Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қайыржан: Өзінің өлеңі. Айтгүл



бет4/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Қайыржан: Өзінің өлеңі.
Айтгүл: Өтірік айтады, ұрлап алған.
Сайра: Ол үнемі біреудің өлеңін ұрлап алып, өзімдікі дейді.
Гүлзат: Отыр. Жаңа ғана бос сөз сөйлемеңдер дегенмін. Шешендіктеріңді сабақ айтқанда көремін. Естеріңде болсын, бағаны тек білімдеріңе ғана емес, тәртіптеріңе де қарап қоямын. Түсінікті ме? Келесі сабақта бәрің өздерің жайлы, арман-мақсаттарың, алдағы жоспарларың жайлы жазып келіңдер. Бүгінше ертерек боасатымн, орналасуым керек. Әзірше сау болыңдар.
Қанат. Мұғалім, сіз ана екі қызға, Айтгүл мен Сайраға ренжімеңізші. Екеуі әлі бесінші сыныптың оқушысы секілді. Сәл нәрсеге сыпсыңдай жөнеледі.
Гүлзат: Мерқұрманов. Сенің де есеіп, ақылыңның толып тұрғаны байқалмайды. Бірақ поэзияға деген ынтаң бар секілді, ол жақсы.
Қанат: өлең деген жетеді. Тағы оқып берейін бе?
Гүлзат: жоқ. Кейін бір уақыт болғанда тыңдаймын.
Қанат: Сізге бірдеңе айтайын ба?
Гүлзат: Иә, айт.
Қанат: Тоқсанның балаларын мен ұстаймын ғой.
Гүлзат: Тоқсаны несі? Тоқсан бала ма? Түсінбедім, ұстағаны қалай?
Қанат: Тоқсан деген тоқсаныншы жыл мектеп бітіретіндер деген сөз. Ұстаймын дегенім бәрі өз қолымда, менен қорқады десе де болады. Сондықтан анау-мынау шаруа болса, айтыңыз. Кез-келгенін шешемін.
Гүлзат: солай ма?
Қанат: солай. Үйіңізге өзім шығарып саламын. Жаңадан келдіңіз. Жолда қабаған иттер бар, бұзық балалар бар дегендей.
Гүлзат: Мерқұрманов, сенің қолыңнан бәрі келе ме?
Қанат: Иә,келеді.
Гүлзат: Онда ертең ата-анаңды ертіп кел.
(Қанаттың қиялы. Үнді киносынан көрініс. Би. Қанат пен Гүлзат.)


«Сыңарым»
Сөзі: Қанат Жүнісовтікі
әні: Үнді киносынан
Алғаш орындаған «Аңсар» тобы

Жүрегімді жандырдың,


Жаныма кел жан гүлім,
Мөлдірейді бал сезім,
Тамшысындай жаңбырдың.


Жалғасын табу керек.
Мәдениеттілік деген қайда. Кісі сыйлауды білмейсіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет