Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет114/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130
(аңға іиыға-
ды),
үшіншісі мезгілдік қатынасты 
(қансонарда шығады)
білдір- 
генімен араларында ортақ белгі бар. Мысалы, олар өзара мағына 
жағынан әрі тұлға жағынан байланысып тұр. Екінші сөзбен айт- 
қанымызда, атау тұлғалы туынды түбір зат есім — 
бүркітиіі
сөй- 
лемде айтылған ойға ие болып (амал-әрекетті орындаушы ретін- 
де) бастауыш қызметінде қолданылып, өзіне етістіктен болған 
баяндауышты 
(іиығады)
белгілі бір жіктік жалғауында тұрып, 
өзімен қиылысуын талап етіп тұр.
Сөйлемді ұйымдастыруда бастауыштан гөрі баяндауыш актив 
қызмет атқарады. Әсіресе баяндауыштың ұйымдастырушылық 
қызметі етістіктен болған баяндауыштарда анық байқалады. Акад. 
В. В. Виноградов етістіктің мағынасының өте бай болуын оның 
синтаксистік қызметінің,. конструкциялардың көптігінен, ұйымдас- 
тырушылық қызметін тікелей байланысты деген болатын (Вино­
градов 72, 341) *. Сөйлемнің бір грамматикалық белгісі предика­
ция екендігі анық. Ал осы предикацияның негізі баяндауыштарда 
болатындығы тіл білімінде анықталған нәрсе (Белошапкова 77, 
86) *. Егер түркі тілдеріндегі қай сөз табының баяндауыш бола- 
тындығы есепке алынса, онда ешқандай сөз табы етістіктің алдына 
түсе алмаған болар еді. Сондықтан да сөйлемді ұйымдастыруда, 
оған түрлі модальдік мән беруде етістік жетекші роль атқарады. 
Синтаксистік синтагманы зерттеген көпшілік тілшілердің етістік- 
пен байланысты сөз қозғауы да осыдан.
Сөйлем құрамына еніп, сөз тіркесінің бір сыңары ретінде қол- 
данғанда да етістіктер өзіне баска сөздерді тіркеп колданылады. 
Соңғы кездерде сөздердіқ сөйлем құрамында келіп басқа сөздер- 
мен байланысу мүмкіндігін сөздердің валенттілік қасиеті деп атап 
жүр. Валенттілік терминін, алғаш рет тіл білімінде Л. Терньер 
алып келіп, өзінің функционалды синтаксисіне байланысты еңбе- 
гінде колданған болатын (Филичева 67) *. Қазіргі кезде бұл 
терминнін негізгі қағидалары анықталып, актанттарына орыс жә- 
не басқа индоевропа тілдері материалы негізінде талдаулар жа- 
салынған. Шет ел тілшілері болсын, совет тілшілері болсын сөз- 
дердің валенттілік қаснетін анықтау үшін өздерінің пікіріне дәлел 
ретінде етістіктерді ғана алады да, есім сөздерге жол-жөнекей 
тоқталады. Дегенмен де есім сөздерде де валенттілік қасиеттің 
барлығы анық, бірақ олар етістіктердегідей бай және ашық көріне 
бермейді. Ал, есім сөздердің валенттілік қасиеттері соңғы кездер­
де ғана зерттелініп жүр.
Сөйлем құрамына енген сөздер өзара, ең алдымен, екі жақты 
байланысқа түседі, яғни әрі грамматикалық категориялар арқылы 
байланысып белгілі бір грамматикалық формада тіркессе, әрі 
байланысқа түскен сөздер семантикалық жағынан да байланыса-
193


ды. Егер бұл екі байланыстың біреуі жоқ болса не сөйлемдегі ай- 
тылатын ой толық жеткізілінбейді не мүлде түсініксіз бір нәрсе 
болып шығады. Пікірімізді дәлелдеуге өтелік. 
Асау атпен келген
бала үйге кірді
(Ғ. Сланов). 
Үйге кірді
деген тіркесте басыңқы 
сыңар 
кір
етістігі өзінің бағыныңқы сыңары үй сөзінің барыс сеп- 
тігінде тұрып байланысуын талап етеді. Себебі айтушы қозғалысқа 
түскен субъектінің қозғалу бағытын көрсетуді мақсат етіп тұр. 
Әрине 
кір
етістігі шығыс септікті зат есімдермен де тіркеске түсуі 
мумкін, бірақ онда ол бағытты білдірместен, керісінше, қозғалыс 
амалының басталған орнын көрсеткен болар еді. Сонымен бірге 
кір
етістігі үй сөзімен мағыналық жағынан да байланысып тұр. 
Себебі кір етістігінің мағына құрамында белгілі бір заттың ара- 
сына кіру, ену, арасы бос не іші қуыс заттардың ішіне енуді біл- 
діретін семасы да бар. Біз 
үй
дегенде адамдар жасайтын бөлме- 
лерді түсінеміз, оның ішіне енуге, кіруге болады. Ондай арасына 
енуге, кіруге болмайтын заттар да бар, бірақ ондай сөздермен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет