Аb және
аВ гаметалары пайда болады, соның арқасында,
гендердің тәуелсіз
тұқым қуалауындағыдай (гендердің еркін комбинациялануындай) төрт
фенотиптер топтары бар ұрпақ қалыптасады(сызба3, сурет 3а
). Бірақ,
кроссинговер гаметалардың азғантай бөлігінің пісіп жетілуінде жүретін
болғандықтан фенотиптердің сандық қатынасы (тәуелсіз тұқым қуалаудағы)
1:1:1:1 арақанынасына үйлесімді болмайды (Сызба – 4).
Сызба – 4.1 — кроссоверсіз гаметалар; 2 — кроссоверлі гаметалар.
Адамның тіркес тұқым қуалауын зерттеу қиындау,
бірақ тіркес тұқым
қуалаудың кейбір жағдайларын атауға болады:
1) Гистоүйлесімділік антигендерінің синтезделуін бақылайтын HLA
жүйесінің сублокустары А, В, С, D/DR 6-шы хромосомада орналасады,
тіркес тұқым қуалайды.
2) 9-шы аутосомалық хромосомада АВ0
қан топтарының локусы және
тырнақ және тобық дефектілері синдромының локусы орналасады,
тіркес тұқым қуалайды. 1-ші хромосомада
резус-фактор және
эритроциттердің сопақ формасының локустары орналасады,
тіркес
тұқым қуалайды.
3)
3 – ші аутосомада Лютеран қан топтарының локусы және А және В
антигендерінің түкірікпен бөліну локусы тіркес тұқым қуалайды.
4) Полидактилия мен катарактның гендері
бір аутосомада орналасады,
тіркес тұқым қуалайды.
5) Х-хромосомамен
тіркес
тұқым
қуалайтын гемофилияның
және дальтонизмнің гендері, сонымен қатар түстің жалпы соқырлығы
гені мен бұлшық ет дистрофиясын - Дюшенн синдромының гені және
т.б. тіркесіп тұқым қуалайды.