Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Жасболат: Жоқ! Мен өзім алып шығамын... апай, бүгінше соларды пайдаланбай қойсақ қайтеді? Гүлзат



бет7/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Жасболат: Жоқ! Мен өзім алып шығамын... апай, бүгінше соларды пайдаланбай қойсақ қайтеді?


Гүлзат: Жасболат, көрнекті құралдар бізге үнемі қажет. Және бүгін мектеп директоры барлық сыныптарға тексеріс жүгізеді. Келіп қалуы мүмкін. Ертерек алып, іліп қойыңдар. Ол кісі де көрсін.
Еділ: алдамаңыз ол кісі бүгін біздің сыныпқа келмейді.
Гүлзат: Неге? Сен оны қайдан білесің?
Жасболат: директор апай, Еділдің мамасы ғой, үйден ақылдасып келген болар. Келе қалса, ол өзі сөйлеседі.


Гүлзат: не айтып тұрсыңдар? Ол кісі келмесе де бәрібір сабаққа қажетті заттар. Тезірек алып іліңдер.


Жасболат: Апай, оны бүгін іле алмаймыз. Себебі... себебі... оларды кеше Еділ үйіне алып кеткен. Бүгін қайта алып келуді ұмытып кетіпті.


Гүлзат: Солай деп бірден айтпайсыңдар ма.
Бекер уақытты алып. Еділ, көрнекті құралдарды үйге әкетуге болмайтынын білмеуші ме едің.


Еділ: Кешіріңізші, енді қайталамаймын.. Әй, неге менен көре салдың?


Жасболат: Сен директордың баласысың, саған ештеңе істемейді. (Директор келіп қалады)


Директор: Сәләматсыңдар ма?
Жасболат: Еділ, масқара болдық. Гүлзат апай орындықтан құлап қалса, директор тағы да менен көреді. Шкафтағы «пәлені» қайтеміз?


Директор: Гүлзат Болатқызы, қалай оқушылар түгел ме?


Гүлзат: Бүгін... тек Жұмақанов Ержан ғана сабаққа келген жоқ.
Директор: Ол қайда жүр, себебін анықтаңыз. Жарайды, мен соңғы партаға барып отырайын, сіз сабақ жүргізе беріңіз.


Жасболат: Ырымтай Құлжабайқызы, соңғы қатардан ештеңе естілмейді, алдыңғы жаққа отырыңызшы.


Еділ: Иә, сөйтсеңізші.
Директор: Балам-ау... тоесть Назаров, оның не, тыныш отыр.
Гүлзат: Бүгінгі өтетін тақырып, С. Сейфуллиннің поэзиясы.
Қазақтың дәстүрлі қара өлеңімен жастайынан сусындаған Сәкен өз өлеңдерінде...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет