Аналитикалық химия



бет28/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Реакцияның орындалуы: Темір (III) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы аммоний (калий) роданидінің ерітіндісін қосу керек.
3. K4[Fe(CN)6] әсері.
Калий гексациано(II)ферраты темір (III) катионымен қара көк “берлин көкшілі” деген тұнба түзеді:

4FeCl3 + 3K4[Fe(CN)6] = Fe4[Fe(CN)6]3↓ + 12KCl


4Fe3+ + 3[Fe(CN)6]4- = Fe4[Fe(CN)6]3

Бұл тұнба сұйытылған тұз қышқылында ерімейді, бірақ сілтілердің әсерінен гексациано(II)ферраты ыдырайды, реакция нәтижесінде темір (III) гидроксиді тұнбаға түседі:


Fe4[Fe(CN)6]3 + 12KOH = 4Fe (OH)3 ↓ + 3K4[Fe(CN)6 ]


Реакцияның сезімталдығы өте жоғары, ерітіндіде темірдің (III) концентрациясы өте төмен болған кезде ғана тұнба түзілмейді, бірақ көк түсті коллоидты ерітінді түзіледі.


Концентрлі қышқылдардың әсерінен темір (III) гексациано(II)ферраты бұзылады:
Fe4[Fe(CN)6]3 + 18HCl = 3FeCl2 + 18HCN + 4FeCl3

Реакцияның орындаған кезде K4 [Fe (CN)6 ] артық мөлшерін пайдаланбаған жөн, себебі түзілген тұнба тұздың артық мөлшерінде мына реакция бойынша ериді:


Fe4[Fe(CN)6]3 + K4[Fe (CN)6 ] = 4K[Fe(Fe (CN)6)]




Реакцияның орындалуы: Темір (III) тұзы ерітіндісінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы калий гексациано(II)ферраты ерітіндісін қосады.


Марганец (II) ионының реакциялары
1. KOH, NaOH әсері.
Марганец (II) катионы сілтілерімен ақ түсті тұнба түзеді:

MnSO4 + 2NaOH = Mn(OH)2↓ + Na2SO4


Mn2+ + 2OH- = Mn(OH)2

Марганец гидроксиді қышқылда ериді:


Mn(OH)2 + 2H+ = Mn2+ + 2H2O


бірақ сілтінің артық мөлшерінде ерімейді. Марганец (II) гидроксиді ауадағы оттектің әсерінен тотығады:

2Mn(OH)2 + ½O2 + H2O = Mn(OH)3


Сутек пероксиді қатысында қара-қоңыр түсті тұнба түзеді:

MnSO4 + 2KOH + H2O2 = MnO(OH)2 + K2SO4 + H2O


Mn(OH)2 сұйытылған қышқылдарда ерімейді, бірақ концентрі тұз қышқылында жоғары температурада ериді, сутек пероксиді қатысында күкірт қышқылында да ериді:
MnO(OH)2 + 2H+ + 2Cl- = Mn2+ + Cl2 + 2H2O
MnO(OH)2 + 2H+ + H2O2 = Mn2+ + O2 + 3H2O


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет