құй: қаз. төбесінен құй қазу
құд: қаз. құдық
Құй құй: түр. құйи
қоз: қоз құю
Немесе жалпытүркілік [з] мен чуваш тіліндегі [р] ротацизм деп
аталатын заңдылықты алайық. Мысалы:
қаз., қырғ., ққалп., алт., қайың – береза
тат., башқ., құмық., кар.балк., ктат.: қайың – Id
тур., караим. (трак.): кайын – Id
өзб. қайин - Id
ұйғ. қейин - Id
азерб. гайын - Id
түркм. гайың - Id
76
хак. хазың - Id
тув. хадың - Id
якут. хатың - Id
чув. хуран - Id
М.Қашқари заманында да бұл сөздің осылайша көрінісі клас-
сификациялық белгі ретінде қарастырылды.
Ал, кейде туынды түбір құрылымындағы дыбыс сəйкестігі іштей
семантикалық жіктеліске ұшырап, бірақ тілде синоним болмаса да қатар
қолданыла береді. Мысалы [д~й~з]: iyqi~izqi= ізгі~игі.
Этимологиялық ізденістердің қиын да болса, бір əдісі бір түбірден
тараған туынды түбірлердің «ұяластығына» қарай басын қосып жинап,
шоғырландырып талдау болып саналады.
~қан>қақпан
~сыр=
~(б)ыс=>қабысу//қауышу
~сау
ҚАП: ~(б)у
~сырма
~б()ын=
~(б)ылан
ЕС
ер
ерсоқ
еңгіре=
уас
алаң
телік
ті
сіз
ірке=
ЕҢ
еңіс
еңкей=
еңбек
еңбекте=
еңкіш
еңкеңде=
еңкең-еңкең ет=
ИТ
итер=
итін=
итпек
итпекте=
итеңде= т.б.
Сол сияқты ашық (жуан) дауысты дыбыстардан тұратын бір буынды
түбірлер тіл-тілдердің даму процесінде бұрын пайда болған да, қысаң
дауысты дыбыстарынан тұратындары олардың дыбыстық варианты
ретінде кейін пайда болғанын да көреміз: қодық> көдек > көжек > күшік
> кішік >[о>ө>ү>і]
77
Түбір сөздердің құрылымындағы байырғы түбірлердің
этимологиялық реконструкциясы
Қазақ тілші ғалымдарының зерттеулеріндегі түркі лексикасының
түбір құрылымы, түбірдің одан ары қарай жіктелмейтін сөз бөлшегі
ретіндегі дəрежесі, қолданылу аясы, белгілі бір мағынасы (қимылдық,
əсіресе синкретті етістікті-есімді түбірлер) мен этимологиялық күң-
гірттену мəселелерінің сабақтастығы жөнінде тұжырымдар жасады.
Тіл білімінде фоно-семантикалық құбылыс, идеофондық сапа,
фонетикалық сөзжасам тəсілі, ішкі флексия, жасырын синкретизм,
реликт түбір, “өлі” түбір деп қарастырылып жүрген заңдылықтардың
негізінде қалыптасқан гомогенді түбір-негіздердің бастапқы жалпы
тұрпаты мен мазмұнын бірдей моносиллабтарда (бірбуынды) ғана
емес, дисиллабтар (екібуынды) құрамынан бірбуынды көне тұлғалар
ретінде қарастыруға теориялық-əдіснамалық негіз бар. Зерттеулерде
CVC бірбуынды сөздердің соңғы дыбыстарының тарихи тұрғыдан
алмасуы соңғы дыбыстарының жаңа мағына тудырушы қосымша –
модификаторлық сипатымен түсіндірілсе, VC, CVC модельдердің ан-
лаут, инлаут позицицясындағы сəйкестіктер ішкі флексия құбылы-
сының іздері ретінде қарастырылады (А.Қайдаровтың, М.Томановтың,
Б.Сағындықұлының, Е.Қажыбековтің, К.Хұсайыновтың, Ж.Манкее-
ваның, А.Салқынбайдың, Н.Букетованың, т.б. еңбектері).
Мұндай туынды негіздердің құрамынан аталмыш түбірлердің
жіктелу (мүшелену) мүмкіндігі туралы Э.В.Севортян былай дейді: «Бұл
«өлі түбірлер» ( этимологиялық түбірлер – М.Ж.) əрқайсысы белгілі
бір, көбінесе түбір сипатты негізден тарайтын гомогенді бірлестіктің
құрамына енеді» [Севортян Э.В. Этимологический словарь тюркских
языков. – М., 1974. – С.30.].
Соңғы жылдары тіл біліміндегі тіл бірліктерінің танымдық тұрғыдан
зерделеу мəселесінің жандана бастауына орай мазмұн мен мағынаға
ерекше мəн беріліп, сыртқы тұлғадағы өзгерістердің мазмұнымен
сабақтастығы назарға ілігуде. Шын мəнінде, қазіргі түркі тілдерінің
көне түркілік сипатпен тікелей сабақтастығы, гомогенді түбірлер мен
түбір негіздер тұлғасының мазмұнын архитұлға мен архисемамен
біртұтастықта қарағанда ғана ажыратылады. Түркітануда, соның ішінде
қазақ тіл білімінде осыған орай арнайы түрде қарастырылған көп жыл-
дық зерттеудің нəтижесі ретінде кешенді сипаттағы еңбектерді көрсетуге
78
болады. Атап айтсақ, олар: қазақ тілінің кең көлемді тілдік деректеріне
сүйене отырып, моносилабтардың фоно-морфо-семантикалық құры-
лымының ортақ, бастапқы сипатын анықтаған академик Ə.Қайдаровтың
«Структуры односложных корней и основ в казахском языке» (Ал-
ма-Ата, 1986) атты монографиясы, түркі түбірлерінің архетиптік құ-
рылымының көрінісіндегі синкретті семантикасын етістік-есімдік го-
могенді түбірлердің сабақтастығы деп қарастырған Е.З.Қажыбековтің
«Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских язы-
ках» (Алма-Ата, 1986) атты монографиясы, морфемалық талдау жасау
арқылы қазақ тіліндегі етістіктердің байырғы құрылымын сөзжасамдық
модель жүйесіне сəйкес жаңғыртуға тырысқан Ж.А.Манкееваның «Қа-
зақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту» атты монографиясы т.б.
Аталған мақсатқа орай, зерттеудің нысаны ретінде қазақ тіліндегі
30-дан аса сөзжасамдық модельде кездесетін 1000-нан аса бірлік
құрамында көрініс табатын екібуынды етістікті түбір-негіздердің құ-
рылымындағы морфемалық жіктелу нəтижесінде пайда болатын түбір
морфемалар жеке тұрып мағына білдіре алмайтын, əртүрлі себептерге
байланысты өзінің этимологиялық мəнінен айрылған. Олай болса,
оның себебін анықтап, семантикалық күңгірттену себептерін белгілеп,
«өлі түбірге» айналу тетігін анықтау олардың этимологиясын ашу үшін
осындай тілдік элементтер мен олардың фонетикалық, морфологиялық,
семантикалық сипаттамаларының тарихи сөзжасамдық негізін дə-
йектейді.
Осы əдістерді қолдану нəтижесінде тілдің қазіргі даму деңгейінде
ажыратылмайтын екі буынды түбір-негіздердің туынды етістіктерге
негіз болған “өлі” түбірлер сыртқы жəне ішкі реконструкция арқылы
анықталады.
Етістік құрамындағы байырғы түбірлердің этимологиялық құры-
лымын анықтау мен сөздің морфемалық құрамының тарихи жіктелуін
анықтау барысында салыстырмалы-тарихи əдіспен қатар морфемалық
талдау мен жоққа шығару əдістерін кеңінен қолданудың тиімділігі
айқындалады. Морфемалық талдау жолдарымен анықталған жəне қайта
жаңғыртылған қазақ тіліндегі «өлі түбірлер» архаикалық элементтерді
анықтап, жеке тұрғанда мағына білдіре алмайтын жəне əбден көнеленген,
архаизмдік сипат алған түркі түбірлерінің дəрежесін ғылыми тұрғыдан
түсіндіруге, агглютинативтену үдерісінің сипатын анықтауға жəне түбір
лексикасының этимологиялық тұрғыдан ататүркілік күйін зерттеуге
септігін тигізеді (Бұл мəселелер мен міндеттердің шешімін табуы
79
жəне ғылыми тұжырымдарының нақты дəйектелуін А.Т.Қайдаровтың
«Структура односложных корней и основ в казахском языке»,
Ж.А.Манкееваның «Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту»
еңбектерінен қараңыз).
Соның нəтижесінде түбір морфеманың жалпытүркілік жүйедегі
варианттылық мəселесі, фузиялық сипаты, морфонологиялық жəне фо-
нетикалық заңдылықтары, реликтілік құбылыс, т.б. агглютинативтік
үдеріс сипаттары жан-жақты қарастырылған.
Түркі тілдері түбіртану мəселесін зерттеуде дəстүрлі əдіс-тəсілдер-
мен қатар, тың теориялық танымдық бағдар ұстанудың жаңа үлгісін
көрсеткен башқұрт ғалымы А.Шайхулов: “Еділ-Жайық аумағын ме-
кендеуші түркі халықтары тіліндегі моносиллабтардың құрылымы мен
идеографиялық парадигмасын түркіаралық жəне жалпытүркілік лек-
сиканың ареалдық континуумында зерттеген еңбегі барысында аталған
аймақтағы қазақ тілімен туыстас қыпшақ тобына енетін тілдерде
қолданылатын 4000-нан аса түбір негіздердің жартысына жуығы
этимологиясы күңгірт, дербестігінен айырылған бірліктер” деген қо-
рытындыға келеді
71
.
Ғалым түркі түбірлерінің құрылымдық сипаттамасын жасау үш
деңгейлі (фонологиялық, морфологиялық, семантикалық) зерттеу ая-
сында жүргізілгенде ғана нəтижелі болатынын атап көрсетеді. Ғалым-
ның өзіндік тұжырымдарында түбір табиғатын зерттеуде теориялық-
танымдық бағытты да ұстанып, иманенттік талдау мен когнитологиялық
талдауды ұштастыра қарастыруды дəйектеуге тырысады. Ол қыпшақ
тобына жататын – татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақ тілдері мен туыстас
чуваш, монғол, тұңғыс-маньчжур тілдері деректері негізінде алтай
семьясына енетін тілдердегі ғалам бейнесінің ортақ құрылымдық-
семантикалық өзегін түбірлік деңгейде ажыратуға болатынын идео-
графиялық парадигма негізінде дəлелдейді. Негізгі тұжырымы “дербес
жəне реконсртукцияланған моносиллабтардан тұратын тіларалық лек-
сикалық параллелдердің (жалпыалтайлық) семантикалық даму ерекше-
ліктері олардың жалпы мазмұндық, ономасиологиялық қасиеттерін
қамтитын идеографиялық сипатына сəйкес келеді” дегенге саяды.
Сонымен, қазіргі тіліміздегі түбірсөздердің архетиптік құрылымын
анықтап, түбір морфемасын жіктеудің мүмкіндігін, этимологиялық
71
Шайхулов А.Г. Структура и идеографическая парадигматика односложных корневых основ в
кыпчакских языках Урало-Поволжья в континууме ареальной межтюркской и общетюркской
лексики (синопсис и таксономия когнитивной сферы “Природа неживая и живая”): автореф.
докт. дисс. – Москва, 2001.
80
реконструкциясын жасауды, біріншіден, түбір ұғымының тарихи
Достарыңызбен бөлісу: |