Аналитикалық химия



бет29/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Реакцияның орындалуы: Марганец (II) тұзының ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып, ақ тұнба түзілгенін байқау.
2. NH4OH әсері.
Аммиак ерітіндісінің әсерінен марганец (II) гидроксиді тұнбаға түседі:

Mn2+ + 2NH4OH = Mn(OH)2 ↓ + 2NH4+


Бірақ реакция аяғына дейін жүрмейді. Ал ерітіндіге NH4Сl қосатын болса, онда ерітіндінің рН-ы жоғарылайды ды, Mn(OH)2 тіпті түзілмейді.
Реакцияның орындалуы: Марганец (II) тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы аммиак ерітіндісін қосады.
3. Mn2+ иондарын MnO4- күйге дейін тотыктыру реакциялары
Тотығу реакцияларының марганец (II) иондарының анықтауында маңызы зор. Бұл реакцияларды түрлі тотықтырғыштарды пайдаланып орындауға болады, олардың әсерінен таңқұрай түсті түзіледі.
а) Азот қышқылының ортасында қорғасын (ІҮ) оксидімен тотықтыру:

2Mn(NO3)2 + 5PbO2 + 6HNO3 = 2HMnO4 + 5Pb(NO3)2 + 2H2O


немесе иондық күйде: 2Mn2+ + 5PbO2 + 6H+ = 2MnO4- + 5Pb2+ + 2H2O


Реакция жоғары температурада жүреді. Хлорид иондары кедергі жасайды, сондықтан оларды AgNO3 ерітіндісімен тұнбаға түсірген жөн. Марганец (II) иондарының концентрациасы өте жоғары болған кезде реакция нәтижесінде түзілген HMnO4 Mn2+ иондарымен тотықсызданады да, таңқұрай түсті ерітіндінің орнына қоныр түсті H2MnO3 (MnO(OH)2) тұнба түзіледі, сондықтан Mn2+ сұйық ерітіндісі болғаны дұрыс.


Реакцияның орындалуы: Пробиркаға PbO2 2-3 түйірін және 4-5 тамшы концентрлі азот қышқылы ерітіндісін қосып, қоспаны бұланғышта қыздырады. Осы тотықтырғыш қоспаны 1 тамшы MnSO4 (Mn(NO3)2 ерітіндісін қосып араластырады да, тағы да қыздырады. MnCl2 ерітіндісін алуға болмайды.
б) Аммоний персульфатымен қышқыл ортада тотықтыру
Реакцияны Ag+ иондарының қатысында орындайды, ол иондар катализатор ролін атқарады:

MnSO4 + 5(NH4)2S2O8 + 8H2O = 2HMnO4 + 5(NH4)2SO4 + 7H2SO4


Хлорид иондары кедергі жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет