Аналитикалық химия


AgCl тұнбасын еріту және хлорид-ионды анықтау



бет43/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
AgCl тұнбасын еріту және хлорид-ионды анықтау.
Тұнбада AgCl, AgBr, AgI, Ag2S болуы мүмкін. Тұнбаны 1-2 мл 12% (NH4)2CO3 ерітіндісімен өңдеп, араластыру керек. Сонда AgCl тұнбасы еріп, ерітіндіге [Ag(NH3)2]Cl комплексті қосылысы ауысады. Ерімей қалған тұнбаны ценрифугалайды. Центрифугатқа бірнеше тамшы азот қышқылын тамызу керек, сонда қайтадан AgCl тұнбасы түзілсе, қоспада хлорид-ион болғаны.
AgBr, AgI тұнбаларын еріту және бромид, йодид иондары анықтау.
Хлорид-ион бөлініп алынған тұнбаға 4-5 тамшы 2Н H2SO4 және біраз мөлшерде мырыш шаңын қосып, қыздырады. Газ бөлінсе, газ толық бөлініп біткенше қыздыру керек. Тұнбаны (мырыштың қалдығы мен дербес күміс) центрифугалап, центрифугатты анализдейді. Центрифугаттың бірнеш тамшысына хлор суы мен бензол қосып, қаты шайқау керек. Бензол қабатының түсіне қарап, бромид немесе йодид иондарының болуы жайлы қорытынды жасайды.
III топ аниондарын анықтау. III топ аниондарының топтық реагенті болмағандықтан, оларды ерітіндіден, II топ аниондарын тұндырғаннан кейін, өздеріне тән реакцияларымен ашады. Егер ерітіндіде сульфид-ион болса, оны ZnSO4-пен әсер етіп жойып алу керек.
Нитрит NO2 иондарды анықтау.
5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2-3 тамшы 2Н H2SO4, 4-5 тамшы 10% KI және бірнеше тамшы крахмал клейстері қосады. Нитрит-ион болса, интенсивті көк түс пайда болады.
Нитрат NO3 иондарды анықтау.
Егер ерітіндіде нитрит-иондар болса, оларды жою керек. Ол үшін ерітіндінің 5-6 тамшысына бірнеше кристалл аммоний хлоридін NH4Cl қосып, газ (N2) бөлініп біткенше қыздырады. Шыны пластинкаға 2 тамшы концентрлі Н2SO4 – те ерітілген дефиниламин тамызып, үстіне нитрит-ион жойылған ерітіндіден шыны таяқшаның ұшымен біраз мөлшерін енгізеді. Егер нитрат-ион болса, сия-көк түс пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет