Реакцияның орындалуы: MnSO4 ерітіндісінің 1 тамшысын 1 тамшы дистильденген сумен сұйылтады да осы ерітіндіге 2-3 тамшы HNO3 1-2 тамшы 0,1Н AgNO3 және 50% аммоний персульфаты ерітіндісінің 5-6 тамшысын қосып буландырғышта дейін қыздырады.
№11 зертханалық жұмыс
V АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ ҚОСПАСЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ
1. Алғашқы байқау. Ерітіндінің сыртқы түрін зерттеу (түсі, рН, т.б.)
Fe2+ ионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына K3[Fe (CN)6 ] eрітіндісін қосып анықтайды.
3) Fe3+ ионын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамщысына K4[Fe(CN)6] ерітіндісін қосып анықтайды.
2. Жүйелік анализді орындау. 1) Сурьманы бөліп анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 5-8 тамшысын пробиркаға құйып жоғары температурада 2Н HNO3 ерітіндісін қосады. Ерітіндіні қайнағанша қыздырады. Ценрифугада тұнбаны ерітіндіден бөледі.