Аналитикалық химия


Тотықсыздандырғыш аниондарды анықтау



бет45/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Тотықсыздандырғыш аниондарды анықтау. 1) 2 – 3тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 – 2 тамшы 1 М H2SO4 ерітіндісін, 1 – 2 тамшы I2 ерітіндісін (6 – 8 тамшы крахмал қосуға болады). SO32–, S2O32–, S2– иондары бар болса йодтың түсі жоғалады; 2) 2 – 3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 1 тамшы 2 М NaOH немесе 1 тамшы 2 М Н24 (ерітінгдінің рН байланысты) және 1 – 2 тамшы КМnO4 сұйытылған ерітіндісін қосады. Тотықсыздандырғыш аниондар болса (S2–, SO32–, S2O32–, I , Br, С2О42–, SCN, NO2), ерітінді түссізденеді және қоңыр тұнба түзіледі.
Тотықтырғыш аниондарды анықтау. 1) сағат әйнекке немесе пробиркаға 3-4 тамшы дифениламиннің күкірт қышқылды ерітіндісін және 1 тамшы зерттелетін ерітіндіні құяды. Көк түстің пайда болуы NO3және/немесе NO2 иондарының бар екенін көрсетеді; 2) 3 – 4 тамшы зерттелетін ерітіндіге 2М H2SO4 ерітіндісін қышқылдық реакцияға дейін құйып, бензолдың бірнеше тамшысын немесе хлороформ және 1-2 тамшы КI ерітіндісін қосады. Қоспаны шайқайды. Тотықтырғыш аниондар болса, органикалық қабат қызғылт-күлгін түске боялады.
I топ аниондарына зерттеу. 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге (рН 7 – 9 болу керек) 2-3 тамшы BaCl2 ерітіндісін қосады. Ақ түсті тұнбаның түзілуі I топ аниондарының бар екенін көрсетеді.
II топ аниондарына зерттеу. 2-3 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3-5 тамшы 2М НNО3 ерітіндісін және 2-3 тамшы AgNO3 ерітіндісін қосып, араластырады. Тұнбаның түзілуі II топ аниондарының белгісі. Егер ерітіндінің ортасы қышқылдық болмаса, тұнбаға I топ аниондары түсуі мүмкін группы.
III топ аниондарына зерттеу. Қоспаның 4-5 тамшысына нейтрал немесе әлсіз сілтілік ортада сонша барий хлоридін қосады, тұнбаның түзілуі III топ аниондарының белгісі.

22 зертханалық жұмыс






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет