An introduction to educational research methods. Введение в образовательные исследовательские методы Білім беру-зерттеу әдістеріне кіріспе



Pdf көрінісі
бет30/85
Дата06.03.2017
өлшемі32,4 Mb.
#8078
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85

Тапсырма 5.2 

Ақпаратты жинау бойынша жадынама 



Жоспарлау: Кім, қайда, қашан, қалай және не? 

Сіз төмендегілерді назарға алдыңыз ба? 

1.  Ақпараттарды жинау үдерісіне кімді немесе нені қосқыңыз келеді және 

неліктен? 

2.  Сізде ақпаратты қайда және қашан жинау бойынша нақты жоспар бар 

ма? 


3.  Өз  сыныбыңыздағы  немесе  әріптесіңіздің  сыныбындағы  мәліметтерді 

жинайсыз ба? Мәліметтерді жинау үдерісіндегі өз рөліңізді анықтадыңыз 

ба? Сіз мұғалімсіз бе немесе зерттеушісіз бе, немесе екеуідесіз бе? 

4.  Сіз  өз  тарапыңыздан  көрсетілетін  шынайылықты  анықтадыңыз  ба 

немесе оны бақылау үшін тиісті шараларды қолға алдыңыз ба? 

5.  Сіз BERA этикалық нормаларымен танысып шықтыңыз ба? Сізге қандай 

да бір әлеуетті этикалық дилеммалар жайында белгілі ме? 

6.  Сіз әрбір дереккөзден мәліметтерді қалай жинау қажеттігі туралы осы 

тараудың тиісті тараушаларын оқып шықтыңыз ба? 

7.  Сіз  өзіңіздің  мәліметтерді  жинау  әдістеріңіздің  жарамдылығы  үшін 

қауіптерді қалай азайтатыныңызды ойластырдыңыз ба? 

8.  Сіз  жинауға  ниет  білдіріп  отырған  мәліметтердің  сіздің  негізгі 

сұрағыңызға жауап беруге көмек беретініне сенімдісіз бе? 

9.  Сізде соңғы минутта мектепте орын алған күтпеген жағдайға қатысты 

қосымша жоспар бар ма? 

Ақпараттарды жинау құралын дайындау мен сынақтан өткізу 

10.    Сіз  қолдағы  бар  стандартты  тестті,  сауалнама  немесе  сұрақтарды 

қолдана аласыз ба? 

11.  Егер қол жетімді болса, сіз өзіңіздің сұхбат алу кестеңізді түздіңіз бе? 

12.    Егер  сіз  жұмысыңызда  пайдалануды  жоспарлап  отырсаңыз,  өзіңіздің 

дыбыстық көру аппаратураңызды тексеріп алдыңыз ба? 

13.  Сіз өз сауалнамаңызды немесе сұхбаттағы сұрақтарды кішкене пилоттық 

топқа сынақтан өткіздіңіз бе? 

14.    Пилотты  тексеру  жүргізу  аясында  ақпараттарды жинау  бойынша  өз 

жоспарыңызды өзгерту қажет болды ма? 



Data Collection

255


Орын алған жайтты жазып алу 

Бақылаулар 

Бақылау – мұғалімдер үшін әдеттегі үдеріс. Шын мәнісінде, мұғалімдер тұрақты түрде 

сыныпта орын алып жатқан жайтты бақылап, ненің орын алып жатқанын сұрап отырады. 

Реакциялар мен жауаптар мұғалімдердің соншалықты анық емес тәжірибесінің арқасында 

жиі сезіледі, ол ненің орын алып жатқанын түсіндіруге көмек береді. Мұндай тәжірибе жиі 

жетіле отырып, және мүмкін болса, дәл сондықтан сіз осы сыныптағы зерттеу жобасын 

жүргізуге шешім қабылдаған боларсыз. Сәйкесінше, егер сіз өз сыныбыңызды зерттегіңіз 

келсе, онда сіздің сыныбыңызда орын алып жатқан жайтты түсіндірудің түрлі тәсілдері 

үшін ойыңызды сан жаққа жүгірту қажет болады. Басқаша айтқанда, сіздің сыныбыңызда 

орын алып жатқан жайт туралы мәліметтерді жинау әдісіңізге жүйелі беталыс қажет. 

 

Бақылау  барысында  жинақталған  мәліметтер  барлық  сезімдеріңіз  арқылы 



мәліметтерді  жинау  қабілетіңізге  негізделетін  болады  және  ол  үшін  сіз  өз  талдау 

құралыңыз ретінде жадынама, тізбелер немесе сипаттамаларды қолдана аласыз. 

 

Сынып  -  өте  күрделі  әлеуметтік  жүйе,  онда  түрлі  заттар  бір  мезетте  орын 



алуы  мүмкін.  Сыныпты  бақылау  үшін  сіздің  нақты  мақсатыңыз  болуы  керек,  болмаса 

барлығын жазып алуға тырыса отырып сіз атүсті талдау жасай аласыз. Басқа жағынан 

алғанда, өз назарыңызды тым шектейтін болсаңыз, сіз көргіңіз келген нәрсені ғана көре 

аласыз. Сыныпқа бақылау жүргізу барысында орын алып жатқан жағдайлар ретінің бірін 

таңдап аласыз, сондықтан осындай мүмкіндікті мұқият жоспарлап алыңыз. 5.3 тапсырма 

бақылауға кіріспес бұрын шолу жасау ұсынылатын тармақтар тізімін қамтиды. 



5.3 

тапсырма Бақылауға дайындау

1.  Сіз неліктен бақылау жүргізейін деп отырсыз? Сіз белгілі бір сипатқа 

назар  аударасыз  ба?  Өзіңіздің  негізгі  сұрағыңызға  жауап  беру  үшін 

жеткілікті дәрежедегі мәліметтерді жинауға мүмкіндік бере ме? 

2.  Сіз  неге  бақылау  жүргізесіз?  Ол  қандай  болжамдарға  негізделген? 

Сіздің  сыңаржақтығыңыз  жағдайдың  басқаша  түсіндірілуіне  шектеу 

қоймайтынына сенімдісіз бе? 

3.  Бақылау қай уақытта жүргізіледі және ол қанша уақытты алады? Бұл басқа 

жалпымектептік іс-шаралардың кестесіне кіреді ме?



Data Collection

256


Бақылауларды жазып отыру

Бақылау басталғанға дейін сіздің бақылау әдісіңіз қандай болатынын шешіп алыңыз. 



5.4 сурет 

Сыныптағы бақылау жүргізу кестесі 

 

С

абақ

ты

ң 

м

ақ

сат

ы



О

қу

 ж

ы

лы



О

қу

ш

ы

лар

 сан

ы



М

ұғ

ал

ім

-оқ

уш

ы

 ара

-қат

ы

насы

 

Тү

сі



ні

кт

ем



е: 

Н

сқ



 = 

нұсқ


ау

лы

қ 



не

м

есе



 бас

қару


, Н

ұсқ


 = 

нұсқ


ау

лы

қ, 



A

, B


, C

 нем


ес

е 



түр

лі

 д



иал

ог

, Көрс



 = 

кө

рсе



ту

, Т


үсі

н 



тү

сі

ні



кте

м

е, 



С

ұр

 = 



сұ

рақ


тар

 

О



қуш

ы

лар



 не

 істе


п 

ж

аты



р 

О

қу

ш

ы

лар

 т

оп

тар

ға

 қал

ай

 

бір

ік

тір

іл

ге

н 

Уа

қы



ты

 Ж

ал



пы

 с

ын



ып

М



ұғ

ал

ім



 б

үк

іл



 сы

ны

пқ



а 

ай

тад



ы

 

М



ұғ

ал

ім



 кі

ш

ке



не

 то


пта

ғы

 



оқ

уш

ы



ларм

ен

 н



ем

ес

е 



тұ

лғ

аларм



ен

 б

ай



ланы

ст

а 



болады

  

 



0-

ми



н.

 

Н



сқ

 

Н



ұс

 

A



 

B

 



C

 

D



 

Көрс


 

Н

сқ



 

Н

ұс



 

Түсі


н 

С

ұр



 

Ж



аз

ы

лы



м

 Ты


ңдал

 

А



йты

л 

О



қы

л 

Тəәж



іри

бе

 



Ба

сқ

а 



Ж

еке


 

Ж

ұппе



н 

Топ


пен

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5.



су

рет

 С

ы

ны



пта

ғы

 бақ



ы

лау


 ж

үр

гіз



у 

ке

сте



сі

  

     



Data Collection

257


Сыныпты  бақылау  әдістері  үлкен  ауқымдағы  әдістерді  қамтиды:  сұрақтар,  тізбелер 

тізімдері,  уақытша  аралыққа  ие  бағамдар,  жалпы  бағалар,  сипаттамалар,  журналдар, 

сұрақтар, рубрикалар, матрицалар, үлгілер, концептуалды карталар мен ашық сұрақтар. 

Басқа маңызды аспект ретінде сізге қанша уақыт және неліктен онша уақыт қажеттігін 

келісіп  алу  болып  табылады.  Сіз  бүкіл  сабақ  барысын  бақылайсыз  ба?  Сабақтың  бір 

бөлігін? Күні бойы? 

5.4 суретте жаратылыстану сабақтарындағы әңгімені талдау үшін құрылымдалған кесте 

үлгісі ұсынылып отыр. 



Қиындықтар

Сыныптағы бақылау кестесін құру – аса күрделі үдеріс, әсіресе егер сіз біреуден өз 

кестеңізді пайдалануды өтінетін болсаңыз. Бұл әрбір бақылаушының өз сыныбына өз 

тәжірибесін  негізге  ала  отырып  бақылау  жүргізуімен  байланысты.  Нәтижесінде  екі 

бақылаушы орын алып жатқан жайтты түрліше түсіндіруі мүмкін, сондықтан бір сабақтағы 

әртүрлі жайтты көрсететін болады. Одан бөлек, бір немесе бірнеше бақылаушының 

қатысуы  сыныптың  қалыпты  жұмысына  кедергі  келтіруі  мүмкін,  соның  нәтижесінде 

сабақ  қалыпты  сабақтан  ерекшеленетін  болады.  5.2  кестеде  қысқаша  түрде  сабақты 

бақылаудың артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылатын болады. 

5.2  кесте. 

Бақылау  мен  аудио-бейне  жазбаны  қолданудың  артықшылықтары  мен 

кемшіліктері 

5.1 қорапшада келтірілген эксперименттің сипаттамасын оқып шығыңыз. Ол бақылауды 

балалардың  сыныпта  жақсы  оқитынына  қатысты  бағалау  туралы  тұжырымдаманы 

даулауға болады деген ойға саяды. 

Сыныпты бақылау əәдістері үлкен ауқымдағы əәдістерді қамтиды: сұрақтар, тізбелер тізімдері, уақытша 

аралыққа ие бағамдар, жалпы бағалар, сипаттамалар, журналдар, сұрақтар, рубрикалар, матрицалар, 

үлгілер, концептуалды карталар мен ашық сұрақтар.  

  Басқа маңызды аспект ретінде сізге қанша уақыт жəәне неліктен онша уақыт қажеттігін келісіп алу 

болып табылады. Сіз бүкіл сабақ барысын бақылайсыз ба? Сабақтың бір бөлігін? Күні бойы?  

  5.4  суретте  жаратылыстану  сабақтарындағы  əәңгімені  талдау  үшін  құрылымдалған  кесте  үлгісі 

ұсынылып отыр.  

 

Қиындықтар 

 

Сыныптағы  бақылау  кестесін  құру  –  аса  күрделі  үдеріс,  əәсіресе  егер  сіз  біреуден  өз  кестеңізді 



пайдалануды  өтінетін  болсаңыз.  Бұл  əәрбір  бақылаушының  өз  сыныбына  өз  тəәжірибесін  негізге  ала 

отырып  бақылау  жүргізуімен  байланысты.  Нəәтижесінде  екі  бақылаушы  орын  алып  жатқан  жайтты 

түрліше түсіндіруі мүмкін, сондықтан бір сабақтағы əәртүрлі жайтты көрсететін болады. Одан бөлек, бір 

немесе бірнеше бақылаушының қатысуы сыныптың қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, соның 

нəәтижесінде  сабақ  қалыпты  сабақтан  ерекшеленетін  болады.  5.2  кестеде  қысқаша  түрде  сабақты 

бақылаудың артықшылықтары мен кемшіліктері ұсынылатын болады.  

 

5.2 кесте. Бақылау мен аудио-бейне жазбаны қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері  

 

 



ƏӘдістің артықшылығы 

ƏӘдістің кемшілігі 

Жазбаша 


бақылаулар  

Тікелей  нəәтиже;  бақылаушы  қандай  жағдай  орын 

алып жатқанын көреді; нəәтижені талқылау мүмкіндігі 

бақылаудан  кейін  орын  алады;  сынып  немесе 

мектептің жайына толық шолу жүргізу бақылаушыға 

бақылауды жүргізу барысында мүмкін болады 

Бақылаушы  нені  жазып  алу  керектігі  туралы  көп 

реттік  шешім  қабылдауы  тиіс,  сондықтан  нəәтижесі 

атүсті немесе сенімсіз болуы мүмкін; қайта жаңғырту 

мүмкіндігі жоқ; сыныптың мінез-құлқына кейбір əәсер 

ету бақылаушының болуынан орын алуы мүмкін  

Бейне жазба  

Бірнеше  рет  қайталап  көруге  болатын  сабақтың 

аудиовизуалды  жазбасы;  шешімді  бірден  қабылдау 

керек  емес;  назар  тек  мұғалімге  немесе  белгілі  бір 

оқушыға  немесе  оқушылар  тобына  бағытталған; 

сабақты қатысушылармен талқылауға болады  

Жайдың 


температурасы, 

иістер, 


камера 

объективінен  тыс  жайттар  сияқты  ақпараттың 

жоғалып кетуі; камераның болуының сыныпқа əәсері; 

уақыт бойынша шығын келтіретін талдау; бір камера 

бір перспектива береді  

Аудио жазба  

Аудиожазбаны  талқылау,  талдау  немесе  жазбаша 

нəәтижені  бекіту  үшін  қайта  жаңғыртуға  болады; 

мұғалімнің  даусының  сапалы  жазылуы  үшін  радио-

микрофонды  қолдануға  болады;  бақылаушының 

түсініктемелерін  бір  мезетте  екі  жолақты  таспаға 

жазып  отыруға  болады;  сабақтың  жазбаша 

шифрленуін жасауға кейіннен мүмкіндік береді  

Бет  əәлпеттері,  қол  қимылдары,  дене  тілі,  қозғалыс 

сияқты  маңызды  визуалды  белгілердің  жоқтығы; 

радио-микрофонсыз  дыбыс  сапасы  төмен  болуы 

мүмкін,  əәсіресе  егер  акустика  нашар  болса;  белгілі 

бір  балаларды  айқындау  қиын;  талдау  уақыты 

айтарлықтай ұлғайтылған. 

 

 



 

 


Data Collection

258


5.1 қорапша. 

Ойша эксперимент

Fenstemacher  және  Richardson  (2005)  жұмыстарынан  алынған  мысалды 

қарастырайық:

Жақсы оқыту қасиеттерін ұсыну үшін, келесі ойша экспериментті жүргізіп 

көрейік. Бір қабат шыныдан жасалған екі үлкен панелі бар, жайдың әр жақ 

бетінде бір-бірден, мектеп сыныбын елестетіп көріңіз. Сіз сыныптық оқытуды 

бағалау бойынша сарапшылар болып есептелетін бірнеше әріптесіңізбен 

бірге осындай панельдердің бірінің артында отырсыз. Сіз әріптестеріңізбен 

бірге римдік жаулау тақырыбында сегізінші сыныпқа арналған дүниежүзілік 

тарих бойынша өтіп жатқан сабақты бақылап отырсыз. Басқа тағы да бір 

қабаттық  сізге  қарама-қарсы  панельдің  артында  қазіргі  заманғы  басқару 

пультімен жабдықталған оператор отыр, ол сол жерден барлық оқушыларды 

бақылап отыр. Ал оқушылар шын мәнісінде роботтар болып табылады, олар 

белгілі бір сөзді сөйлеуге, бет әлпетін өзгертіп, қолдары мен саусақтарын 

қимылдатуға бағдарламаланып қойған. Дегенмен олар дәл сегізінші сынып 

оқушылары  сияқты  көрінеді,  бұл  роботтар  өзіндік  нейрондық  немесе 

танымдық  қабілетке  ие  емес.  Әдеттік  түсінікте  олар  ештеңені  жаттап 

ала алмайды. Не сіз, не сіздің әріптестеріңіз бұл оқушылардың роботтар 

екендігін білмейді.  

 

Мұғалім  –  барлық  сертификаттарға,  оның  ішінде  ұлттық  кеңестің 



куәлігіне ие адам, орта мектепте 15 жылдық оқыту өтілі бар. Сіз сияқты, ол да 

оқушылардың 13 және 14 жастағы ерекше сөзқой иелері екендігін білмейді. 

Оның римдік жаулау бойынша сабағы 47 минутқа созылады, осы уақытта 

басқару  пультіндегі  оператор  роботтарды  жымитады,  ашуландырады, 

сұрақ  қою  үшін  қолдарын  көтерткізеді,  мұғалімнің  сұрақтарына  жауаптар 

ұсындырады,  және  керек  десеңіз  бір  рет  мұғалімнен  жаза  да  алдыртады, 

өйткені  «оқушылардың»  біреуі  қалың  резеңке  көмегімен  қағаздан 

жасалған  шарды  ұшырып  жібереді.  Ол  үшін  оператор  түрлі  роботтарды 

бағдарламаланған түсініктемелер беруге немесе бағдарламаланған сұрақтар 

қоюға  бағдарламалап  қойған.  Оператор  кең  ауқымды  жиі  қолданылатын 

қимылдарды, сөздер мен дене қимылдарының ішінен жиі кездесетіндерін 

таңдап алған, ал компьютерлер басқа оқушылардың іс-қимылдарын басқарып 

отырады, оларды оператор арнайы өзі бақыламайды. 

 

Сабақ  соңында  сіз  таң  қаласыз.  Қандай  керемет  нәтиже!  Сіздің 



әріптестеріңіз тек басын изеп келісіп отыр. Егер олардың қолында балдары 

бар тақтайшалар болса, олар тек 9.9 және 10 деген балды ғана көтерген 

болар еді. Шын мәнісінде, егер осы сабақ таспаға жазылған болса, онда бұл 

сабақ мұғалімге «Жыл мұғалімі» марапатын сыйлар еді. Сабақтың тақырыбы 

мұқият  келтіріліп,  осы  оқушылардың  қабілеттеріне  қарай  тексерілген,  бұл 

жөнінде мұғалімнің керемет келтірілген сұрақтарына жауап беріп отырған 



Data Collection

259


оқушылардың қызығушылықтары мен олардың жауаптары дәлел бола алады. 

Сіз бұл жайдан ерекше бір күш алған күйде шығасыз, сіздің әріптестеріңіздің 

соңғысы  сыныптан  шыққаннан  кейін  оператор  роботтарды  сөндіріп, 

олардың сабақ басталғанда қандай күйде болса, дәл сондай күйге енетінін 

білмейсіз. Олардың өзгеру үшін ми жасушалары жоқ, ешқандай синапстар 

жанбайды. Ешқандай оқыту мүмкін емес, ешқандай оқу орын алмайды. 

 

Келесі  күні  сіз  және  басқа  да  педагог  мамандар  шындықты,  яғни 



оқушылар роботтар болғанын білесіз. Енді мұғалімнің жұмысы жайында не 

айтасыз? Мұғалім өткізген сабақ соншалықты керемет болмады ма немесе 

соншалықты  құрметке  ие  емес  пе?  Егер  сіз  және  сіздің  әріптестеріңіз 

мұғалімнің жұмысын тек 10 деген балға бағаласаңыз, сіз осы жоғары бағаны 

өзгертер ме едіңіз? Бұл сұрақтар жақсы оқыту дегеннің не екендігі туралы 

бізді ойландырады. 

 

Міндетті  түрде,  сіз  және  әріптестеріңіз  жасаған  тұжырымдар,  ең 



алдымен, оператор таңдап алған роботтардың реакцияларына байланысты 

болатын.  Ойланып  көрейік,  оператор  роботтарды  басқаша  әрекет  етуге 

бағдарламалап қойса ше: іштері пысып отырған, іске қатысы жоқ сұрақтар 

қойып отырған, жалпы алғанда, сыныпта емес басқа кез келген жерде болғысы 

келетіндіктері туралы ойларын білдіріп отырса ше. Сіз бен әріптестеріңіз 

мұғалімге қойған өз бағаңыздың бір бөлігін оқушылардың мұғалімге қатысты 

қалай әрекет ететініне негіздеген боларсыз, егер оқушылар мұғалімді ұйып 

тыңдап  отырса,  жоғары  балдарды  қойып,  ал  оқушылар  мұғалімге  қарсы 

болып отырса, төменгі балдарды қойып отырған боларсыз. Осылайша, біз 

өз жетістіктеріміз туралы тұжырымдарымыздың оқушыларға бағытталғанын, 

алайда оқытуға байланысты емес екендігін көрсеткіміз келеді. 

Дереккөз: Fenstermacher and Richardson, 2005: 193.



Бақылауды нығайту мен толықтыру

Жақсы тәжірибе ретінде мәнмәтін туралы ақпаратты жазу болып табылады, онда 

сіз өз бақылауларыңызды жүргізгенсіз, мәселен, сізге қанша оқушының қатысқанын, 

олардың отырған орындары қандай болғанын және, мүмкін, бақылау барысында орын 

алған жайттардың ретін жазып отырған дұрыс болар. Аудио немесе бейнежазба 

мейлінше тұрақты үлгіде кейбір өзара әрекетті бекітіп алады. 



Аудиожазба жасау 

Таспаға жазба жасау жайттың дыбыстарын жазып алмайды, дегенмен сыныптың жайы 

туралы ақпарат ауызша емес белгілер мен қимылдармен бірге жойылып кеткенімен, 

бұл әдіс сыныпты жай бақылаудан гөрі мейлінше толық жазба жасауға мүмкіндік 

береді. 


Data Collection

260


Бейнежазба жасау

Бейнежазба сабақ барысындағы диалогтарды жазып алудың жақсы тәсілі, сонымен 

қатар сабақты тікелей бақылау кезінде жазылған көптеген бөлшектер болып табылады. 

Уақыт бойынша оқиғалар ретін елестете отырып, бейнежазба басқа ақпарат жинау 

әдістеріне қарағанда мәнмәтін мен каузалды қатынастардың ара қатысын мейлінше 

қол жетімді етеді. Оқушылардың мінез-құлық үлгілерін де жазып отыруға болады, 

оның ішінде ауызша және ауызша емес мінез-құлықты қоса алғанда. Одан бөлек, 

бейнетаспалар талқылауды бастау үшін басқа адамдарға жағдайды елестетудің ерекше 

тәсілі болып табылады. 

 

Алайда кемшіліктері де бар. Бейнежазбалар сабақтың салыстырмалы түрде 



жалпы жазбасы болуы мүмкін, олар камера объективі арқылы ғана көрсетеді. Одан 

бөлек, сапалы бейне жазбалар алаңдатуы мүмкін көп мөлшердегі аппаратураны 

қолдануды қамтиды, дегенмен кішкене вебкамераларды пайдалану бұл мәселені 

азайтады. Негізгі қиындық – камераны статикалық күйде пайдалану болып табылады 

және ол әдетке айналу үшін оны жиі қолданып тұру қажет. Күрделісі – бейнежазбалар 

алдамшы болуы мүмкін, өйткені жайттарды толық есепке алу әсерін тудырады, ал 

шын мәнісінде олар аса таңдамалы (камера тек бір жаққа ғана бағытталған, ол жазба 

жасамаған кездер ешқандай да назарға алынбайды). 

 

Бейнежазбаларды дұрыс пайдалану көп уақыт алады. Мұқият талдау жүргізу, 



зерттеу мәні тұрғысынан маңызды болып көрінуі мүмкін оқиғаларға назар аудару 

таспаға біршама шолу жасауды талап етеді. 

 

Кейде терезе жағындағы жайда орналасқан және сабақ барысында тоқтаусыз 



жұмыс істейтін жылжымайтын камераның өзі жеткілікті. Ол бүкіл жайға, оқушылар 

тобына, немесе бір оқушыға бағытталған болуы мүмкін. Мұндай жазбалар бөгде 

адамдар үшін соншалықты қызық емес, алайда кейінгі талдау немесе талқылау үшін 

сабақты толық жазып шығады. 

 

Аудио/бейнежазбаларды пайдаланудың артықшылықтары мен кемшіліктеріне 



шолу жасау 5.2 кестеде көрсетілген. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет