Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


АТ кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын



Pdf көрінісі
бет69/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
15.2 АТ кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын 
стартап компанияларды қолдау 
Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, 
күрделілігімен немес пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан 
жай жасанды, сонымен қатар организмдер мен олардың тіршілік 
ортасынан тұратын күрделі табиғи жүйелер үшін осы экожүйе деген 
терминді қолдануға болады. 
Экожүйенің негізгі экологиялық көрсеткіштері тұрақты болады
себебі оның өзін-өзі сүйемелдеуге және өздігінен реттелуге қабілеттілігі 
бар. Осы қабілеттілікті Экожүйе гомеостазы деп атайды. Гомеостаз кері 
байланыс принципіне негізделген. Мысалы, популяция тығыздығының 
оптимумнан ауытқу нәтижесінде не туылым, не өлім-жітім артады. 
Экожүйенің гомеостазы белгілі бір аралықтарда ғана сақтала алады. 
Экожүйелер гомеостазды сақтай отырып, өзгерумен қатар даму 
қабілеттілігі де бар, табиғи және антропогендік факторлар әсерлерінің 
нәтижесінде тұрақты бір жерден ізден таймай қайталанбайтын алмасуға 
түсіп, олардың жай түрден күрделі түрге өтуі де орын алады. 
Кесімді шекті белгілейтін (лимиттейтін) факторлардың маңызьша 
алғаш рет Ю. Либих назар аударды. Ол минимум заңын белгіледі: осы 
заң бойынша астық (өнім) минимумда факторға байланысты болады. 
Егер топырақтағы пайдалы құрамдас құрылымдарға (компоненттер) 
тұтастай алғанда біркелкі жүйені және тек қандай да бір затты ғана 
білдірсе, мысалы, фосфор кұрамының саны минимумға жақын болса, 
онда бұл астықтың түсімін төмендетуі мүмкін. Тіпті, өте пайдалы 
минералдык заттардың топырақтағы оңтайлы құрамы, егер ол шамадан 
артык болатын болса, астықтың түсімін төмендетеді. Демек, факторлар 
максимумда бола отырып, кесімді шекте белгіленген (лимиттелген) 
болуы тиіс. Экологияның ең негізгі объектісі 
экологиялық жүйе
, немесе 
экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ 
беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануы-
ның тарихи қалыптасқан жүйесі.
Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын 
экологы А.Тенсли. Ол экожүйенің құрамына организмдер де, 
абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі 
функциялық бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер 
ететініне назар аударады. Былайша айтқанда, экожүйе заттектердің 
айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін табиғи бірлік.


151 
Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалық молекула-
лардың сіңімділік түрде белгілі қоры және организмдердің үш 
функционалды әр түрлі экологиялық топтары:

продуценттер,

консументтер, 

редуценттер болуы керек.
Былайша айтқанда экожүйе зеттектердің айналымы мен энергия 
тасымалдануына жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер 
айналымның жоюына әкеп соқтырады. Экожүйеде организмдердің үш 
функциональды әр түрлі экологиялық топтары продуценттері, 
конуцементтер, ретутенттер болуы керек. Экожүйе концепциясы жердегі 
алғаш организмдер гетеротрофты болған. Автотрофты органикалық 
заттарды 
синтездесе, 
гетеротрофтар 
олармен 
қоректенеді. 
Продуценттерге өздерінің денелерін биоорганикалық қосылыстар 
есебінен құратын автоторлық организм жатады. Олар өз денелеріне 
биоорганикалық қосылыстар есебінен құратын автоторлық оранизмдер 
жатады және күн көзі энергиясынан керекті энергиясын алады. 
Мысалы, ауыл шаруашылығында өнімділіктің артуын көбіне енгізі-
летін тыңайтқыштардың мөлшерімен байланыстырады. Бірақ, кейде 
тыңайтқыштардың мөлшері кері байланыс әсерінің жоғары шегінен 
шығып кетеді. Осының нәтижесінде агроценозда егістіктің деграциясына 
әкелетін қайтымсыз өзгерістер болуы мүмкін. Тыңайтқыштарды шектен 
тыс пайдалану топырақтың эрозиясы мен сортаңдауына әкеліп 
соқтырады. 
Жас кәсіпкерлерді қолдау жобасы «STARTUP«BOLASHAK» стартап-
жобалар 
Стартап-жобалар байқауы «Болашақ» Қауымдастығының 3 грантын 
көздейді, I орын – 7 млн. теңге, II орын – 5 млн. теңге және ІІІ орын – 3 
млн. теңге, сондай-ақ 10 млн. теңге – «BI Group» холдингі атынан 
берілетін гранттарын қарастырады. Байқауға Қазақстанның 18-29 жас 
аралығындағы барлық жас кәсіпкерлері қатыса алады. Мұнымен қоса, 
байқауға қатысушылар, қызықты идеялардың авторлары инвесторлар 
тарапынан қаржылық қолдауға ие болып, «Даму» қорының құралдарын 
пайдалану арқылы төмен пайызбен несие, сондай-ақ Технологиялық 
даму жөніндегі ұлттық агенттігінің инновациялық гранттарын алу 
мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Мысалы, әлеуметтік инвесторлар 
ретінде өз қатысуын «BI Group» холдингінің басшысы Айдын 
Рахымбаев, «Atasu Group of Companies» ЖШС бас директоры Марат 
Жұман, «Sheberbuild» ЖШС-нің қадағалау кеңесінің төрағасы Ералы 
Сауранбаев растады. 
Жалпы алғанда, «Startup «Bolashak» байқауы екі кезеңнен тұрады. 
Бірінші кезеңде қазылар алқасы 20 барынша қызықты бизнес-жобаларды 
таңдайды. Аталған идеялардың авторлары тренингтер мен білім беру 
семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде комиссия 10 үздік жоба 


152 
кеңесшілер мен кәсіби менторлардың қолдауымен бизнес-жоспарларды 
әзірлеуге кіріседі. 
«Startup 
«Bolashak» 
байқауы 
барысын 
республикалық 
телеарналардың бірінен бақылауға болады, онда жобаны реалити-шоу 
форматында көрсету жоспарлануда. «Болашақ» байқауының стартап-
жобалар байқауы жастардың бизнес саласындағы бастамаларын қолдау 
құралдарының бірі ретінде Елбасының «100 нақты қадам» ұлттық 
жоспарын іске асыруға бағытталып отыр. 
«Жастарымызға, егер сізде қызықты бизнес-идея мен табысты 
бизнесмен болуға құштарлық болса, онда «Startup «Bolashak» байқауына 
қатысыңыз деп айтқым келеді. Бұл істерін жаңа бастап келе жатқан 
кәсіпкерлер үшін өз жобасын ілгерілетуге, нақты бизнес-жоспар жасауға, 
инвесторлармен кездесуге және ең бастысы бизнесті бастауға қажетті 
капиталды алу үшін шынайы мүмкіндік», - дейді «Болашақ» 
қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бишімбаев. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет