Пример 6
«Может ли домашний научный проект быть инструментом для оценки обучения на
уроках естествознания?», авторы: Луиз Ньюби и Марк Уинтерботтом (Louise Newby
and Mark Winterbottom), Educational Review, (2011)
Многие английские школы имеют политику домашних заданий, предписывающую,
сколько задавать домашней работы для каждого ученика на неделю, независимо от того,
The Case Study
731
может ли она быть выполнена со смыслом. Исследование рекомендует Оценку для
обучения (Assessment for Learning, AfL) в качестве поддержки учебы учеников, но учителя
могут счесть трудным включение методов AfL в свою практику. Это исследование
изучает, как домашний научный проект, выполняемый в течение нескольких недель,
может стать средством интеграции методов AfL на уроках естествознания среди
13-18-летних учеников средней школы.
Перед выполнением домашнего задания ученикам были сообщены требования
и дана возможность самостоятельной и коллегиальной оценки их работ сверстниками
согласно критериям оценки. Их работа была оценена для изучения того, как ученики
изменили свою работу в ответ на оценку. Ученики также заполнили краткую анкету,
ставшую основанием для интервью с фокус группой. Результаты предполагают, что
домашний научный проект наряду с методами AfL может способствовать обучению
учеников, и что такой проект может способствовать реализации AfL
The Case Study
732
Задание 14.1
1 Категоризировать каждое вышеописанное исследование по типам
ситуационного исследования, описанным в этой главе, и тщательно
исследовать каждый проект на предмет способов проведения исследования.
2 Составить собственное ситуационное исследование, используя
интересующую вас тему и применяя оптимальную для нее процедуру кейс-
стади.
Основные идеи
Ситуационное исследование – это традиционный подход к исследованию
вопросов, и его цель – описать исследуемый случай настолько полно и
точно, насколько это возможно. Исследователи использовали метод кейс-
стади в течение многих лет в ряде дисциплин.
Вместо больших выборок и жесткого протокола изучения
ограниченного количества переменных, методы кейсов включают
глубокое продолжительное исследование одного экземпляра или события
– кейса. Поэтому ситуационное исследование делает акцент на детальном
контекстуальном анализе ограниченного количества событий или условий
и их взаимосвязей.
Ситуационное исследование позволяет нам понять сложный
вопрос или объект, и способно расширить наш опыт или подтвердить то,
что уже известно по результатам прошлого исследования. Оно может
быть разведочным, разъяснительным или описательным по своей природе.
Стандартный протокол ситуационного исследования: определить задачи
исследования, выбрать случаи и определить методы сбора и анализа
данных, подготовиться к сбору данных, собрать полевые данные, оценить
и проанализировать данные и подготовить отчет.
Частая критика методологии ситуационного исследования
состоит в том, что его зависимость от единичного случая ограничивает
его генерализуемость. В отличие от опроса произвольной выборки,
ситуационные исследования не представляют генеральную совокупность,
хотя и не претендуют на это.
Ситуационные исследования часто применялись в образовании. В
частности, образование использует метод кейсов для образовательной
оценки и применения с целью обучения и развития аналитического
мышления, навыков и знаний.
The Case Study
733
Дополнительная литература
Eisenhardt, K.M. (1989) ‘Building theories from case study research’, The Academy of Man-
agement Review, 14: 532–50.
Flyvbjerg, B. (2006) ‘Five misunderstandings about case study research’, Qualitative Inquiry,
12: 219–45.
Ragin, C.C. and Becker, H.S. (1992) What is a Case? Exploring the Foundations of Social
Inquiry. Cambridge: Cambridge University Press.
Scherff, L. (2008) ‘Disavowed: The stories of two novice teachers’, Teaching and Teacher
Education, 24: 1317–32.
Scholz, R.W. and Tietje, O. (2002) Embedded case study methods: Integrating Quantitative
and Qualitative Knowledge. Thousand Oaks, CA: Sage.
Singleton, R.A. and Straits, B.C. (2004) Approaches to Social Research (3rd edn). Oxford:
Oxford University Press.
Вопросы для рефлексии
1 Как вы определили границу случая?
2 Каковы преимущества метода кейс-стади?
The Case Study
735
КЕЙС-СТАДИ
HELEN DEMETRIOU
ТАРАУ 14
Тарауға шолу
Бұл тарауда кейс-стади әдісі сипатталып, сонымен бірге дереккөздер, сындар мен
осы әдістің шектеулері қарастырылатын болады. «Кейс стади» тарауы жағдайды
зерттеуге қатысты түрлі әдістемелік тәсілге арналған, содан кейін түрлі осындай
зерттеу тәсілдері қарастырылатын болады. Одан кейін тарау кейс-стадиді жүргізу
техникалары мен үдерістеріне арналған. Соңында, педагогикалық зерттеудегі
жағдаяттық талдаудың икемділігі мен тиімділігі алты жеке зерттеу мысалдарында
көрсетіледі.
The Case Study
736
Жағдаяттық талдау – бұл әмбебап сапалы зерттеу тәсілі болып табылады, ол зерттеушіге
күрделі мәселені немесе нысанды түсінуге мүмкіндік береді және басқа зерттеу әдістерін
пайдалану кезінде мүмкін емес болатын жағдаятты терең түсінуді қамтамасыз етеді.
Бұл тартымды зерттеу әдісі, өйткені ол «көрінетін шынайылыққа» ие, яғни оқырмандар
келісетін деректер мен бейнелерді ұсына алады.
Кейс-стади (талдау) әдісі қазір танымал, негізінен ол адамның уақытша бейнесі немесе
басқа зерттеу нысанын қамтитын қолайлы әрі ойға қонымды әдіс ретінде мойындалады.
Кейс-стади дегеніміз не?
Кейбір анықтамалар
Фрай, Кеттеридж бен Маршалл (Fry, Ketteridge and Marshall (1999)) мәселенің мәнмәтіні
туралы ой білдіріп, негізгі мезетті көрсететін кешенді мысалдар ретінде жағдайларды
зерттеуді сипаттайды.
Ламнек (Lamnek (2005: 20)) жағдайды «... нақты мәліметтерді жинау әдістемелер
мен әдістемелік парадигмалар арасында орналасқан зерттеу әдісі» ретінде жағдайды
зерттеуді анықтайды.
Йин (Yin (2008: 23)) жағдайды зерттеуді құбылыс пен мәнмәтін арасындағы
шекаралар нақты бақыланбайтын және оларда ақпарат көздерінің көпшілігі
пайдаланылатын нақты мәнмәтіндегі қазіргі заманғы құбылысты зерттейтін эмпирикалық
зерттеулермен қатар зерттеу стратегиясы ретінде анықтайды.
Кес-стади зерттеуі – мүмкіндігінше толық әрі нақты түрде жағдайды (кейсті)
зерттеуді сипаттау мақсатында оқиғаларды бақылау, мәліметтерді жинақтау, ақпаратты
талдау мен нәтижелерді хабарлау бойынша дәстүрлі жүйелік әдіс болып табылады.
Бұл шынайы өмірлік мәнмәтінде құбылысты зерттейтін зерттеу стратегиясы болып
табылады. Шектеулі айнымалылар санын зерттеу үшін ірі таңдалымдарды пайдалану
мен қатаң хаттамаға сүйенудің орнына, кейс-стади әдістері бір жағдай немесе оқиғаның
– кейстің терең ұзақ мерзімді зерттелуін қамтиды. Бұл әдіс зерттеуші ретінде сізге
белгілі бір жағдайдың неліктен бұлай орын алғанын, қалай орын алғанын түсінуге және
келешекте қандай жағдай қатаң зерттеуді талап етуі мүмкін екендігін анықтайды. Бұл
зерттеу тәсілі сапалы болып табылады, өйткені әдетте бірнеше жағдай ғана зерттеледі,
осылайша көп нұсқалы статистиканың қолданылуы шектеледі. Алайда мұндай жағдаяттық
зерттеу бір немесе бірнеше жағдайларды зерттеуді және сандық деректерді зерттеуді,
осылайша көптеген дәлелдемелер көздеріне иық тірей отырып, қамтуы мүмкін.
Жағдаяттық зерттеуді сапалы зерттеумен шатастыруға болмайды, өйткені олар сандық
және сапалық зерттеулердің қоспасына негізделген болуы мүмкін. Бұл кейс-стади
әдісінің артықшылығы ретінде есептеледі, өйткені себеп-салдарлық байланыстарды
айқындауға, сонымен бірге әсер ету механизмдері мен әсерлерін айқындауға мүмкіндік
береді. Оны өз бетінше, сонымен қатар басқа әдістермен қатар да пайдалануға болады.
Соңғы жылдары жағдаяттық талдау бірден-бір зерттеу тәсілі ретінде пайдаланылып
жүр, дегенмен оны көп әдісті үшбұрыш бөлігі ретінде де ұсынады, онда бір байланыс
айнымалы түрлі тәсілдермен зерттеліп жүр. Жағдаяттық зерттеудің икемділігі – оның
бір немесе бірнеше жағдайларды талдауды қамти алуында болып отыр, ол сонымен
The Case Study
737
бірге көптеген ақпарат көздеріне және теориялық болжамдардың алдыңғы жасалуынан
артықшылықтарға негізделеді.
Кейс-стадиге қысқаша шолу жасау
Кейс-стадиді жеке зерттеу әдісі ретінде пайдалану тек 20 ғасырдың басында ғана басталды.
Сөздіктерде «кейс-стади» (case study) терминінің анықтамасы 1934 жылы, медицинада
ауру тарихының концепциясын енгізгеннен кейін ғана шығып отыр, ерте кезеңдердегі
мысалдар құқық пен медицина салаларында табылып отыр. Көптеген жылдар бойы
түрлі салаларда пайдаланылғанына қарамастан, кейс-стади әдісі зерттеу жұмысының
шыңында болған емес. 20 ғасырдың алғашқы жартысында кейс-стади әдісі кейде бүкіл
ұйым немесе қауымдастықты көрсету үшін кейде қолданылған; құбылыстарды сипаттау
үшін, мәселен, Валлианта (Vaillant (2002)) жағдаяттық зерттеулерінде психикалық
денсаулық туралы қорытындылар, немесе жекелеген тұлғаларды сипаттау үшін, мәселен,
Левинсонмен (Levinson (1978)) ересек ер кісілерді зерттеуде даму моделінің негіздемесі
ретінде қолданылған. Сандық әдістерді қалау жағдаяттық зерттеудің құлауына әкелді.
Алайда 1960 жылдары зерттеушілерді сандық әдістердің шектеулері көбірек алаңдатып
отырды және нәтижесінде жағдаяттық зерттеуге деген қызығушылық қайта жаңғырды.
Глазер мен Страусс (Glaser and Strauss (1967)) «негізделген теория» концепциясын
жасап шығарды. Және бұл басқа да құрметті зерттеулермен қатар әдістеменің қайта
оралуын жылдамдатты. Бұл үздіксіз, дегенмен біршама жиі беталыс 1980 жылдардың
көп бөлігінде жалғаса бастады да, жақын уақытта кейс-стадидің танымалдығы мен жиілігі
арта бастады.
Кейс-стадиді сынау
Жағдаяттық зерттеу әдісінің көптеген артықшылықтарына қарамастан, оны сынаушылар
оған бірқатар күрделі мезеттерді жеткізді. Алайда, өздеріңіз көріп отырғандай,
жағдаяттық зерттеуге қарсы бағытталған түрлі теріс пікірлер жиі асты-үстіне төңкеріліп,
осы белгілі бір зерттеу әдісі үшін артықшылықтар мен қажеттілік ретінде есептелді.
Одан бөлек, зерттеушілер осы әдістің шектелуін жоюға тырысты.
Жағдаяттық зерттеудің жарамдылығын шектеу үшін және атап айтқанда
құрылымының жарамдылығының шектеулері үшін сынға алды, оның нәтижесінде
зерттеушіде субъективті көзқарас қалыптасуы мүмкін. Йин (2008) осы мәселені
шешудің үш түрлі нұсқасын ұсынды: көптеген ақпарат көздерін пайдалану; деректер
тізбегін құру; және негізгі ақпарат берушілермен жағдаяттық зерттеу туралы шимай
есепті қарап шығу. Ішкі жарамдылық мәселені тек каузалды (түсіндірушілік) жағдайларда
ғана ұсынады. Бұл әдетте үлгілерді қиюластыру арқылы шешуге болатын жағдаяттық
зерттеуге араласу мәселесі болып табылады. Сыртқы жарамдылық белгілі бір жағдайдың
аясынан тыс нәтижелерді жалпылау мүмкіндігі туралы білімді білдіреді. Мұндай
жағдаяттық зерттеу әдістемесін сынау оның бір реттік жағдайдан бағыныштылығын
шектеу оны жалпылаудан тұрады. Кездейсоқ таңдау әдістерінен бөлек, жағдаяттық
зерттеу жалпы ортақ жиынтықты білдірмейді, дегенмен оның орнын басуға да
тырыспайды. Кейс-стади әдісінің сыншыларының айтуынша, біршама жағдайларды
The Case Study
738
зерттеу шынайылылық белгілеу немесе нәтижелердің жалпы сипатын орнату кезінде
шектелген. Басқалардың пайымдауынша, жағдайды зерттеуден шеткі бағыныштылық
нәтижелерге әсер етеді. Кейбіреулер жағдаяттық зерттеуден бас тартып жатады,
өйткені оны тек барлау құралы ретінде ғана есептейді. Гидденс (Giddens (1984))
жағдаяттық әдістемені «микроскопиялық» ретінде есептейді, өйткені ол жағдайлардың
«жеткілікті санына ие емес». Алайда егер зерттеуші шектен тыс жалпылаудан өзін әрі
ұстаса, онда жағдаяттық зерттеу әдістемелік тұрғыда негізделген болып табылады,
өйткені таңдап алынған жағдайларды барлық жалпы жиынтық үшін ұсынатындай деп
санауға болмайды. Сондықтан, статистикалық талдау осы жиынтықты білдіретін таңдау
негізіндегі жиынтыққа жалпыламаны қамтитын болса, жағдаяттық талдауда жалпылама
осы теорияның бағыттарының өкілдері ретінде таңдалған жағдайларға негізделген.
Кейс-стадиді қолдау ретінде Гармель (Hamel (1993)) мен Йин (2008) таңдаудың
салыстырмалы өлшемі, ол екі, 10 немесе 100 жағдай болсын, көптеген жағдайларды
макроскопиялық зерттеуге айналдырмайтынын нақтылап отыр. Зерттеудің мақсаты –
параметрлерді белгілеу болып табылады, содан кейін барлық зерттеуге қатысты қолдану
болып табылады. Осылайша, керек десеңіз жекелеген жағдайдың өзі егер ол қойылған
мақсатқа сәйкес келетін болса қол жетімді ретінде есептеледі. Осы кейс-стади әдісін
қолданған кейінгі зерттеуші басқа жағдайды зерттейтін болады, сондықтан басқаша
қорытындыға келеді. Сонымен бірге эксперименталды және квази-эксперименталды
зерттеулердегі субъектілер ерекшеленетін болады, яғни өзара байланыстар ерекшеленуі
мүмкін. Кейс-стадидегі немесе эксперименталды зерттеудегі зерттеулердің қайталануы
талдау бірліктерімен қамтамасыз етіледі, алайда осы зерттеудің негізінде жатқан теория
да бар. Егер зерттеуші гипотетикалық өзара қарым-қатынастар үлгісін жасап, сынақтан
өткізген болса, онда келешек зерттеуші дәл сол теориялардың негізінде жағдайды жай
ғана таңдап, содан кейін үлгімен салыстыру арқылы теорияны сынақтан өткізе алады.
Кейс-стадиді жасау
Кейс-стадиге қатысты түрлі әдістемелік тәсілдер
Сіздің жағдаяттық талдау тәсіліңіз үш үлгінің біреуіне ие болуы мүмкін. Йин (2008)
ұсынысына сәйкес, жағдайды зерттеу барлаушы, түсініктеме беруші немесе сипаттаушы
болуы мүмкін.
Барлаушы кейс-стадиде алқаптық жұмыстар мен мәліеттерді жинау зерттеу мен
болжамдар міндеттерін анықтағанға дейін жүзеге асуы мүмкін, дегенмен зерттеу
аралықтары басында белгіленген болуы тиіс. Пилоттық жобалар соңғы хаттамаларды
анықтауға көмек береді, ол өз кезегінде пилоттық зерттеу нәтижесінің негізінде
сұрақтарды сызып тастап немесе қосуға мүмкіндік береді.
Түсініктеме беруші кейстер каузалдық зерттеулер үшін сәйкес келеді. Өте күрделі және
көп нұсқалы кейстерде талдау салыстыру әдістерін үлгімен пайдалана алады. Йин мен
Мур (Yin and Moore (1988)) себепті зерттеу үшін зерттеу жүргізді, оған сәйкес кейбір
зерттеу нәтижелері тәжірибелік қолдануға ие болады. Олар талдау бірлігі ретінде
қаржыланатын зерттеу жобасын пайдаланды, оның тақырыбы тұрақты болды, алайда
The Case Study
739
жоба ерекшеленген болатын. Пайдалану нәтижелері үш бәсекелес теориялардың
негізінде түсіндірілген болатын: білім теориясы, міндеттерді шешу теориясы және
әлеуметтік өзара әрекет ету теориясы.
Сипаттамалы кейстер жөнелту нүктесі ретінде сипаттамалы теорияны талап етеді.
Пьеха (Pyecha (1988)) осы әдісті үлгімен салыстыру әдісін пайдалана отырып, арнайы
білім беруді зерттеу үшін пайдаланған. Бірнеше жағдай зерттелген және әрбір жағдайдың
қызметі туралы мәліметтер керемет теориялық үлгілермен салғастырылған. Мұндай
зерттеу түрі себеп пен салдардың өзара байланысына болжамды қалыптастырады.
Сондықтан сипаттамалы теория зерттелетін жағдайдың тереңдігі мен ауқымын қамтуы
тиіс.
Кейс-стади түрлері
Кейс-стади құруға қатысты жалпы беталысты Дженсен мен Роджерс (Jensen and Rodgers
(2001)), ұсынған болатын, олар зерттеулерді келесі тәсілмен топтастырды:
• Бір реттік кейс-стади (Snapshot case studies) – белгілі бір уақытта бір жағдайды
жан-жақты шынайы зерттеу. Суббірліктердің үлгілерін салыстыру арқылы болжамды
тексеруді қамтиды.
• Көпжылдық кейс-стади (Longitudinal case studies) – көп уақыт нүктелерінде бір
жағдайды сандық және/немесе сапалық зерттеу.
• Дейінгі және кейінгі кейс-стади (Pre-post case studies) – сыни оқиғамен бөлінген
екі уақыт нүктесінде бір жағдайды зерттеу. Сыни оқиға – бұл зерттелетін теория
негізінде кейстерді бақылау үшін айтарлықтай әсер етуі тиіс оқиға болып табылады.
• Компилятивті (мозайкалық) кейс-стади (Patchwork case studies) – бір реттік, көп
реттік жобаны немесе «дейінгі-және-кейінгі» жобаны қолдана отырып бір жағдайдың
бірнеше кейс-стадиінен құралған топ. Бұл көп жобалы әдіс зерттеу мәнінің қарқыны
туралы мейлінше толық пікір қалыптастыруы тиіс.
• Салыстырмалы кейс-стади (Comparative case studies) – жағдайларды қарама-қарсы
салыстыру мақсатында көптеген жағдайлардың бірнеше кейс-стадиінен тұратын
топ. Сапалық, сонымен бірге сандық салыстыру түрінде жүргізіледі.
Кейс-стади жүргізу: зерттеушіге арналған кеңестер
Жағдаяттық зерттеуді табысты ұйымдастырып, жүргізу үшін сіздерге келесі техникалар
мен үдерістерге жүгіну қажет:
1 Зерттеу міндеттерін анықтап белгілеу.
2 Жағдайларды (кейстерді) тауып, мәліметтерді жинау мен талдау әдістерін анықтау.
3 Мәліметтерді жинауға дайындалу.
4 Алқаптық мәліметтер жинау.
5 Мәліметтерді бағалап, талдау.
6 Есеп дайындау.
The Case Study
740
Қадам 1. Зерттеу міндеттерін анықтап белгілеу
Жағдаяттық зерттеудің бірінші кезеңі – зерттеу міндетін анықтап алу, оған сіз зерттеуші
ретінде күрделі құбылысты немесе нысанды зерттеу барысында сілтеме келтіруіңіз
мүмкін. Сізде бір немесе бірнеше болжам болуы тиіс және зерттеліп отырған жағдай
немесе мәселе туралы және зерттеу мақсатын анықтау туралы сұрақтарды қою есебінен
зерттеу мәнін анықтау қажет. Кейс-стадидегі зерттеу нысаны ретінде бағдарлама, ұйым,
тұлға немесе тұлғалар тобы болады. Әрбір нысан, мүмкіндігінше саяси, әлеуметтік,
тарихи және жеке аспектілерге ие шиеленіскен байланыстарға ие болады, осы арқылы
сұрақтар үшін кей мүмкіндіктер бере отырып және кейс-стадиге күрделілік енгізеді.
Сізге кейс-стади нысанын түрлі мәліметтерді жинау әдістері арқылы зерттеп, кейсті
түсіну мен зерттеу міндетін шешуге әкелетін деректерді алу қажет.
Қадам 2. Жағдайларды (кейстерді) таңдау мен мәліметтерді жинау мен талдау
әдістерін анықтау
Жағдаяттық зерттеуді құрастыру үдерісінде сізге терең зерттеу үшін бір немесе
бірнеше шынайы жағдайларды таңдау әдістерін пайдалануды және мәліметтерді
жинақтаудың қандай құралдары мен әдістерін қолдану қажеттігін анықтап алған дұрыс.
Бірнеше жағдайды пайдалану кезінде әрбір жағдай жеке қарастырылады. Әрбір жағдай
бойынша қорытындыларды бүкіл зерттеу жұмысы үшін ақпарат ретінде пайдалануға
болады, алайда әрбір жағдай бір реттік болып қалады. Иллюстративті кейс-стади мұқият
түрде кейстерді таңдап алып, зерттеудің жарамдылығын арттыру үшін көптеген зерттеу
құралдарының ішінен нұсқаларын сыни түрде зерттейді. Мұқият таңдау жағдай (кейс)
айналасындағы шекараларды құруға да көмек береді.
Сізге ерекше кейстерді немесе типтік болып есептелетін кейстерді зерттеуді
анықтап алу қажет және сонымен бірге сіз түрлі географиялық аймақтарды, түрлі
өлшем параметрлерін немесе басқа да параметрлерді білдіретін кейстерді таңдап ала
аласыз. Таңдау үдерісінің пайдалы кезеңі ретінде зерттеу мақсатын қанағаттандыратын
және қойылған сұрақтарға жауап беретін кейстер мен дәлелдемелерді қайдан іздеуге
болатынына назар аудару үшін зерттеу мақсатында тұрақты кірістіру болып табылады.
Бірнеше немесе бір реттік жағдайды таңдау негізгі бөлшек болып табылады, алайда
жаңдаяттық зерттеу құрылымдалған талдаудың бірден көп бөлшегін ғана қамти алады.
Кейс-стади әдісінің негізгі артықшылығы бірнеше көздер мен мәліметтерді жинау
әдістерін пайдалануды қамтиды. Сізге алдын-ала қойылған сұрақтарға жауап беру
үшін қолдануда қандай дәлелдемелерді жинау және қандай талдау әдістерін пайдалану
қажеттігін алдын-ала анықтап алған дұрыс. Жиналған мәліметтер әдетте сапалы болып
келеді, алайда сонымен бірге сандық та болуы мүмкін. Мәліметтерді жинау құралдары
сұрақтарды, сұхбаттарды, құжаттарға шолуды, бақылау мен физикалық деректер мен
мұрағаттық жазбаларды да жинақтауды қамтуы мүмкін.
Құрастыру кезеңінде құрылымының жарамдылығын, ішкі және сыртқы жарамдылық
пен шынайылықты қамтамасыз ету үшін, зерттеудің жақсы құрылымдалғанына көз
жеткізіңіз. Құрылымның жарамдылығы сізден зерттелетін концепцияларға қатысты дұрыс
шараларды қолдануды талап етеді. Ішкі жарамдылық көрсетіп отырғандай, (түсініктеме
беруші немесе каузалды зерттеулер үшін әсіресе маңызды) белгілі бір шарттар басқа да
The Case Study
741
жағдайларға әкеп соқтырады және бір-бірімен байланысатын зерттеулер сызықтарын
анықтау үшін көптеген дереккөзде ішінен көптеген деректерді қолдануды талап етеді.
Сыртқы жарамдылық тікелей жағдай немесе жағдайлар ауқымынан тыс нәтижелерді
жалпылау мүмкіндігін бейнелейді; орындар, адамдар мен үдерістердің нұсқалары
қаншалықты көп болса, сыртқы жарамдылығы да соншалықты көп болатыны бірдей
нәтиже бере отырып кейс-стадиге төтеп бере алатынымен анықталады. Шынайылық
тұрақтылыққа, дәлдікке және өлшемдік нақтылығына қатысты болады. Егер сіздің
жағдаяттық зерттеу жобаңыз сенімді болатын болса, онда пайдаланылған үдерістер
жақсы құжатталған және дәл сондай нәтижелермен қайталанған болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |