Ақпараттық – дидактикалық блок


Кроссоверлі емес гаметалар



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата04.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#71542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кроссоверлі емес гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер 
жүрмейтін гаметалар. 
Кроссоверлі гаметалар — пісіп жетілу үдерісінде кроссинговер жүрген 
гаметалар. Кроссоверлі гаметалар барлық пісіп жетілген гаметалардың аз 
мөлшерін құрайды. 
Рекомбинантты еместер — белгілер жиынтығы ата-аналарына 
ұқсайтын гибрид даралар. 
Рекомбинанттылар — белгілер жиынтығы
ата-аналарына ұқсамайтын гибрид даралар. 
Бір хромосомада орналасқан гендердің 
тұқым қуалау заңдылықтарын Т.Морганом және 
оның мектебі дрозофилада зерттеді. Олар 
белгілердің 2 жұбын зерттеді: денелерінің түсі 
мен қанаттарының ұзындығын. Сұр денелі 
қалыпты қанатты гомозиготалы дарларды қара 
денелі қысқа қанаттылармен шағылыстырғанда 
бірінші ұрпақ гибридтері біркелкі доминантты 
белгілермен – сұр денелі қалыпты қанатты болды 
(Сызба – 1, Сурет-1а ). 
БелгіГен Р: ♀ААВВ х ♂аавв
Сұр денелі А Г: АВ ав
Қара денелі а F
1
: АаВв
Қалыптықанатты В 
Қысқа қанатты в 100% - сұр денелі, қалынты қанатты 
Сурет – 1. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі. Сызба – 1а. Бірінші ұрпақтың 
біркелкілігі.
 


 
Сурет-2а. Талдаушы шағылыстыру №1.
F
1
: ♂АаВв х ♀ аавв
Г: АВ ав ав
F
2
АаВв аавв
50% 50% 
Сызба – 2. Талдаушышағылыстыру №1. 
Бірінші ұрпақтың белгісіз генотипін анықтау үшін талдаушы 
шағылыстыру жүргізілді. Ол үшін бірінші ұрпақтағы еркек гибридті – қара 
денелі қысқа қанатты ұрғашымен шағылыстырғанда бастапқы ата-аналарына 
ұқсайтын 2 түрлі сан жағынан теңдей 
даралар 
пайда 
болды. 
Шағылыстырлулардан 
алынған 
мәліметтерді 
тәуелсіз 
тұқым 
қуалаумен түсіндіруге болмайды. Екі 
шағылыстырудан алынған нәтижелерлі 
бірге 
қарастырғанда,талданған 
белгілердің дамуы түрлі гендермен 
бақыланатынын 
және 
белгілердің 
тұқым 
уалауы 
гендердің 
бір 
хромосомада 
орналасатынын 
дәлелдейді. Бұл жағдайда тіркесу 
толық болады (Сызба – 2,Сурет– 2). 
Гендердің 
ара 
қашықтығы 
кроссоверлік гаметалар процентіне немесе рекомбинанттар процентіне 
сәйкес келетін шартты бірліктермен — морганидтермен өлшенеді. Мысалы, 
дененің сұр түсі мен қанаттың ұзындығын ( сондай ақ, дененің қара түсі мен 
шала қанатты) анықтайтын дрозофиланың гендерінің қашықтығы 17%, 
немесе 17 морганидаларға тең (Сызба– 3,Сурет– 3а). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет