Директор: Кім ұйықтап отырған?
Жасболат: Ешкім ұйықтап отырған жоқ.
Директор: Ал, жаңа қорылдаған кім?
Қанат:Сайра шығар
Сайра: А? Өтірік! Мен емеспін, мен емеспін. Мен абақта ұйықтамаймын. Мерқұрманов... жала қор!
Гүлзат: Қой, Сайра, жылағаның не? Ырымтай Құлжабайқызы, балалардың барлығы тыңдап отыр.
Директор: Солай ма? Кешірім өтінемін, мен қателескен болармын.
Гүлзат: С.Сейфуллин өз өлеңдерінде...
Директор: Әне, тыңдаңдаршы...
Жасболат: (Өзіне назар аудартып) Апай апай мен сабақ айтайыншы, мен сабақ айтайыншы. Сәкен Сейфуллин «Ақсақ киік»
деген өлеңінде...
Гүлзат: Ұланов, мұның не? Рұқсатсыз неге тақтаға шығасың?
Жасболат: Апай өтінемін сізден, мен айтайншы. Айтқым келіп тұр.. Не айтайын деп едім..
Гүлзат: Тоқтат!
Жасболат: Айтайыншы, мен айтайыншы.
Директор: Айтсын, айтсын. Мен бұл Ұлановты нашар оқиды деп жүрсем. Мұның өзі сабаққа ынтасы жақсы екен ғой. Айта берсін, тыңдайықшы.
Жасболат: «Арқаның бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл ойлы қырлы панасы бар...» Гүлзат апай орныңызға отырмай ақ қойыңызшы.
Гүлзат: Неге?
Жасболат: Қасымда тұрмасаңыз, сабақ айта алмай қаламын. Кетпеңізші..
«Киікті қазақ және дейді бөкен...» Апай отырмаңызшы айта алмай қаламын.
Директор: Жарайсың Жасболат! Сенің мұндай қабілетті екеніңді қалай білмегенбіз? Әу баста неге осылай оқымадың. Қане, басқа сабақтардан қалай оқып жүр екенсің, журналды көрейінші. (Мұғалімнің столына келеді).
Жасболат: Апай, отырмаңызшы.
Директор: Саған не болды. Мен журналды тексерейін деп жатырмын.
Жасболат: Ертең келіп, асықпай отырып тексеріңізші.
Директор: Түсінбедім. Бұл қандай бассыздық а! Мынау немене, клоун болып кеткен бе? Тұор дедім ғой былай! Ұланов! Мына жерден кетесің бе, жоқ па?