Аниондар қоспасын жүйелік әдіспен зерттемей жеке реакциялар бойынша анықтайды. Ол үшін қоспадан аниондарды алдын ала болжау жасап, болжау барысында байқалған аниондарды жеке реакциялармен анықтайды.
Берілген қоспаны алдын ала зерттеу. Ерітіндінің рН анықтау. Реакция ортасын анықтау үшін, қоспаның рН мәнін лакмус немесе универсал индикатор көмегімен белгілейді. Егер рН > 7 болса ерітіндіде барлық аниондардың бар болғаны. Егер рН < 2 болса, ерітіндіде әлсіз тұрақсыз қышқылдардың аниондары жоқ: SO32–, S2O32–, CO32, S2–, NO2– немесе олардың іздері қалады, сондықтан олар бірінші кезекте ашылады. Қышқыл ортада (рН < 5) ерітіндіде бір мезгілде SO32– и S2–, NO2– и I–бола алмайды, себебі реакция жүріп кетеді.
Тұрақсыз қышқылдардың аниондарының болуы және газдардың бөлінуі.Егер рН > 2 болса, онда 5 – 6 тамшы зерттелетін ерітіндіге 3 – 4 тамшы 1М H2SO4 ерітіндісін қосып, қыздырады. Газдың бөлінуі SO32–, S2O32, CO32–, S2–, NO2– (CO2– түссіз, иіссіз газ, әк-суды лайландырады; SO2 – жанған күкірттің тән иісі бар түссіз газ; Н2S – ерекше жағымсыз иісі бар түссіз газ, Pb(NO3)2 ерітіндісі сіңірілген фильтр қағазын қара түске бояйды; NO2 – өткір иісі бар қоңыр газ) аниондарының болуы мүмкін екенін көрсетеді. S2O32–немесе SO32– және S2– болғанда (қыздырмаса да, күкірт түзілгендіктен ерітінді лайланады. Бір мезгілде NO2– және I–қатысуымен йодтың және NO2 шығуымен күшті реакция жүреді.