Анықтамалық материал жануарлардың иесіне ауруды балауға және мал



Pdf көрінісі
бет71/81
Дата14.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#43014
түріАнықтамалық
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
Аны тамалы материал жануарларды иесіне ауруды балау а ж не мал

Ірі қара малдың пироплазмозы
Ірі қара малдың пироплазмозы – қан эритроциттері – пироплазмалар 
тудыратын малдардың трансмиссивті ауруы.
Пироплазманың өмірлік циклі екі иесінің ағзасында-ірі қара малдың 
және тасушы кенелерде өтеді. Мал ағзасында пироплазмалардың көбеюі 
қанда бөліну арқылы жүреді,ал кене ағзасында-ұлпаларда,гемолимфада және 
жұмыртқаларда. Мал ағзасында олар алдымен ішкі мүшелерде,ал содан соң 
перефериялық қанда көбейеді.
Ірі қара малдың пироплазмозы негізінен біздің мемлекетіміздің 
оңтүстігінде көп таралған,алайда орталық аудандарда да кездеседі,және ол 
жерде қатерсіз өтеді. Аурудың тарауы көктемде, жазда,ал кейде күзде 
байқалады.
Приоплазмозбды байқамай жұқтыру кезінде инкубациялық кезең 6-дан 
30 күнге дейін жалғасады. Ауру көп жағдайда ауыр түрде, ал кейде 
созылмалы түрде өтеді. 1 тәуліктің ішінде мал денесінің температурасы 42 °C 
дейін көтеріліп, мал жабырқаңқы күйде болады. Шырышты қабықтар 
аурудың басында бозарған,ал 3-4 күнде сарғыш түске айналады. Малдар көп 
жатады, азық пен суды қабылдамайды, көзден жас ағу пайда болады. Ішек 
перистальтикасы әлсізденген. Аурудың бас кезінде несеп түсі сары түсті, 
одан кейін ол қызылдау түске ие болады,ал 3-4 күнде несеп түсі қара-қоңыр 
болады. Тамыр соғысы мен тыныс алу жиілеп,кахексия байқалады. Дұрыс 
емес болжау мен уақыты емдемеу салдарынан өлім ауру жұқтырғаннан кейін 
6-7 күнде болуы мүмкін.
Аурудың созылмалы түрі әдетте резистенттілігі жоғары немесе бұрын 
ауырып шыққан малдарда байқалады. Кейде аурудың рецедивтері болуы 


98 
мүмкін,ол кезде дене қызуы көтеріліп, жабырқаңқылық,кахексия,ісіну пайда 
болады. 
Диагнозды қанды эпизоотологиялық мәліметтерді ескеріп, клиникалық 
және қанды зертханалық зерттеу,ауруды тасымалдайтын кенелердің,аурудың 
таралу кезеңінің болуы негізінде қояды.
Пироплазмоздарды емдеу үшін 7 %-тік сулы ерітінді түріндегі беренил 
(азидин) бұлшық ет ішіне немесе тері астына 3,5 мг/кг бір рет енгізіледі. 
Ауыр жағдайда инъекцияны қайталайды. Сонымен қатар 10 %-тік сулы 
ерітінді түріндегі диамедин дәрісін дене массасының 1–2 мг/кг мөлшерінде
бұлшық ет ішіне енгізеді. Малдарды тыныштықпен, диеталық азықпен 
қамтамасыз етеді. Аталған ауру кезінде ағзада В12(цианкобаламин)дәрумені 
жетіспегендіктен, оны азыққа қосу керек немесе В12 дәрумені бар ине егу 
керек,сондай-ақ жүрек дәрілерін ,мысалы сульфокамфокаин беру қажет. 
Ауыр жағдайларда көктамыр немесе тері астына гемодез енгізеді.
Пироплазмозды 
жою 
және 
алдын-алудың 
негізгі 
міндеті 
химиопрофилактиканы және тасымалдаушы-кенелерді жоюды есепке алатын 
профилактикалық шаралардың кешенін өткізуде.Бұл үшін малдарды 
периодты түрде реппленталармен өңдеп, 10 күн сайын беренил (азидин) 
енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет