Алматы 2014 almaty 2


Ә бдиева Ғ.І.  Жоғары оқу орнында болашақ инженер мамандарды кәсіби табысты әлеуметтендірудегі



Pdf көрінісі
бет10/101
Дата06.03.2017
өлшемі37,51 Mb.
#7966
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101

 

Ә

бдиева Ғ.І. 



Жоғары оқу орнында болашақ инженер мамандарды кәсіби табысты әлеуметтендірудегі 

ә

леуметтік- гуманитарлық пәндердің маңызы 

Түйіндеме.  Қазақстан  2010  жылдың  наурызында  ресми  түрде  Болон  декларациясына  қол  қойып, 

Европалық  білім  аймағының  жоғарғы  оқу  орындарының  47-  ші  толық  және  құқықты  мүшесі  болды.  Оқу 

процессінде кредиттік жүйенің енгізілу мақсаты әлемдік білім беретін жүйелерге  Қазақстан Республикасының 

бырынғай ұлттық білім беру жүйесін біріктіру, ұлттық стандарттарға, олардың еңбек нарығында талап етілуіне 

жауап беретін, дипломдардың айналымдылық шартын құруыңа негізделген. 

Қазіргі  уақытта    жоғарғы  кәсіптік  білім  беру  жүйесіндегі  болашақ  маман  тұлғасын  әлеуметтендірудің 

маңызды институты ретінде қарастырылады. Әлемдік білім жүйесінде жоғары кәсіптік білім беру мақсаты сан 

алуан,  дегенмен  олар  болашақ  инженер    мамандар  тұлғасының  қалыптасуына  бастапқы  негіз  ретінде 

қарастырылады.  

Инженерлік білім беру жүйесі бір тұтас және бір қалыпты болуы тиіс.  Осы орайда жоғары техникалық 

білім беру жүйесінде инженерлік мамандарды дайындау оқу үрдісінің негізгі аспектілерің атап өтуге болады:  

дәлелділік және мақсаттылық. Олардың нәтежиелігі оқыту мақсатымен (не үшін оқу керек); оқу мазмұнымен 

(неге оқыту); оқу үрдісін ұйымдастыру принциптерімен тығыз (қалай оқыту керек) байланысты. 


 

61 


Түйін  сөздер:  әлеуметтену,  ұлттық  білім,  кәсіптік  білім,  инженерлік  білім  беру  жүйесі,  маман,  тұлға, 

кәсіптік қабілетт, болашақ маман. 

 

Abdieva G.I. 



The role of socio-humanitarian disciplines in a successful professional socialization of future engineering 

specialist in the university 

Abstract. Kazakhstan officially in March 2010 year acceded to the Bologna Declaration and became 47-metre 

full membership of the European higher education area. The purpose of a credit system is the integration of the national 

education system of the Republic of Kazakhstan in the world education system, enabling the convertibility of diplomas 

in accordance with international standards, their demand in the labour market. 

Today,  the  system  of  higher  vocational  education  serves  as  an  important  institution  of  socialization  of 

personality  of  the  future  tasks  which are  the responsibility  of  the  professional  and  diverse  in  the  world  educational 

system, because they have to lay the initial groundwork of professional formation of personality of the future engineer. 

Today technical education fundamentally works on the future, prejudice personal-professional quality engineer, 

includes the entire range of requirements of the socialization of modern people. Quite rightly, that most directly the 

"agent" of the future is in the field of technical education, it is in constant evolution, in response to the political and 

socio-economic changes taking place in society. 

Key  words:  socialization,  Engineering  knowledge  essentially,  national  education  system,  professional 

formation, technical education fundamentally. 

 

 

Ә



ОЖ 378.017(574) 

 

Бөлеубаев Е.А., Абуханов Ш.А. 

Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті 

Алматы қ., Қазақстан Республикасы 

 

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ РӨЛІ 



 

Түйіндеме.  Бұл  мақалада  азаматтық  құқықтың    құқықтық  тәрбие  берудегі  мәселелер  қарастырылған. 

Мемлекетте құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы азаматтардың өз міндеттерін атқарумен тығыз 

байланысты.  Еліміздің  ата  заңы  конституцияда    азаматтардың  құқықтары  мен  міндеттері  қатар  баяндалған.  

Атап айтсақ, еліміздің азаматы еңбек ету бостандығына қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына, білім алуына, 

өз отанының аумағында еркін жүріп-тұруына, тұрғылықты мекен жайын қалауынша таңдап алуына, әркімнің 

білікті заң көмегін алуына, әркімнің өмір сүруге және т.б көптеген құқықтарға ие . Сонымен қатар, азаматтар 

Қазақстан  заңдарын  сақтауға,  азамат  деген  мәртебелі  атаққа  лайықты  болуға,  мемлекеттік  меншік  пен  жеке 

меншікті қорғауға, өз отанын қорғауға, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға және 

т.б.  көптеген  міндеттерді  де  орындауға  міндетті.  Міне  осындай  құқықтар  мен  міндеттер  еліміз 

конституциясының  адам  және  азамат  деген  2-бөлімінде  бекітіліп  көрсетіледі.  Осындай  құқықтар  мен 

міндеттердің  студент жастарға құқықтық тәрбие беруде ролі зор. 

Түйін  сөздер:  нормативтік–құқықтық  акті,  азаматтық  құқық,  азаматтық  құқық  қабілеттілігі, 

азаматтардың  әрекет  қабілеттілігі,  азаматтық  құқық  субъектілері,  жеке  тұлға,  субъективтік  құқық,  меншік 

құқық,  иелену  құқығы,  пайдалану  құқығы,  интелектуалдық  меншік  құқығы,  мұрагерлік  құқығы,  құқықтық 

мәдениет. 

 

Студенттерге құқық негіздері пәнін  оқытудың мақсаты – бұл құқықтық білім беру ғана емес, 



сонымен  қатар  олардың  күнделікті  тұрмыста  өз  құқығын  қорғай  алуына  көмектесу  мен  құқықтық 

тәрбие беру және құқықтық мәдениетін көтеру болып табылады. Құқықтық мәдениет дегеніміз- заң 

нормаларын білу және оны орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң нормаларын бұзбау, заң күшіне 

сену,  яғни,  құқықтық  мемлекеттегі  осындай  жағымен  ерекшелінетін  еліміздің  үлгілі  азаматы  болу 

керек. Тұлғаның құқықтық мәдениетімен қоса құқықтық санасын қалыптастырып дамыту құқықтық 

тәрбиенің  негізгі  мақсаттарының  бірі.  Адамның  құқықтық  санасы  қалыптаспай  оның  құқықтық 

мәдениеті дамымайды. Сол себепті құқықтық сананы тұлғаның бойында қалыптастырудың мәні өте 

зор.    Құқықтық  сана    азаматтардың  қолданып  жүрген  заңдарға,  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарына,  құқыққа,  құқықтық  құбылыстарға  деген  сезімдерінің,  көзқарастарының  немесе 

пікірлерінің немесе ол заңдарға берген бағаларының жүйесі. Сондықтан құқықтық білім беру арқылы 

адамның  құқықтық  санасын  дамытуға  және  құқықтық  мәдениетін  көтеруге  болады.  Осы  орайда 

біздің  университетте  «Өз  құқығыңды  қорғай  біл!»  деген  тақырыпта  сайыстар  өтілді  және  құқық 

қорғау  орган  қызметкерлерімен  кездесу  кештер  өткізілді.  Студенттер  жатаханасында  нашақорлық, 

маскүнемдік сияқты зиянды әдеттермен күрес мақсатында құқықтық тәрбие жұмыстары жүргізілді. 



 

62 


Құқықтық білім берудің мақсаты құқықтық тәрбиеге ықпал етуші әдіс болып табылады.  Күнделікті 

өмірде студент жастардың қоғамда әртүрлі құқықтық қатынасқа қатысатыны тағы да белгілі. Құқық 

жүйесінің әр саласының қоғамдағы қатынастарды реттеудегі ерекшелігі әр түрлі. Ал құқық жүйесінің 

бір  саласы  –  азаматтық  құқық  азаматтық  кодекстің  1-бабының  1  тармағында  көрсетілгендей  тауар 

ақша  қатынастарын  және  қатысушылардың  теңдігіне  негізделген  өзге  де  мүліктік  қатынастарды 

сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты  мүліктік  емес  жеке  қатынастарды  реттейді.  Мүліктік 

қатынастарға мүлік беру, сату,жұмыс, қызмет және тағы басқа жатады. Яғни мүліктік қатынастарға 

негізінен,  қоғамдық  өндіріс  құрал  жабдықтарына,   мүліктік  игіліктерге  немесе  бір  сөзбен  айтқанда  

материалды құндылықтарға байланысты қатынастарды жатқызамыз. 

Ал  мүліктік  емес  қатынастарға  құндық  маңызы  жоқ  қатысушылардың  қоғамдық  сипатын 

белгілейтін  материалдық  емес  құндылықтар.  Мысалы,  азаматтың  беделі,  абыройы  және  т.б. 

мәселелерге байланысты туындайтын қатынастар.  

Азаматтық құқықты реттеу барысы арнайы тәсілдерге сәйкес жүзеге асады. Мұндай тәсілдерге 

заң  теңдігі,  екіншіден  жеке  және  заңды  тұлғалардың  азаматтық  құқық  пен  міндетті  өз  ниеттеріне 

сәйкес  жүзеге  асыруы  және  ол  бойынша  субъектілердің  теңдігі  мен  заң  алдында  заңға  ғана  сәйкес 

қорғалуы жатады. Жалпы азаматтық құқық диспозитивтік нормаларға негізделген.  

Азаматтық құқық нормасына Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі және соған сәйкес 

қабылданған  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілер  жатады.  Атап  айтсақ,  Қазақстан  Республикасы 

президентінің  заң  күші  бар  жарлықтары,  парламент  қаулылары,  ҚР  Үкіметінің  қаулылары.  Бұл 

деңгейдегі  нормативтік-құқықтық  актілер  де  бар.  Олар  Қазақстан  Республикасы  минстрлері  мен 

орталық  мемлекеттік  органдарының  өзге  де  мемлекеттік  органдар  басшыларының  нормативтк-

құқықтық  қаулыларын  жатқызуға  болады.  Ал  жергілікті  деңгейде  маслихаттардың  нормативтік-

құқықтық  шешімдері,  әкімдердің  нормативтік-құқықтық  қаулылары  мен  шешімдері  қабылданып 

қолданылуы  мүмкін.  Сондай-ақ  төменгі  деңгейдегі  нормативтік-құқықтық  актілер  жоғарғы 

деңгейдегі  нормативтік-құқықтық  актілерге  қайшы  келмеуге  тиіс.  Мысалы,  ҚР  Конституциясына 

немесе ҚР азаматтық кодесіне, сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексі екі бөлімнен тұрады: оларға жалпы 

және  ерекше  бөлімдер  жатады  (24-тараудан,  1124-баптан  тұрады).  Сонымен  қатар  ҚР  азаматтық 

кодексінің қоғамдық қатынастарды реттеуде немесе нарықтық экономиканың негізін қалыптастыруда 

мәні зор.  

Ал  азаматтық  құқық  қатынастары  осы  азаматтық кодекстің  7-бабында  көрсетілген  негіздерге 

сәйкес  пайда  болады.  Жалпы  азаматтық  құық  қатынастарын  реттелу  барысы  жағынан  бірнеше 

түрлерге  бөлуге  болады.  Олар:  меншік  құқығы,  міндеттемелік  құқық,  мәміле,  азаматтық  құқықтық 

шарт,  мұрагерлік  құқығы  және  интелектуалдық  меншік  құқығы.  Азаматтық  құқық  қатынастарына 

қатысушылардың  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттері  болады,  олар  құқық  қатынастарының 

субъектілері  деп  аталады.  Азаматтық  кодекстің  1-бабында  көрсетілген  азаматтық  заңдармен 

реттелетін  қатынастардың  қатысушылары  азаматттар,  заңды  тұлғалар,  мемлекет,  сондай-ақ 

ә

кімшілік-  аумақтық  бөліністер  болып  табылады.  Азаматтық  құқық  қатынастарына  ҚР 



азаматтарымен қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да қатыса алады.  

Азаматтық құқықтың бір ерекшелігі – ол құқық теориясында реттеудің құқықтық тәсілдерінің 

және амалдарының жиынтығы ретінде бағаланатын өзіндік дербес құқықтық реттеу әдісінің болуы. 

Ол  әдістердің  ең  маңызды  бағыттарына  тұлғалар  еріктерінің  дербестілігін  қамтамасыз  ету  мен 

олардың құқықтарын өз мүдделеріне сай жүзеге асыруын қамтамасыз етуді жатқызуға болады. 

Ал  азаматтық  құқықтар  мен  міндеттер    осы  азаматтық  кодекстің  7-  бабында  көрсетілген 

негіздерге  сәйкес  пайда  болады.  Атап  айтсақ,  біріншіден  заңдарда  көзделген  шарттармен  өзге  де 

мәмілелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенімен, оларға қайшы келмейтін мәмілелерден. Екіншіден, 

заңдарға  сәйкес  азаматтық  құқықтық  жағдайларды  туғызатын  әкімшілік  құжаттардан  пайда  болады. 

Үшіншіден, азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеген сот шешімінен пайда болады, Төртіншіден, 

заң құжаттарындағы көрсетілген негіздер бойынша мүлікті жасау немесе иемдену нәтижесінде пайда 

болады. Бесіншіден, өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және 

зияткерлік  қызметтің  өзге  де  нәтижелерін  жасау  нәтижесінде  пайда  болады.  Алтыншы,  басқа  жақ 

есебінен мүлікті негізсіз сатып алу немесе жинау салдарынан пайда болады. Жетіншіден, азаматтар мен 

заңды  тұлғалардың  өзге  де  әрекеттер  салдарынан  пайда  болады.  Сондай-ақ,  азаматтар  мен  заңды 

тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды оның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша 

пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал 

ә

рі әділ әрекет жасап заңдардағы талаптарды дұрыс орындауы тиіс. 



 Жеке  тұлғаның  құқықтық  жағдайын  сипаттайтын  элементтер  –  құқықтық  қабілеттілігі  мен 

құқықтың әрекет қабілеттілігі. 



 

63 


Азаматтық құқық қабілеттілігі —

 азаматтардың құқықтар мен міндеттерге ие болып, міндетті 

атқару  қабілеті.Азаматтық  құқық  қабілеттілігіадам  туған  кезден  басталып  өмірінің  соңына  дейін 

қолданылады.  



Азаматтардың  әрекет  қабілеттілігі 

—  азаматтық  құқықтарға  ие  болып  және  оны  жүзеге 

асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігін айтамыз. 

Азаматтардың  әрекет  қабілеттілігі  кәмелетке  толғанда,  яғни  18  жасқа  толғаннан  кейін  толық 

көлемде пайда болады.  

Жалпы  азаматтық  құқық  қатынастарын  реттеу  барысы  жағынан  бірнеше  түрлерге  бөліп 

қарастыруға болады.Олар: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, мәміле, азаматтық құқықтық шарт, 

мұрагерлік  құқығы  және  интелектуалдық  меншік  құқығы.  Азаматтық  құқық  қатынастарына 

қатысушылардың  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттері  болады,олар  құқық  қатынастарының 

субьектілері  деп  аталадыАзаматтық  құқық  қатынастарын  реттеу  азаматтық  құқықтың  субъектілері 

мен объектілері арқылы жүзеге асады. 

Азаматтық  құқық  субъектілеріне:  жеке  және  заңды  тұлғалар,  мемлекеттік  және  әкімшілік-

аумақтық бірлестіктер жатады. 



Жеке тұлғаға ҚР азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.  

Заңды  тұлғаға  әртүрлі  құқықтық  нысанда  құрылған  мекеме,  кәсіпорындар  мен  ұйымдар 

жатады. Заңды тұлға дегеніміз — өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелеріне 

жауап  беретін,  өз  атынан  мүліктік  және  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болып  оларды 

жүзеге  асыра  алатын,  сотта  жауапкер  және  талапкер  бола  алатын  ұйым  заңды  тұлға  деп  танылада.  

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады. 

Субъективтік құқық дегеніміз- құқық берілген тұлғаның мінез құлқының көлемі.Ал субьективті 

құқықтың мазмұнын субьектіге берілген құқықтар мен заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. 

Күнделікті  тұрмыста  мүліктік  және  мүліктік  емес  қатынастарды  реттеу  меншік  құқығы, 

міндеттемелік  құқық,  мәміле,  азаматтық  құқықтық  шарт,  мұрагерлік  құқығы  және  интеллектуалды 

меншік  құқығы  тұрғысынан  реттеу  арқылы  жүзеге  асады.    Азаматтық  кодекстің  1-бабында 

көрсетілген  азаматтық  заңдармен  реттелетін  қатынастардың  қатысушылары  азаматттар,  заңды 

тұлғалар,  мемлекет  сондай-ақ  әкімшілік-  аумақтық  бөліністер  болып  табылады.  Азаматтық  құқық 

қатынастарына ҚР азаматтарымен қоса шетелдіктермен азаматтығы жоқ адамдар да қатыса алады.  

Сонымен,  азаматтық  құқық  дегеніміз  —  бір  тараптың  екінші  тарапқа  бағынбауына, 

қатысушылардың  теңдігіне  негізделген,  товар  ақша  қатынастарын  және  өзге  де  мүліктік 

қатынастарды,  сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты  мүліктік  емес  жеке  қатынастарды 

реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.  

Азаматтық  құқық  қатынастары  мынадай  түрлерге  бөлінеді.  Олар:  меншік  құқығы,  мәміле, 

міндеттемелік құқық, интелектуалдық меншік құқығы және мұрагерлік құқығы. 



Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын 

өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы 

мәміле  жасалған  кезде  болған  барлық  жүктемелерімен  басқа  адамға  беріледі.  Меншік  иесінің  өз 

мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады. Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс  

жүзінде  иеленуді  жүзеге  асыруды  заң  жүзінде  қамтамасыз  ету.  Пайдалану  құқығы  дегеніміз  — 

мүліктен  оның  пайдалы  табиғи  қасиеттерін  алудың,  сондай-ақ  одан  пайда  табудың  заң  жүзінде 

қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы дегеніміз — мүлікті заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен 

қамтамасыз етілуі. Меншік  құқығының мерзімі шексіз.  

Қорыта  келгенде,  азаматтық  құқықтың  экономиканың  қайнар  көзі  ретіндегі  алатын  орны 

ерекше.  Сондай-ақ  азаматтардың  құқықтық  санасын  дамыту  мен  құқықтық  мәдениетін  көтерудегі 

мәні зор. Тақырып осы жағымен де өзекті әрі қызықты және құнды болып табылады. 

 

Ә

ДЕБИЕТТЕР 



1.  Е.Баянов. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. 2- ші кітап. Алматы, 2009 ж. 

2.  Ғ.И.Төлеуғалиев.Қазақстан Республикасы  азаматтық құқығы.Алматы,  2001ж. 

3.  Ғ.С. Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының конститууиялық құқығы. Алматы, 2005 ж. 

4.  Қазақстан Республикасының конституциясы. Алматы 2013 ж. 

5.  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлім). Алматы, 2014 ж. 

 

Болеубаев Е., Абуханов Ш.А. 



Роль гражданского права в правовом воспитании 

Резюме.  Гражданское  право  является  одним  из  русл  правовой  системы  страны.    Гражданское  право 

регулирует  имущественные  отношения,    специфические  не  -  имущественные  отношения,  не  имеющие 



 

64 


отношения  к  имуществу  и  товарно-денежные  отношения,  основываясь  на  принципах  равенства  сторон.  Все 

вышеперечисленные  отрасли  регулируются  с  помощью  гражданского  законодательства,  где  и  прописано 

гражданское  право.    Поэтому,  влияние  гражданского  права  на  экономику  страны  рассматривается  как 

значительное.  Именно из-за этих аспектов данная тема является актуальной и в тоже время интересной. 



Ключевые  слова:  нормативно–правовой  акт,  гражданское  право,  гражданская  правоспособность, 

гражданская дееспособность, объект граждансого права, личность, субъективное право, право собственности, 

правоспособность, право интеллектуальной собственности, наследственное право, правовая культура. 

 

Boleubaev E., Abuhanov Sh. 



The role of civil in the legal education 

Abstract.  Civil law is one of the branches of country’s law system.  Civil law is based on the equality of the 

parties and regulates property as well as particular non- property relations, and product- cash flow relations. All above 

mentioned  areas  are  regulated  according  to  civil  legislation,  where  principles  of  civil  law  are  written.  Therefore, 

considered topic is of current importance and interesting as well. 



Key words: normatively-legal act, civil law, civil legal capacity, civil capability, object of граждансого of right, 

personality, equitable right, right of ownership, legal capacity, right of intellectual ownership, probate law, legal culture. 

 

 

Ә



ОЖ 141.336 

 

Арынғазиева Б., Манабаева А.  

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 

Шымкент қ., Қазақстан Республикасы 

 

ЖАЛАЛ ӘД-ДИН РУМИДІҢ ДІНИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ  

                            

Түйіндеме.  Бүгінгі  күнде,  ислам  дінінің  қайта  жаңғыруы,  оның  әлеуметтік  және  гносеологиялық 

түптамырларын  ашуға  арналып,  ХХІ  ғасырдың  белестеріне  жол  ашып,  тарих  дөңгелегімен  алға  қарай  қадам 

басып  бара  жатқан  адамзат  қауымының  ауқымды  бөлігін  құрайтын  мұсылман  қауымы  екі-үш  ғасырдан  бері 

өзінің жүрер жолын, бағыт-бағдарын шарқ ұрып іздеп келеді. ХІХ ғасырда Мәржани, Абай, Гаспыралы және 

т.б. да көптеген ислам ғұламаларының толғанған, жауап іздеген сауалдары, аласұрған заман көшіне ілесу, оқу-

білімге  ұмтылу,  сонымен  бірге,  ең  бастысы  адамшылығыңды  сақтап  қалу,  ар-ұждан  жолынан  таймау  сынды 

инсан үшін қашанда өзекті, күретамырлы, өмірмәнді мәселелер еді. Осы хакімдерден бірнеше ғасырлар бұрын 

өмір сүрген, адам баласын алаламай, Шығыс пен Батысқа бөлмей бір болуға шақырған, ХІІІ  ғасырдың  ұлы 

гуманистерінің  бірі  философ  Жалал  әд-Дин  Руми  десек  артық  айтқандық  болмас.  Әртүрлі  қайшылықтары 

көбейген жаһандану үрдісінде  өмір сүріп отырған біздің дәуірімізде ізгілікке шақырған Л.Толстой, М.Ганди, 

Жалал  әд-Дин  Руми,  Абай,  Шәкәрім,  М.Иқбал  және  т.б.  сынды  руханилықтың  биік  үлгісін  көрсеткен 

кемеңгерлердің ойлары біз үшін өте құнды. 



Түйін сөздер: діни-философиялық ой, суфизм, әдептілік бейнесі, ішкі рухани жан дүниесі. 

 

Адам  мәселесі  философиядағы  мәңгі  және  түбірінің  бірі,  діни-философиялық  ой  сияқты, 

исламда  да  адам  мәселесі  орталық  болып  табылады.  Жалал  әд-Дин  Румидің  діни-философиялық 

шығармашылығының  дәл  осы  бөлімі  ең  аз  зерттелген.  Осыған  қатысты  Н.Ә.Назарбаевтың  әлемдік 

және дәстүрлі діндердің лидерлер съезінде айтқан сөздері өте маңызды: «Мыңдаған жылдар бойы дін 

адамзат  жанының  тыныштығының  қайнар  көзі  болып  келді,  халық  және  мемлекеттер  арасындағы 

өзара байланысының факторы болып табылды» [1,1 б.].

 

Бүгінгі ғылым салаларының жаратылыстық, 



объективтік,  материалистік  болмыс  мәселелерінен,  адамның  тылсым  ішкі  әлеміне  бетбұрыс  жасап, 

ізденіс өрісін кеңейту мүмкіншілігін қамтамасыз етіп отырған кезеңінде Жалал әд-Дин Румидің діни 

танымына,  ондағы  адамзаттық  мәнді  құндылықтар  мәселесіне  діни-философиялық  талдау  жасау 

уақыт  талабы.  Діннің  философиялық  түсінуі,  оның  сыни  талдауы  –  бұл  жаңа  руханилықты,  жаңа 

адамды  оның  жаңа  санасымен,  болашақ  өркениеттің  мүшесі  ретінде  өзара  түсінушілікке  және 

ә

ділеттілік,  жақсылық  идеяларына  тәрбиелеудің  бірден  бір  жолы  болып  табылады.  Оның  



философиялық  шығармашылығында  басты  орын  алатын  исламдық  идеялардың  рухани  демократия 

негізінде  реконструкциялануын  исламның  басты  мақсаты  деп  санады.  Ол  исламның  күшін  сезіне 

бастағандықтан –  ұлы тұлға болып табылады. Дін туралы  әңгіме бастаған кез-келген қазіргі заман 

мұсылманы Жалал әд-Дин Румидің қалдырған мұрасынан бастауы керек, ондай болмаған жағдайда, 

ол адамды тыңдап қажет емес» [2, 24 б.].

 

Түбі  бір  түркілік  ойшылдардың  бірі  болып  табылатын  Маулана  Жалал  әд-Дин  Румидің  діни-



дүниетанымдық  көзқарастары  бұл  мақалада  алғашқылардың  бірі  ретінде  қазақ  тілінде  ғылыми 

айналысқа  түсіп,  философия  тарихы  тұрғысынан  зерделенеді.  Баршамызға  белгілі  2003  жылдың 



 

65 


қараша  айының  28-і  күні  Астанада  ҚР  Ұлттық  Кеңесінің  мәжілісі  болып,  онда  «Мәдени  мұра» 

бағдарламасының жобасы талқыланып, мақұлданды. Осы Ұлттық Кеңес мәжілісінде сөйлеген сөзінде 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  үкіметке  мемлекеттік  арнаулы  «Мәдени  мұра»  бағдарламасын  түзіп,  оны 

жүзеге  асыруды  еліміздегі  жоғары  оқу  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  институттарында  жұмыс 

істейтін  ғалымдарға,  творчестволық  одақтар  мен  баспаларда  еңбектеніп  жүрген  шығармашылық 

топтарға  тапсыруды  мұқияттаған  болатын  [3].  Жалал  әд-Дин  Руми  шығармашылығы  тек 

мұсылмандық  Шығыс  әлемі  ғана  емес,  бүкіл  дүниежүзі  халықтарының  дүниетанымына,  рухани 

өмірінің  барлық  салаларына  (дініне,  философиясына,  моральдық-этикалық  және  құқықтық 

ілімдеріне,  әдебиетіне,  поэзиясына,  тәлім-тәрбиесіне)  дерлік  ықпал  етіп,  теңдесіз  руханияттық 

құндылықтардың тууына негіз қалаған ұлы ойшыл [4, 6 б.].

  

Жалал  әд-Дин  Руми  өмір  сүрген  ХІІІ-ғасыр  түрік  елі  үшін  өте  ауыр  ғасыр  болып  саналады. 



Себебі,  осы  уақытқа  дейін  крестшілер  жорықтарынан  титықтаған  жергілікті  халықты  моңғол 

ә

скерлерінің  жойқын  шабуылдары  тіптен  есеңгіретіп  жіберді.  Моңғол  басқыншылары  Анадолы 



мемлекетін саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, қала берді рухани тұрғыдан катты шайқалтып, 

күйзелтті.  Халқын  өмірден  торыққан,  түңілген  жағдайға  душар  етті.  Моңғол  әскерлерінен 

жеңілгеннен  кейін,  Анадолы  Салжұқ  Мемлекеті  ресми  түрде  бар  болғанымен,  мемлекет  шөккен 

болатын.  Анадолы  жұрты  моңғолдардың  отарына айналды.  Халық  моңғол  басқыншыларына  қарсы 

күрестің  немқұрайлы  бар  мен  жоқтың  арасындағы  түрлерін  қолдана  бастады.  Халықтың  ойынша 

моңғолдар  әйтеуір  бір  күні  Анадолыны  тастап  кетеді  Сондықтан,  халық  соғысын  мүлдем  құрып 

кетуден гөрі, кішкене сабыр сақтап, өзіне-өзі келіп, қондану жолын таңдады [5, 48 б.]. 

Жалал  әд-Дин  Руми  болса  осы  ақылды  әрекетті  ұстанғандардың  алдыңғы  қатарындағылар 

арасында  болды.  Руми  және  оның  жақтастары  көрген  зұлымдық  пен  әділетсіздікке  қарсы  шарасы 

таусылған халықтың бойына қайтадан үміт отын жағып, тіршілікке құмарлық нәрін екті. Үгіт-насихат 

жүргізіп,  халықты  болашаққа  сеніммен  қарауға  үйретті.  Ол,  әртүрлі  ұлт  өкілдерінен  құралған 

Анадолы жұртына олардың әрқайсысы әртүрлі діни сенімдерді ұстанатындықтарына қарамастан бір-

біріне құрметпен, сыйластықпен және сүйіспеншілікпен қарауды насихаттады. Бойларында бұрыннан 

бар  биік  адамгершілік  қасиеттерді  жоғалтпауды  уағыздады.  Моңғол  басқыншыларына  қарсы 

бойларында  тұтанған  өшпенділік  сезімдерін  басып,  шиеленісті  сәттерді  жұмсартуға  тырысты.  Дей 

тұрғанмен, тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын моңғол басқыншыларының да үстемдігі біртіндеп 

ә

лсірей  берді.  Біртіндеп  түрік  биліктері  құрала  бастады.  Билік  басына  тарих  дөңгелегі  дөңгелей-



дөңгелей келіп Османдыларды алып келді. Османдылар Анадолыны аса ірі империяға айналдырды. 

Анадолы сұлтандығы әскери мемлекет болды. Мемлекет 24 бөлікке бөлініп басқарылды – Әскерилер 

қылыш қолдану, оқ ату және атқа міну, т.с.с. ұста болу үшін ауыр сынақтан, тәлім-тәрбиеден өтетін. 

Офицерлер  қылыш  асынып  жүретін.  Сұлтанның  алдынан  өтетін  әскери  шерулер  халық  алдында 

өткізілетін. Монархия, яғни, әкеден балаға өтетін рәсім қатаң сақталатын. 

Сұлтанат уәзірлеріне Перване деп аталатын лауазымдық атақ берілетін. Олар бүкіл ішкі және 

сыртқы істерге жауап беретін. Олардан кейінгі жоғары лауазымдық атақтар бас әскери қолбасшылар 

мен  қазыларда  (судьяларда)  болатын.  Олардан  кейінгі  орынды  Муфтилер  –  ірі  дін  басшылары 

иеленетін.  Әділет  басқармасында  24  хатшы  қызмет  жасайтын.  Олар  Уәзір  тарапынан  берілген 

бұйрықтарды  алғашқыда  парсы  тілінде,  біртін  келе  түрік  тілінде  жазып,  толтырып,  таратып 

отыратын.  Барлық  құжаттарға  Сұлтандар  өз  мөрлерін  басатын.  Жалпы  Салжұқтар  Анадолыны 

жаулап алғаннан кейін жергілікті халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарап, 

тез меңгеріп алды. 

Салжұқтар  жалпы  алғанда  адал  мұсылмандар  болды,  сүннит  салт-дәстүрлерін  ұстанды. 

Анадолыда  көптеген  мешіттер  салдырып,  медреселер  ашқызды.  Аз  уақыттың  ішінде  жергілікті 

халықтың  мұсылман  дініне  кіруіне  мұрындық  болып,  Анадолыны  ірі  ислам  дінінің  орталығына 

айналдырып үлгерді. Мысалы, салжұқтар келгенше христиан дінін ұстанған Теодор Балсамон деген 

жергілікті  халық  көсемі  өздеріне  күн  көрсетпеген  француздарға  бағынғанша,  адамды  құрметтей 

білетін түріктерге бас июді қалағандарын ашық айтып, жазып қалдырған [6, 11б.].

 

Салжұқ мемлекеті тұрмыс қалпы тұрғысынан өте қоңды мемлекет болды. Мемлекет аумағында 



көптеген  ауруханалар  мен  қайырымдылық  үйлері  жұмыс  істеді.  П-Кей  Хусрев  патша  Анадолы 

жұртында  алғаш  рет  медициналық  мектептер  ашты.  Мұндай  мектептер  халық  арасында  «Шифане 

Медресе» деген атауға ие болды. Олардың жанынан ірі медициналық кітапханалар ұйымдастырылды. 

Бұл ауруханалардың көпшілігі бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін де жұмыс істеп тұрды. Ел ішінде 

жетімханалар, мүгедектер, кері адамдар мен кедейлер үшін қайырымдылық үйлері көп болды. Діни 

тәрбие беретін медреселер мен зиялылық мектептері жақсы дамыды. Әсем керуен сарайлар, бекеттер, 

мешіттер,  қора-қопсылар,  атқоралар,  моншалар,  шайханалар,  жөндеу  шеберханалары  көп  болды. 


 

66 


Қауіпті  жерлерді,  жолдарды  сенімді  әскери  гарнизондар  қорғайтын.  Ірі  қалаларда  әсем  де  көркем 

сарайлар,  мешіт  үйлері,  медреселер,  ғылыми  орталықтар  салынды.  Олардың  қайсы  біреулері  әлі 

күнге дейін сақталған. Салжұқ сұлтанаты тұсында Анадолыда егін және мал шаруашылығы, сауда-

саттық өте күшті дамыған. Өзіндік өнеркәсібі де бар болған. Сол дәуір саяхатшылары Анадолы елін 

бау-бақшалары  мәуелі,  суармалы  егіс  жүйелері  бар  ел  ретінде  суреттейді.  Анадолы  жұрты  бұрын 

көрмеген молшылыққа, өз дәуіріне тән жан-жақты дамыған экономикаға ие ел болатын. 

Жалал әд-Дин Румидің дүниеге келгенде азан шақырып қойған аты-жөні Мұхаммед Жалал әд-

Дин.  Оған  Маулана,  Руми  есімді  лақап  аттары  кейінірек  берілген.  Діни  және  әлеуметтік-

философиялық ғылым салаларындағы жетістіктері үшін оған туған әкесі Мұхаммед Бахаеддин Велед 

(ол  өз  заманының  өте  ірі  дін  білгірі  болған  тұлға)  –  Худавендгар  лақап  есімін  берген.  Сонда, 

Маулананың  шын  аты-жені  Мұхаммед  Жалал  әд-Дин  Худавендгар  болып  табылады.  Ал,  оның 

Маулана есімдегі лақап аты болса, оған өте жас кезінде Кония қаласында медреседе сабақ берумен 

айналысып  жүрген  кезінде  берілген.  «Біздің  қожамыз,  иеміз»  деген  немесе  «Хазіреті»  деген 

мағынаны білдіретін әрі ірі дін және ғылым қайраткерлері үшін берілетін бұл атақ уақыт өте келе тек 

Жалал әд-Дин Румидің өзіне ғана лайық ең белгілі аты болып қалған. Руми есімді лақап аты болса, 

Маулананың бұрындары Дияры Руми атымен аталған Анадолыға келіп тұруымен және өмірінің көп 

бөлігін  осы  өлкедегі  ескіден  келе  жатқан  белгілі  қала  Конияда  өткізуі  себепті  қолданылады. 

Маулананың алғашқы ұстазы әкесі Бахаеддин Велед болды. Осындай ірі тұлғаның тәрбиесін көрген 

Маулана  кішкентай  бала  кезінен-ақ,  жан-жақты  жетілген  ой  иесі  болып  қалыптасты.  Уақытын  тек 

қана діни уағыздарды жаттаумен өткізбей, терең өмірлік мәні бар философиялық ой-пікірлерді оқуға 

да бөле білді. 

Ә

кесі  өлгеннен  екі  жылдан  кейін,  яғни,  1233  жылы  Маулана  Сайд  Бурханеддинмен  бірге 



Халепке барады. Ол жерде Камаледдин бин Адимнен дәріс алады. Кейінірек Шамға барған Маулана 

бұл  қалада  бір  деректерге  Карағанда  төрт,  келесі  бір  деректерге  қарағанда  жеті  жыл  тұрады, 

Мұхиддин  Араби,  Садеддин  Хамави,  Шейх  Осман  Руми,  Евхадуддин  Кирмани  және  Садреддин 

Каневилермен пікірлеседі. 

Маулана көп жылдық тәлімінің нәтижесінде тәфсир, хадис, фикх, сөздік (лұғат), арабша сияқты 

ғылым салаларын жан-жақты әрі терең меңгеріп, өз заманының ең алдыңғы қатарлы ғалымы атанады. 

Бүкіл өмірінің жиынтығын мына үш постулатқа жинақтайды: «шикі едім, пістім, күйіп кеттім!». Дей 

тұрғанмен, оның рухани даму жолы әлі соңғы аялдамасына, түпкі мақсатына жетпеген еді. Десек те, 

осы  кездің  өзінде-ақ,  оның  өзіндік  бет-бедері  бар  ғылыми  мектебі,  жүзге  жуық  шәкірттері  болды. 

Маулана  барлық  уақытын  шәкірттеріне  ілім-білім  үйретумен  өткізді.  Міне,  осындай  жағдайда 

Маулананы ұшқындатып жандыратын шоқ пайда болды: ол Шемседдин Тебризи еді. Қол жеткізген 

рухани жетістіктеріне қанағаттанбаған Шемс өзіне бір талантты шәкірт іздеп жүрген болатын. Кейбір 

ғылыми  тұжырымдарға  қарағанда  Маулана  мен  Шемстің  алғашқы  кездесуі  Шамда  болған.  Бірақ, 

негізгі  кездесулері  Кония  қаласында  болды.  Шемс,  1244  жылдың  қараша  айынын  29-і  күні 

Шекершілер ханына келеді. Ол уақытта Маулана төрт медреседе бірдей сабақ беріп жүрген болатын. 

Бір күні Маулана, қасындағы шәкірттері Шекершілер ханының алдынан өтіп бара жатады. Оларды 

байқап  қалған  Шемседдин  Тебризи  Маулананың  атының  тізгінінен  ұстап,  тоқтатып  сұрайды:  «Уа, 

ғүлама,  діни  ғалымдардың  қадір  тұтушысы,  айтшы!  Хазіреті  Мұхаммед  ұлы  ма,  жоқ  әлі  де  Баязид 

Бистами ұлы ма?» 

Жауап: «Әрине Хазіреті Мұхаммед – ұлы! Өйткені, ол барлық пайғамбарлар мен әулиелердің 

басшысы. Ұлылық соныкі!» 

- «О, Хазіреті Мұхаммед! Білімділігіңде шек жоқ екен! Саған тағзым етем!» [7, 107 б.].  

Маулана мен Шемседдин Тебризи арасындағы достық осы сұхбаттасудан басталды. Маулана: 

оқыту,  пайымдату  және  уағыздаудан  баз  кешеді.  Екі  дос  жеке-жеке  Алла  нұрына,  тәңірлік 

сұхбаттарға  көміледі.  Бірақ,  көпшілік  қауым  Маулананың  өздерімен  сұхбаттасуын  тоқтатуын 

ұнатпайды.  Шемседдинді  қаралайтын  өсек-аяңдар  айта  бастайды.  Бұл  достықтың  сырын  түсіне 

алмағандардың  дұшпандықпен  әрекет  жасауының нәтижесінде  Шемс  1246  жылдың  наурыз  айында 

Кониядан  Шамға  кетеді.  Ол  Шемстен  кейін  Салахаддин  Зеркубимен  дос  болды.  Оны  өзінің 

орынбасары  Халифа  қылып  тағайындайды.  Екеуінің  достығы  он  жылға  созылады.  Салахаддин 

Зеркуби  қайтыс  болғаннан  кейін  Маулана  өзінің  рухани  тәрбиесімен  жетілген  шәкірті  Челеби 

Хұсамеддинді халифа етіп тағайындайды. 

Челеби  Хұсамеддин  Маулана  үшін  өте  жақын  сұхбаттас  жолдас  болды.  Бұдан  басқа  оның 

негізгі  көмегі  мен  қадірі  Маулананың  мәңгілік  өлмес  шығармасы  Мәснәуиді  жазуына  қолғабыс 

тигізуі  еді.  Челеби  Хұсамеддиннің  ұсынысымен  басталған  Мәснәуи  нақ  соның  көрсеткен 

көмектерінін  арқасында  бітірілген.  Шығарма  біткенге  дейін  Челеби  Хұсамеддин  Маулананын 


 

67 


қасынан  шықпаған.  Маулана  дем  алып  отырғанда  да,  зікір  салған  кезінде  де,  жолда  кетіп  бара 

жатқанында  да  өлендерін  жатқа  айтып  отырған,  ал,  Челеби  Хұсамеддин  болса  үнемі  оларды 

уақытылы  хатқа  түсіріп  алып  отырған.  Әрбір  жазылған  шығармаларын  Маулана  қайтадан  қарап 

шығып, өңдеп түзетіп отырған. 

Маулана өзін үнемі шабыттандырып, қолғабыс тигізіп отырған адал досына Мәснәуидің әрбір 

томының алғы сөзінде  шын жүректен сөз арнап, оның болмысындағы жетілгендік пен көрегендікті 

мадақтап  отырған.  Хазіреті  Маулана  өмірінің  соңғы  күндеріне  дейін  де  адамгершілікке  шақырған 

уағыздарын  тоқтатпаған,  адамдарды  тура  жолға  шақырған.  Мысалы,  оның  достарына  айтқан 

өсиетінің мазмұны қысқаша түйіндегенде мынадайт болып келеді:  «Мен сіздерге  іштей және ашық 

түрде Алладан қорқуды, тамақты аз жеуді, аз ұйықтауды, аз сөйлеуді, күнәларыңнан арылуды, ораза 

тұту  мен  намаз  оқуды  тоқтатпауды,  әрдайым  нәсіпқұмарлықтан  қашық  жүруді,  қиыншылық  пен 

азапқа  шыдауды,  надандардан аулақ,  ал,  әдепті  және  оқыған адамдармен  дос  болуды  өсиет  етемін. 

Өйткені,  адамдардың  адамы  басқаларға  пайдасы  тиген  адам.  Сөздің  жақсысы  қысқа  әрі  мәнді 

болады». 

Келесі бір мына өсиетін ұлы Сұлтан Веледке арнап айтқан: «Бахаеддин, егер, сен дұшпаныңды 

қадірлегің  келсе,  сондай-ақ,  дұшпаныңның  да  сені  жақсы  көруін  тілесең  қырық  күн  оның 

жақсылығын  айт.  Ол  дұшпаның  саған  дос  болады:  өйткені,  көңілден  тілге  жол  болғаны  сияқты, 

тілден де көңілге жол болады. Алла тағала былай дейді: Ей, адамдар! Жүрегіңіздің таза болуы үшін 

үнемі мені еске алуды ұмытпаңдар. Тазалық қаншалықты ақ жүректі болса, Алланың Нұрының күші 

де жүректі сол  деңгейде жылытады – Кәдімгі наубайдың пеші  сияқты. Тандыр қаншалықты ыстық 

болса, соншалықты нан дәмді пісіріледі. Суық болса нан піспейді»

 

[7, 110 б.]. 



Жалал әд-Дин Румидің дүниеге көзқарасының тұғырлық негізі, оның сопылық дүниетанымының 

мәнінен,  мазмұнынан,  өзіндік  ерекшелігінен  көруге  болады.  Көпшілік  қауымға  белгілі,  «сопылық» 

(«суфизм») ұғымы арабтың «суф» деген сөзі негізінде қалыптасқан. «Суф» сөзі араб тілінен аударғанда 

қазақ  тіліндегі  «жүн»  деген  ұғымға  сәйкес  келеді.  Ал,  енді арабтын  осы  «суф»  сөзіне  «и»  жалғауын 

жалғап сөйлер болсақ, «суфи» деген жаңа ұғым пайда болады. Бұл ұғымның қазақы баламасы «жүннен 

тоқылған  шекпен  киген  адам»  деген  мағынаны  білдіреді.  Ең  алғашқы  мағынасында  бұл  ұғым  көзге 

оғаш  көрінетін  жүннен  тоқыған,  бірақ,  боялмаған  алба-жұлба  шекпенді  лыпа  тұтып,  қайыр-садақа 

сұрап  ел  кезген  әпендіні  сипаттайтын  ұғымда  айтылса  керек.  Дей  тұра,  бертін  келе  бұл  ұғым  жаңа, 

жаңартылған мазмұнға ие болып, «жүннен тоқылған шекпен киіп жүру» дәстүрі мақтанышқа айналды. 

«Суфи»  ұғымымен  бұл  жалғанның  барлық  қызығынан  безіп,  күйбең  тіршіліктің  пендешілік  қалпын 

тәрк  еткен,  сөйтіп,  бір  ғана  Аллаға  жүгінуді  мансұқ  тұтқан,  Хазіреті  Мұхаммед  (ғалей-һіссәләм) 

пайғамбардың жолын ұстанып, тақуалық өмір кешкен адамдар тобын бейнелеу әдетке айналды. Міне, 

сонан бері «суфий» ұғымы «көңілі таза, ешкімге тәуелді емес, өзі де ешнәрсеге ие емес. Нәпсінің құлы 

емес, сырттай халықпен, іштей хақпен бірге болатын, адамның ішкі сырын оқи білетін (оқи білгенге 

адам ашылмаған кітап сияқты), нәпсісін өлтіріп, хақпен «тірілген» уақыттың перзенті, хақпен ұласқан 

адам»  деген  мағынаны  білдіреді.  Осыған  қарамастан,  бұл  ұғымның  мән-мағынасын  басқалай 

түсіндірушілер де баршылық. Айталық, дін философиясымен, соның ішінде ислам дінінің канондарын 

зерттеумен  айналысатын  ғалымдардың  бір  тобы  «суфизм»  ұғымын  ежелгі  гректердің  «софос» 

ұғымымен байланыстырып, сол ұғымның негізінде пайда болуы мүмкін деген пікір білдіреді. Олардың 

түсіндірулерінше  ежелгі  грек  тілінде  «софос»  ұғымы  «данышпандық»  деген  мағынада  қолданылған. 

Сонымен қатар, «суфизм» ұғымының мәнін түсіндіруші ғалымдардың екінші бір тобы, бұл ұғымның 

түбірі  арабтың  «сафа»  деген  сөзінен  келіп  шыққан  дейді.  «Сафа»  ұғымы  тазалық  деген  мағынада 

қолданылады. Ал, суфийлер болса, діл, рух, қала берді барлық жағынан пәк, таза адамдар болған деген 

тоқтамға арқа сүйейді. «Суфизм» ұғымының мәнін түсіндіруші ғалымдардың үшінші тобы болса, бұл 

ұғымның пайда болып, тілде қалыптасуын арабтың «сафва» деген  етістік жалғауымен байланыстыра 

қарастырады. Арабтың бұл «сафва» деген етістік жалғауы қазақы айтылуында «қалаулы болу» деген 

мағынада қолданылады [8, 84 б.]. 

Жалал  әд-Дин  Руми  бүкіл  адамзат  баласын  ұлт-ұлтқа  бөлмеген,  барлығын  бірдей  қадірлеген. 

Ол  жәй  шаруа  адамдармен  де,  кедей-кепшікпен  де,  ұсақ  саудагерлермен  де,  өнер  адамдарымен  де, 

ақсүйек  әулетінен  шыққандармен  де,  ақын,  шайырлармен  де  және  т.б.  әруақытта  да  сыйластық, 

достық,  құрмет  тұтушылық  қарым-қатынас  ұстанған.  Осы  себептен  де  оны  барша  жұртшылық 

ә

улиелердің әулиесі (құтбу-ул-ақтаб) деп мақтан тұтқан, өте жақсы көрген, сыйлаған, аспанға көтеріп 



құрметтеген. 

Жалпы, Маулана Жалал әд-Дин Руми адамды, оның өмірі мен қарекетін мадақтаған, адамның 

жан-жақты жетіліп, кемелденуін қалаған, адамдар сыртқы көрінісі, тұрқы, пішіні жағынан сан алуан 

түрлі  болғанымен,  рухы,  ішкі  жан  дүниесі,  жаратылысы  тұрғысынан  бір-біріне  өте  ұқсас  тіршілік 



 

68 


иелері деп санаған. Ол, адамдардың әлсіз, кемшілікті жақтары көп болғанымен, олардың жан дүниесі 

өте бай, өмірдің мәні мен мағынасын терең түсіне, сезіне білетін саналы қызмет иелері деп есептеген. 

Адамдарды,  олардың  тұрмыс-  тіршіліктерінің,  ұлттық  ерекшеліктерінің,  діни  сенімдерінің  әр 

түрліліктеріне қарамастан, олардың түпкі жаратылысы бір, Адам Ата мен Хауа Анадан тараған деп 

түсінген. Оның ұғым түсінігінше, Алла тағала өзінің жерден «орынбасары» (халифы) ретінде саздан 

жасаған  алғашқы  адам  –  бұл  Адам  Ата.  Сондықтан,  ол  ислам  дінінің  өте  білгірі  Әбу-л-Башарға 

сілтеме жасай отырып, Адам Атаны «адамзаттың әкесі» деп те атайды. 

Мақаланы  қорытындылай  келе  айтарымыз,  Жалал  әд-Дин  Румидің  бүкіл  шығармашылығы 

адамның мәні, оның өмірі мен тұрмыс-тіршілігі, әдептілік бейнесі, ішкі рухани жан дүниесі туралы 

баға жетпес ой маржандарына, пікір-пайымдауларға толы. Міне, сондықтанда болар оның адам мәнін 

екшелеген  ой толғаулары өте кең  көлемде зерттеуді, саралап, талдауды үнемі қажет  етіп  отыратын 

тың тақырыптардың бірі болып табылады. Оның адам туралы ұғым-түсініктерінің жиынтығы, яғни, 

адам  парасатты,  иманды,  елгезек  те  қаракетшіл  жан,  сонымен  бірге,  ол  сұлулықтан  ләззат  тауып, 

шабыттана білетін, сөйлей алатын, ойлай алатын, санасы жоғары құдай жаратқан тіршілік иесі деген 

діни-философиялық  маңызы  жоғары,  мән-мағыналық  астары  терең  ой  тұжырымдары  төңірегіне 

топтасқан. 

 ӘДЕБИЕТТЕР: 

1. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  II съездіндегі материалдары. Астана 12-14 қыркүйек 2006 

ж. Егемен Қазақстан №211, 1бет. 

2. Ради Фиш. Реконструкция религиозной мысли в Исламе. М., 2010. -200 cтр. 

3. Назарбаев Н.Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс // Егемен Қазақстан. 

- 2003. 29 қараша. 

4. Степанянц М.Т. Ислам в философской и общественный мысли зарубежнего Востока. М., 2004.  -248 cтр. 

5.  Есім  Ғ.  Жалал  әд-Дин  Румидің  әйел  құқықтары  және  әйелдің  отбасындағы  орны  мен  рөлі  туралы 

пайымдары  //  Қазақстандық  Өркениет:  Адамның  әлеуметтенуі  мен  бейімделуі  мәселелері:  Халықаралық 

ғылыми конференция материалдары. - Алматы, 2011. -68-72 бб. 

6. Степанянц М.Т. Религии востока и современность/Философия и религия на Зарубежном Востоке: ХХ 

век. М., главная редакция восточной литературы издательства «Наука», 1985.  -272 стр. 

7.  Бог  –  человек  –  общество  в  традиционных  культурах  востока.  М.,  наука,  издательская  фирма 

«Восточная литература», 2003. -224 стр. 

8. Бегалинова К.К. Суфизм как религиозно-философская концепция мира и человека. Алматы., 1999. 

 

Арынғазиева Б., Манабаева А. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет