Ақмола облысының білім басқармасы Көкшетау қаласы білім бөлімі «кмм техникалық лицей»


Тақырыбы: «Ғаламторды пайдалану» Мақсаты



бет4/35
Дата06.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#72128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Тақырыбы: «Ғаламторды пайдалану»
Мақсаты: Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгеру арқылы ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау деңгейлерін байқау.
Тапсырма: Мәтінді тыңдау арқылы «дұрыс-бұрыс» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру
21 ғасырдың алғашқы он жылы ішінде ғана дүние жүзіндегі интернетке қосылған адам саны 350 миллионнан 2 миллиардқа дейін өсті. Ал, ұялы телефон байланысын пайдаланатын адам саны осы аралықта 750 миллион адамнан 5 миллиардқа жетті. Қазір, бұл көрсеткіш 6 миллиардқа тең. Егер, технология осы қарқынмен дами беретін болса, алдағы бес-он жылдың ішінде жер бетінде 8 миллиард халықтың интернетпен толықтай қамтылатыны анық. Байланыс әлдеқайда қолжетімді. Ал, жылдамдық аса жоғары болатыны да сөзсіз. Көп ұзамай-ақ интернет шалғай ауылдар мен елді-мекендерді қамтып, миллиондаған адамдардың қолына жетеді. Мұның барлығы әрбір жеке адамның және жалпы қоғамның әлдеқайда тиімді, әрі өнімді жұмыс істеуіне, интеллектуалдық және шығармашылық мүмкіндіктерді шексіз кеңейтуге мүмкіндік береді. Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де, тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін, барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» -деген болатын. Бұл – жастардың білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де, тиімді пайдалануына ықпал ету мақсатын көздейді. Осы күнге дейін интернет арқылы қаншама нәрсені оқып, білдік, көрдік, естідік. Сол арқылы қанша жақсы адаммен таныстық. Тамаша жаңалыққа қол жеткіздік. Қанша асқақ арман мен қиял туды. Қандай үлкен жұмыс істеліп, жобалар іске асты. Ерте ме, кеш пе, осы орта кеңейе түскен сайын біздің интернет туралы түсінігіміз де өзгеруі тиіс. Өйткені, ол күнделікті өмірді тек жеңілдететін, көңіл көтеретін , уақыт өткізетін қызыққа толы зияны жоқ құрал ғана емес, өміріміздің кез келген саласына тікелей қатысы бар күшке айналып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет