95
Диагнозды
клиникалық-эпизоотологиялық
мәліметтер
мен
флекалиядағы остертагий дернәсілдерін сәйкестендіру негізінде қойылады.
Емдеу кезінде ангельминтиктерді келесі мөлшерде қолданады:
фенотиазин 0,5 г/кг-нан дене массасына, концентрленген азықтармен қосып
(жем,күнжара), ұннан жасалған болюс немесе ұн,крахмал қайнатпасы су
ерітіндісі түрінде таңертенгі азықтандырудан бұрын беріледі, нилверм 0,01
г/кг мөлшерінде малдың дене массасына 24 сағат аралықпен екі рет ішке
жекелеп беру кезінде 1 %-тік ерітінді түрінде немесе бір салмақтағы 10
малдан тұратын топқа дайындалған азықтық дәрі қоспасы құрамында(1: 700).
Алдын-алу мақсатында ағымдағы жылдың бұзауларын жаздың соңы
немесе күзде дегельминтизациялайды,ал 1 жастан үлкен жас төлдерді –
көктем мен күзде.
Достарыңызбен бөлісу: