Аманкелді Шамғонов


МАХАМБЕТ  ӨТЕМІСҰЛЫ  (1803–1846)



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата12.01.2017
өлшемі1,13 Mb.
#1709
1   2   3   4   5   6   7   8

МАХАМБЕТ  ӨТЕМІСҰЛЫ  (1803–1846)    -  1836–1838  – 
жылдардағы Бөкей хандығы мен Кіші жүздің батыс бөлігіндегі халық 
–  азаттық  көтеріліс  басшыларының  бірі.  Қазақтың    көрнекті  ақыны, 
батыры. Ішкі ордада Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Кіші  
жүздегі  Байұлы  тайпа  бірлестігіне  жататын  Беріш  руының  Жайық 
бөлімінен. Әкесі Өтеміс Бөкей ордасында старшын болған. Махамбет 
татарша,  орысша  сауатты  болған.  Жәңгір  хан  баласы  Зұлқарнайын 
Орынборға оқуға барғанда, Махамбетті оның  қасына қосып жібереді. 
Жәңгір  хан  Махамбетке  старшын    атағын  да  береді.  Алайда 
XIX-ғасырдың  30  –  жылдарының  орта  кезінде  Жәңгір  хан  мен 
Махамбет  арасында  үлкен  келіспеушілік  болып,  Махамбет  хан 
ордасынан  кетіп,  Ресейдің  отаршылдық  саясатын  қолдаушы, 
қарапайым  халықты  қанаушы  хан  –  сұлтандарға  қарсы  қозғалысты 
ұйымдастыру  мақсатында  Исатай  Тайманұлына  келіп  қосылады. 
Оның жалынды  жырларында  көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:  
 
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.  
                          немесе 
         Өздеріндей хандардың  
         Қарны жуан билердің 
Атандай даусын ақыртып, 
Лауазымын көкке шақыртып 
Басын кессем деп едім. 
 
И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс  жеңіліс 
тауып,  көтеріліс  басшысы  Исатай  батыр  қаза  тапқаннан  кейін  де 
Махамбет  хан-  сұлтандардың  халыққа  жасап  отырған  зорлық-
зомбылықтарын әшкерелейтін көптеген өлеңдер шығарады. Сол үшін 
де  Махамбет  1841-жылы  тұтқынға  алынып,  Орынбор  түрмесіне 
қамалады.  Бірақ,  көп  кешікпей  абақтыдан  босатылады.  Алайда, 
сұлтан  Баймағанбет  Айшуақов  Махамбетті  үнемі  қудалап,  ақыр 
соңында  1846-жылы  20-қазанда  өзіне  сенімді  адамдарды  жіберіп, 
қазіргі  Атырау  облысы,  Индер  ауданы  Қараой  деген  жерде  оны 
өлтіртеді. 

 
38 
Махамбеттің халыққа кең танымал толғаулары кек пен намысқа, 
серт  пен  сеиімге,  жігерге,  өршіл  рухқа  толы.  Оның  өлеңдерінде 
көтеріліс  басшысы  Исатайдың  ұраншысы  ретінде  өзінің  бейнесі 
көрініс береді. 
Сонымен  бірге,  Махамбет  күйші-сазгер  де  болған.  Оның 
"Өкініш,"  "Жайық  асу",  "Қайран  Нарын",  "Жұмыр-Қылыш", 
"Шілтерлі терезе", және басқа да көптеген күйлері бар. 
Жауынгер-ақын  Махамбет  Өтемісұлының  есімі  -  халыктың 
мәңгі  есінде.  Атырау  облысында  ақын  атындағы  аудан  және  село, 
облыс  орталыгында  Махамбет  атындағы  қазақ  драма  театры  бар. 
Орал  қаласындағы  мемлекеттік  университет,  Астана  қаласындағы 
оқушылар  сарайы  ұлы  ақынның  есімімен  аталады.  2003-жылы 
кыркүйек  айында  Махамбет  Өтемісұлының  200-жылдық  мерейтойы 
ЮНЕСКО-ның  шешімімен  халықаралық  дәрежеде  аталып  өтті. 
Атырау  қаласында  Исатай  мен  Махамбет  батырларға  ескерткіш 
орнатылды. 
БӨКЕЙ  ХАН  (туған  жылы  белгісіз-21.05.1815)  -  Нұралы 
ханның баласы, Бөкей ордасының негізін салушы, 1801- жылға дейін 
Кіші  жүзде  хан  кеңесінің  төрағасы  болды.  Кавказ  линиясының 
қолбасшысы  генерал-лейтенаит  К.Ф.Кнорринг  арқылы  патшаға 
өтініш  жазып,  өз  коластындағы  қазақтарды  Еділ  мен  Жайық 
арасындағы  жерлерге  қоныстануға,  Ресей  азаматтығын  қабылдауға 
рұқсат  сұраған.  1801-жылы  11-ші  наурызда  бірінші  Павел  патша 
Бөкей сұлтанға өзі калаған жерлерге көшіп-қонуға ресми жарлықпсн 
рұқсат  берді.  Осылайша,  Ресей  мен  Қазақстан  арасында  Ішкі  Орда 
(кейін  Бөкей  ордасы)  мемлекеті  құрылды.  Оның  жер  көлемі 
шығыстан  батысқа  350  шақырым,  оңтүстіктен  солтүстікке  250 
шақырым  деп  белгіленді.  1801-жылы  күзде  Бөкей  сұлтан  Сарайшық 
тұсынан  5001  от  басымен  22775  жанмен  Ішкі  Ордаға  өтті.  Ішкі 
Ордадағы  халық  саны  жыл  сайын  көбейе  түсті.  1801-жылдан  1812-
жылға дейін Бөкей Ішкі Орданы сұлтан дәрежесінде баскарды. 1812-
жылы  1-мамырда  император  сұлтандарға,  билерге,  старшындарға, 
жалпы Кіші жүз қазақтарына Бөкей сұлтанды хан деп тану жөніндегі 
грамотаға  қол  қойды.  Бұдан  бұлай  Ішкі  орда  Бөкей  ордасы  немесе 
Бөкей  хандығы  деп  аталатын  болды.  1812-жылғы  7-маусымда  Орал 
қаласының  іргесіндегі  хан  тоғайында  Бөкейді  хан  тағына  отырғызу 
салтанаты болды. 

 
39 
Бөкей  хан  көршілес  Ресей  губерниясымен  керуен  саудасын 
дамытуға  күш  салды.  Бөкей  хан  кезінде  Орда  қазақтарының 
әлеуметтік  -экономикалык  жағдайлары  біршама  жақсарды.  Ол  1815-
жылы  қайтыс  болған.  Онын  зираты  Астрахань  облысы  Краснояр 
ауданы  мен  Атырау  облысы,  Құрманғазы  ауданы  шекарасында  Кіші 
Арал  деген  жерде.  Бөкей  хан  өзіне  мұрагер  етіп  баласы  Жәңгірді 
қалдырған. Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Орда ауданы 2000-
жылдан бастап "Бөкей Ордасы ауданы" деп аталды. 
ЖӘҢГІР  ХАН  (1801-1845)  -  1823-1845  жылдардағы  Бөкей 
ордасының  ханы,  Бөкей  ханның  баласы.  1801-жылы  Сарайшықта 
туған.  1823-жылға  дейін  Астрахань  губернаторы  Андреевскийдің 
үйінде  тәрбиеленіп,  европаша  білім  алған.  Ол  орыс,  татар,  араб, 
парсы  тілдерін  білген.  1824-жылы  20-маусымда  Орал  қаласы 
маңындағы Хан тоғайында Жәңгірді хан көтеру рәсімі болған. Жәңгір 
хан  Еділ-Жайык  өзендері  аралығында  Ресей  империясының 
отаршылдық саясатын белсенді түрде іске асырушы болды. Сонымен 
бірге, Жәңгір хан Бөкей ордасында өз заманы үшін алдынғы қатарлы 
болып  келетін  көптеген  шараларды  іске  асырды.  Ол  1826-жылы 
император  І-Николайдың  рұқсатымен  Жасқұс  деген  жерден  Бөкей 
хандығының орталығын салдырды. Ол Орда деп аталды (қәзір Батыс 
Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы аумағында  - автор). Ордада 
Қазакстанда  тұңғыш  рет  дәрігерлік  бөлімше,  дәріхана,  архив,  музей 
ашылды.  1832-жылдан  бастап  Бөкей  ордасында  сауда  жәрменкесі 
ұйымдастырылды. Хандықтың алғашкы картасы жасалды. Жәңгір хан 
шешек  ауруына  қарсы  егудің  негізін  салды.  Қазақ  шежіресі 
нұсқаларының  бірін  жазды,  бұл  еңбек  қазір  Қазан  университетінде 
сақтаулы.  1844-жылы  Қазан  университетінің  жанындағы  ғылыми 
кеңеске  мүше  болып  сайланді.  1838-  жылы  Тарғын  өзені  бойында 
жеміс-жидек  бауының  (“хан  жайлауы”)  негізін  қалады.  1841-жылы 
Жәңгір хан өз қаражатына қазақ балалары үшін мектеп ашқызды. Бұл 
мектепте  негізінен,  ауқатты  қазақтардың  балалары  оқыды. 
Императорға  киіз  үйдің  таза  алтыннан  соққан  макетін  сыйлаған 
Мақаш Бекмұханбетов, ғалым-этнограф Мұхамбет-Салық Бабажанов, 
қазақтың  тұңғыш  генерал-лейтенанты,  Балқан  шайқасының  батыры 
Ғұбайдолла  Жәңгір  ұлы,  қазақтан  шыкқан  тұңғыш  филология 
ғылымдарының  кандидаты  Бақтыгерей  Құлманов,  түңғыш  заң 
ғылымдарының  кандидаты  Уалитхан  Танашев  және  басқалар  осы 
мектепте  оқып,  білім  алған.  1842-жылы  Жәңгір  хан  бұталар  мен 

 
40 
орман  ағаштарын  сақтау  және  оны  кесуге,  оларда  мал  жаюға  тиым 
салу  туралы  ереже  қабылдады.  1844-жылы  Ішкі  орда  қазақтарына 
малдарын  жұттан  аман  сақтау  үшін  жемшөпті  күні  бұрын 
дайындауды,  өздеріне  тиісті  орындарда  шабындықтарды  суландыру 
үшін  артезиан  құдықтарын  орнатуды  міндеттеді.  1840-жылы  Жәңгір 
ханға генерал-майор атағы берілген. Жәңгір ханнын халыққа жасаған 
озбырлығына  және  ол  арқа  сүйеген  Ресейдің  отаршылық  саясатына 
қарсы  бағытталған  Исатай-Махамбет  батырлар  бастаған  1836-1837 
жылдардағы  Бөкей  ордасындағы  халық-азаттық  көтерілісті  орыс 
әскерлерінің  күшімен  басып-жаншуды  және  көтерілісшілерді 
жазалауды  ұйымдастырушы  ретінде  де  ол  халық  санасында  қалды. 
2003-  жылы  Орал  каласындаға  аграрлык-техникалық  университетке 
Жәңгір хан есімі берілді. 
ҚАЙЫПҚАЛИ ЕСІМОВ- (1789-шамамен 1857) - Есім ханның 
үлкен ұлы. 1797-жылы Сырым Датұлы бастаған көтерілісшілер  Есім 
ханды  өлтіргеннен  кейін  Қайыпқали  Есімов  Ішкі  ордада  Бөкей 
сұлтанның камқорлығында болады. Кейін Бөкей ордасының сұлтаны 
ретінде  бір  руды  басқарады.  1826-жылы  Жәңгір  ханмен  бірге  1-
Николай патшаның таққа отыру салтанатына қатынасады. Қайыпқали 
Бөкей  Ордасында  хан  болуға  үміттеніп  сол  үшін  де  Жәңгір  ханмен 
араздасқан  1827-жылы  өзінің  қарамағындағы  старшындарды  Жәңгір 
ханға  бағынбауға,  оған  алым-салық  төлемеуге,  тіпті  халықты 
Жайықтың  шығыс  бетіне  көшуге  үгіттейді.  Сол  үшін,  1828-жылы 
ақпан  айында  тұтқынға  алынып,  Орынбор  түрмесіне  жабылады.  8 
айдан  соң  абақтыдан  босатылған  Қайыпқали  1829-жылдың  басында 
Бөкей ордасы қазақтарын бастап, Жайықтың Кіші жүз бетіне көшуге 
дайындады.  Алайда,  1829  -жылдың  наурыз  айында  Жайық  өзенінің 
батыс  жағындағы  20  верст  жерде,  Орал  қазақ  әскерінің  атаманы 
генерал-майор  Д.М.Бородин  оны  тұтқындап,  әуелі  Орал  кейін, 
Орынбор  қаласына  түрмеге  жібереді.  Бір  жылдан  соң  Орынбор 
түрмесінен  қашып  шыққан  Қайыпқали,  Кіші  жүздің  далалық 
аймағында бірнеше жыл жүреді. 1836-жылы Хиуа ханы Аллақұлдың 
шақыруымен  Хиуаға  барып,  "Батыс  қазақтарының  ханы"  деген 
лауазым  алады.  Кіші  жүзге  қайтып  келіп  Хиуа  хандығының 
пайдасына 
зекет 
жинайды. 
1838-жылы 
И.Тайманұлы 
мен 
М.Өтемісұлы  бастаған  көтеріліске  қосылып,  аз  уақыт  олармен  бірге 
көтерілісті 
басқарады. 
Алайда, 
көтеріліс 
басшылары 
мен 
Қайыпқалидің  мүдделерінің  алшақтығы  көп-кешікпей-ақ  анық 

 
41 
байқалады.  1838-жылы  12-шілдеде  полковник  Геке  басқарған 
жазалаушы  әскермен  болған  ауыр  шайқаста  И.Тайманұлы  қаза 
тапқаннан кейін, Қайьшқали Есімов қол астындағы әскерін тастап бір 
топ адаммен Хиуаға қашады. XIX ғасырдың 50-жылдардың ортасына 
дейін Хиуа ханы тағайындаған  “Батыс казактарының ханы” ретінде 
қазақтардан  зекет  жинап,  оларды  Хиуа  хандығына  қарай  көшуге 
үгіттеумен  болады.  Кейін  Хиуа  ханы  Мұхаммед-  Эмин  оны  хандық 
атақтан айырады. 
ҚАРАУЫЛҚОЖА  БАБАЖАНҰЛЫ  (1785-1850).  1809-жылы 
Кіші жүзден Ішкі ордаға қоныс аударған. Жәңгір хан оны 1833-жылы 
Каспий  теңізінің  солтүстік-батыс  жағалауындағы  жерлердің 
басқарушысы  етіп  тағайындайды.  Кезінде  хан  Бөкей  бұл  жерлерді 
старшина  Исатай  Тайманұлына  басқаруға  берген  болатын. 
Қарауылқожа  Бабажанұлы  1834-жылы  Астрахань  қаласында  Каспий 
теңізінің  солтүстік-батыс  жағалауындағы  жерлерді  жалға  беру 
жөнінде князь Н.Б.Юсуповтың іс басқарушыларымен шарт жасасады. 
Ол ірі феодал, өсімқор-саудагер болды. Оның зорлық зомбылығынан 
бұқара  халық  қатты  азап  шекті.  Мұның  өзі  1836-1837-  жылдарда 
Бөкей ордасында И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған шаруалар 
көтерілісінің шығуының бір себебі болды 
Көтерілісшілердің  бір  талабы-Қарауылқожаны  қызметінен 
босату  болатын.  И.Тайманұлы  бастап  қол  қойған  көтерілісшілердің 
арызына  байланысты  Орынбор  генерал-губернаторы  В.А.Перовский 
1837-жылы  желтоқсан  айында  Қ.  Бабажанұлын  биліктен  тайдырды. 
Жәңгір  хан  Орынбордың  жаңа  генерал-губернаторы  В.А.Обручевке 
1843 және 1845 жылдары Қарауылқожаны бұрыңғы қызметіне  қайта 
тағайындау  туралы  өтініш  жасап,  ақыры  дегеніне  жетті.  
Қарауылқожа  Бабажанұлы-  Каспий  теңізінің  солтүстік  жағалауында 
тұнғыш  ағаш  үй  тұрғызушылардың  бірі.  (ол  үйдің  орны  қазіргі 
Атырау  облысы,  Исатай  ауданының  аумағында-автор)  Ол  Бөкей 
ордасында  астық  саудасын  ұйымдастырушы  кәсіпкер  болды. 
Қарауылқожа Бабажанұлы балаларын Орынбордағы Неплюев әскери 
училищесінде  оқытқан.  Солардың  бірі-  ғалым-этнограф-  Мұхамбет- 
Салық Бабажанов еді. 
БАЙМАҒАМБЕТ 
АЙШУАҚҰЛЫ.(1790-1847) 
1797-1805 
жылдары  Кіші  жүзді  басқарған  Айшуақ  ханның  баласы,  Әбілхайыр 
ханның  немересі.  Патша  үкметінің  қазақ  даласында  жүргізген 
отаршылдық  саясатына  қолдау  көрсеткені  үшін  әскери  старшын, 

 
42 
подполковник, 
полковник 
шендерін 
алған. 
Қаратай 
Нұралыханұлымен  және  Орал  қазақ  әскерлерімен  бірігіп  Жоламан 
Тіленшіұлы  бастаған  ұлт-азаттық  қозғалысты  басуда  үлкен 
белсенділік  танытты.  1830-жылы  Кіші  жүздің  батыс  бөлігінің 
басқарушы  сұлтаны  болып  тағайындалды.  17  жыл  бойы 
қоластындағы қазақ шаруаларын феодалдық езгіге салды. Сондықтан 
да  Баймағамбет  сұлтанның  қарамағындағы  шаруалар  И.Тайманұлы 
мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтеріліске  белсене  араласты.  1838- 
жылдың алғашқы 6 айында Кіші жүздің батыс бөлігінде кең көлемде 
өрістеген  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  басқарған  халық-азаттық 
көтерілісті  басуда  ерекше  белсенділік  көрсетті.  1838-жылы  12-
шілдеде  Ақбұлақ  өзені  бойындағы  шайқаста  Геке  мен  Б.Айшуақұлы 
басқарған  әскерлермен  болған  шайқаста  көтеріліс  басшысы  И. 
Тайманұлы  ерлікпен  қаза  тапты.  Көтерілістің  екінші  басшысы  
М.Өтемісұлын  үнемі  қуғындап,  ақыры  1846-жылдың  қазан  айында 
өзіне  сенімді  адамдарды  жіберіп,  Қараой  деген  жерде  Махамбетті 
өлтіртті.  ХІХ  ғасырдың  40-жылдарында  Кенесары  Қасымұлы 
бастаған халық-азаттық көтерілісті басуға да араласты. 1846-жылдың 
желтоқсаны  мен  1847-жылдың  наурыз  айы  аралығында  Санкт-
Петербург  қаласына  барып,  І  Николай  патшаның  қабылдауында 
болды,  генерал-майор  дәрежесін  алды.  Ауылға  қайтар  жолда  1847- 
жылы 27- ақпанда Елек өзенінде суға кетіп, өлді.  
ГЕКЕ КАРЛ КАРЛОВИЧ – Орынбор генерал-губернаторының 
ерекше  тапсырмалар  жөніндегі  чиновнигі.  1837-жылы  қазан  айында 
И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілісшілер  Жәңгірхан 
ордасын талқандау қаупі төнген кезде Орынбор генерал-губернаторы 
В.А.Перовский  көтерілісті  басуды  ұйымдастыру  үшін  подполковник 
Гекені  Ордаға  жіберді.  Гекенің  жарлығымен  Кулагино  және  Горск 
қамалдарынан,  Зеленов  бекінісінен,  хан  ордасынан  жинақталған 
жазалаушы  әскерлер  1837-жылы  15-  қарашада  Тастөбе  деген  жерде 
зеңбіректердің  көмегімен  көтерілісшілерді  жеңіп,  оларды  ыдырауға 
мәжбүр  етеді.  Қазақ  ауылдарын  аяусыз  талап,  көтеріліске 
қатынасушылардың  біразын  тұтқынға  алады.  1838-жылы  Исатай, 
Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілісшілер  Кіші  жүзге  бағыт  алған 
Кенесары 
Қасымұлы 
бастаған 
ұлт-азаттық 
көтеріліске 
қатынасушылармен  қосылуға  бет  бұрған  кезде  генерал-губернатор 
В.А.Перовский  полковник  Гекені  зеңбіректермен  қаруланған  үлкен 
отрядпен  көтерілісті  басуға  жібереді.  Геке  мен  Баймағамбет 

 
43 
Айшуақовтың  біріккен  жазалаушы  әскерлері  1838-жылы  12-шілде 
күні  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілісшілермен 
Ақбұлақ өзені жағалауында кездесіп, оларды талқандайды. Көтеріліс 
басшысы  И.Тайманұлы  ұрыста  қаза  табады.  Осылайша,  1836-1838-
жылдарда  Бөкей  ордасы  мен  Кіші  жүздің  батыс  бөлігін  қамтыған 
халық-азаттық  көтеріліс  біржола  жеңіледі.  Кейін  Гекеге  генерал-
майор  шені  беріліп,  Орал  қазақ  әскерлерінің  атаманы  қызметіне 
тағайындалады.  
ПЕРОВСКИЙ  ВАСИЛИЙ  АЛЕКСЕЕВИЧ  (1795-1857)  – 
Орынбор 
губерниясының 
генерал-губернаторы. 
Москва 
университетінің  түлегі.  1818-жылы  император  І-Николайдың 
адъютанты  болып,  патша  Россияны  аралаған  кезде,  оның  жанында 
жүрген. 
Декабристер 
көтерілісі 
кезінде 
Сенат 
алаңында 
императормен  бірге  болған  В.А.Перовскийге  оқ  тиіп,  жараланған. 
1828-1829-  жылдары  орыс-түрік  соғысына  қатынасқан.  1828-жылы 
оған  генерал-майор  атағы  берілген.  1833  –жылы  В.  А.Перовский 
Орынбор  әскери  губернаторы  болып  тағайындалады.  Осы  қызметті 
ол  1842-жылға  дейін  атқарады.    1851-  жылы  император 
В.А.Перовскийді Орынбор мен Самараның генерал-губернаторы етіп 
қайтадан  тағайындайды.  1857-жылы  ол  денсаулық  жағдайына 
байланысты бұл қызметтен біржола кетеді. В.А.Перовскийдің кезінде 
патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлауы күшейе түсті. Жаңа әскери 
шептердің  жүргізілуіне  байланысты  қазақтар  көптеген  жайылым 
жерлерден  айырылып,  олардың  әлеуметтік  жағдайлары  нашарлады. 
1837-жылдан  бастап  Кіші  жүзде  үй  басына  1,5  сом  болып  келетін 
ақшалай  салық  енгізілді.  В.А.Перовскийдің  1839-1840-жылдары 
Хиуаға жасаған  жорығы сәтсіз  аяқталды. 1853-жылы В.А.Перовский 
бастаған орыс әскерлері Қоқан хандығының бекінісі Ақмешітті басып 
алды. Ақмешіт ұзақ жылдар Перовск деп аталды. Ол Сырдария өзені 
бойында бірнеше бекіністер салдырып, Арал флотын құрды. 
          
  Исатай – Махамбет көтерілісі мектепдерде қалай оқытылып жүр? 
              (“Қазақстан тарихы ” оқулығындағы кейбір қателіктер
   Биылғы 
жылдың 
ақпан 
айында 
Алматыда 
“Жаңа 
ақпараттық 
коммуникациялық  ортада  кәзіргі  заман  оқулығын  дайындаудың  және  оқу 
кітабын    басып  шығарудың  өзекті  мәселелері  ”  атты  халықаралық  ғылыми-
тәжірибелік  конференция  болып  өтті.Осы  жиында  жасаған  баяндамасында  ҚР 
Білім  және  ғылым  министрі  Ж.Түймебаев  соңғы  жылдары  республикалық 
басылымдарда  мектеп  оқулықтарының    сапасына    және    онда  кетіп  жатқан 

 
44 
қателер  мен  бұрмаланған    деректерге    байланысты  баспасөз  бетінде  сыни 
мақалалардың  жарияланып  жатқандығына    конференцияға    қатысушылардың  
назарын 
 
аударды.Министр 
жаңа 
оқулық 
жазуда 
авторлар  
дәлелденген,нақтыланған  заманауи  ғылыми    ұстанымдарды    негізге  ала 
отырып,оқулық    әзірлеуде  оқушылардың  жас  деңгейін,психологиялық 
ерекшіліктерін де ескерулері керек  деген мәселе қойды. 
Сөздің  шыны  керек,Білім  және  ғылым  министрі  мәселені  дер  кезінде  және 
нақты  қойып  отыр.Себебі,  21  ғасырда  оқитын  оқушылардың  оқулығы  өткен 
ғасыр оқулықтарымен салыстыруға болмайтын кәзіргі замандағы  озық техника 
мен    технология  жетістіктері  негізінде    жазылуы  керек  қой.Алайда,мұндай 
оқулықтар  дайындалып  жарық  көргенше    мұғалімдер  де,оқушылар  да    кәзіргі  
оқулықтарды пайдалана тұрады.  
   Ал кәзіргі  оқулықтардағы қателер қандай?Соған мысал ретінде біз осы 
мақаламызда  8-сыныпқа  арналған  “Қазақстан    тарихы  ”  (Алматы  ,”Мектеп” 
баспасы,  2004)  оқулығындағы  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  
көтеріліске  байланысты  қателер  мен  бұрмаланған  деректер  туралы  сөз 
қозғайық.Алдымен  тақырыптың      атына  көңіл  аударсақ    “1836  –  1838 
жылдардағы  Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі”.Мінеки, қателіктің басы 
осы  тақырыптың    атынан  шығып  тұр.  Осы  тақырыптың  мазмұнымен 
танысқаннан  кейін  шын  мәнінде  көтерілістің  екі  аймақта  1836-1837-жылдары 
Бөкей  ордасында  және  1838-жылдың  алғашқы  6  айында  Кіші  жүздің  батыс 
бөлігінде болғандығын анық байқауға болады. Өкінішке орай, біздің тарихшы 
ғалымдарымыздың  әлі  күнге  дейін  бұл  көтерілістің  жылдарын  дұрыс 
көрсеткенімен, оның аумағын  
“Бөкей ордасындағы” деп негізсіз тарылтып жүргенін айтпай  кетуге болмайды.  
 
Оқулықтағы  әрбір  тақырып  оның  мазмұнын  дәл  білдіруі  керек,  ал 
жоғарыда көрсетілген тақырыптың атынан көтеріліс тек қана Бөкей ордасында 
болған екен деген пікір туады. Сонда патша үкіметінің отаршылдық саясатына 
қарсы  бағытталған  қазіргі  Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау,  Батыс  Қазақстан 
облыстары  аймақтарын  қамтитын  3000-нан  астам  адам  қатынасқан  Исатай-
Махамбет батырлар бастаған 1838-жылдың алғашқы 6 айындағы халық-азаттық 
көтерілісті  қайда  жібереміз?  Олай  болса  оқушыларға,  тіпті  мұғалімдерге 
түсініксіздік тудырып тұрған тақырыптағы ”Бөкей ордасындағы” деген тіркесті 
болашақта оқулықтың жаңа басылымында алып тастайтын мезгіл болды. 
 
Реті келіп тұрғанда айта кетейік, осы 11-параграфтың тақырыбын  “1836-
1838-жылдардағы  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы  басқарған 
халық-азаттық көтеріліс” деп атаған дұрыс болар еді.. Мұнда көтеріліс болған 
жылдар да, көтерілістің басшылары да және көтерілістің сипаты да көрсетілген. 
Тақырыптың  өзінен  өтілетін  сабақтың  бүкіл  мазмұны  көрініп  тұр.  Бұл  жерде 
көтерілістің  болған  аумағы  –  Ішкі  Орда  мен  Кіші  жүздің  батыс  бөлігі  әдейі 
көрсетілмей  отыр.  Себебі,  оның  бәрін  кірістірсек,  тақырып  өте  шұбалаңқы 
болып оқушылардың  есте ұстауына қиындық келтірген болар еді.  

 
45 
Тақырыптың мазмұнындағы тағы бір өз орнын таппай түрған нәрсе  -91-
беттегі көтерілістің 3 кезеңіңге бөлінуі және оның 1-кезеңінің тақырыптан тыс 
тұрғаны.  Қарапайым  ақылға  салсақ,  көтерілістің  кезеңдері  сол  оқиға  болған 
жылдардың  ішінде  (бұл  жерде  1836-1838-  жылдар  аралығында)  болуы  керск. 
Ал, оқулықта көтерілістің 1-кезені 1833-1836-жылдарды, П-кезең –1837-жылды 
III  кезең  1838-жылдын  12-шілдесіне  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Осы  жерде 
алдымен  байқайтынымыз  -  параграфтың  тақырыбы  мен  көтерілістің 
кезеңдерінің арасындағы сәйкессіздік. Дәлірек айтқанда I-кезеңнің такырыптан 
яғни  1836-жылдан  тыс  тұрғаны.  Екіншіден,  тақырыппен    салыстырғанда 
көтерілістің  III  кезеңін  де  Бөкей  ордасында  болған  екен  деген  түсініктің 
калыптасу  мүмкіндігі.  Ал,  тақырыптың  мазмұнымен  танысқанда,  Ш  кезеңде 
көтерілістің  Кіші  жүздің  батыс  бөлігінде  болғандығын  байқау  киын  емес. 
Сондықтан да мұғалім III кезеңде көтеріліс Бөкей ордасында емес, Кіші жүздің 
батыс  бөлігінде  болғандығын  оқушыларға  мұкият  түсіндіруі  керек.  Оған  қоса 
оқулықта  көрсетілгендей,  ІІІ  кезең  көтерілісшілер  күшінің  әлсіреп,  жеңілу 
кезеңі,  -  деген  пікірмен  келісу  қиын.  Бұл  жерде  “Қазақстан  тарихының”  ІІІ 
томында  атап  көрсетілгендей,  көтерілістің  ІІІ  кезеңі  жаңа  шайқастарға  әзірлік 
барысында  көтерілісшілердің  күштерін  қайта  топтастыру  кезеңі  деп 
көрсетілгенінің  шындыққа  жақын  екендігін  айтқанымыз  дұрыс  болады.  Ал, 
жалпы  алғанда,  оқушылардың  түсінігіне  осыншама  қиындық  келтіріп  тұрған 
көтеріліс  кезеңдерін  8-ші  сынып  оқулығына  кірістірудің  кажеттілігі  де 
болмас.Осы  жерде  Ж.Түймебаевтың  жоғырыда  көрсетілген  конференцияда 
оқулық әзірлеуде оқушылардың жас деңгейі мен психологиялық ерекшіліктері 
ескерілуі  керек  деген  сөзі  ойға  оралады  .  Біздің  пікірімізше,  бұл  кезеңдерді 
алып  тастағаннан  тақырыптың  мазмұнына  да,  окушылардың  біліміне  де 
ешқандай  нұқсан  келмек  емес.Айта  кетейік,  соңғы  жылдары  тарихи 
әдебиеттерде  Исатай  –  Махамбет  батырлар  бастаған  көтерілістің  3  кезеңнен 
емес,2 кезеңнен тұратындығы туралы дәлелдер келтірілуде. 
89-беттегі 
4-абзац 
"Бөкей 
Нұралыұлы 
(1804-1845ж.ж) 
Кіші 
жүздің  белді  сұлтандарынын  бірі"  деген  сөйлеммен  басталады.  Осы 
сөйлемдегі  жақша  ішіндегі  жылдардың  Бөкей  Нұралыұлына  еш  қатысы 
жоқ.Бөкейдің 
хан 
болып 
бекітілген 
жылы 

1812, 
ал 
өлген  жылы  -1815-жыл.  Сондықтан  да  тарихшы  мұғалімдер  бұл  жылдарға 
ешқандай да көңіл аудармауы керек. 
89-беттегі  тағы  бір  кемшілік  -  Бөкейхан  мен  оның  мұрагері  Жәңгірхан  
арасындағы  сабақтастықтың  жоқтығы.  Оқулықта  "Жәңгір  жас  кезінен  білімге 
құштарльіғын байқатты" делініп, одан әрі оның кызметіне сипаттама беріледі. 
Ал  8-сыныптың  оқушылары  болса  бұған  дейін  Жәңгірдің  кім  екендігінен 
хабардар  болған  емес.  Олай  болса,  бұл  жерде  Жәңгірдің  Бөкейханның  баласы 
екендігі,  Бөкейхан  қайтыс  болар  алдында  хандық  билікті  Жәңгірге  мұра  етіп 
қалдырғаны туралы оқушыларға нақты түсінік берілуі керек. 
Басқа  да  қателіктер  туралы  айтатын  болсақ,  98-бетте  мынадай  сөйлем 
бар:  "Олардың  ішінде  Исатайдың  ұлдары  Досмұханбет,  Дінбаян,  батырдың 

 
46 
жұбайы,  М.Өтемісұлының  інісі  Сүлеймен,  тағы  12  адам  Орал  қаласындағы 
түрмеге  жіберілді".  Бұл  жерде  тарихшы  мұғалімдер  ескеретін  жай:  Исатай 
Тайманұлының ұлы Досмұханбет ешуақытта жау қолына түспеген, жау қолына 
түскен  Исатай  батырдың  үлкен  ұлы-Жақия.  (Оқулықта  Жақияның  орнына 
Досмұханбет деп қате көрсетілген) Батырдың жұбайының аты – Несібелі. 
2004-жылы  "Мектеп"  баспасынан  8-ші  сыныпқа  арналған  "Қазақстан 
тарихы"  оқулығында  "Исатай  Тайманұлы  бастаған  көтеріліс  (1836-1838 
жылдар)"  деп  аталатын  оқулық  карта  берілген.  Өкінішке  орай,  бұл  картада  
кемшіліктер өте көп. Тарихшы мұғалімдер үшін біз сол кемшіліктердің  басты-
бастыларын ғана атап көрсеткіміз келеді 
1.Автор  картаның  тақырыбын  “Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет 
Өтемісұлы  бастаған  көтеріліс”демей,көтеріліс  басшыларының  біреуін  негізсіз 
қысқартқан.Автор  бұл  жерде  академиялық  “Қазақстан  тарихының”  3  томында 
және басқа да оқулықтарда көтеріліс басшылары ретінде Исатай мен Махамбет 
батырлардың бірге аталатындығын ескермеген. 
2.  Исатай  мен  Махамбет  бастаған  топтың  1837-жылдың  13-ші 
желтоқсанында  таңда  Сарайшықтың  маңынан  Жайық  өзенінен  Азия  бетке 
өткеннен  кейінгі  жүрген  жолдары  керісінше  көрсетілген.  Шындығында,  олар 
алдымен  Қарабау,  Тайсойған  құмдарына  қарай  бет  алды,  Барлыбай  моласына 
жетіп, одан оңтүстікке - Иманқара, Желтауға карай ойысқан. 
  3.Көтеріліс  басшысы  Исатай  Тайманұлының  қаза  тапқан  жері  деп  Жайық 
өзенінің  батыс  (Европа)  жағы  белгіленген.Шындығында  ,Исатай  Тайманұлы 
1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста қаза тапты 
емес  пе?  Махамбеттің  өлген  жері  деп  Жем  өзенінің  төменгі  құйылысы 
көрсетілген.Көтерілістің 
2-ші 
басшысы, 
дауылпаз 
ақын 
Махамбет 
Өтемісұлының қаза тапқан жері кәзіргі Индердің шығыс жағындағы Қарой емес 
пе?Жылма-жыл қаншама адамдар Махамбет кесенесіне- Қаройға барады.Мұны 
картаны  дайындаушы автор білмейтін сияқты. 
   4.  Картада      граф      Безбородконың      орнына      князь    Безбородко,      князь 
Юсуповтың орнына граф Юсупов деп қате көрсетілген. 
 
5.  Картада  1838-жылдың  шілде  айының  бас  кезінде  Орынбордан  шыққан 
полковник  Геке  баскарған  зеңбіректермен  қаруланған  үлкен  жазалаушы 
отрядтың жолы толық көрсетілмеген.Керісінше, одан маңызы әлдеқайда төмен 
Жоламан  Тіленшіұлы  басқарған  көтерілісшілерді  талқандауға  жіберілген 
атаман Падуров басқарған  жазалаушы әскердің жорық жолы үлкен штрихпен 
және  қате  көрсетілген.Себебі,Жоламан  Тіленшіұлы  отряды  Елек  өзенінің 
маңайында  болып,  кейін  Кенесары  Қасымұлы  бастаған  көтерілісшілерге 
қосылған. 
6.  Картаның  Азия  бетін  қараған  оқушы  Исатай,  Махамбет  батырлардың 
басшылығымен 1838-жылдың бірінші жартысында Кіші жүздің батыс бөлігінде 
3 мың адам қатынасқан көтеріліс мүлде болмағандай әсерде қалады. Картаның 
тақырыбында  көтерілістің  жылдары  дұрыс  көрсетілгенмен,  картадағы 
белгілерге қарап, оқушы көтеріліс тек Бөкей ордасында ғана болған екен деген 

 
47 
жаңсақ  пікірге  келуі  мүмкін.  Сондықтан,  болашақта  оқушылардың  осы 
тақырыпты  терең  меңгеруіне  көмектеспейтін,  қателігі  көп  бұл  картаны 
оқулықтан алып тастаған дұрыс болар еді. 
      Алматы  қаласынан  2005  ж  шыққан  “19  ғ  Қазақстан  тарихы  ”деп  аталатын 
Атластағы”Исатай  Тайманұлы  бастаған  көтеріліс  (1836-1838  ж)”    деген 
тақырыптағы  картада  да  8  сыныпқа  арналған    оқулыққа  жалғанған  картадағы 
қателіктер  негізінен  қайталанған.    Бұл  карта  “Исатай  Тайманұлы  бастаған 
көтеріліс ” деп аталса да онда Махамбет Өтемісұлының суреті берілген. 
    Сөз  орайы  келгенде  айта  кетелік,8  сыныпқа  арналған  “Қазақстан  тарихы  ” 
оқулығындағы карта мен жоғарыда аталған. “21 ғасырдағы Қазақстан тарихы” 
деп  аталатын  Атластағы  қателерді  түзете  отырып,осы  жолдардың  авторының 
“Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс 
(1836-1838 жылдар)” атты оқулық карта дайындағандығын және ол картаны ҚР 
Білім  және  ғылым  министрлігінің  республикадағы  негізгі  және  орта  
мектептерде  және  жоғарғы  оқу  орындарында    “Қазақстан  тарихы  ”  пәні 
бойынша көрнекі құрал ретінде мақұлданғанын қоса айтқымыз келеді.Өкінішке 
орай  ,  тарихшы  мұғалімдер  тарапынан      сұраныс  өте  жоғары  болса  да  бұл 
картаға    әлі  күнге  дейін    республика  көлеміндегі  мектептердің  қолы  жетпей 
келеді.  Себебі,жылма-жыл  Білім  және  ғылым  министрлігі  Баспадан  шығаруға 
рұхсат  ететін  оқулықтар  мен  қосымша  құралдар  “Тізіміне”  бұл  карта  бірде 
кіреді,бірде  кірмейді.Ал  “Мектеп”  баспасы  бұл  карта    “Тізімге”  кіргізілген 
жағдайда    және  оған  облыстардағы    Білім  басқармаларынан  тапсырыс  түскен  
жағдайда  ғана  көп  мөлшерде    басып  шығаруға  болатындығын  айтады.Мұның 
өзі  мектеп  оқушылары  әлі  де  біраз  уақыт  жоғарыда  көрсетілген  қате  картаны 
пайдаланады дегенге саяды. 
   Біз  көтеріп  отырған  мәселеге  байланысты  тағы  бір  айтарымыз-ол  авторы 
Х.К.Ермұқанова болып табылатын “Шың” кітабы туралы.Әділін айтсақ ,бүгінгі 
күні  бұл  кітап  жоғарғы  сынып  оқушылары  үшін  ең  жиі  пайдаланылатын 
оқулыққа  айналды.Сондықтан  да  бұл  оқулықта  кемшіліктің  болмағаны 
абзал.Өкінішке орай ,бұл кітапта да  И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған 
көтеріліске  байланысты  қателіктер  жоқ  емес.Енді  соларға  тоқталайық: 
Тақырыптың аты “Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі (1836-1838)”.Соңғы  
15  жылда  1838  жылы  Бөкей  ордасында  ешқандай  да  шаруалар  көтерілісі 
болмағандығы  туралы  мақалалар  жарық  көріп  келеді.Олай  болса,бұл  жерде 
автор  8-сыныпқа  арналған  мектеп  оқулығындағы  қателікті  қайталап 
отыр.Осының өзі –министр Ж.Түймебаевтың жоғарыда аталған конференцияда 
“1  оқулықтың  бірнеше  авторы  бар,қатені  бір-біріне  сілтегенде,қайсысы  кінәлі 
екендігін таба алмай қалдық”-деген сөзінің мысалы бола алады.Одан әрі мына 
сөйлемді  қараңыз:көтеріліс  басшылары  –Исатай  Тайманұлы  (1791-1838 
),Махамбет  Өтемісұлы  (1803-1804-1846)???  Адамның  туған  жылын  осындай 
етіп  көрсетуді  ,бұған  дейін,сірә,ешкім  көрмеген  болар.Осы  үшін  күлу  керек 
пе,әлде жылау керек пе?Бұл жерде  оқушылардың ,тіпті,студенттердің қолынан 
тастамайтын  оқулығына  ұлы  Махамбеттің  туған  жылын  осылай  көрсету-бұл 
жауапсыздықтың  нақты  көрінісі  дегеннен  басқа  шара  жоқ.2003  жылы  жалғыз 
Қазақстан Республикасы емес,халықаралық дәрежеде Махамбет Өтемісұлының 

 
48 
200 жылдығы аталып өткен  жоқ па?Автор ең болмағанда 8-сыныпқа арналған 
“Қазақстан  тарихы”  оқулығын    қарамаған  ба?  Алайда,Махамбеттің  туған 
жылын  қате  көрсетіп  отырған  тек  қана  “Шың”  кітабы  десек,әділін  айтпаған 
болар  едік.Өкінішке  орай  “Шыңнан”  басқа    оқулықтарда    да  ұлы  ақынның  
туған  жылы  қате    жазылып  жүр.2009  жылы  шыққан  “Шың  ”  кітабының  136 
бетінде  мынадай  сөйлем  бар:”Исатайдың  азаматтық    көзқарасының 
қалыптасуына  нағашысы  Жабай  Бегәліұлы  зор  ықпал  етті”.Шындығында 
Жабай  Бегәліұлы  Исатайдың    нағашысы  емес,-немере  ағасы,әкесі  Тайманның 
інісі  .Бұл  жерде  оқулықтағы  мұндай  қателіктің    жіберілуі  –аудармашылардан 
болса  керек,яғни  орысшадан  қазақшаға  аударған  кезде  осындай  қателік 
жіберілген.Бірақ,кәзіргі  кезде  оқушылар  мен  студенттер  Жабай  Бегәліұлын 
Исатайдың нағашысы деп айтып жүр.Бұл қателік дереу түзетілуі керек. 
 
   Құрметті  оқырман  ,біз  мақаламызда  қазақ  халқының  азаттығы  жолында 
өмірлерін сарып еткен батырлар Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы 
бастаған  көтеріліс  тарихына  байланысты  мектеп  оқулықтарындағы  қателіктер 
туралы  сөз  қозғадық.  Мақсатымыз  бұл  жерде  біреуді  сынау  емес,біздің 
таяудағы  болашағымыз    оқушылардың    бойында  осы  көтеріліс  туралы  кәзіргі 
кезеңмен  ұштастырылған    және  олардың  патриоттық  рухта  тәрбиеленуіне 
көмектесетін  дұрыс  түсініктің  қалыптасуы.Ол  үшін  мұғалімге  де,оқушыға  да 
қатесіз оқулық керек. 
 
 
                                                Аманкелді Шамғонов  
                                Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік  
                                          университетінің профессоры.  
 
 
                              Республикалық “Алтын Орда” газеті  13.05.2010 
 

 
49 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет