Алматыкiтап баспасы


Судың өнеркәсіптік қажеттіліктерге пайдаланылуы



Pdf көрінісі
бет106/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   146
Судың өнеркәсіптік қажеттіліктерге пайдаланылуы.
Респуб-
ликадағы өнеркәсіптердің суды тұтынуы су жиналуы 5,8–7,8 км
3
/жыл 
болғанда жылына орташа есеппен шамамен 5 км
3
-ді құрайды. Су жинау-
да жылу энергетикасы, түсті металлургия, мұнай өнеркәсібі кәсіпорын-
дарының үлес салмағы ең жоғары. Өнеркәсіптік сектордың су тұтынуы 
орташа есеппен жылына 0,8–1 пайызға артып отырады.
Судың ауылшаруашылықта пайдаланылуы.
Республикамызда 
судың пайдаланылуының негізгі үлесі ауылшаруашылыққа тиесілі, 
ауылшаруашылықтың суды толықтай тұтынуы 13,8 км
3
-ді құрайды.
Су тұтынудың ең көп мөлшері суармалы егіншіліктің, содан кейін 
көлдетіп суарудың үлесіне тиеді. Тұрақты суландыру республикамыз-
дың оңтүстік және оңтүстік-шығысында көбірек дамыған.
Су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың негізгі себептеріне жетіл-
дірілген агротехниканың нашар енгізілуі, жабдықтардың тозуы, су 
үнемдейтін технологиялардың жоқтығы мен су шығынының есепке 
алынбауы жатады. Аталған себептер су нысандарына су сапасының 
нашарлауына, суландырылған аумақтардың тұздануына, шөлге айна-
лу процестерінің шапшаң дамуына себепші болды.
138
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


1.
Қазақстанның қандай облыстары сушаруашылық бассейніне 
кіреді?
2. 
Сумен қамтамасыз етілу дәрежесіне қарай Қазақстанның облыс-
тарының рейтингісін жасаңдар.
3.
Өзің тұратын өңірдегі баға бойынша қала мен ауыл тұрғындары-
ның жылдық су құнын есептеңдер және қаржылық жүктемені төмен-
дету бойынша ұсыныстарыңды айтыңдар.
4.
Қазіргі уақытта өзен ағыны мен су тұтыну қоры бұрынғы өткен
кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай ерекшеленеді
 (62-сурет).
1) 62-суретке талдау жасаңдар және соңғы 30 жылда өзен ағынының 
қоры қаншалықты өзгергенін анықтаңдар?
2) Өзен ағынына қандай жаһандық және аймақтық өзгерістер әсер 
етті?
3) 2020 жылға қарай жерүсті суларының динамикасында қандай өз-
герістер күтілуде?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет