Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қайыржан: Ақырын апай келе жатыр. Гүлзат



бет6/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Алғашқы махаббат

Қайыржан: Ақырын апай келе жатыр.
Гүлзат: (келген бойда) Мерқұрманов! .. Білесіңдер ме, балар, Қанат жалғыз өзі жүз килограмм қағаз өткізді.
Қанат. Керек болса тағы да өткіземін.
Гүлзат: Рахмет. Бірақ сен әкелген жүз килограмм қағазды өзіңе қайтарамын.


Қайыржан: Неге, апай, не үшін?


Гүлзат: Себебі, ол әкесінің бүкіл кітапханасын қағаз жинайтын жерге өткізіп жіберіпті.


Қайыржан: Қатырған екен.
Айтгүл: Ақымақ.
Гүлзат: Өткен аптада сынып болып темір жинадық. Біздің сынып бәрінен озып шықты. Бұл Мерқұрмановтың арқасы! Ол, жалғыз өзі бір жарым тоннадан астам темір өткізді.


Оқушылар: Жарайсың, Қанат! Нағыз комсомол.
Айтгүл: Мүмкін емес.
Сайра: Сонша темірді қайдан алған?
Гүлзат: Бірақ, оны да Қанаттың өзіне қайтаруға шешім қабылдадық. Себебі, ол үйіндегі техникаларды қосалқы бөлшектерін, құрал-саймандарды, соқаға дейін металломға өткізіп жіберген.
Айтгүл: Мәссаған. Атың шықпаса жер өрте деген осы.
Сайра: Ол жақсы көрініп қалу үшін мектепке бүкіл малдарын да бере салатын шығар.
Гүлзат: Тыныштық сақтаңдар. Қағаз, темір жина деген сөз. Үйдегі керекті заттарды алып кел деген сөз емес.
Қанат: Апай, бәрі.., бәрі сіз үшін.
Гүлзат: Мен үшін емес айналайын. Мектептің талабы. Артық – ауыс көшеде , далада жатқан темір-терсекті жинаңдар. Ауылдың көшелері тазарады.
Сайра: Мен енді «тапқыш» деп атаймын.
Қанат: Ендеше, мен сені «сатқыш», Айткүлді «атқыш» деймін.
Қанат: Қағаз бердім алмады, темір бердім алмады. Жүрегімді де алмайтын шығар-ә? О қатыгез тағдырым, неге жалғыз қалдырдың?


Гүлзат: Балалар, енді сабаққа кірісейік. Айтгүл, сабаққа пайдаланып жүрген көрнекті құралдар мен фото суреттер қайда?
Айтгүл: Көрнекті құралдар ма, олар шкафтың ішінде. Алып шығайын ба?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет