Аналитикалық химия



бет33/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына 5-7 тамшы аммоний тиоцинатының ерітіндісін және де 3-4 тамшы органикалық еріткіш (изоамил спиртін немесе оның диэтил эфирімен қоспасын) қосады. Егер ерітінді құрамында кобальт ионы бар болса, органикалық ерітінді қабаты көк түске боялады.
Cd2+ ионының реакциялары
1. Аммоний немесе натрий сульфидімен реакция
Cd2+ иондары сульфидтермен (NH4)2S немесе Na2S сары түсті тұнба кадмий сульфидін түзеді. Реакция қышқыл немесе бейтарап ортада жүреді:

Cd2+ + HS- = CdS↓ + H+


Реакцияға сульфидтердің түсті тұнбасын беретін иондар кедергі келтіреді, мысалы Cu2+.


Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 2-3 тамшысына 1-2 тамшы аммоний сульфидінің ерітіндісін қосады. Егер зерттелетін ерітіндінің құрамында Cd2+ ионы бар болса, онда сары түсті кадмий сульфидінің тұнбасы түзіледі.


Ni2+ ионының реакциялары
1. Топтық реагенттің әсері
Топтық реагент NH4OH әсерінен жасыл тұнба – негіздік тұз NiOHCl түзіледі, тұнба реагенттің артық мөлшерінде еріп, комплексті қосылыс түзеді:

NiCl2 + NH4OH = NiOHCl↓ + NH4Cl


NiOHCl + 5NH4OH + NH4Cl = [Ni(NH3)6]Cl2 + 6H2O


2. Чугаев реактивімен (диметилглиоксим) реакция
Никель (ІІ) иондары Чугаев реактивімен қызыл түсті ішкі комплексті тұз тұнбасын түзеді.

Реакцияға Fe2+ ионы кедергі келтіреді, ол реактив ертіндісімен қызыл түсті ішкі комплексті еритін тұз түзеді. Аммиактың ерітіндісімен түсті гидроксид тұнбасын түзетін барлық иондар реакцияға кедергі келтіреді.
Реакцияның орындалуы: Зерттелетін ерітіндінің 3-4 тамшысына диметилглиоксим ерітіндісін және де сілтілік реакцияға дейін аммиак ерітіндісін қосады. Реакцияны орындау үшін көп мөлшерде аммиак ерітіндісін қосу қажет емес, тұндыру үшін қолайлы шарт рН~5-10. Тұндыруды рН~5 болатын ацетатты буфер ерітіндісімен де жүргізуге болады. Егер ерітіндіде никель ионы бар болса, никель диметилглиоксиматының қызыл түсті тұнбасы түзіледі.

13 зертханалық жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет