Аналитикалық химия



бет44/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Ацетат CH3COO- иондардын анықтауды жеке сапалық реакциялармен жүргізеді.

21 зертханалық жұмыс




I, II, III ТОП АНИОНДАР ҚОСПАСЫНЫҢ АНАЛИЗІ


Аниондар қоспасын жүйелік әдіспен зерттемей жеке реакциялар бойынша анықтайды. Ол үшін қоспадан аниондарды алдын ала болжау жасап, болжау барысында байқалған аниондарды жеке реакциялармен анықтайды.
Берілген қоспаны алдын ала зерттеу.
Ерітіндінің рН анықтау. Реакция ортасын анықтау үшін, қоспаның рН мәнін лакмус немесе универсал индикатор көмегімен белгілейді. Егер рН > 7 болса ерітіндіде барлық аниондардың бар болғаны. Егер рН < 2 болса, ерітіндіде әлсіз тұрақсыз қышқылдардың аниондары жоқ: SO32–, S2O32–, CO32, S2–, NO2 немесе олардың іздері қалады, сондықтан олар бірінші кезекте ашылады. Қышқыл ортада (рН < 5) ерітіндіде бір мезгілде SO32– и S2–, NO2 и I бола алмайды, себебі реакция жүріп кетеді.
Тұрақсыз қышқылдардың аниондарының болуы және газдардың бөлінуі. Егер рН > 2 болса, онда 5 – 6 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3 – 4 тамшы 1М H2SO4 ерітіндісін қосып, қыздырады. Газдың бөлінуі SO32–, S2O32, CO32–, S2–, NO2 (CO2 – түссіз, иіссіз газ, әк-суды лайландырады; SO2 – жанған күкірттің тән иісі бар түссіз газ; Н2S – ерекше жағымсыз иісі бар түссіз газ, Pb(NO3)2 ерітіндісі сіңірілген фильтр қағазын қара түске бояйды; NO2 – өткір иісі бар қоңыр газ) аниондарының болуы мүмкін екенін көрсетеді. S2O32– немесе SO32– және S2– болғанда (қыздырмаса да, күкірт түзілгендіктен ерітінді лайланады. Бір мезгілде NO2 және I қатысуымен йодтың және NO2 шығуымен күшті реакция жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет