Аналитикалық химия


БЕЛГІСІЗ ҚҰРҒАҚ ТҰЗ АНАЛИЗІ



бет46/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

БЕЛГІСІЗ ҚҰРҒАҚ ТҰЗ АНАЛИЗІ

Алдын ала сынау
1. Жалынды бояуға қабілетті катиондарды анықтау. Қыздырылған таза нихром сымымен зерттелетін ерітіндіні немесе анализденетін қоспаны концентрлі HCl суланған қоспаны қыздырғыш жанарғының түссіз жалынына енгізеді және жалынның түсіне назар аударады.
2. Қышқылдар әсерінен ұшқыш өнімдердің пайда болуына бейім аниондарды анықтау. Анализденетін қатты зат қоспаларының құрамына қышқылдарды олардың табиғатына және концентрациясына байланысты қосқанда, CO2, SO2 (2М CH3COOH); CO2, SO2, H2S (2M HCI, H2SO4); CO2, SO2, HCI, I2, NO2 (концентірлі H2SO4) бөлінуі мүмкін. Егер анализденетін қоспаға қышқылдарды қосқан кезде газдың бөлінгені байқалса, оларды идентификациялау үшін аниондардың сапалық реакциялары қолданылады.


Сынамаларды қышқылдық өңдеу кезінде пайда болған газдар және олардың қасиеттері

Анион

Газ

Газдың қасиеттері

CO32-, HCO3-

CO2

ізбес суының лайлануы

SO32-, S2O32-

SO2

жанған күкірттің иісі

NO2-

NO2

қоңыр түсті газ

S2-, SO32-, S2O32-

H2S

шірік жұмыртқасының иісі

CH3COO-

CH3COOH

сірке суының иісі

Br- (тотықтырғышпен)

Br2

қызыл-бура түсті булар

Cl-

HCl

AgNO3 ерітіндісінің лайлануы, тұншықтырғыш газ

I- (тотықтырғышпен)

I2

күлгін түсті булар

MnO4-, ClO3-, CrO42-

O2

бықсыған шырпының тұтануы



3. Тотықтырғыштарды табу. Қоспада MnO2, PbO2  болған кезде хлорсутек қышқылымен өңдеу Cl2 бөлінуімен бірге жүреді. Құрамында NO3- тотықтырғыш анионы бар, 2М H2SO4 ерітіндісімен қышқылданған, 2-3 тамшы KI ерітіндісінің қатысуымен және крахмалды клейстердің бірнеше тамшысы бар зерттелетін ерітінді көк түске боялады.
4. Тотықсыздандырғыштарды табу. Қышқылданған анализденетін ерітіндінің құрамына 2М H2SOқосқанда, сұйытылған KMnO4 ерітіндісінің түссізденуі, SO32-, NO2-, Cl-, Br-, I-, C2O42- тотықсыздандырғыш иондарының бар екенін көрсетеді.
5. Кейбір иондарды табу. Тікелей қоспалардың құрамынан бөлшектік әдіспен келесі иондарды анықтауға болады: NH4+ ионын аммиактың бөліну реакциясы бойынша, CH3COO- ионын калий гидросульфатының реакциясымен, Fe3+ ионын тиоционат-ионымен реакциясымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет