Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Е-технологиялардың даму перспективалары



Pdf көрінісі
бет71/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
15.4 Е-технологиялардың даму перспективалары 
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру 
ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету 
мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу жеткілікті: 

Электронды оқыту жүйесін нормативті – құқықтық қамтамасыз 
етуді дамыту; 

Білім беру ұйымдарының технологиялық инфрақұрылымын 
дамыту; 

Оқу үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны 
қолдануды дамыту; 

Сандық білім ресурстарын дамыту; 

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету және электронды оқыту 
жүйесін пайдаланушыларды даярлау. 
E-learning (ағылшын тілінен electronic learning қысқартылған) – 
электронды оқыту жүйесі, электронды оқыту, қашықтықтан оқыту, 
компьютердің көмегімен оқыту, желелік оқыту, виртуалды оқыту, 
ақпараттық, 
электрондық 
технологиялардың 
көмегімен 
оқыту 
терминдерінің синонимі. 
Бұл жүйе оқытудың барлық үрдістері жүргізілетін және ұйымдас-
тырылатын платформаны ұсынады. Қашықтықтан оқыту жүйесі осы 
немесе басқа да желіде жұмыс істеуге қолайлы бірнеше құралдардың 
жиынтығынан тұрады:

Форумдар. 

Чаттар. 

Тестілеу жүйесі. 

Файлдарды алмастыру жүйесі.

Электрондық тізім. 

Виртуалды сынып бөлмелері. 

Блогтар.

Виртуалды зертханалар және тағы басқалар.
Оқытудың электронды формасын енгізуді жоспарлаған жағдайда ең 
алдымен, қашықтықтан оқыту жүйесін таңдап алу болып табылады. 
Болашақта білім беру компьютерлік технологиялардың жедел дамуымен 


156 
тығыз байланыста болады. Сондықтан да электронды оқыту 
технологиясын мектептердің оқу үдерісіне қолдану қазіргі білім берудің 
көкейтесті мәселелерінің бірі болып саналады. 
Электронды оқыту барлық білім беру ұйымдарының қызметкерлері 
үшін білімнің бірыңғай стандартын қамтамасыз етеді. Бірақ ол күндізгі 
оқу форматын алмастыра алмайды. Электронды оқыту элементтерінің 
басқа формалармен тіркесі жалпы серіктестіктердің оқу жүйелерінің 
тиімділігі негізінен жоғарылатылады. 
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта 
отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім 
қабылдауға дағдыландыру. Инновациялық технологияны пайдалану - 
өмір талабы. 
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама 
берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық 
үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, 
меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген 
анықтаманы ұсынады.
Қазіргі пән оқытушыларының негізгі міндеті - білім беруді нәтижеге 
бағыттау, яғни инновациялық жаңа технологияны меңгеру екені 
баршамызға мәлім. Оқу үдерісіне қоғамның жаңа қажеттіліктеріне 
сәйкес инновациялық тәсілдерді енгізу, оқытушының қажымас 
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісін талап етеді. Осыған орай 
кез-келген студенттің қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, 
ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын 
заманауи инновациялық технологияны меңгеруге ұмтылу керек. Себебі 
мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа 
педагогикалық 
технологияларды, 
білім 
алушылардың 
білімін 
қадағалаудың инновациялық бақылау-өлшеу құралдарын енгізуді 
жүктейді. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясы - оқытуды 
ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесе 
алатын білікті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. 
Студенттердің кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне 
қарап, өзін-өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік 
береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін 
дамытады. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 
ақпараттандыру, дамыту міндеттерін көздейді.
Жаңа нәтижеге бағытталған білім - инновациялық білім. Құзіреттілік 
білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық 
сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, 
теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана 
алатын білім. 
Инновациялық білім беру - іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық 
қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының 
кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, 


157 
пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. 
Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол 
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, студенттің пәнге деген 
қызығушылығы артады, екіншіден, студент ұтады, себебі оның тақырып 
бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан 
әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет