Анатомия пәні бойынша дәрістер жинағы Дәріс. Кіріспе. Анатомия ғылымының даму тарихына қысқаша шолу. Адамның табиғаттағы жүйелік орны



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата19.05.2023
өлшемі398,67 Kb.
#94889
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Сезгіш (афферентті) нейрондардың денесі орталық жүйке жүйесінен тыс жерде 
жатады. Оның өсінділерінің бір ұшы – рецептор деп аталып, мүшелермен байланысады, ал 
екінші ұшы орталық жүйке жүйесіне қарай бағытталады. 
Байланыстырғыш (ассоциативті) нейрондар сезгіш және қозғалтқыш нейрондарды 
бір-бірімен байланыстырып тұрады. Бұлардың денесі орталық жүйке жүйесінің бір бөлімінде 
оналасады. 
Қозғалтқыш (эфферентті) нейрондардың денесі де орталық жүйке жүйесінде жатады 
да, олар қозуды жұмыс істейтін мүшелерге жеткізіп тұрады. 
Орталық жүйке жүйесіне - жұлын мен ми жатады. 
Жұлын (medulla spinalis) – пішіні цилиндр тәрізді ұзына бойы омыртқа жотасының 
өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 30 г. Жұлынның ортасындағы қуысты – 
орталық өзек деп атайды. Жұлын шүйде сүйегіндегі үлкен шүйде тесігінің астынан 
басталып I-II бел омыртқалардың тұсына дейін жалғасады. Жұлын 31 сегменттен (8 мойын, 
12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз, 1 құймышақ) тұрады. 
Жұлынның ақ заты сыртында, сұр заты ішінде орналасқан. Жұлынның көлденең 
кесіндісінде сұр зат ұшып бара жатқан көбелек пішінді болып көрінеді. Жұлын мойын және 
бел тұсында жуандау болып келеді. Жұлынның орталық өзегінде аздаған сұйықтық 
(цереброспинальды) болады. 
Жұлынның ақ заттан тұратын бөліктері бағаналар (алдыңғы, бүйір, артқы) деп 
аталады. Жұлынның ақ заты негізінен миелінді аксон талшықтарынан түзілген.
Жұлынның зұр заттан тұратын бөліктері – мүйізшелер (алдыңғы, артқы, бүйір) деп 
аталады. Оның артқы мүйізшесінен сезгіш нейрондар шоғырынан тұратын артқы түбір, ал 
алдыңғы мүйізшесінен қозғалтқыш нейрондар шоғырынан тұратын алдыңғы түбір 
басталады. Алдыңғы және артқы түбірлер омыртқалардың бүйір тұсында өзара қосылып жұп 
жұлын жүйкелерін құрайды. 
Жұлынның ақ затын құрайтын жүйке талшықтары жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерін 
бір-бірімен байланыстырып тұрады да, жұлынның өткізгіш жолдарын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет