Қарағанды облысы



бет11/11
Дата07.01.2022
өлшемі10,9 Mb.
#20162
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Альбатрос ол өзін теңізде де, ауада да бірдей сезінеді. Ол толқын жалдарынан немесе жағалаудағы жартастан көтеріліп ұша алады. Жерде нашар жүреді. Мұхит үстінде жеңіл ұшып жүріп жемтігін аңдиды: балықтарды, кальмарларды, теңіз жұлдыздарын бақылайды. Олар корабльдерге ілесе жүріп, олар тастаған тамақ қалдықтарымен қоректенеді. Барлық альбатростардың ұяларында бір-бірден жұмыртқа болады. Оларды ұзақ уақыт бойы ата-анасы кезектесіп басып отырады. Бұл балапандар жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 8-9 ай ұясында болады. Ал көкжоталы альбатростардың балапандарының бойы ата-анасымен бірдей болса да, төрт айға дейін мамыққа оранып жатады.
  • Император пингвині-тұқымдастардың ішіндегі ең ірісі. Оның бойы 120 см, ал салмағы 45 кг. Олар Антарктида жағалауларында қатал қыс кезінде ұя салады. Су жағасынан алыстаған сайын колониядағы құстар саны 10 мыңға дейін өседі. Болашақ әке болатын пингвин бір жерден екінші жерге дамылсыз жүріп қатты айғай салады. Тоқтай қалады-қайта жүреді. Осындай әрекет, мекиендердің бірі көз салғанша, бірнеше күнге созылады. 25 күннен кейін мекиен жалғыз жұмыртқа салады. Оның дүниеге келуін ата-анасы қуана қарсы алып, бар даусымен айғайлайды. Анасы жұмыртқаны құрсақ түбіндегі қалтасына орай бірнеше сағат бойы құшақтап отырады, сосын әкесіне береді. Өзі тамақтану үшін теңізге кетеді. Әкесі қызғана қорғап жұмыртқаның жанынан қанша ашықса да кетпейді, құр қарды ғана қорек етеді.
  • Пайдаланған әдебиеттер
  • Қазақстандағы жануарлар әлемі
  • Алматы кітап 2003
  • 2. Интернет сайттары
  • 3. Қызықты биология (омыртқалылар)
  • Алматы 2007
  • 4. Жануарлар әлемінің үлкен атласы
  • Алматыкітап-2002


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет