Алты Алашқа аты көптен та ныс, қазақ жұртының жүрегіне сұлу



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата17.01.2017
өлшемі9,29 Mb.
#2110
1   2   3   4   5   6   7   8   9

М.МҰХАМЖАРОВА,

Ш.Жексенбаев атындағы ЖББОМ,

 Бөкей ордасы ауданы

12

Жайық ұстазы

10 қыркүйек, 2014 ж.

 МЕНШІК ИЕСІ:

“Өрлеу” біліктілікті арттыру 

ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының филиалы “Батыс 

Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты”

Бас редактор: 

АҚМАРЖАН ТАуБАеВА

Жауапты хатшы:

Руфия Афлетонова

Тілші: Рысты Исмағұлова

Компьютерлік 

жұмыстар:

Галина Бижанова

* Газет айына екі рет шығады

* Редакция оқырман хаттарына 

жауап бермейді, хаттар мен қолжазба 

қайтарылмайды

* Автор мақалалары редакция көзқарасын 

білдірмейді

* Деректердің дәлдігі үшін автор 

жауапты

Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат 

және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп, 

№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.

Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы, 

238 үй. 

Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru

Жалпы тираж 4500

Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында 

басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3. 

Тел: 50-51-46

«Кітап әлемінің қызықтары»

Б

о с   ж ұ м ы с   о р ы н д а р ы 

ж ә р м е ң к е с і

* Танымға таным қосайық *

Кітап – адам жанын, тәнін, 

дертін де емдейтін рухани 

дәрумен іспеттес. Кез-келген 

адам өмірлік жағдайлардан 

шығудың жолын кітаптан таба 

алатыны ақиқат. Өмірге кел-

ген әр адам түрлі тағдыр, сан 

қилы жағдайларды басынан 

өткереді. Осындайда адам өз-

өзін жұбата алса игі. Өмірлік  

жағдайлардың 

түйінін 

тарқатып,  қиындықтардан 

шығатын  жол  көрсететін, 

бағыт-бағдар беретін бірден-

бір  дүние,  ол  –  көркем 

әдебиет пен публицистика 

екені анық.  Адамның көңілін 

жұбататын,  жадырататын, 

өмірін өзгертетін де осы – сөз 

құдіреті. «Кітап дегеніміз – 

алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа қалдырған 

рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ой-

лаудан да тыйылар едік» - деген сөзі бар Ғабит 

Мүсіреповтің. 

Шынтуайтында, көркем сөз, көркем әдебиет 

– адамның жан азығы, рухани қорегі. Сол үшін 

рухани азығымыз азаймай, қайта керісінше, 

молая түсуі үшін көркем әдебиетті көбірек 

оқысақ, құба-құп. Халқымызда  «Ізденген же-

тер мұратқа» деген дана сөз бар. Әр нәрсені 

білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау – 

адамды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. 

ХХІ ғасырдағы дамыған елде – белсенді, білімді 

жас ұрпақты тәрбиелеуде  Хамза Есенжанов 

атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер 

кітапханасы оқырмандардың жан дүниесін 

кеңейтуге, рухани өсуіне, өз бетінше білімін 

жетілдіруге, рухани адамгершілік тәрбие беру 

мақсатында ықпал етуде. Оқырмандарға бағыт-

бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттердің 

көмегі аса зор екендігін ескере келе, олардың 

білуге деген құштарлығын қанағаттандыру 

үшін күнбе-күн қорымыз жаңа әдебиеттермен 

толықтырылуда. 

Атап айтсақ, шешендігімен айрықша 

көзге түскен, парасатқа толы ойлары, мар-

жан сөздері жас ұрпаққа үлгі-өнеге бола-

тын, халқымыздың өз алдына дербестігін 

аңсап, өз заманында елдің елдігін ойлаған, 

өз кезінде ел жұртының ертеңіне алаңдаған 

кемеңгерлер «Әйтеке би», «Төле би», «Қаз 

дауысты Қазыбек би» туралы «Қазақпарат» 

баспасынан шыққан кітаптардан біле алады.

«Әлемнің 

қасиетті 

жерлері», 

А.Вайнбергтің «Жалықтырмайтын астро-

номия», «Қыздарға арналған энциклопе-

дия»,  «Табиғаттағы  таңғажайыптар», 

«Таңғажайып түстер», «Өсімдіктер әлемі», 

«Табиғат пен технология», «Жер бетіндегі 

өсімдіктер», «Көк күмбезі», «1100 қызықты 

дерек»  атты  кітаптардан  сан-саланы 

қамтитын жеткіншектердің көкейіндегі көптеген 

сұрақтарға жауап табылады, көркем тілмен 

қысқа, әрі нұсқа жазылған мәтіндер балалардың 

туған жері мен халқына, тілі мен дініне, әдебиеті 

мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімдерін 

оятып, ұлы ата-бабаларының асыл мұраларын 

құрметтеуге баулиды.  Адам баласына ақыл-

ой, білім кенін, игілік пен ізгілікті тарту ететін 

кітап әлемінің орны әрдайым бөлек. Дәуір да-

стан – технология десек те, кітапсыз келешекті 

көз алдыңа елестету мүмкін емес. Ғасырлар 

бойы ақыл-ой мәйегіне айналған Кітап – қашан 

да кітап!         

         

Қаламқас БЕКЕНИЯЗОВА,

 Х.Есенжанов атындағы облыстық 

балалар  және жасөспірімдер 

кітапханасының жоғары санатты 

кітапханашысы

Ш

ілде айында «Нұр Отан» пар-



тиясы облыстық филиалының 

қолдауымен облыстық жастармен жұмыс 

жөніндегі ресурстық орталығы жоғары және 

арнаулы орта оқу орындарын биыл бітірген 

түлектер мен жұмыссыз жастарды еңбекпен 

қамту мақсатында бос жұмыс орындары 

жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Ж

әрмеңкені «Нұр Отан» партия-



сы облыстық филиалының бөлім 

меңгерушісі Гауһар Шайхыниязова мен 

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі 

ресурстық  орталығының басшысы Серік 

Тоқмамбетов алғы сөзбен ашты. Жәрмеңкені 

ұйымдастырып, кіріспе сөз сөйлеушілер 

жұмыссыз жастарды жұмысқа орналасты-

ру мәселесіне мемлекет тарапынан жіті 

көңіл бөлініп отырғандығын, мұның қазіргі 

жағдайдағы еңбек нарығында сұраныс пен 

ұсыныстың сай келуіне, жұмыссыз жүрген 

жастарға сәл де болса септігі тиетіндігін ха-

бардар етті.

А

талған  жәрмеңкеде  20  жұмыс 



беруші 

мекемелер 

мен 

кәсіпорындардан 300-ге жуық жұмыс орын-



дары ұсынылды. Жастарды жұмыспен 

қамту  мақсатында  ұсынылған  бұл 

мамандықтың бәрі де еліміздің құрылысын 

дамытуға зәру болып отырған құрыштай 

білекті құрылысшыларды қажет етеді. Атап 

айтқанда:құрылыс монтаждаушы, аргон-

ды доғамен дәнекерлеуші, электрик, өрт 

бақылаушысы, ағаш сатыны монтаждау-

шы, металлоконструктор, көлік жүгізушісі, 

тас қалаушы, ұста, сантехник, жөндеуші, 

дәнекерлеуші, инженер, бағдарламашы, 

шығындарды бақылау инженері, қоймашы, 

БӨА  инженері,  инженер  жобалаушы, 

инженер-құрылысшы, инженер-электрик, 

техника қауіпсіздігінің инженері, бас ме-

ханик,  аудармашы,  есепші  және  тағы 

басқалар.

О

блыстық  жастармен  жұмыс 



жөніндегі жастар орталығының 

басшысы  Серік  Тоқмамбетов  біздің 

сұрағымызға  былай  деп  жауап  берді: 

«Нұр Отан» партиясының басшылығымен 

жұмыссыз жастарды азайту мақсатында 

қаңтар айынан бері орталықта жастар ара-

сында туындаған 253 мәселе қаралып, 306 

адам қабылдауда болды. Бүгінгі жәрмеңке 

негізінен биыл институт бітірген жастарға 

арналған  болатын.  Бірақ,  бұрыннан 

жұмыссыз жүрген жастардың шағымы бой-

ынша оларға да осы жәрмеңкеге қатынасуға 

ұлықсат берілді. Шарада 380 жұмыс іздеуші 

жұмыс беруші мекеме-кәсіпорындардың 

өкілдерімен  жүздесіп,  282  түйіндеме 

қабылданды. Жәрмеңке барысында біздің 

орталық кеңесшілері «Жұмыспен қамту 

-2020» «Жастар тәжірибесі», «Кәсіби даяр-

лау», «Қайта даярлау»және «Дипломмен 

ауылға» Мемлекеттік бағдарламасы бой-

ынша барлығы 73 жұмыс іздеуші толық  ақ

параттандырылды.                                  

О

сы орайда жәрмеңкедегі қалалық 



білім бөлімінің өкілі Батырхан 

Нұрмұханбетовке жолыққанымызда, облыс 

мектептеріне әсіресе, бастауыш мектеп 

мұғалімдері мен математика пәндерінің 

мұғалімдері жетіспейтіндігін айтты.

 

Рысты ХАЛАУҚЫЗЫ



*   Жа с   ке л с е   -   і с ке *

Казталов аудандық білім беру бөлімі және білім беру қызметкерлерінің 

кәсіподақ ұйымы облыстық білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл 

Әділгерейқызына інісі 

ЖАЙСАҢБЕК ӘДІЛГЕРЕЙҰЛЫНЫҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 

Сізді  бүгінгі  мерейлі  63 

жасқа 

толу 

зейнеткерлік 

мерейтойыңызбен құттықтаймыз! 

Сіз өміріңіздің мерейлі  уақытында 

ауылымыздағы білім ордасы қара 

шаңырақта ұстаздық қызмет етіп, 

интернат  тәрбиеленушілеріне 

әкедей қамқорлық жасадыңыз. 

Сіздің  ұстаздық  қызметіңізге 

алғысымыз  шексіз.  Қаншама 

жас  ұрпақтың  көкірегінде 

жылтылдаған  үміттерін  оя-

тып, қанша шәкірттеріңізді  білім 

нәрімен сусындатып, қияға қанат 

қақтырдыңыз.  Әр  шәкірттің 

жүрегіне өзіңізге деген ақ ниетті, 

жылы  сезімді,  ілтипатты 

ықыласты, шәкірттік үлкен құрметті 

қалыптастырдыңыз.  Бұл  сіздің 

шәкіртіңізге деген 

ыстық    лебізіңіз 

бен 

дариядай 

терең, саналы білім 

бергеніңіздің куәсі. 

Сіздің  өлшеусіз 

еңбегіңізге  рах-

мет!  Сол  ақ 

алғыстар қазіргі 

зейнеткерлік 

шағыңызда 

мықты денсаулық, 

таусылмас бақыт 

болып  оралуына 

шын ниетпен тілек 

білдіреміз!

Ізгі тілекпен: Бұлдырты ЖББOМ

Қымбатты ұстаз Мақсот Әмірханұлы!

Бөкей Ордасы ауданының білім беру бөлімі ауданның барлық педагог  

қызметкерлері атынан Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшы-

сы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызына інісі 

МЫҢБАЕВ ЖАЙСАҢБЕК ӘДІЛГЕРЕЙҰЛЫНЫҢ 

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып көңіл айтады. 

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы ұжымы Облыстық білім 

басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызына сүйікті інісі 

МЫҢБАЕВ ЖАЙСАҢБЕК ӘДІЛГЕРЕЙҰЛЫНЫҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының 

филиалы «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институтының» ұжымы Облыстық білім басқармасының 

басшысы  Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызына інісі 

 

 

МЫҢБАЕВ ЖАЙСАҢБЕК ӘДІЛГЕРЕЙҰЛЫНЫҢ 

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 

«Орта  білім  беретін  үздік  ұйым» 

байқауының жеңімпазы  Тасқала ауданы 

«Сәулет» мектеп-лицейіне Диплом мен 15 мил-

лион 972 мың  800 теңгенің сертификаты та-

быс етілді. Мектеп  директоры Шапикова 

Күләш Маселқызы.

Республикалық «Үздік педагог» байқауының 

облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапат-

талды. 

• Мектепке дейінгі ұйымдары бойын-

ша – Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №5 

балабақшасының тәрбиешісі Резунова Галина 

Владимировнаға диплом  мен   ноутбук  табыс 

етілді. 

• Бастауыш, негізгі және жалпы орта 

білім беретін ұйымдар арасында «Үздік пе-

дагог» атағына ие болған дарынды балаларға 

арналған мамандандырылған С.Сейфуллин 

атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-

интернат кешенінің математика пәнінің 

мұғалімі Казиханов Серік Меңдібайұлына  ди-

плом  мен   ноутбук табыс етілді.

• Техникалық және кәсіптік білім беретін 

ұйымдар арасында «Үздік педагог» атағына 

ие болған Орал ақпараттық технологиялар 

колледжінің арнайы пән оқытушысы Мұлбаев 

Кеңес Тастымбайұлына диплом  мен  ноутбук 

табыс етілді. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 

Министрлігінің наградалары табыс етілді. 

Марапаттау рәсімін ҚР Білім және ғылым 

министрінің өкілі,  Ы.Алтынсарин атындағы 

Ұлттық білім академиясының президенті – 

Жанбол Октябрұлы Жилбаев жүргізді.

«Ы.Алтынсарин»  төсбелгiсiмен мара-

патталды:

Темірханова Ақжарқын Мүтиғоллақызы 

- Орал қаласының №44 жалпы орта білім 

беретін мектебінің директоры

Жиналеева Дариға Сәлімқызы - «Орал «Сер-

вис» технологиялық колледжі директорының 

оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары

Қазақстан Республикасының бiлiм беру 

iсiнiң құрметтi қызметкерi" төсбелгiсiмен:

Мазяркина Татьяна Николаевна - Облыстық 

экологиялық-биологиялық  орталығының 

қосымша білім беру педагогы

Мұхамбетов  Наурзғали  Нашенұлы  - 

Ақжайық аграрлық-технологиялық колледжінің 

«Фермер» шаруашылығы мамандығы бойынша 

өндірістік оқыту шебері. 

Байқау  қорытындысы бойынша:

1. «Жаңа инновациялық технологияларды 

енгізудегі үздік мектепке дейінгі ұйым» номи-

нациясы бойынша: 

- Ақсай қаласының №5 балабақшасына 

сертификат және фотоаппарат  табыс 

етілді (директоры  Нагуманова Ақкенже 

Иманғалиқызы); 

- Орал қаласындағы №47 «Бәйтерек» 

балабақшасына сертификат және фотоаппа-

рат  табыс етілді (директоры Тлеккабулова 

Гүлжан Ғалымжанқызы).

 2. «Оқу тәрбие үдерісінде көшбасшылық 

танытқан мектеп директоры» номинация-

сы бойынша 

- Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жал-

пы орта білім беретін мектебінің  директоры 

Махауова Малика Кашукқызына  сертификат 

және бейнекамера  табыс етілді.

- Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жал-

пы орта білім беретін мектеп- балабақшасы 

директоры Гарапшиев Берікжанға сертифи-

кат және бейнекамера  табыс етілді.

3. «Нәтижеге бағытталған қосымша 

білім беруді үздік ұйымдастырған білім беру 

бөлімі» номинациясы бойынша:

- Ақжайық аудандық білім беру бөліміне 

сертификат және ноутбук  табыс етілді (бас-

шысы Зиналиев Мереке Гатауұлы);

- Теректі аудандық білім беру бөліміне сер-

тификат және ноутбук табыс етілді (басшы-

сы Чукурова Светлана Ділмұхамедқызы).

4.  Жеке  кәсіпкерлер  арасындағы 

ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 

«Достық құшағында» номинациясы бойын-

ша: 

- «Айдана» қонақ үйі кешенінің  директоры 

Жугунисова Мәншүк Мұхамбетқызына серти-

фикат және сувенир табыс етілді. 

-  Жеке  кәсіпкер  Есенғалиева  Гүлнара 

Нисетқызына сертификат және   сувенир та-

быс етілді. 

5. Техникалық  және кәсіптік білім бе-

ру  ұйымдарында  оқу  үрдісін  үздік 

ұйымдастырғаны үшін «Жыл колледжі» номи-

нациясы бойынша:

- «Орал газ, мұнай және салалық технологи-

ялар колледжіне» (директоры Мұхамбеталиев 

Серік Хайырұлы) сертификат және  принтер 

табыс етілді. 

Басқа да министрліктің наградаларымен 

марапатталған бір топ әріптестеріміздің 

наградалары, сертификаттары, аудандық, 

қалалық тамыз кеңестерінде табыс етілді.

Наградаларыңыз құтты болсын!

Құттықтаймыз!

Құрметті оқырмандар! Газетіміздің 2014 жылғы 15 тамыздағы №5 (15) 

қосымшасында облыстық білім басқармасының 2014 жылғы тамыз кеңесіне 

арналған баяндамасы жарияланды. Осы қосымшаның 8,9 және 12 бетіндегі 

мезгіл көрсеткішін «23 қараша,  2013 жыл» деп емес, «15 тамыз, 2014 жыл» деп 

оқуларыңызды өтінеміз. 

 

 

 

 

 

 

Газет редакциясы

ТҮЗЕТУ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет