Реакцияның орындалуы: Темір (II) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы K3[Fe(CN)6] ерітіндісімен әсер ету керек. Реакция рН=2-3 шамасында жақсы жүреді.
4. Fe2+ → Fe3+ тотығу реакциялары.
а) Қышқылдық ортадағы KMnO4 әсері.
Темір (II) иондары қатысында таңқурай түсті KMnO4 ерітіндісі түссізденеді:
10FeSO4 + 2KMnO4 + 8H2SO4 = 5Fe2(SO4)3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 8H2O
2Fe2+ - 2e- = 2Fe3+ 5
MnO4- + 8H+ + 5e- = Mn2+ + 4H2O 2
10Fe2+ + 2MnO4- + 16H+ = 10Fe3+ + 2Mn2+ + 8H2O
б) Концентрлі HNO3 әсері.
Концентрлі азот қышқылы әсерінен темір (II) темір (III) дейін тотығады:
6FeSO4 + 2HNO3 + 3H2SO4 = 3Fe2(SO4)3 + 2NO + 8H2O
2Fe2+ - 2e- = 2Fe3+ 3
NO3- + 4H+ + 3e- = NO + 2H2O 2
6Fe2+ + 2NO3- + 8H+ = 6Fe3+ + 2NO + 4H2O
Реакцияның орындалуы: Темір (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2 тамшы 2Н H2SO4 және 1-2 тамшы 6Н HNO3 ерітінділерін қосып, буландырғышта қоңыр түс жойылғанша қыздырады (реакция сорғыш шкафта орындалады).
5. Диметилглиоксимнің әсері
Диметилглиоксим аммиак ортасында Fe2+ шыңқай қызыл түсті темір (III) диметилглиоксимат комплексін түзеді:
H3C C =N OH H3C C =N O OH N = C CH3
F e2+ + 2 Fe2+
H3C - C =N - OH H3C - C =N -OH O - N = C - CH3
Fe2+ катионын анықтауға Ni2+ кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы: Шыны тілігіне Fe2+ ионы тұзы ерітіндісінен тамызып, оған 1 тамшы реагент және 1 тамшы NH4OH қосу керек.
Темір (III) иондарының реакциялары
1. NaOH, KOH, NH4OH әсері.
Сілті және аммиак ерітінділері әсерінен темір (III) иондары аморфты қызыл-қоңыр түсті тұнба түзеді:
FeCl3 + 3NaOH = Fe(OH)3 ↓ + 3NaCl
Fe3+ + 3OH- = Fe(OH)3 ↓
Темір (III) гидроксиді қышқылдар ерітінділерінде жақсы ериді.
Реакцияның орындалуы: Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы NaOH, (KOH, NH4OH) ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқау.
2. NH4CNS әсері.
Темір (III) катионы роданид иондарының концентрациясына тәуелді түрлі құрамды комплексті тұздар түзеді:
Fe3+ + SCN- = [Fe(SCN)]2+
Fe3+ + 2SCN- = [Fe(SCN)2]+
Fe3+ + 3SCN- = [Fe(SCN)3]
Fe3+ + 6SCN- = [Fe(SCN)6]3-
Комплексті тұздардың түсі қызыл, неғұрлым роданид иондарының концентрациясы жоғары болса, ерітіндінің түсі соғұрлым қою болады. Бұл реакция сезімтал, бірақ Fe3+ иондарымен түрлі комплексті тұздар түзе алатын иондар, мысалы, F-, PO43- шарап және лимон қышқылдарының иондары анықтауға кедергі жасайды:
Fe(SCN)3 + 6F- = FeF63- + 3SCN-
Достарыңызбен бөлісу: |