Алты Алашқа аты көптен та ныс, қазақ жұртының жүрегіне сұлу


Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамды, материалды  үнемдеуге, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата17.01.2017
өлшемі9,29 Mb.
#2110
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тәрбиелігі: Эстетикалық талғамды, материалды 

үнемдеуге, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, көрсету, топ-

тастыру, сұрақ жауап, сарамандық жұмыс, бақылау, 

бағалау.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игеру.

Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу, дизайн, 

сызу.


Сабақтың көрнекілігі: бұйымдар үлгісі, бұйым 

сызбасы, суреттер.



Керекті құрал-саймандар: сызғыш, қарындаш, 

қаңылтыр, қайшы, балға, шапқы.



Пайдаланылған  әдебиет:  «Технология» 

оқулығы 6-7 сынып, «Қазақ халқының сәндік ою-

өрнек өнері» Н.Б.Нұрмұхамедұлы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сәндік қолданбалы 

өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға бола ма? 

Түрлі түсті металл түрлері қандай? Металл шабу 

құралдарын ата?



ІІІ.  Жаңа  тақырыпты  түсіндіру:  Халық 

шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың 

қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ 

білген. Шеберлер металды әшекей бұйымға айнал-

дыруда өте биік талғаммен қарап, қолданылар орны-

на қарай өзіндік нақыштарды таба білді. Әйелдердің 

түрлі жүзік, білезік, алқа, шолпы секілді сәндік 

әшекейлерімен қатар белбеу, аттың айыл әбзелдері, 

төсек, әбдіре сынды үй мүліктері, бәрі-бәрі алтын, 

күміс сүйекпен нақышталып өрнектеліп безендіріледі. 

Қазақ  зергерлерінің  қолынан  шыққан  заттар 

қарапайым да сәнді оюларының, нақыштарының ашық 

байсалды да байыпты өрнектелуімен ерекшеленеді. 

Күмісті көркемдік құралына айналдыруда зергерлер 

пайдаланар жеріне қарай нақыштау, бедерлеу, қалып 

арқылы дайындау, ойып күміс орнату, күміске ақық тас 

орнату, қарайту сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ 

жеріне күмісті қарайтып безендіру кеңінен таралды.

ХХ ғасырдың басында Қарқаралы, Баянауыл және 

Орталық Қазақстан зергерлерінің күмісті қарайтып 

әшекейлеуге пайдаланумен даңқтары артты.

Түйіршік қымбат таспен безендірілген әшекей 

бұйымы негізінен Батыс Қазақстанда жасалды. 

Қызылорда облысында негізгі асыл темірмен орна-

тылар түйір тастар бір-біріне түс жағынан өте жақын 

келеді. Қазақ зергерлерінің оюы көбіне өсімдік тектес 

өрнекті келеді. 

Шеберлердің  көптеген  әсем  бұйымдарды 

қаңылтырдан  жасағанын  байқауға  бола-

ды. Қаңылтырды көркемдеп  өңдеудің ең ежелгі 

түрлерінің бірі шекімдеу әдісі. Ол үшін қаңылтырдан 

жасайтын  бұйымның  пішіні  мен  мөлшеріне 

сәйкес қайшымен пластина кесіп алынады. Бе-

дер салу жұмысы негізінен қаңылтырдың бетіне 

жүргізіледі. Бедерлеу жұмысын жүргізу үшін, 

бірінші кезекте металдың бетіне қажет суретті са-

лып алу қажет. Қаңылтыр астына резеңке төсеніш 

салу қажет. Бұйымның бетін нүктемен, сызықпен 

бедерлеу  тәсілдері  дәл  әрі  алуан  түрлі  болып 

келеді. Қаңылтырдың бетін арнайы шекігіштермен 

балғалармен өңдейді.



Темірді  көркемдеп  өңдеу  барысындағы 

қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. 1. Қаңылтырмен 

жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап ки. 2. 

Қаңылтырдың шетін қиғанда, үрлемей, арнау-

лы сыпырғышпен сыпыр. 3. Қаңылтырдың 

бетін, жиегін саусағыңмен сипама. 4. Белгі са-

латын және ұшы өткір шапқыларды, үшкір 

қаңылтырдың бөлігін қалтаңа салма. 5. Жіңішке 

сымды ұсақтап қырыққанда, оның ұнтағына аса 

мұқият бол. 6. Темір қайшымен жұмыс істегенде 

қайшы белдің деңгейінен төмен болсын. 7. Сым-

мен жұмыс істегенде оның екінші ұшына сақ бол. 

8. Қаңылтыр дайындаманың бетін тегістегенде, 

өрнекті бедерлегенде екінші қолыңды соғып алма. 

9. Балға мен бедерлегішті осылай ұста.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту.  Зергерлер қандай 

бұйымдар жасайды? Шекімдеу жұмыстары қалай 

жүргізіледі? Темірді көркемдеп өңдеу барысында 

қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет?



Сергіту сәті. Оқушыларды екі топқа бөліп,  

тақтаға бір минут ішінде гүл түрлерінің тізмін жа-

зу. Қай топ көп жазса, сол топ жеңімпаз болып 

есептеледі.



V. Сарамандық жұмыс:

1. Оқушыларды топқа бөлу және әр топ өзіне 

берілген бұйымды жасайды. 2. Технологиялық карта 

бойынша жұмыс жасау. «Раушан гүлін» қаңылтырдан 

жасаудың технологиялық картасы.

Жұмыстың орындалу реті. Құрал-саймандар.

Қағаздан гүлдің жапырақтың үлгілерін жасау. 

Қағаз, қарындаш, қайшы.

Қаңылтырдың бетіне үлгілерді бастыру, оларды 

қайшымен қию. Қаңылтыр, қолғап, қайшы, қарындаш.

Сабағын жасау үшін қаңылтырды ені 10 мм жа-

сап, ұзындығы 400 мм етіп кесіп алып, оны сымға 

орау. Қайшы, сым.

Гүл мен жапырақтарды майыстыру белгілерімен 

нүктелер салу. 

Резеңке төсеніш, балға, қысқаш, шекігіштер.

Гүлдің орталарын шапқымен тесу, оларды бекіту. 

Жалпы құрастыру жұмыстарын аяқтау.

Шекігіштер, балға, қысқаш.



VІ.  Сабақты  қорытындылау:  Жіберген 

қателерді сараптама жасау арқылы түсіндіру. Бағалау. 

Жұмыс орнын тазалау. Мұғалімге құрал-саймандарды 

тапсыру. Үй тапсырмасын беру.



Бекболат АУБЕКЕРОВ,

№3 ЖББОМ,

Жаңақала ауданы

Абай – қазақ әдебиеті тарихында ғана 

емес, бүкіл қазақ халқының тарихындағы 

үлкен де ерен құбылыс. 

 

 

          

        М.Қаратаев

Мақсаты:  Абайдың  қазақ  қоғамында 

алатын орнын ұғындыру, оқушыларды ақын 

шығармаларына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Даналық сөздер, кітап көрмесі, 

портреті, слайд. 

Барысы: І бөлім: «Абай дана, Абай дара 

қазақта». 1-жүргізуші: «Асыл сөзді іздесең, 

Абайды оқы, ерінбе» деп Сұлтанмахмұт 

айтқандай, біз бүгінгі әдеби кешімізді ақындық 

пен данышпандықтың бар асылын бір бойы-

на жинақтаған ұлы ойшылымыз Абайға арнап 

отырмыз.

2-жүргізуші:

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім,

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім,

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды

Өлеңнің бесігіне тербеткен кім?

1-жүргізуші:

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге,

Лермонтав, Пушкиндермен табысқан кім?

2-жүргізуші:

Көрікті көңілде жыр, қолда қалам,

Өмірдің өріне өрлей басқан қадам.

Қазақтың өлеңінің ұлы атасы

Ол – Абай, мәңгі жасар ақын адам.

1-жүргізуші:

Бөледік бүгін гүлге күмбезіңді,

Айтамыз мақтанышпен күнде өзіңді.

Қазақтың тұңғышы сен ерте оянған,

Пушкинмен ұштастырған ой-сезімді.

Жыр жаздың, ән толғадың, шерттің күйді,

Орыстың әдебиетін жаның сүйді.

Лермонтов, Крылов пен Толстойды

Сүйдің сен, дедің солар терең ойлы.

1-жүргізуші:  Абай  біртуар  ұлы  ақын 

ғана емес, кемел ойлы ғалым, кенен дарын-

ды жазушы, терең білімді тарихшы, әуез 

әлемін жаңғыртқан сазгер, құқық қағидасын 

қалыптастырған заңгер, яғни сегіз қырлы, бір 

сырлы бітімі бөлек тұлға. Абай шын мәніндегі 

жаңашыл тұлға. Ол қамтымаған сала жоқ 

сияқты. Поэзия, өнер, философия, тарих, му-

зыка, этика, эстетика, педагогика, дін, тағы 

басқа салалар. 

ІІ бөлім «Өлең - сөздің патшасы, сөз са-

расы»

Ақын  туралы  жазылған  жырлар 

оқылады. 

1-оқушы:  «Абай  ескерткіші  алдын-

да»  Р.Зұрғанбайұлы.  2-оқушы:  «Абай» 

Р.Зұрғанбайұлы. 3-оқушы: «Абайдың суретіне» 

Жамбыл.  4-оқушы:  «Абай»  Тұрсынзада 

Есімжанов. 

ІІІ бөлім. Абайдың қарасөздері 

1-оқушы:  Абай  өзінің  бір  алуан 

шығармаларын қарасөзбен жазған. Оның 

қарасөздері көркем шығарма түрінде емес, 

ақынның өзі көрген өмір сабақтары тура-

лы ойларын, содан туындайтын даналық, 

философиялық  түйіндерді  жинақтаған 

публицистикалық үлгіде жазылған. Оның 

сөйлем құрылымы, сөз саптау өзгешеліктері 

де осы мақсаттан туады. Көлемі шағын, 

мазмұны, мағынасы мол, терең болып келеді. 

2-оқушы: Абайдың қарасөздерінің тақырыбы, 

айтайын деген ойы, түйіні де – бала тәрбиесі. 

Қазақтың ел болуын Абай жас ұрпақты білім 

жолына тартуда деп түсінеді. 3-оқушы: 

Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен 

толғаған басты мәселелерінің бірі– адамның 

адам болуға үйренуі, мәдениетке, еңбекке 

ұмтылуы. 4-оқушы: Бірлік, тірлік деген сөз 

ұғымдарының мәнін түсіндіре отырып, ол 

«Алтыншы сөзінде» жанын қорғалап, жаудан 

қашып, қорқақ атанып, ез атанып, дүниеде 

әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Тірлік 

олар емес, көкірегі, көңілі тірі болса, соны ай-

тады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі бол-

са, ақыл табуға сөз ұға алмайсың», - дейді. 

5-оқушы: «Отыз сегізінші» сөзінде жақсы 

болудың, жұрттан озудың жолын да Абай 

өнер-біліммен байланыстырады. «Тегінде адам 

баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез 

деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрсемен 

оздым ғой дегеннің бәрі де ақымақшылдық», 

- деп жазады. 6-оқушы: Абай қарасөздері, 

Абайға  тән  ерекшелік.  Оның  қарасөздері 

қисықты түзетуге, ұрлықты тиюға, наданды 

үйретуге, ақымақты ақылдандыруға әрекет 

етеді. Абай қарасөздері тұтастай ұстаздық 

тәрбиелік міндет атқарады. 7-оқушы: Слова 

назидания Абая написаны для того, чтобы ис-

править неправильное, прекратить воровсвто

истребить насилие, просветить глупого. Они 

учат, воспитывают человека. Тема, мысли за-

ложенные в них – это воспитание подрастаю-

щего поколения. 

IV бөлім. «Абай - аудармашы». 8-оқушы: 

Абай не только поэт, философ, но и перевод-

чик. Он перевел на казахский язык Пушки-

на, Лермонтова, Бунина, Гете. 9-оқушы: 

Абай аударған орыс ақындары мен Еуро-

па ақындарының өлеңі бүгінге дейін аудар-

ма өнерінің теңдесі жоқ үлгі-өнегесі. Қазақ 

әдебиетінде мысал жанры Абайдан бастала-

ды. 10-оқушы: Басни И.А. Крылова переводили 

многие, но переводы Абая так близки к ориги-

налу, что точно передают мысли баснепис-

ца.  11-оқушы: «Қараңғы түнде тау қалғып». 

Бұл өлеңді алғашында немістің ақыны Ге-

те жазған, сонан кейін бұл өлеңді орыстың 

ұлы ақыны М.Ю.Лермонтов аударған. Жар-

ты ғасыр өткен соң бұл өлеңді Лермонтов-

тан Абай аударды. 12-оқушы: Абай напи-

сал более10 песен. Они получили широкую по-

пулярность в народе. Это «Айттым сәлем, 

Қаламқас»,  «Желсіз  түнде  жарық  ай», 

«Көзімнің қарасы» и другие. 13-оқушы: Оның 

көп өлеңдері өз әнімен тараған. «Сегіз аяқ», 

«Көзімнің қарасы», «Қор болды жаным», 

«Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, Қаламқас» 

сияқты төл шығармалармен қатар, оның 

«Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның 

хаты» тәрізді аудармалары да халық арасына 

ән болып жайылған. 

1-жүргізуші: Ән «Желсіз түнде жарық ай»

V бөлім. «Қазақтың бас ақыны».

14-оқушы: «Қазақтың бас ақыны». Осы 

сөзді 1913 жылы Ахмет Байтұрсынов айтқан. 

Ол Абай шығармаларын аса жоғары бағалап, 

«онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ бала-

сында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

15-оқушы:  Мұхтар  Әуезов  Абайды 

«Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ 

поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп ата-

уы да жайдан жай емес.

16-оқушы:  

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

17-оқушы: В душу вглянись глубже,

 Сам собою побудь:

 Я для тебя загадка. Я и мой путь.

Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал,

Против тысяч сражался – не обессудь!

18-оқушы: 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

19-оқушы:  Поэзия – властитель языка,

 

           Из камня чудо высекает гений.

 

         Теплеет сердце, если речь легка,

 

         И слух ласкает красота речений.

20-оқушы: Абай өлеңдерін жүйелі түрде, 

ақындық үлгіде 1882 жылдан бастап жаза ба-

стайды. Абай шығармаларының тақырыбы 

әртүрлі - өмірдің барлық саласын қамтиды. Көп 

өлеңдері мәдениет пен білімге арналған. Сондай 

өлеңдер қатарына «Жасымда ғылым бар деп 

ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Ин-

тернатта оқып жүр» атты өлеңдері де жа-

тады. 21-оқушы: Абай творческой деятель-

ностью занимается после 40 лет. Он оставил 

после себя  8 тысяч стихотворных строк и бо-

лее 50 слов назидания. Поэтому если вы хоти-

те знать и различить добро от зла, справедли-

вость от насилия читайте Абая. 

VІ  бөлім.  «Абайдың  нақыл  сөздері». 

(Слайдтан Абайдың нақыл сөздері көрсетіліп, 

оқушылармен бірге мән-мағынасы ашылады.)

VІІ бөлім. Көрініс «Абайдың орыс досы Ми-

хаэлиспен танысуы». Ән «Көзімнің қарасы».

1-жүргізуші: Әрине, Абай мұрасын та-

нып білу, терең меңгеру оңай іс емес. Жас буын 

жеткіншектер, Абай туындысының бар бол-

мысын танып білу – сендер үшін аса қажет. 

Сендер есейген сайын, Абайды сан қайтара 

оқып, бұрын танып аңдамаған қырларын аша 

бермексіңдер. 

Қорытынды. Бүкіл қазақ әдебиеті Абай 

мектебінен сусындап, сабақ алды, сол ұядан 

өрбіді. Бүкіл қазақ оның даналығына бас иді. Тек 

қазақ әдебиеті ғана емес, шетел әдебиеттеріне 

де Абай әсері күшті болды. 

Абай лирикалары - қазақ поэзиясының 

шоқтығы биік мұнарасы. Абай теңдесі жоқ 

ақын, аса дарынды композитор, асқақ ойшыл 

философ, қай жағынан алғанда да жаңашыл, 

халқымыздың Отандық, тіпті дүниежүзілік 

мәдениет тарихынан ерекше орын алған дара 

тұлға. 

Әдемі АХМЕТОВА, 

Роза МОЛДАШЕВА, 

№1 ЖББОМ,

Жәнібек ауданы

Жұмыстың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу. Кіріспе сөз. - Қайырлы күн! Мен бүгін 

сіздерді «Білім сапасын арттырудағы кедергілер мен 

одан шығу жолдары» тақырыбындағы семинарда 

көріп отырғаныма қуаныштымын. Бүгін оқытудағы 

бөгет болатын  факторларды айқындап, оларды жою 

жолдары туралы ой бөлісетін боламыз.

II. «Табыс қоржыны» жаттығуы (5 мин).

Мақсаты: табысқа қол жеткізу уәждемесін 

қалыптастыру.



Жаттығу  барысы.  Жүргізушінің  сөзі:  әр 

мақсатқа жету қажет, бірақ жетер жол әрқашан оңай 

болмайды. Егер сіз мына сиқырлы   қоржынға жетсеңіз 

- тілегіңіз орындалады. Топ бір-біріне қарама-қарсы екі 

қатарға тұрады. Қырындағы көршілерімен иықтаса, 

қарсысындағылармен - 15 см арақашықтықта тұрады.



Топтың мақсаты: - қол, дене арқылы кедергі 

тудыру; - Бірақ осы адамның шамасына қарай, адам 

қалайда өте алатындай болу керек.

«-Жоқ! Жоқ!» деп хормен айтады.

Қатысушының міндеті: - қатардағылардың арасы-

мен өтіп кету; келе жатып: «Иә! Иә» деп жүреді және 

өз мақсатын салтанатпен алады. Қуаныштан секіруі 

мүмкін. Топ арасымен барлығы өтуі тиіс. 

Жаттығуды талдау мына сұрақтар бойынша 

жүреді: - Жүру қиынға соқты ма? - Не көмектесті, не 

кедергі жасады? - Мақсатқа бару жолында әрқашан 

кедергі бола ма? Әдетте олармен не істейсіз? - Не 

істеген жөн? - Мақсатқа жету үшін кедергілерді жеңуге 

даярсыз ба? - Өз мақсатына жету үшін баса-көктеген 

дұрыс па?

Қане,  мақсатқа  қойылатын  талаптар-

ды бірге тұжырымдалық. Мақсат аукымды болуы 

тиіс. Мақсатқа қол жеткізілетін мөлшерлі мерзім 

көрсетіледі. Мақсатқа қол жеткізудің критерийлері 

тұжырымдалған болуы тиіс. Мақсатқа қол жеткізу 

адамның өзіне байланысты - мақсатты баяндауда 

өзге адамдар көрініс бермеуі тиіс, өйткені олардың 

өз мақсаты мен тілегі бар және олар басқа адамның 

тілегін орындауға міндетті емес.

Мақсатқа қол жеткізу ешкімге зиянын тигізбеуі 

керек. Егер өз өміріңізде мақсатты бүгін үйренгендей 

қойсаңыз, табысқа жетесіз деп ойлаймын.

ІІІ. Миға шабуыл. (5 мин.) «Кедергі» деген 

сөзді естігенде сіздердің ойларыңызға бірден не 

келеді? (ассоциация). Бүгін біз не жайлы айтамыз деп 

ойлайсыздар?



ІҮ. Топтық жұмыс №1. (10 мин.) а) Постермен 

жұмыс. 1 топ. Білім сапасын арттыруда оқушылар 

тарапынан кездесетін кедергілер мен олардан шығу 

жолдарын постерге жазу. Әр кедергіге екі шығу жо-

лын жазу керек. 2 топ. Ата-аналар тарапынан қандай 

кедергілер бар оларды қалай жоюга болады? По-

стерге жазу. 3 топ. Мұғалім тарапынан кездесетін 

кедергілер мен олардан   шығу жолдарын постерге 

жазып көрсету. б) Топтар жұмыстарын ауыстырып 

оны толықтырады. в) Жазған жұмыстарын қорғау (5 

минуттан). г) Қосымша мәліметтер.

Сапаға жету жолдары. Біліктілік: 1. Білімнің 

негізінде  қалыптасатын  үлкен  еңбек,  яғни  - 

жауапкершілікті сезіну; - белгілі бір мәселені ше-

шуге қатысу; - білім беру технологияларын түсіну, 

меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту; - еңбекке 

дұрыс қарым-қатынас; - кәсібіне үнемі ізденіс таныту.

2. Ақпараттық қажеттілікті сезіну.

3. Көздеген мақсатқа жетуде әдіс-тәсілдердің бір-

бірімен сай келуі. Біліктілік негізі:

1. Оқып үйрену. Белгілі бір тәжірибені пайдала-

на білу; өз білімін өзара байланыстыра ұйымдастыру; 

өзінің жеке оқыту бағдарламаларын құра білу; өзін 

дамытумен дербес айналысу.



2. Іздеу. Әр түрлі барлық мәліметтерді іздестіру; 

ақпараттармен жұмыс; құжаттармен жұмыс жасай 

білу және оларды топтай білу.

3. Бейімделу. Технологиялар мен ақпараттарды 

қолдана білуге бейімделу; өзгеріске икемділік таны-

ту; қиындыққа төзу және жеңе білу; жаңа шешімдер 

таба білу.



4.  Ынтымақтастықта  болу.  Еңбекте 

ынтымақтастықта болу; келіспеушілік пен түрлі 

көзқарастылыққа көрегенділік таныту; келісе білу; 

шарт жасай білу және оны орындау; тілектестік және 

ынтымақтастық таныту.

5.  Жұмысқа  ниеттілік.  Жобага  кірісу; 

жауапкершілікті сезіну; өз жұмысын ұйымдастыра 

білу;  өткенді  жаңамен  байланыстыруды 

ұйымдастыру; қоғам дамуына сын кезбен қарай білу; 

қиындықка және сенімсіздікке қарсы түру; өзінің же-

ке көзқарасын білдіре білу.



Білім сапасын арттырудағы тұлғалар қызметі: 

1. Ұйымдастырушылық қызмет - педагогикалық 

қызметті ұйымдастыру; - мұғалім - оқушы қызметін 

ұйымдастыру; - оқушы қызметіне жағдайдың жа-

салуы; - мұғалім мен оқушының өзара байланыс 

қызметі; - оқушының өз қызметін ұйымдастыру.

2. Жобалық кызмет. Педагогикалық  үрдіске   

қатысушылардың   мумкін болатын нәтижелерін жо-

балай білу; - педагогикалық өзара әрекетті үлгілеу; - 

педагогикалық технологияны жүзеге асыру   үрдісінде 

мұғалім мен оқушының даму деңгейін болжау.

3. Коммуникативтік қызмет. Педагогикалық 

үрдіске  қатысушылардың (мұғалім, оқушы, ата-ана) 

арасындагы коммуникативтік қызмет; - мұғалім мен 

оқушылар арасындағы ақпараттық алмасу; - педа-

гог пен тәрбиеленушілер арасындағы өзара түсіністік 

жағдайының жасалуы.



Ү. Рефлексия. Жаттығу «Кездескенше» (Барлық 

қатысушылар шеңбер жасап түрегеп тұрады).

- Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы  

күн бар.  Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, 

сүйіспеншілік сыйлады. Оны сіздер бір-біріңізге бе-

ре отырып, семинар туралы өз әсерлеріңізді, қалай 

болғаны жайлы айтып, пікірлеріңізді білдіресіздер, 

әрине, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз 

тілектеріңізді жолдайсыздар. Бәріңізге көп рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет