  қызметті  қатар  атқарған  институт  басшыларына  келер  болсақ,  институт 

қабырғасын ғылымға жаны аши білетін ғалым тарихшылар басқара білді. Сол тарихшы ғалымдардың 

ғылыми  ұйымдастырушылық  қабілеттері  арқасында  Ш.Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих,  археология 

және этнография институты көптеген ғылыми нәтижелерге және табыстарға жетті.  

Институт  басшыларының  негізгі  алдында  тұрған  міндеттері,  өзекті  мәселелердің  бірі, 

институттың кадрлық потенциалын нығайту, сол арқылы отандық тарих ғылымын жоғарғы деңгейге 

көтеру, ғылыми нәтижелер мен табыстарға жету, ғылыми зерттеу жұмыс жоспарының орындалуын 

қамтамасыз  ету,  басқа  қоғамдық  ғылымдар  институтарымен  іскерлік  байланысты нығайту,  ғылыми 

зерттеу  дәрежесін  көтеру,  ұжымда  шығармашылық  ахуал  қалыптастыру,  социалистік 

міндеттемелерді  орындау үшін күресу, ұжымдағы тәртіпті жөнге салу болды.  1946 жылы Жамбыл 

қаласында  археологиялық  жұмыстардың  кеңейтілуіне  байланысты  археологиялық  пункт  жұмыс 

істеді.  Археологиялық  экспедицияның  жетекшісі  болып  Г.Н.Пацевич  бекітілді.  Бұл  экспедиция 

қажырлы  еңбек  етті,  ғылыми  тұрғыда  жемісті  болды.  Бұл  орталық  өкіметтен  қаржы  бөлінбеуіне 

байланысты  1954  жылы  12  қыркүйекте  өз  жұмысын  тоқтатты.  (4)  Археологиялық  сектордың 

құрамында  Қазақстан  археологиялық  экспедиция орталығы  ашылды  және  ұйғыр,  дүнген  мәдениеті 

секторы  өз  жұмыстарын  бастады.(5)  Осы  жылдардан  бастап  академик  Ә.Х.Марғұланның 

басшылығымен  ұйымдастырылған  Орталық  Қазақстанның  археологиялық  экспедициясы  көптеген 

ғылыми  жаңалықтар  ашты.Ә.Х.Марғұланның  өзі  отыз  жылдай  жүргізген  қазба  жұмыстарының 

арқасында жүздеген ғылыми мақалалар мен бірнеше монографиялар жарыққа шықты 1946-1948 жж. 

аралығында  республикамыздың  бірнеше  облыстарында  этнографиялық  далалық  экспедициялар 

жұмыс істей  бастады.  1946 жылы Семей және Шығыс Қазақстан облысында, 1947 жылы Алматы, 

Талдықорған  және  Жамбыл  облыстарында  экспедициялар  жұмыс  істеді.  Экспедиция  мүшелерінің 

алдында  тұрған  мәселе  қазақ  халқының  салт  дәстүр,  әдеп  ғұрпын,  материалдық  және  рухани 

мәдениетін  зерттеу  болды.1947  жылы  КСРО  Ғылым  Академиясының  этнография  институтының 

ғалымдарымен бірігіп, кешенді антропологиялық, этнографиялық экспедиция Алматы, Талдықорған 

және Жамбыл облыстарында зерттеулер жүргізді. Экспедицияның жетекшісі болып этнограф ғалым 

Н.Н.Чебоксарова  бекітілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақ халқының әдеп ғұрпын, салт 

дәстүрі,  рулар  арасындағы  туысқандық  қатынас,  фольклорі,  материалдық  және  рухани  мәдениеті 

зерттелді. Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде бірнеше ғылыми құнды еңбектер дүниеге келді.(6)  

Ал, 1947 жылдың мамыр айында институтта бірінші ғылыми сессия болып өтті.(7) Институтта болып 

өткен  ғылыми  сессияда  Қазақстанда  тарих  ғылымын  дамытуға  арналған  жоспарлар  бекітілді.  Осы 

жылы  жаңадан  қолжазба  қоры  ашылды.  1948  жылдың  қараша  айында  тарих,  археология  және 

этнография  институтында  ғылыми  кеңес  құрылады.  (8)  Ғылыми  кеңестің  диссертациялық 

жұмыстарды  қарауға,  тарих  ғылымының  кандидаты,  докторы  атағын  беруге  құқығы  болмады.  Бұл 

атақтарды  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының  Тіл  және  әдебиет,  тарих,  археология,  этнография 

институттарының  біріккен  ғылыми  кеңесі  беруге  құқығы  бар  болатын.  25  қараша  1948  жылы 

институттың  ғылыми  кеңесінің  шешімі  бойынша  институтта  қазақ  тілін  үйрену  үшін  арнайы  курс 

ашылады.  Бұл  курсқа  институтта  қызмет  атқарып  жүрген,  басқа  ұлт  өкілдері  тарихшы  ғалымдар 

қатысатын  болды.  Олардың  қатарында  С.Н.Покровский,  В.Ф.Шахматов,  Н.Г.Дружинин, 

А.Г.Максимова  және  тағы  басқалар  болды.(9)  Институт  құрылғаннан  бастап  ақ,  ол  КСРО  Ғылым 

Академиясының  тарих,  этнография  институтымен  тікелей  ғылыми  қарым  қатынаста  болды.  Оған 

дәлел  жыл  сайын  қазақстан  территориясында  жүргізілетін  археологиялық  және  этнографиялық 

экспедиция жұмыстарына Мәскеулік, Ленинградтық бір топ ғалымдар қатынасып отырды. Мәскеулік 

және  Ленинградтық  тарихшы  ғалымдар  қазақстанда  тарих  ғылымының  дамуына  күшті  серпіліс 

беріп,алғашқы  кәсіби  маманданған  жергілікті  оның  ішінде  қазақ  тарихшыларының  қалыптасуына 

және  саналы  өсуіне  елеулі  ықпал  етті.  1949  жылы  КСРО  Ғылым  Академиясының  этнография 

институты және Қазақ ССР Ғылым Академиясының тарих, археология және этнография институты 

еліміздің орталық мұражайы бірігіп Алматы облысының Кеген ауданында және Жамбыл облысының 

Шу ауданында жүргізген экспедицияларды айтуға болады. Экспедицияны О.А.Корбе басқарады. Бұл 


 

48 


экспедицияның  негізгі  зерттеу  жұмысы  қазақ  халқының  киім  кешек,  ұлттық  ойындарын,  ұлттық 

тағамдарын  зерттеу  болды.  Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде  бірнеше  құнды  еңбектер  дүниеге 

келді.(10)    Қазақстанда  жүргізіліп  жатқан  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  көлемінің  ұлғаюына 

байланысты, 1951-1952 жж. институт секторлары бір бірімен қосылып жаңадан бөлімдер ашылады. 

Олардың  қатарында  қазақстанның  көне  дәуір  және  орта  ғасырлар  тарихы  бөлімі,  қазақстанның 

кеңестік  дәуірге  дейінгі  тарихы,  қазан  революциясы  және  азамат  соғысы  тарихы  бөлімі  және 

археология,  этнография  бөлімдері  болды.  Осылайша  қазақстандық  тарих  ғылымының  өзекті 

проблемаларын  зерттеуге  байланысты  жаңадан  бөлімдер  дүниеге  келді.  (11)  Ал,  1953  жылы 

Қазақстанның  кеңестік  дәуір  тарихы  бөлімінің  қызметкерлері  біраз  өзекті  проблемаларды  зерттеп, 

ғалымдар  өздерінің  ғылыми  еңбектерін  шығара  бастады.  8  мамыр  1953  жылы  Қазақ  ССР  Ғылым 

Академиясында  кезекті  отырыс  болып  өтіп  институт  басшылығы  ауысады.  Директор 

А.Н.Покровскийдің  орнына  тарих  ғылымының  кандидаты  И.Н.Горохводатский  тағайындалады.(12)  

Институт директорының 29 тамыз 1953 жылғы № 109 бұйрығымен бір топ жас ғалымдар Ленинград 

қаласына  көне  шығыс  жазба  деректерін  аудару  үшін  оның  ішінде  араб,  парсы,  қытай  тілдерінде 

жазылған қазақстан тарихына байланысты теңдесі жоқ құнды еңбектерді орыс және қазақ тілдеріне 

аудару үшін еңбектенуге қызметтік сапарға жіберіледі. Бұл еңбектердің қатарында: 

 Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди»(1545-1546) 

 «Әбілқайыр хан тарихы»(1470-1468) 

  «Шайбанидтер тарихы»(1857-1858) 

 Республикамызда  тарихи,  археологиялық,этнографиялық,  антропологиялық  зерттеулердің 

көлемін ұлғайтып, ғылыми мамандар санын арттыруға көп көңіл бөле бастады. отырған жылдардағы 

иелерінің  ішінде  ғылыми  зерттеу  жұмыстарының  жоғарғы  деңгейде  жүргізілгендігі  үшін, 

институттың бір топ тарихшы ғалымдары иеленген болатын болатын. Атап айтар болсақ: 1966 жылы 

Ә

.Х.Марғұлан, 1967 жылы А.Н.Нүсіпбеков, 1969 жылы С.Н.Покровский, 1971 жылы С.Б.Бейсембаев, 



1972  жылы Т.Б.Балақаев,  М.Қ.Қозыбаев,  1973  жылы  Р.Б.Сүлейменов,  1979  жылы  Г.Ф.Дахшлейгер, 

1980 жылы Б.С.Сүлейменов және Л.М. Әуезовалар болды.(13)  Отандық тарих ғылымының жоғарғы 

деңгейде  дамуына  көп  үлес  қосқан  киелі  қара  шаңырақ  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлиханов  атындағы 

тарих, археология және этнография институтының алатын орны ерекше. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет