Алдын ала сынау 1. Жалынды бояуға қабілетті катиондарды анықтау. Қыздырылған таза нихром сымымен зерттелетін ерітіндіні немесе анализденетін қоспаны концентрлі HCl суланған қоспаны қыздырғыш жанарғының түссіз жалынына енгізеді және жалынның түсіне назар аударады.
2. Қышқылдар әсерінен ұшқыш өнімдердің пайда болуына бейім аниондарды анықтау. Анализденетін қатты зат қоспаларының құрамына қышқылдарды олардың табиғатына және концентрациясына байланысты қосқанда, CO2, SO2 (2М CH3COOH); CO2, SO2, H2S (2M HCI, H2SO4); CO2, SO2, HCI, I2, NO2 (концентірлі H2SO4) бөлінуі мүмкін. Егер анализденетін қоспаға қышқылдарды қосқан кезде газдың бөлінгені байқалса, оларды идентификациялау үшін аниондардың сапалық реакциялары қолданылады.
3. Тотықтырғыштарды табу. Қоспада MnO2, PbO2 болған кезде хлорсутек қышқылымен өңдеу Cl2бөлінуімен бірге жүреді. Құрамында NO3- тотықтырғыш анионы бар, 2М H2SO4 ерітіндісімен қышқылданған, 2-3 тамшы KI ерітіндісінің қатысуымен және крахмалды клейстердің бірнеше тамшысы бар зерттелетін ерітінді көк түске боялады.
4. Тотықсыздандырғыштарды табу. Қышқылданған анализденетін ерітіндінің құрамына 2М H2SO4 қосқанда, сұйытылған KMnO4 ерітіндісінің түссізденуі, SO32-, NO2-, Cl-, Br-, I-, C2O42- тотықсыздандырғыш иондарының бар екенін көрсетеді.
5. Кейбір иондарды табу. Тікелей қоспалардың құрамынан бөлшектік әдіспен келесі иондарды анықтауға болады: NH4+ ионын аммиактың бөліну реакциясы бойынша, CH3COO- ионын калий гидросульфатының реакциясымен, Fe3+ ионын тиоционат-ионымен реакциясымен.