ІІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
NO3-, NO2-, CH3COO-
Нитрат NO3– иондарды анықтау реакциялары
1. Металл Al (немесе Zn) әсері
Сілтілік ортада Al (немесе Zn) NO3–-ионын NH3 дейін тотықсыздандырады:
3NO3– + 8Al + 5OH– + 18H2О → 3NH3↑+ 8[Al(OН)4]–
Реакцияның орындалуы: NO3– ионы бар ерітіндіге 4-5 тамшы 2М NаОН, түйіршік күйіндегі Al қосып, қыздырады. Пробирканың беткі қабатына ылғал лакмус қағазын жақындатады, сонда лакмус қағазының көгеруі NH3 бөлінгенін көрсетеді.
2. Дифениламин (C6H5)2NH әсері
Шыны пластинкаға 2 тамшы концентрлі Н2SO4 – те ерітілген дефиниламин және 2-3 тамшы NO3– ионын қосып, араластырады. Ерітінді анық көк түске өзгереді.
Нитрит NO2– иондарды анықтау реакциялары
1. Калий йодидімен реакция
Калий йодиді сұйытылған Н2SO4, НCl, СН3СООН қышқылдарының ортасында NO2– ионы әсерінен I2 дейін тотығады. Реакция өте сезімтал:
2NO2– + 2I– + 4Н+ → I2 + 2NO + 2Н2О
2. Грисс реактивімен реакция
Грисс реактиві (сульфанил қышқылы мен α-нафтиламиннің қоспасы) нитрит-ионмен қызыл түсті азобояғыш түзеді:
Достарыңызбен бөлісу: |