Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет68/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
 
 
 


146 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Мамандандырылған кәсіби саланың міндеттерін шешудегі 
бағдарламалық қамтамасыз ету? 
2.
Арнайы тағайындаудағы қолданбалы бағдарламалардың міндеті? 
3.
Офисті автоматтандырудың ақпараттық технолоияларын 
қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнімдер? 
4.
Кәсіби салалардағы заманауи АТ-трендтер? 
5.
Заманауи медицина дегеніміз не? 
6.
Е-денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын құрудың жалпы 
тәсілі нені бірлестіреді? 
7.
Е-денсаулық сақтауды дамыту тұжырымдамасын құру тәртібі? 
8.
Жалпы әлемдік трендтер? 
9.
Таза энергияны тұтынудағы көшбасшы қай компания? 
10.
Индустриялық ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялардың қауіпсіздігі? 
11.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудегі ақпараттану? 
 
ТАҚЫРЫП 15. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың даму перспективалары 
15.1 Ақпараттық технология саласындағы нарықтың даму 
перспективалары 
15.2 АТ кәсіпкерлігінде экожүйені қалыптастыру және шағын 
стартап компанияларды қолдау 
15.3 Акселерациялау және инкубациялау бағдарламалары 
15.4 Е-технологиялардың даму перспективалары 
Бақылау сұрақтары 
 
15.1 Ақпараттық технология саласындағы нарықтың даму 
перспективалары 
Ақпараттық технология термині ақпарат және технология деген екі 
ұғыммен байланысты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шебер-
лік, біліктілік деген мағынаны білдіреді. Ақпараттық технология-
есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты алу, 
жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге 
асыратын әрекеттердің реті. 
Ақпараттық технология құралдары 
Ақпараттық технология құралдарына техникалық, бағдарламалық, 
ақпараттық, ұйымдастырушы және әдістемелік құралдар жатады. 
Ақпараттық технология жабдықтары 
Ақпараттық технологиялардың жабдықтары ретінде бағдарламалық 
өнімдердің кең тараған түрлері пайдаланылады. Оларға, мәтіндік 
редакторлар, электрондық кестелер, графикалық редакторлар жатады. 


147 
Ақпараттық технологиялардың түрлері 

ауқымды; 

базалық;

нақты ақпараттық технологиялар. 
Ауқымды 
ақпараттық 
технология
қоғамның 
ақпараттық 
ресурстарын бір жүйеге келтіретін және оларды пайдалану мүмкіндігін 
беретін әдістерден тұрады 
Базалық 
- нақты бір қолдану саласына арналған 
Нақты
- пайдаланушылардың күнделікті міндеттерін шешу кезінде 
мәліметтерді өңдеуді жүзеге асырады 
Ақпараттық төңкерістер: 
Бірінші ақпараттық төңкеріс жазудың пайда болуымен байланысты. 
Екінші ақпараттық төңкеріс XVI ғасырдың ортасында кітап басып 
шығарудың, баспа станогының пайда болуымен байланысты. 
Үшінші ақпараттық төңкеріс ХІХ ғасырдың соңына қарай өріс алды. 
Бұл кезде электр қуаты өндірілді. 
Төртінші ақпараттық төңкеріс ХХ ғасырдың 70-жылдары басталды. 
Бұл кезде дербес компьютер, компьютерлік желілер, мәліметтерді 
жіберудің спутниктік жүйелері, ақпараттық телекоммуникациялар пайда 
болды. 
Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері: 
Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең 
бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты 
пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. 
Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға 
бағытталған. 
Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына 
дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, 
фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген 
(механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар 
ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді. 
Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- 
жылдарға 
дейінгі 
аралық). 
Ақпаратты 
өңдеудің 
акпараттаық 
технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, 
электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар 
жатады. Адам іс-әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге 
арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы 
бағдарламалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс 
орындары пайда болды. 
Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) 
дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі бағдарламалық 
жабдықтамаларын, 
факсимальды 
байланыстарды, 
электрондық 
пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға 
бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушы-


148 
лардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың 
интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның 
негізгі буыны - білімді ұсыну мен өңдеу. 
Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы 
дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің 
сәйкес интерфейсін құруға бағытталған. 
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет 
дәуірі, 
айналадағы 
дүниеге, 
адамның 
денсаулығына, 
кәсіби 
мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми-техникалық әлеумет 
және оның өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік 
жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда 
Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық 
бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді 
қозғаушы күші болары сөзсіз.
Ақпараттық технология - экономиканың және бүкіл қоғам мен 
мемлекеттің “ілгерілеуінің” белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың 
барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен 
және жасалымдармен тікелей байланысты. Осы заманғы экономикалық 
өсімнің басты факторлары микроэлектроника, сандық және ақпараттық 
жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және коммуникация 
т. б. салалардағы инновациялық технологиялар болып отырғаны баршаға 
белгілі.
Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық 
телефония, Интернет желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, 
тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және 
кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік 
бәсекелестікті күшейте түсуде.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 
елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы 
- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге 
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. 
Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты 
субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы 
мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән 
мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы. 
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа инновациялық технология-
ларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту 
мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық 
деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен 
ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп 
аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің 
негізгі белгісі - қоғамды ақпараттан-дыру болатын жаңа кезеңіне енді. 
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, 


149 
бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған 
байланысты 
барлық 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологиялар 
педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына 
айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік техноло-
гиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», 
«қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту 
технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты. 
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен 
жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, 
электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте 
жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс 
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел 
дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық 
салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. 
Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың 
жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл 
дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.
Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтар-
лықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты 
пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, 
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек 
етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті 
ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік 
білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып 
отыр. 
Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің 
мақсаты: 

үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту;

коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту;

сараптамалық - зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру;

оқу қызметі мәдениетін дамыту; 

оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның 
тиімділігі мен сапасын арттыру. 
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін 
сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, 
ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын 
пайдалана білуі керек. Жаңа мыңжылдық - бұл күнтізбедегі жаңа уақыт 
өткелі емес. Ол - өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, 
болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның 
қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. 
Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде 
дамып отырған әлемге дайындау - бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті 
мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қарулан-


150 
дырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз 
бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру - 
адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын 
әлеуметтік институт болуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет