Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет67/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
4.4 Нематодоздар 
 
Бұл тері,түк және мүйіз ұлпаларынан басқа малдардың барлық 
мүшелері мен ұлпаларын зақымдайтын нематод классының құрттары немесе 
дөңгелек құрттар қоздырушы болатын аурулар. Даму циклі әр гельминт үшін 


93 
жеке және аралық иесінің қатысуымен (бірнешеуі де болуы мүмкін) және 
оларсыз-ақ болады.
Ірі қара малдың диктиокаулезі. 
Ірі қара малдың диктиокаулезі – бронхылар мен кеңірдекте 
паразиттенген диктиокал нематодтары тудыратын ауру.
Қоздырушының даму циклы мынадай: :жыныстық жетілген 
қоздырушы аналықтары қалыптасқан дернәсілі бар жұмыртқаларды салады, 
олар қақырық шығарады,одан кейін қайтадан жұтылады. Ас қорыту 
мүшелерінде жұмыртқалардан бірінші кезең дернәсілдері шығады, олар 
сыртқы ортаға флекалиямен түседі,ол жерде 16–25 °С екі реттей түлейді, 5-6 
күннен кейін инвазионды түрге айналады. Қолайсыз жағдайда дернәсілдер 
топыраққа ауысады,және кейбіреуі сонда қыстайды. Ішектен Инвазионды 
түрлер иесінің ағзасында шажырқайлық лимфа түйіндері,бауыр және жүрек 
арқылы 1-2 аптада өкпеге ауысады.Бұзаулардың Кеңірдегі мен 
бронхыларында олар 20-30 тәул. кейін жыныстық жетіледі және сонда 1 
жылға дейін өмір сүреді.Бұл ауруға жас төлдер көп шалдығады. Ауруды 
жұқтыру негізінен жайылымда азық немесе сумен бірге инвазионды 
дернәсілдерді жұту кезінде өтеді.
Ірі қара малдың диктиокаулезінің негізгі белгісі жөтел болып 
табылады. Өту ауырлығы инвазия деңгейіне байланысты: әлсіз кезінде тек 
қана жөтел болады, орташа кезінде тәбеттің төмендеуі,демікпе, жиі жөтелу, 
мұрыннан ағу, ал ауыр деңгейде малдар қимылсыз жатады,ауыздары 
ашық,тыныс алуы қиын, мойны созылған, тілі салбыраған,ауыздың айналасы 
көбіктенген, қатты жөтел болады. Малдар тұншығуданнемесе катаральды-
іріңді пневмонияның асқынуынан өледі. 
Диагноздың негізі ретінде клиникалық-эпизоотологиялық мәліметтер, 
фекалийлерді гельминтолярвоскопилық зерттеудің және кеңірдек пен 
бронхыда нематодтар анықталған мал өліктерінің патолого-анатомиялық 
тілу нәтижелері болады.
Емдеу үшін малдарға нилверм 0,01 г/кг мөлшерінде малдың дене 
массасына 24 сағат аралықпен екі рет ішке жекелеп беру кезінде 1 %-тік 
ерітінді түрінде немесе бір салмақтағы 10 малдан тұратын топқа дайындалған 
азықтық дәрі қоспасы құрамында(1: 700),20%-тік тетрамизол түйіршігі:100 
кг салмаққа -0,75г/10кг ,100 кг-дан жоғары болса -0,5г/10кг(максималды бір 
реттік мөлшері бір басқа 15г),1-5 күн аралықпен екі рет,концентраттармен 
қоспада жекелеген немесе топтық әдіспен(10 басқа 12 сағаттық ашығу 
диетасынан кейін),мебенвет түріндегі мебендазол(10%-тік түйіршік) 0,02г/кг 
мөлшеріндегі малдың дене салмағына байланысты азықпен қосып,дивезид 
33,3% стерильді (су моншасы 5 мин)жаңа дайындалған сулы ерітінді түрінде 
- 1,5 мл/10 кг дене массасына(бір басқа 20 мл көп емес) қарай енгізеді, 
мойын аймағының тері астына бір рет дитразин цитратты 25 % стерильді 
сулы ертінді түрінде - 2,0 мл/10 кг тері астылық немесе бұлшықетішілік 3 рет 
енгізеді( 1,2,4 күнде), локсуран (40 %-дық дитразин цитратының сулы 
ерітіндісі) – дене массасының 1,25 мл/10 кг тері астына 3 рет енгізеді (1, 2,4 
күнде), йодтың сулы ерітіндісі (йод кристаллданған – 1,0 г, калий йоды – 1,5 
г, қайнатылған су – 1 л) 0,6 мл/кг әр өкпеге интратрахеалды (емдік 


94 
дегельминтизация үшін ерітіндіні бір өкпеге енгізіп, 1 тәуліктен соң 
екіншісіне, ал профилактика үшін- біруақытта енгізеді). Диктиокаулездың 
секундарлы инфекциясымен асқынған малдарға антгельминтиктермен 
қатар,антибиотикер,сульфаниламидтерді 
және 
басқа 
да 
заттарды 
тағайындайды.
Ірі қара малдың диктиокаулезінің алдын алу мен күресу шаралары 
диктиокаулез бойынша қолайсыз шаруашылықтардың мал басына таңдамалы
гельминтолярвоскопиялық зерттеу негізінде жасалады(20-25 басты зерттеу). 
Зақымдалған малдарды анықтаған уақытта барлық басты емдеу кезінде 
қолданылған антгельминтиктермен дегельминтизация жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет