5
КІРІСПЕ
«Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» Қазақстан Республикасы
Білім жəне ғылым министрі
Е.К.Сағадиевтің тапсырмасы бойынша 2016 жылғы
«Қазақ тілінің ұлттық корпусын əзірлеу жəне жасау» зерттеу жобасы аясында да-
йындалып, баспаға ұсынылды.
«Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» (əрі қарай – Сөздік) – осы
типтегі сөздік жасаудың озық тəжірибесіне сүйеніп, жалпы саны 1000-ға жуық
грамматикалық омонимдер мен кейбір омографтар ажыратылған, сол сияқты
мəтіндік базасы мектеп оқушысының күнделікті қоғамдық жəне тұрмыстық
өмірінде коммуникацияға түсуі мүмкін түрлі дискурстағы мəтіндердің 7 мил-
лионнан астам сөзқолданыстан тұратын ауқымды көлемін қамтыған алғашқы
тілтанымдық лексикографиялық еңбек. Сөздікте қазақ тілінің бес стилінен (ғы-
лыми, көркем əдебиет, публицистикалық,
ресми-іскери, сөйлеу) жəне əртүрлі
стильден теңгеріммен жинақталған ортақ мəтіндер базасынан алынған 36265
бірліктен тұратын негізсөз сөзтізбесінің жиілігі көрсетілді. Олардың əрбір стиль,
сөз табы бойынша да жиілігі берілді. Тұңғыш рет 1000-ға жуық грамматикалық
омоним мен омографтар ажыратылып, олардың əрқайсысының жиілігі көрсетілді.
Сонымен бірге алғаш рет 200 000-нан астам бірлікті қамтыған сөзтізбеден тұратын
сөзформалардың жиілік сөздігі жасалды. Сонымен, жалпы жиілік, стильдер бо-
йынша үлестірілім жиілік, əрбір стильдің жеке жилігі мен əр сөз табының жеке
жиілігі, сол сияқты сөзформалардың жиілігі үш түрлі құрылымда: əліпбилі-жиілік,
жиілікті-əліпбилі жəне керіəліпбилі-жиілік түрінде жасалып, жиілік сөздіктің 61
түрленімі нұсқасы ұсынылып отыр.
Бұлардың ішінде «Стильдер бойынша үлестірілім əліпбилі-жиілікті сөздік»
пен бір топ сөздің мəтінді қамту пайызы көрсетілген «Жалпы жиілікті-əліпбилі
сөздік» кітап түрінде қағаз нұсқада, сөздіктің аталған басқа 61 түрленімі, аса
көлемді болғандықтан, кітапқа қосымша DVD дискіде электронды нұсқада
берілді.
Сөздік Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты тілтанушылары
мен басқа да мекеме мамандары қатыстырылған ғылыми-шығармашылық
ұжымының бірлескен еңбегінің арқасында жарыққа шықты.
Сөздікті жасаудың теориялық негіздері бойынша арнаулы ғылыми
редакторлықты атқарған, компьютерлік бағдарлама бойынша жиілікті анықтау
жұмыстарын ұйымдастырып, жетекшілік жасаған филология ғылымдарының
докторы, профессор
А.Қ.Жұбановтың еңбегі ерекше болды.
6
Сөздіктің құрылысы мен құрамы, мəтіндер базасының сапасы мен құрамы,
тілтанымдық сараптамасы бойынша ғылыми кеңесшілік
жұмыстарын филология
ғылымдарының докторы, профессор
Н.Уəли, филология ғылымдарының докторы,
профессор
Э.Д.Сүлейменова (əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)
жүзеге асырды.
Сөздікті құрастыру барысында туындаған теориялық жəне практикалық
мəселелер бойынша филология ғылымдарының докторы, профессор
Ə.Жүнісбек,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Р.Шойбеков, филология
ғылымдарының докторы, профессор
Б.Қ.Момынова ғылыми кеңес беріп отырды.
Сөздікті тілтанымдық сараптамадан өткізіп, сапасын
жақсарту бойынша фило-
логия ғылымдарының докторы, профессор
А.М.Алдаш, филология ғылымдарының
докторы, профессор
З.Қ.Ахметжанова (С.Демирел университеті), филология
ғылымдарының докторы, профессор
Ж.А.Манкеева, филология ғылымдарының
докторы
Б.М.Сүйерқұл, филология
ғылымдарының кандидаты Қ.Сəрекенова
(Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) байыпты пікір берді.
Сөздікке белгілі ғалымдар,
атап айтқанда, қоғам қайраткері, əдебиеттанушы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
У.Қалижан, əлеуметтану
ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі
З.К.Шаукенова
пікір-ұсыныстарын айтты.
Сөздіктің идеясын ұсыну, құрамы мен құрылысын анықтау, мəтіндік базасын
жинақтау, өңдеу, сөздердің жиілігін алу, сөзтізбесін құру, сөздерді леммалаудан
бастап, бірнеше мəрте
редакциялау, коррекциялау т.б. осы сияқты əзірлеу,
құрастыру, баспаға дайындауға қатысты сан түрлі жұмыстарына
«Сөздіктің
құрамы, құрылысы мен статистикасы» бөлімінің авторы, филология ғы-
лымдарының кандидаты
А.М.Фазылжанованың жалпы редактор ретіндегі
ұйымдастыруымен, филология ғылымдарының докторы
А.Ə.Жаңабекованың
жауапты редакторлығымен А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
тілтанушы-мамандарының ұжымы тұтастай дерлік жұмылдырылды.
Атап айтқанда, Сөздіктің теңгерімді əрі балансталған мəтіндік базасының
жинақталып, компьютерлік əрі тілтанымдық өңделуіне жауапты филология
ғылымдарының кандидаты
Г.С.Исаева сөздікті құрастыру, баспаға жариялау ба-
рысында алға қойылған тапсырмалардың орындалуының барлығына ерекше ат-
салысты.
Мəтіндік базасын жинап, баспадан жарық көргенінше Сөздікті əзірлеп,
жариялаудың əрбір кезеңіндегі күрделілігі жағынан сан түрлі жұмыстарға
түгелдей белсене қатысқан филология ғылымдарының докторы, доцент
Қ.Қ.Рысбергеннің, филология ғылымдарының кандидаты
Н.Б.Оңғарбаеваның, фи-
лология ғылымдарының кандидаты
Н.М.Əшімбаева, филология ғылымдарының
кандидаты
А.А.Хабиева, филология ғылымдарының кандидаты
А.Ж.Аманбаева,
филология ғылымдарының кандидаты
Ж.Т.Жұмабаева, филология ғылымдары-
ның кандидаты
Г.М.Мамырбекова, филология ғылымдарының кандидаты
А.А.Сейтбекова, филология ғылымдарының кандидаты
А.Б.Əмірбекова, фило-
логия ғылымдарының кандидаты
Н.С.Əміржанова, филология ғылымдарының
кандидаты
Э.Ə.Өтебаева, филология ғылымдарының кандидаты
Д.М.Пашан; аға
ғылыми қызметкер
Ш.М.Жамықаева, аға ғылыми қызметкер Ж.Т.Тұрғынбаева,