Канадалық казарка-қаздан аумайды. Ол-солтүстік Америкада ең көп жайылған құстардың бірі. Ол теңізге жақын батпақты тундраларда немесе ішкі су алаптарында тіршілік етеді. Жұптар ұяларын бір-бірінен алыстау етіп құрғақ жерлерге салады. Ол жерде тік жүреді, суда жақсы жүзеді. Оның да қаз секілді қысқа аяқтарының саусақтарының арасында жылжымалы жарғақтары болады. Олар қыста ұзындығы 2 м жететін теңіз шөбінің жапырақтарымен қоректенеді. Жазда тундра ерекше гүлденеді., бұл кезде қорек те көбейеді.
Арама-тырнаның тұқымдасы. Оның қауырсындары қатты әрі тығыз. Тырналарға қарағанда тұмсығы қысқалау. Ұзын, тықыр аяқтарында төрт саусағы бар, сыртқы және ортаңғы саусақтарының арасында жарғағы болады. Араманың даусы сырнайда қатты болады. Оның басқа тырналардан айырмасы-ағашқа да қона алуында. Ағаш басына ұя салады. Жұбын мәңгілік таңдайды. Балапандар жаңа туғанда үсті ылғалды мамықты болады, бірден көзі көретін болады. Үсті кепкен соң-ақ ата-аналарының ізімен ұядан шыға алады. Тамақтарын (әсіресе таңдайға татымды, моллюскаларды) арамалар жердени іздейді. Күйік кезінде олар 2 аптаға дейін ұша алмайды.