Аманкелді Шамғонов


Тақырыпты оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата12.01.2017
өлшемі1,13 Mb.
#1709
1   2   3   4   5   6   7   8

Тақырыпты оқыту барысында қолданылатын әдебиеттер 
 
1.
 
Досмұхамедов Х. Исатай-Махамбет. А., 1991 
2.
 
«История  Букеевского  ханства  1801-1852  гг.».  Документы  и 
материалы. А.‚ 2002 
3.
 
Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. А., 1991 
4.
 
«Қазақстанның  Батыс  өлкесі  тарихының  кейбір  проблемалары» 
атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Атырау, 1998 
5.
 
Қазақстан тарихы 3-том. А., 2002 
6.
 
Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихы «Мектеп» баспасы. А., 2004 
7.
 
Материалы  межрегиональной  научно-практической  конференции 
«Проблемные вопросы истории Западного Казахстана». Гурьев, 1991 
8.
 
Махамбет  Өтемісұлының  туғанына  200  жыл  толуына  арналған 
«Махамбет  –  ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы»  атты  халықаралық 
ғылыми-практикалық  конференция  материалдары.  І,  ІІ,  ІІІ-томдар. 
(12-14 қыркүйек 2003 жыл). Атырау, 2003 
9.
 
Народно-освободительное  движение  казахов  в  1836-1838гг. 
Документы, материалы, статьи. А., 1992 
10.
 
Республикалық  «Арыс»  қоры.  «Махамбет  әлемі»,  20  кітап.  А., 
2003-2004 
11.
 
Республикалық  «Махамбет»  қоры.  «Махамбет  кітапханасы»,  20 
кітап «Өлке баспасы». А., 2003-2004 
12.
 
Республикалық «Арыс» қоры. «Тұлға» сериясы. Исатай батыр. А., 
2004 
13.
 
Республикалық «Арыс» қоры «Тұлға» сериясы. Махамбет батыр. 
А., 2004 
14.
 
Сарай Ә. Исатай-Махамбет тарихы (зерттеулер). А., 1997 
15.
 
Шамғонов А. Исатай Тайманұлының ұрпақтары. А., 2001 
16.
 
«Атырау» энциклопедиясы. А., 2000 
17.
 
«Атырау» 19.03.1996 
18.
 
«Атырау» 28.10.2004 
19.
 
«Атырау» 24.04.2006 
20.
 
«Жұлдыз» журналы. 2003, №1 
21.
 
«Қазақ ордасы» журналы. 2003, №4 
22.
 
«Қазақстан мұғалімі» 2.09.2005 
23.
 
«Прикаспийская коммуна» 28.10.2004 
24.
 
«Учитель Казахстана». 09.11.2006 
25.
 
Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университеті 
«Хабаршысы». 2005, №2 

 
50 
 
Қосымшалар 
 
А.Шамғонов 
(Атырау мемлекеттік университеті) 
 
Махамбет Өтемісұлының туған жылы мен 
туған жері туралы 
 
2003-жылы  ЮНЕСКО-ның  шешімімен  1836-1838  -  жылдардағы 
Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті ұйымдастырушы 
және  оның  рухани  көсемі,  қазақ  поэзиясындағы  ерекше  тұлға,  ақын 
Махамбет  Өтемісұлының  200  жыл  толуы  халықаралық  дәрежеде 
аталып өтілмекші. Махамбет Өтемісұлы – қазақ халқының азаттығы, 
теңдігі жолында ақ найзасымен де, азаткер асқақ жырымен де, қасық 
қаны қалғанша күрескен, тіпті сол жолда құрбан болған әрі батыр, әрі 
ақын. Махамбет жырларын оқыған адам бүгін де тебіреніп, ақынмен 
бірге  айқасқа  кіргендей,  жеңіс  қуанышын,  жеңіліс  күйінішін  бірге 
кешкендей болады. Махамбет жырларының қасиеті осында. 
Көптеген ғылыми әдебиеттерде дауылпаз ақынның туған жылы       
1803-жылы  делінсе,  енді  бір  кітаптарда  М.Өтемісұлы  1804-жылы 
туған деп көрсетіледі. Осы екі цифрдың қайсысы дұрыс?  
Бірінші  әңгіме  М.Өтемісұлы  1803-жылы  туды  деген  пікір 
туралы.  Осыған  байланысты  тарихи  әдебиеттерге  көз  жүгіртейік: 
Қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Е.Бекмаханов  өзінің  1966  жылы  басылған  «Очерки  истории 
Казахстана  ХІХ  века»  деген  монографиясында  ақынды  1803-жылы 
туған  деп  жазады.  Қазақ  ССР  тарихының  1979-жылы  жарық  көрген 
ІІІ-томында да М.Өтемісұлы 1803-жылы туған деп көрсетіледі. 1984-
жылы басылып шыққан Қазақ ССР-ның қысқаша энциклопедиясында 
тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  М.Қозыбаев  «Азаттық 
күрестің  жалынды  жаршысы  ақын  Махамбет  Өтемісов  1803-жылы 
туған»  деп  жазады.  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет  Өтемісұлы 
өмірбаяндарын зерттеуші тарихшы – ғалым И.Кенжалиев 1991- жылы 
жарық көрген «Исатай-Махамбет» атты кітабында Махамбеттің 1803-
жылы  туғандығын  дәлелдейді.  Белгілі  қаламгер,  Қазақстан 
Республикасы  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Ә.Сарай  да 
«Исатай  мен  Махамбет  тарихы»  атты  зерттеу  кітабында 
И.Кенжалиевтің  пікірін  қолдайды.  2000  жылы  баспадан  шыққан 

 
51 
«Атырау»  энциклопедиясында  да  ақынның  туған  жылы  1803-жылы 
делінген.  Сондай-ақ  Қ.Жұмалиев,  Б.Қорқытов,  Қ.Сыдиқов  сияқты 
әдебиетшілер де Махамбет 1803-туған деген пікірді жақтайды. Сонда 
бұл авторлар қандай деректерге сүйенген? 
Зерттеушілердің  негізгі  тірегі  архив  материалдары.  Қазақстан 
Республикасы Орталық мемлекеттік архивтің 4-қорында Махамбетке 
байланысты  біраз  деректер  бар.  Соның  ішінде  Махамбеттің  туған 
жылын дәл көрсететін құжат та бар. Бұл деректің дүниеге келу себебі 
мынадай:  Бөкей  ордасының  ханы  Жәңгір  1836-жылы  7-мамырда 
Күшік  Жапаров  деген  қойшыны  Махамбет  өлтірді  деген  хабар 
таратып,  Орынбор  шекара  комиссиясына  рапорт  жолдаған.  Бұл 
рапорт одан  әрі генерал-губернатор В.А.Перовскийдің  қолына тиеді. 
Осы  оқиғаға  байланысты  тергеу  комиссиясы  құрылып,  ол  Гурьев 
қаласына  жақын  жердегі  Новопороховинск  батағасына  орналасады. 
Осы  жерде  1836-жылғы  8-қарашада  және  10-желтоқсанда  Махамбет 
тергеушілерге  былай  деп  жауап  береді:  «Менің  атым  Мұхамед 
(Махамбет А.Ш.) Өтемісұлы, жасым 33 те дінім-мұсылман. Татарша 
сауаттымын, орысша да аздап оқып, жаза аламын». Жауаптың соңына 
Махамбет  арабша  қол  қойып,  мөрін  басқан  (4-қор,  1-тізім,  4197-іс, 
138-парақ, түп нұсқа). 
Осылайша,  егер  Махамбет  1836-жылы  33  жаста  болса,  онда  ол 
1803-жылы  туған  болады.  Жоғарыдағы  авторлардың  Махамбет 
Өтемісұлы  1803-жылы  туды  деуінің  дәлелі  осы.  Вице-пример 
И.Тасмағамбетовтың  ЮНЕСКО-ға  Махамбет  Өтемісұлы  1803-жылы 
туған  деген  ұсынысы  да  жоғарыда  келтірілген  архивтік  дерекке 
негізделген.  Сондықтан  қанатты  жырды  қайсар  қару  қылып,  жау 
ордасын  бұзған  семсер-ақын  Махамбет  Өтемісұлының  200  жылдық 
мерейтойын 2003-жылы өткізу туралы ЮНЕСКО шешімі – негізді.  
Келесі  әңгіме,  Махамбет  1804  жылы-туған  деген  пікір  туралы. 
Алдымен  айтарымыз  бұл  пікірді  жақтаушылардың  да  архивтік 
дерекке сүйенетіндігі.  
Мәселенің  мәнісі  төмендегідей:  1841-жылы  7  наурыз  күні 
Жайық  бойындағы  Дуанбасы  деген  жерде  Махамбет  қапылыста 
тұтқындалып,  Калмыков  қаласына  әкелінеді.  Калмыковтан  оны 
арбаға  шынжырлап,  әуелі  Оралға,  одан  әрі  Орынборға  апарып  17-
наурыз күні Ордонанс-гауз түрмесіне қамайды. Түрмеде Махамбеттің 
бойын  өлшеп,  түр-түсін,  жасын,  ерекше  белгілерін  қағазға  түсіреді. 
Сол  құжатта  былай  деп  жазылған.  «37  жаста,  бойы  2  аршын  5,4/3 
вершок  (168,7  см),  шашы,  қасы,  мұрты,  сақалы  қара,  беті  таза,  түсі 

 
52 
қараторы, қой көзді  ....». (Орынбор облыстық мемлекеттік архиві. 6-
қор, 10-тізім, 137-іс, 18-парақ немесе Әнес Сарай «Исатай, Махамбет 
тарихы»,  А, 1997, 350 бет) 
Махамбет 1803-жылы туғанмен 1841-жылы наурыз айында 38-ге 
әлі  толмауы  себепті,  37  жастамын  деген.  Осы  деректерге  сүйеніп, 
кейбір  әдебиетші  зерттеушілер  1841  ден  37  ні  шегеріп,  Махамбет 
1804-жылы  туған  деген  қорытындыға  келген.  Кейін  осы  1804-жыл 
тарих,  әдебиет  зерттеушілерінің  кітаптарына  еніп,  ғылыми  дерекке 
айналған.  Егер  кезінде  Махамбеттің  1803-жылының  наурыз  айынан 
кейінгі айларда (сәуір–қазан айларының аралығында - А.Ш.) дүниеге 
келгені  ескерілген  болса,  онда  бұл  жансақтық  мүлде  болмаған  да 
болар еді.  
Яғни,  бұдан  шығатын  қорытынды:  М.Өтемісұлы  1804-жылы 
туды  деген  пікір  шындыққа  сәйкес  келмейді.  Ақынның  өзі 
көрсеткендей, оның туған жылы-1803.  
Ендігі  әңгіме  Махамбеттің  туған  жері  туралы.  Ұлы  ақынның 
туған  жеріне  байланысты  зерттеушілер  әртүрлі  пікірлер  айтады. 
Солардың 
кейбіреулеріне 
қысқаша 
тоқталсақ: 
«Атырау» 
энциклопедиясында Махамбет «Нарын құмында Жасқұс деген жерде 
дүниеге келген», делінген. Одан басқа, Махамбет қазіргі Құрманғазы 
ауданындағы Қиғаш өзеніне жақын жерде тууы мүмкін деген пікірдің 
бар  екендігін  де  айтуымыз  керек.  Тіпті,  1997  -    жылы  баспадан 
шыққан  «Радуга  -  Ақ  Жайық»  деген  кітабында  Ж.Ақбай:  «Өтеміс 
Құлманиязов  Жүзбатыр  мен  Жайықтың  шығыс  бетіне  өтіп  Өлеңті 
өзенінің төменгі құйылысында «Азынабай-Тайпақ» деген жерге келіп 
қоныстанады.  Осы  жерде  1804-жылдың  күзінде  Махамбет  дүниеге 
келген»,  -  деп  жазады.  Біздіңше,  жоғарыда  келтірілген  пікірлердің 
ешқайсысы да Махамбет Өтемісұлының туған жерін дәл көрсетпйді. 
Ал, соңғы автордың пікірімен мүлде келісуге болмайтын сияқты. 
Тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Е.Бекмаханов 
жоғары  да  аталған  кітабында  Махамбет  Бөкей  хандығында  туған,  - 
деп  жазады.  Махамбеттің  бас  сүйегін  зерттеген  антрополог  ғалым 
Н.Шаяхметов  «Из  тьмы  веков»  деп  аталатын  еңбегінде 
Е.Бекмахановтың  осы  пікірін  қолдайды.  Дейтұрғанмен,  Бөкей 
хандығы немесе Ішкі орда шығыстан батысқа 350 км, ал оңтүстіктен 
солтүстікке 200 километрге созылған үлкен аумақты алып жатырған 
мемлекет  болғандықтан,  бұл  жерде  Махамбеттің  туған  жерін  дәл 
көрсетудің қажет екендігі даусыз. 

 
53 
Олай  болса,  жыр  семсері  Махамбет  Өтемісұлының  туған  жері-
қай  жер?  Бұл  сұраққа  жауап  беру  үшін  тағы  да  3  зерттеушінің 
пікірлерін  келтірейік:  Бірінші,  белгілі  филолог  –  ғалым 
Қ.Сыдиқовтың  пікірі:  Ол  1989  -  жылы  Алматы  қаласында  басылған 
«Ереуіл атқа ер салмай» атты Махамбеттің өлеңдер жинағына жазған 
алғысөзінде  :  «Махамбет  Нарын  құмында  Бекетай  деген  жерде 
дүниеге  келген»-дейді.  Біздіңше,  бұл  өте  дәл  және  анық  айтылған 
тұжырым. Осы пікірге төмендегі 2 автор да қосылады.  
Белгілі  тарихшы-ғалым  И.Кенжалиев  «Исатай-Махамбет»  атты 
кітабында  «Махамбеттің  туған  жері  Нарынның  шығысындағы 
Бекетай  құмы»-  деп  көрсетеді.  «Мұндағы  24  –  ауыл  орнында,  -деп 
жазады автор, -Кеңес үкіметі тұсында Бекетай ауыл советі құрылған. 
Бұл  өңірде  ақынның  жастық  шағы  өткен».  Осы  айтылғандарға 
қосарымыз 24 елді мекенін қазір Құрманғазы ауданының малшылары 
жайлайды.  
Мемлекеттік  сыйлықтың  иегері,  жазушы  Ә.Сарай  негізінен 
И.Кенжалиевтің пікіріне қосыла отырып,   былай деп жазады. «1803-
жылы Өтеміс ауылы Самар маңындағы қыс қыстаудан жаз жайлауға 
көшіп  шығып,  Бекетайға  келіп  қонғанда  Махамбет  дүниеге  келеді. 
Махамбеттің  жастық  шағы  осы  Бекетай  құмында  өткен».  Біздіңше, 
осы зерттеушілердің пікірі тарихи шындыққа саяды. Сол жылдардағы 
Өтемістің қысқы қыстауы – Самар көлдерінің шығыс жағы да, жазғы 
жайлауы  Нарын  құмының  шығысындағы  Бекетай  құмы  болған. 
Ақынның туған жері де осы – Бекетай құмы. 
Олай  болса,  жоғарыда  келтірілген  деректерге  сүйене  отырып, 
Махамбет  Өтемісұлының  туған  жері  мен  туған  жылы  туралы  нақты 
түрде  былай  деп  айтқанымыз  дұрыс  болады;  Дауылпаз  ақын 
Махамбет  Өтемісұлы  бұрынғы  Бөкей  хандығы  аумағындағы  Нарын 
құмының  шығыс  бөлігі  –  Бекетай  құмында  1803-жылы  дүниеге 
келген. Біз бұдан былай, ұлы ақынның туған жері мен туған жылына 
байланысты  барлық  оқулықтарға  осы  тұжырымның  енгенін,  оқу 
орындарында  оқушылар мен студенттердің  осындай түсінік  алғанын 
және  мерзімді  баспасөз  беттерінде  де  осы  тұжырымның  көрсетілуін 
қажет деп есептейміз.   
Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жыл толуына арналған 
«Махамбет – ерлік пен елдіктің өшпес рухы» 
атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның 
МАТЕРИАЛДАРЫ 
(12-14 қыркүйек 2003 жыл) 
ІІІ том 

 
54 
Шамғонов Аманкелді  
 
Исатай Тайманұлының ұрпақтары 
(Шежіре) 
 
 
Шежіре – барлық елдерде де кездесетін халықтың  тарихи-мәдени 
мұрасы.  Бұрыңғы  заманда  қазақ  халқында,  рулық  сипатта  жазылған 
шежірелер  көп  болған.  Сонымен  қатар,  хан-сұлтандардың  үрім-
бұтақтары  туралы  да  азды-көпті  шежірелер  бар.  Ал,  қазақ  халқының 
ұлттық  батырларының  ұрпақтары туралы  шежірелер  кездеспейді  деуге 
болады.  Сол  олқылықтардың  орнын  толтыруға  көмектеседі  деген 
мақсатпен, оқырмандар назарына халық батырлары Исатай Тайманұлы 
мен  Махамбет  Өтемісұлының  ұрпақтары  туралы  шежіре  ұсынылып 
отыр. 
 
Исатайдан-Жақия,  Ақай,  Оспан,  Досмағанбет,  Дінбаян,  Әлпияр  және  
Дүлзада   
Жақиядан-Шахмет.                                                     
Шахметтен-Шамақ, Таңқаш, Ақон, Әмет, Сары.  
Шамақтан-Қадіреш,  Мағия,  Оңғарсын,  Әйбөпе,  Жұмаш,  Оразбек, 
Құрмет.                                                                  
Қадірештен-Махмұт, Минаш, Ниғмет, Камал, Бисенбі, Мүзе, Тарих. 
Минаштан-Света, Қайрош, Болат, Күләш, Самат. 
Камалдан-Гүлбаршын, Гүлнәр, Галина, Мәдина.  
Бейсенбіден-Шайзада, Нәсидолла, Гүлзада, Марат. 
Шайзададан-Әлфия, Зухра, Айнур, Мейрамгүл, Азамат 
Нәсидолладан-Батыр, Сырым, Жақсылық. (7-ұрпақ) 
Гүлзададан-Аружан, Тахир. 
Мараттан-Төремұрат, Дина, Айдана,Бекмұрат(7-ұрпақ) 
Мүзеден-Нариман,  Жоламан,  Ханбике,  Сара,  Жұмабике,  Маржан, 
Еламан, Нұрлыбек. 
Тарихтан-Қанат, Ғалия. 
Қанаттан-Тайман, Жұлдыз,Дария (7-ұрпақ) 
Мағиядан-Разия. 
Оңғарсыннан-Динаш, Смағила, Мәнза, Зәпен. 
Динаштан-Бауыржан, Алма, Амантай, Әлібек. 
Смағиладан-Мәдина,Нәйла, Мұрат, Болат, Әділбек, Әлия, Ренат. 
Мәдинадан-Ғалымжан, Руслан, Нұрлан. 
Нәйладан-Мерхат, Мира.  
Мұраттан-Гүлдархан. 

 
55 
Әділбектен-Жадыра, Нұргүл. (7-ұрпақ) 
Әлиядан-Өркен, Жеткіншек. 
Ренаттан-Әдия,Бекназ  (7-ұрпақ) 
Мәнзадан-Талғат. 
Зәпеннен-Құрманғазы, Бибігүл, Айгүл.  
Әйбөпеден-Мәрзия, Ғапур, Ғайни, Аманкелді.  
Жұмаштан-Ғазиз, Рахым, Қасиет, Рамазан, Жаннат, Октябрь, Екпінді.  
Ғазизден-Төлеген, Ира, Талғат.  
Төлегеннен-Гүлден, Думан.  
Талғаттан-Айнұр, Төребай.  
Рахымнан-Бекежан, Өтежан, Рая, Біржан.  
Бекежаннан-Тимур, Лаура.  
Рамазаннан-Карим, Асқар, Райхан, Лора, Еркін.  
Каримнен-Ерден, Диас. (7-ұрпақ) 
Райханнан-Нұрбол.  
Екпіндіден-Каким, Мунира.  
Оразбектен-Аманкелді.  
Аманкелдіден-Қайрат, Талғат, Қуат, Салауат, Нұртас.  
Қайраттан-Оразбек, Нұрбек, Батырхан.  (7-ұрпақ) 
Қуаттан-Алмас.   (7-ұрпақ) 
Құрметтен-Роза, Уалихан, Меделхан, Нұрлан, Нұржан, Ляззат, Гүлшат.  
Розадан-Гүлжан, Еламан, Ерлан, Гүлнәр, Бақтыгүл. 
Меделханнан-Гүлнәр, Анар, Айнұр, Райымбек.  
Гүлнәрдан-Дана.  
Анардан-Алина. 
Нұрланнан-Әскер, Данияр, Салтанат.  
Әскерден-Мансұр,Айшабибі (7-ұрпақ) 
Ляззаттан-Нәзкен, Айбар, Іңкәр,Ақылбек.  
Гүлшаттан-Жанболат, Нұрболат, Нұрғиса, Шынар, Назерке.  
Таңқаштан-Қатыш, Құрман, Бимаш.  
Қатыштан-Әриполла, Ләтиполла, Зүлпат, Ғапар.  
Құрманнан-Файза, 
Аманғали, 
Боранғали, 
Рысқали, 
Ырыздық, 
Кенжебек, Қайырбек. 
Файзадан-Сәбит, Салтанат, Гүлайым, Гүлзада, Света, Аманкелді.  
Аманғалидан-Лида, Гүлнәз, Лайқат, Асылзат, Руфина. 
Лидадан-Әлихан, Ариана.  
Гүлназдан-Жадыра, Еділ.  
Асылзаттан-Нұрай. 
Лайқаттан-Айсана. 
Боранғалидан-Жәнібек, Айнагүл, Мейрамбек. 

 
56 
Жәнібектен-Жанерке, Ерасыл, Зарина, Әлихан. (7-ұрпақ) 
Рысқалидан-Динара, Қанатбек, Элеонора. 
Динарадан-Есенжан. 
Ырыздықтан-Руслан, Фарида. 
Кенжебектен-Дария. 
Қайырбектен-Мерей. 
Ақоннан-Арон, Ұғлама, Қисма, Мәжит. 
Досмағанбеттен-Қодар, Садық, Қали, Жүніс. 
Қодардан-Текен, Бибас,Қожас, Ақас. 
Текеннен-Самиғолла, Шайдолла, Әмина. 
Шайдолладан-Ғазиз, Балым, Орынбасар, Алтай, Алтынай, Елтай, Болат, 
Гүлкенже. 
Ғазизден-Гүлбаршын, Руслан, Динара. 
Гүлбаршыннан-Манас. 
Русланнан-Ролан. (7-ұрпақ) 
Балымнан-Ақмарал, Сандуғаш, Қарлығаш. 
Орынбасардан-Аслан, Айнұр, Алмат, Азамат. 
Алтайдан-Мейрамгүл, Болатбек. 
Алтынайдан-Жанболат, Талғат, Қанат. 
Елтайдан-Жасұлан, Аманқос, Аманжол, Аманкелді. 
Болаттан-Құралай, Әлпия, Серік. 
Әминадан-Люда, Марат.  
Бибастан-Қамидолла, Қаймолда, Ләпи. 
Қаймолдадан-Жұлдыз, Серік. 
Ләпиден-Марат, Клара. 
Мараттан-Балауса, Гүлзада. 
Кларадан-Света, Армангүл,Дәулеш. 
Қожастан-Зидеш, Нәзира, Әнош. 
Зидештен-Ағиіс,  Гүлнәсіп,  Мұрат,  Гүлшара,Бекболат,  Ерболат, 
Нұрболат, Анар. 
Ағиістен-Гүлжан, Шынар, Әсел, Дастан, Ильяс. 
Мұраттан-Илан, Ақмарал, Ұлмекен. 
Бекболаттан-Райхан, Алпан. 
Ерболаттан-Жұлдыз, Айдос. 
Садықтан-Мүмән, Ізмұқан. 
Мүмәннан-Бекмұқан, Балмұқан, Рамиза, Зүлпат,Мария, Мәжит. 
Бекмұқаннан-Ғаділбек. 
Ізмұқаннан-Қазима, Бәтес, Қалжәміш. 
Қалжәміштен-Күләйда,  Ләззат,  Алма,  Гүлнәр,  Роза,  Нұрлыбек,  Клара, 
Асылбек. 

 
57 
Қалиден-Мақсот. 
Мақсоттан-Құлымбет. 
Құлымбеттен-Гүлнәр, Жанар, Әнуар, Қуаныш, Қуандық. 
Жүністен-Мұқат. 
Мұқаттан-Дүйсенбай. 
Дүйсенбайдан-Марфуға,  Мүбарак,  Табарак,  Аманкелді,  Сандуғаш, 
Салауат. 
Мүбарактан-Юлия, Дмитрий. 
Юлиядан-Михаил, Полина. 
Дмитрийден-Карина. (7-ұрпақ) 
Табарактан-Андрей, Вячеслав. 
Андрейден-Роман. (7-ұрпақ) 
Аманкелдіден-Нэла.  
Нэладан-Тимур. 
Сандуғаштан-Әсел, Санжар. 
Салауаттан-Әмір, Аделина. 
Әмірден-Артур, Раил. 
Дінбаяннан-Өтепқали, Түсіпәлі, Сыралы, Қарес, Қарелі, Нәшін. 
Өтепқалидан-Райхан,  Үмәй,  Сәлен,  Құбайдолла,  Ибрагим,  Хамза, 
Қишекен, Бану. 
Райханнан-Қабдырахман, Махут, Машут, Ғилыман, Самат. 
Сәленнен-Карим, Гүлза, Гүлсағида, Факиза, Әдам, Қабдол, Тоты. 
Гүлзадан-Шайзада, Мінуара, Асылбек, Аманолла. 
Гүлсағидадан-Мүзли, Әминолла. 
Факизадан-Мирас. 
Әдамнан-Уалитхан, Мәжит, Салауат. 
Мәжиттен-Валерий, Вера. 
Салауаттан-Сәлімгерей, Зәуреш, Сақыпжамал. 
Сәлімгерейден-Рафаэль,  Райгүл,  Рыспай,  Еркебұлан,  Айымгүл.  (7-
ұрпақ) 
Рафаэльден-Айжан, Гүлфиза, Зарина, Шырын. (8-ұрпақ) 
Райгүлден-Бота, Нұрай. 
Рыспайдан-Дәулет. (8-ұрпақ) 
Зәурештен-Элеонора, Мұратбек, Жанар, Анаргүл, Данагүл, Айжан. 
Сақыпжамалдан-Шынар, Гүлнәз, Алмара, Динара, Аршат, Аршагүл. 
Қабдолдан-Минаш, Мұқтар, Ғаламат, Саламат. 
Тотыдан-Хикаят, Өсиет, Жедел. 
Құбайдолладан-Әмина, Мүслима, Зинет, Зұлпықар. 
Әминадан-Жақсылық, Қуандық. 
Мүслимадан-Айдын, Сара, Мұқажан, Махамбет, Фархат. 

 
58 
Зинеттен-Мүбарак, Қалқаш, Қалима, Нұржамал. 
Зұлпықардан-Ақлима, Гүлбаһрам, Ғалия, Әділбек, Нұрлыбек. 
Ақлимадан-Серік, Тұрсынгүл. 
Гүлбаһрамнан-Баубек, Фариза, Раушан, Аббат, Зәмзәм. 
Ғалиядан-Сағынтай, Алтай,Қуаныш, Айнаерке. 
Әділбектен-Амандық. 
Нұрлыбектен-Арман, Арайлым. 
Ибрагимнен-Маймуна,  Бақытжан,  Мүтақас,  Фариза,  Махметжан,Зура, 
Наурызақан, Ғалымжан. 
Маймунадан-Марат, Құрманғазы, Тұрақ, Рая. 
Бақытжаннан-Қаншайым. 
Махметжаннан-Света,  Ерназар,  Елтай,  Сәуле,  Ерсұлтан,  Нұрсұлтан, 
Ақмарал. 
Светадан-Қуандық, Арайлым. 
Ерназардан-Ерқанат, Салтанат. 
Елтайдан-Азамат, Гүлжиһан. 
Нұрсұлтаннан-Арайлым,Балқиял, Нұржігіт. 
Зурадан-Тойдық, Күләш, Лайық, Бибігүл, Уалихан, Елемес. 
Хамзадан-Қанымзия, Уақит, Зүмрет, Нәй, Тайра, Сайдол, Зинор. 
Қанымзиядан-Кәрім, Ислам, Ғалия.  
Уақиттан-Шапқат,  Нұрыш,  Тұқпат,  Шоқан,  Оқиза,  Маруся,  Ақкенже, 
Қуантай. 
Шапқаттан-Ардақ,  Асхат,  Гүлдана,  Аслан,  Динара,  Эльмира,  Айдана, 
Кенжегүл.  
Ардақтан-Расул, Асылхан. (7-ұрпақ) 
Гүлданадан-Есет. 
Асланнан-Нұрхат. (7-ұрпақ) 
Нұрыштан-Қайрат, Баян, Гүлнәр, Самат, Есет, Әсет, Рашид, Фарида. 
Тұқпаттан-Амантай, Айнұр, Римма, Тұрлыбек, Ағжан, Рита, Зита. 
Амантайдан-Мейрамбек   (7-ұрпақ) 
Риммадан-Данияр, Айдана. 
Шоқаннан-Асылбек, Алтынай, Нұрлыбек, Әйгерім, Мұхамбетжан.  
Оқизадан-Зәмира, Еркебұлан, Роллан, Дастан, Гүлден. 
Марусядан-Әзидолла, Салтанат, Марат. 
Ақкенжеден-Тұрарбек, Арайлым. 
Қуантайдан-Ақкүн, Арманбек, Айбек, Назерке, Айсана, Аиида. 
Зүмреттен-Ғайнеш, Мүкарам, Жамсап, Төлеген, Шолпан, Жанар.  
Нәйденнен-Жолдас. 
Тайрадан-Ибатолла. 

 
59 
Сайдолдан-Какима,  Валя,  Ұлболсын,  Жаңылсын,  Үміт,  Гүлбаршын, 
Аймангүл, Берік, Серік, Жұмагүл. 
Валядан-Айгерім, Арайлым, Жұлдыз. 
Жаңылсыннан-Ақбөпе, Жадыра, Салтанат. 
Аймангүлден-Ануарбек, Карина, Жасмин. 
Серіктен-Кәмила. 
Зинордан-Раиса, Талғат, Қайрат, Ильяс, Кенжебек, Бауыржан. 
Талғаттан-Фатима, Әмина, Мұхаммат, Ибрагим, Абдулсаит. 
Ильястан-Айдана. 
Кенжебектен-Ислам, Қадиша. 
Қишекеннен-Қабес, Мариям, Сәуле. 
Қабестен-Жанат. 
Сәуледен-Айгүл, Гүлжан, Бауыржан. 
Бәнуден-Хұсни, Бәдел, Махуа, Асылбек, Жеңіс. 
Түсіпәліден-Қаражан, Әсімхан. 
Сыралыдан-Қамеш, Мәдекен, Мәрия, Жамиға, Қажым, Бақыт. 
Қамештен-Меңдібай, Жұмағыз, Нәбидолла. 
Меңдібайдан-Гүлден, Әзидолла, Сағидолла,Хамидолла. 
Жұмағыздан-Гүлбаршын,  Шолпан,  Нұрберген,  Тілекші,  Бақытгүл, 
Нұрбол, Аманжол. 
Нәбидолладан-Мұрат, Балауса. 
Мәдекеннен-Ермек. 
Жамиғадан-Қатима, Шайдолла, Кәкима, Зинолла.  
Бақыттан-Тілекқабыл, Байғабыл, Сәрсенбай, Лена, Лида, Болат, Қанат. 
Қарестен-Хұсни. 
Хұсниден-Жұпар, Жаңылсын. 
Нәшіннен-Мұқит, Бәтима. 
Әлпиярдан-Жұмағыз, Дина. 
Жұмағыздан-Қайрекен. 
Динадан-Қабдол. 
 
 
        Махамбет  Өтемісұлы  ұрпақтары 
   
Махамбеттен-Махмұт, Нұрсұлтан. 
Нұрсұлтаннан-Сауғабай. 
Сауғабайдан-Мырзалы, Шәкір. 
Махмұттан-Нұрбике. 
Нұрбикеден-Байғали. 

 
60 
Автордың Исатай-Махамбет көтерілісі және оны мектептерде 
оқыту туралы ғылыми басылымдарда  жариялаған еңбектері 
 
1.
 
Шамғонов  А.  Профессор  Х.  Досмұхамедұлы  –  И.Тайманов  бастаған 
халық-  азаттық  көтерлісті  зерттеуші  тұңғыш  қазақ  ғалымы.  ҚР  Білім 
министірлігі.  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  университеті.  «Ғұлама 
ғалым, ағартушы – педагог». Атырау, 1996, 49-61 беттер. 
2.
 
Шамғонов А. Исатай Тайманұлы (шежіре). Ә.Сарай, «Исатай – Махамбет 
тарихы». Алматы, 1997, 18-22 беттер. 
3.
 
Шамғонов  А.  И.Тайманұлы  бастаған  халық  –  азаттық  көтеріліс  туралы 
жаңа  пікірлер,  «Қазақстанның  Батыс  өлкесі  тарихының  кейбір 
проблемалары»  атты  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары
Атырау, 1998. 
4.
 
Шамғонов  А.  Исатай  Тайманов,  «Атырау»  энциклопедиясы,  Алматы, 
2000, 238-239 беттер. 
5.
 
Шамғонов  А.  Жақия  Исатайұлы.  «Атырау»  энциклопедиясы,  Алматы, 
2000, 212-бет. 
6.
 
Шамғонов  А.  Исатай  Тайманұлының  ұрпақтары  (монография),  «Ақ 
Жайық» баспасы, Атырау,2001. 
7.
 
Шамғонов  А.,  Иманғалиев  А.С.  Исатай  мен  Махамбет  батырлардың 
ержүрек сарбаздары.  «Жұлдыз» журналы, №1, 2003. 175-176 беттер. 
8.
 
Шамғонов  А.,  Қаленова  Г.Б.  Х.Досмұхамедов  –  Исатай  батыр  хақында. 
«Махамбет  -    ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы»  атты  халықаралық  ғылыми-
практикалық  конференция  материалдары,  І  том,  Атырау,  2003,  307-312 
беттер. 
9.
 
Шамғонов А., Таңатарова Ж.Т. Х.Досмұхамедов – Исатай мен Махамбет 
батырлар  туралы.  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінің 
Хабаршысы, №2, 2003, 28-30 беттер. 
10.
 
Шамғонов  А.  Мектептерде  Исатай–Махамбет  бастаған  көтерілісті 
оқыту.  «Махамбет  –    ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы»  атты  халықаралық 
ғылыми-практикалық конференция материалдары, ІІ том, Атырау, 2003, 88-
94 беттер. 
11.
 
Шамғонов  А.  Исатай-Махамбет    бастаған  көтерілісті  дұрыс  оқытайық. 
Алматы, «Қазақ ордасы» журналы, №4, 2003, 66-68 беттер. 
12.
 
Шамғонов  А.  Махамбет  Өтемісұлының  туған  жылы  мен  туған  жері 
туралы.  «Махамбет  –    ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы»  атты  халықаралық 
ғылыми-практикалық конференция материалдары, ІІІ том, Атырау, 2003, 71-
74 беттер. 
13.
 
Шамғонов  А.  Х.Досмұхамедов  –  тұңғыш  Махамбеттанушы,  ІІІ 
Республикалық  «Досмұхамедов  оқулары»  материалдары,  Атырау,  2003,  58-
60 беттер. 

 
61 
14.
 
Шамғонов  А.  Исатай  Тайманов  (шежіре),  Республикалық  «Махамбет» 
қоры.  Махамбет  кітапханасы,  8-кітап,  Алматы,  «Өлке»  баспасы,  2003,  288-
293 беттер. 
15.
 
Шамғонов 
А. 
Исатай 
Тайманұлының 
ұрпақтары 
(шежіре), 
Республикалық «Махамбет» қоры. Махамбет кітапханасы, 16-кітап, Алматы, 
«Өлке» баспасы, 2003, 141-147 беттер. 
16.
 
Шамғонов А. Тайман әулетінің ұрпақтары, Республикалық «Махамбет» 
қоры. Махамбет кітапханасы, 20-кітап, Алматы, «Өлке» баспасы, 2004, 300-
303 беттер. 
17.
 
Шамғонов  А.  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  халық-азаттық 
көтеріліс (1836-1838). Орта, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарындағы 
«Қазақстан  тарихы»  пәніне  арналған  карта,  Қостанай  облыстық  әкімдігі. 
Қостанай  әлеуметтік  Академиясы,  «Қазақ  халқының  ұлт-азаттық  күресі 
тарихының  өзекті  мәселелері»  атты  аймақтық  ғылыми-практикалық 
конференция материалдары, Қостанай, 2003. 
18.
 
Шамғонов  А.  Атырау  өңіріндегі  Исатай  Тайманұлы  мен  Махамбет 
Өтемісұлы  бастаған  көтеріліске  байланысты  тарихи  орындар.  ҚР  мәдениет 
министрлігі.  Атырау  облыстық  мәдениет  басқармасы.  Тарихи  -  мәдени 
мұраны қорғау КМК кәсіпорны. «Өз өлкеңді тани біл». Атырау, 2004, 19-21 
беттер. 
19.
 
Шамғонов  А.  Исатай  Тайманұлының  шежіресі.  Республикалық  «Арыс» 
қоры.  10-томдық  «Тұлға»  сериясы.  Исатай  батыр,  Алматы,  2004,  294-295 
беттер. 
20.
 
Шамғонов А. Исатай мен Махамбет батырлар бастаған көтеріліс туралы 
жаңа  сызба  карта.  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің Хабаршысы, №2, 2005, 209-212 беттер. 
21.
 
Шамғонов  А.  Исатай  Тайманұлың  ұлдары  –  азаттық  жолындағы 
күрескерлер. 
Х.Досмұхамедов 
атындағы 
Атырау 
мемлекеттік 
университетінің Хабаршысы, №1, 2006, 148-151 беттер. 
22.
 
Шамғонов  А.  Өтепқали  Исатаев  және  Атыраудағы  1916-жылғы  ұлт-
азаттық  қозғалыс.  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік 
университетінің Хабаршысы, №2, 2006, 86-89 беттер. 
23.
 
Шамғонов  А.  И.Тайманұлы  мен  М.Өтемісұлы  бастаған  көтерілістің 
кезеңдері  туралы.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі.  Х.Досмұхамедов 
атындағы Атырау мемлекеттік университеті.  «Каспий  –  Еуразия  халықтары 
тағдырында:  тарихы  және  ыңтымақтасу  болашағы»  атты  халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  материалдар  жинағы,  Атырау,  2006, 
56-57 беттер. 
24.
 
Шамғонов А. Тарих оқулығындағы бір тақырып төңірегінде. «Қазақстан 
мұғалімі», 2.09.2005. 
25.
 
Шамгонов  А.  Новое  в  исследовании  о  народном  восстании  под 
предводительством Исатая и Махамбета. «Учитель Казахстана», 9.11.2006.
 

 
62 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет