Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет31/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130
-ады, -еді
(III 
жақта) жұрнағы дағдылы амал-әрекетті білдіріп, әрі осы шақ, 
әрі келер шақ мағынасында қолданыла алады. Негізінен *
ады,
-еді
қосьімшасы — үшінші жақ, осы шақтың қосымшасы (кейбі- 
реулер бұл қосымшаны көсемшенің 
а
жұрнағына 
-ды, -ді
косылу 
арқылы жасалынған дейді). Бірінші және екінші жақтарда ауыс- 
палы осы шақ мағынасы көсемшенің 
-а, -е, -й
жұрнақтарына 
жіктік жалғауларының қосылуы арқылы жасалады. Кейбір түркі 
тілдерінде ауыспалы осы шақ үшінші жақта да тек көсемше жал- 
ғауы арқылы жасалынатындығы анық (Оразов 80) 
*. -Ады,
-еді
қосымшалары XI—XIV ғасырларда қолданылмаған, оның мағы- 
насын 
-а турур, -е турур, -а тур, -е тур
аналитикалық формат осы 
шақ мағынасынан басқа қимылдың созылыңқылығы, нақтылығы 
сияқты мағыналарды да қоса білдірген. Мысалы, Э
тіл суны ака
турур
(М. Қашғари). Уақыт өтуімен байланысты 
турур
көмекші 
етістігі өзінің толық формасын ықшамдатады (гаплология құбы- 
лысына ұшырап) да толық мағыналы сөз ретінде қолданылатын 
тур
етістігімен бәсекеге түседі, параллель қолданылады. Басқа 
қалып етістіктері қатысқан аналитикалық формалардың ықпалы- 
мен 
бара турур>бара тур
қимылдың созылыңқылығымен бірге 
шақтық мағынада да қолданыла бастаған. Қазіргі қазақ тілінде 
қолданылатын 
балык, суда өмір сүреді, ит үреді
сияқты мысал- 
дардың құрамында қолданылған 
-ады, -еді
қосымшаларының 
мағынасында сол кездегі қалыпты, дағдылы өмірді білдіретін 
мағыналық реңк сақталынған. Біздіңше 
-а турур
аналитикалық 
формасының осы шақ мағынасында қолданылуында оның мағы- 
насындағы созылыңқылық, қалыптық мағыналары да себепші 
болған.
Қазіргі қазақ тілінің біршама түркі тілдерінен айырмашылы- 
ғы көмектес септігінің болуында. Көпшілік түркі тілдерінде бұл 
септіктің мағынасын шылаулар арқылы береді. Мысалы, өзбек 
тілінде 
билан,
әзірбайжан тілінде 
илән, илә
т. б. Шығу тегі жа- 
ғынан қазақ тіліндегі көмектес септігінің қосымшасы да осы шы- 
лаумен байланысы бар, бірақ олар о баста 
бірлан
(бірігу) етісті- 
гінен өрбіген. Қазіргі кезде көмектес септігінің мағына құрамын- 
да 
бірлән
сөзінің етістік мағынасынан жүрнақ та қалмаған, бірақ 
дерексізденген мағыналық байланыс бар (екеуінде де бірлестік 
мағынасы бар). Егер бірлән етістігімен көмектес септігінін мағы- 
наларын салыстырып қарайтын болсақ, соңғыеының мағына шең- 
берінің бір шама кеңейгендігін, жаңа мағыналық реңктерде қол- 
данылғандығын, қолданылу жиілігінің өскендігін байқауға бола­
ды. 
Қез келген 
қосымша өзінің бұрынғы түлғасынан (түбір 
түлғасынан) әрі мағына шеңберінің кеңейгендігімен, дербестігінің 
біршама 
әлсірегендігімен, формасының ықшамдалғандығымен, 
дербес екпінінен ажырауымен, қолданылу жиілігінің өскендігімен
58


ерекшеленеді. Сондықтан да қазіргі өзбек тілінде қолданылатын 
билан
шылауы қазақ тіліндегі көмектес септігі білдіретін барлық 
мағынаны бере алмауы заңды. Салыстырыңыз: қазақ тіліндегі 
маишнамен келдім
тіркесін өзбек тілінде 
машинада келдим
(жа­
тые септігі арқылы) тіркесі арқылы аударады.
Лексикалық мағынаның сөзсіз грамматикалық жақтан көмке- 
ріліп келетіндігін, тұрақталатындығын жоғарыда айтқан бола- 
тынбыз. Ал грамматикалық мағынаның барлығы да лексикалық 
мағынамен біте қайнаса бермейтін сияқты. Егер лексикалық ма- 
ғына грамматикалық мағынаның аясына түспесе, онда ол тілдік 
категориядан тыс жатқан болар еді. Ол не таным теориясының 
аясында, не логикалық категорияның (логиканың) құрамында 
не аяқталынбаған процесс ретінде қабылдануы керек еді, семан- 
тикалық жалпылау аясына түспестен тілдік абстракцияға түспе- 
ген болар еді. Бірақ лексикалық мағынамен ұштаспаған грамма- 
тикалық мағына қатынас құралының бір элементі бола алмайды, 
грамматикалық 
форма 
болса, бос дыбыстар тізбегі болып 
қалатын еді. Бұны бір кезде акад. Л. В. Щерба «Глокая кузра 
шпеко буданула борка и кудрячит бокренко» деген мысалмен 
салыстырған болатын.
5. 
Соңғы кездерде лексикалық мағына мен грамматикалық 
мағыналардың ара қатынасын анықтауда сөздерде сөзсіз талап 
етілетін мағыналар мен жеке сөздерге тән мағыналар арасын 
аныіқтау принципін ұсынып жүр. И. А. Мельчук, А. А. Зализняк, 
И. Г. Милославский сияқты ғалымдар грамматикалық мағына мен 
лексикалық мағынаның айырмашылығы олардың объектив дү- 
ниедегі заттармен байланысты болу, болмауымен байланысты 
емес дейді (Ахманова 61; Зализняк 67; Милославский 81) *. «Ма- 
ғынаның синтаксистік, номинативтік элементтері грамматикалық 
(мағына — О. М.) болып саналады»,— деп көрсетеді А. А. Зализ­
няк 67, 24) *. Ал И. Г. Милославский болса А. Зализнякқа сілте- 
ме жасай отырып: «Кез келген сөз-тұлға (словоформа) бірнеше 
мағына элементтерінен тұрады. Әсіресе олардың ішінен синтак­
систа және номинативтік мағына бөлектеніп тұрады. Номинатив- 
тік мағына дегенде біз объектив шындық дүниені бейнелеуді тү- 
сінеміз»,— дейді (Милославский 81, 17—18). Бірақ олар грамма- 
тикалық мағынаны лексикалық мағынадан ажыратудың екі түрлі 
белгісін: 1) сөзсіздік, мәжбүрлік (обязательность); 2) тұрақты- 
лықты (регулярность) көрсетеді (Зализняк 67, 25; Милославский 
81, 19); Шындығында да белгілі бір лексико-грамматикалық топ­
ка кіретін сөздердің мағыналарын салыстырып қарайтын болсақ, 
олардың мағына құрамында сөзсіз қайталанып тұратын мағына- 
лық элементтер-семалар кездеседі. Мысалы, етістіктердің барлы- 
ғының мағына құрамында амал-әрекетті, қозғалысты не қалыпты 
білдіретін немесе шақтық мағынаны білдіретін элементтер бар. 
Сондай-ақ зат есімдердің мағынасында жанды, жансыз заттарды, 
деректі және дерексіздікті білдіретін семалардың болуы шарт. 
Бірақ бір семаны барлық зат есімдерден не етістіктерден талап 
ету шындыққа сәйкес келе бермейтіндігі анық. Салыстырыңыз:
59


қозғалу, Оір орыннан екінші бір орынға өту семасы барлык етіс- 
тіктерде жоқ, тек қозғалу етістіктерінде ғана бар. Сондай-ақ бір 
информацияны екінші біреуге хабарлау, жеткізу семасы қозғалу, 
амал-әрекет етістіктерінде жоқ. Зат есімдерді оқулықтарда де- 
ректі және дерексіз, жалпы және жалқы болады деп бөлу дәстүрі 
бар. Бұлай бөлуді де сөз құрамындағы бір семаның болу, бол- 
мауымен байланысты түсіндіруге болады. Демек сөзсіздік, тұрақ- 
тылық шарты бір лексико-грамматикалық топтағы сөздердің бар- 
лығын 
қамтымаса да, белгілі бір мөлшердегі сөздердің тобын 
қамтуы керек. Сондықтан грамматикалық категорияларды анық- 
тауда парадигмалық оппозицияға сүйенеміз. Екінші сөзбен айт- 
қанда, жалқы есім мен жалпы есім, жекеше мен көпше, салттық, 
пен сабақтылық жеке-жеке категория деп есептелінгенімен, са- 
лыстыра отырылып анықталады. Кейде грамматикалық категория 
құрамына енетін оппозицияның саны екеуден көп болуы да мүм- 
кін. Салыстырыңыз: етістіктің шақ категориясьіның оппозиция- 
лык қатынасына түсетін мүшелерінің саны үшеу, септіктерде — 
жетеу, т. б.
Бір тілде грамматикалық мағына болып саналатын семанти- 
калық элемент екінші бір тілде лексикалық мағына бола алатын- 
дығын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Бүл ерекшеліктерді де 
осы сөзсіздік пен тұрактылық негізінде анықтауға болады. Мы- 
салы, орыс тіліндегі зат есімдердің барлығы да белгілі бір род 
категориясында келуі шарт, сөзсіз және ол тұрақты. Тіркес сайын 
қолданылғанда зат есімдердің барлығы да (басқалары соған 
қиыса байланысады) род қосымшасын қабылдап келеді. Түркі 
тілдерінде де жыныстық белгіні көрсету бар. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет